77
Ғалым, Ю.А.Конаржевскийдің айтуынша модельдеу «объектіні жанама
түрде практикалық немесе теориялық пайдалану әдісі, бұл жағдайда бізге
керекті объект тікелей зерттелмейді, керісінше танылатын объектімен белгілі
объективті
сәйкестілікте
тұратын
көмекші немесе
жасанды жүйе
пайдаланылады, ол танымның белгілі кезеңінде оның орнын ауыстыра алады
және оны зерттеуде сол моделденетін объекті жөнінде ақпарат бере алады» деп
анықтайды .
Модельдеу күрделі теориялық білімді меңгеру мүмкіндігін көтереді және
жоғары сынып оқушыларының шығармашылық ойлау деңгейін дамытып,
танымдық қызығушылығын арттырады. Модельдеу әдісі танымның көрінісі
мен танымның объектісін саналы талдаудың кеңінен танылған түрі болып
табылады. Өзінің мәні жағынан модельдеу абстракциялау және дәріптеушілік
деген математикалық ұғымдардың негізінде шыққан, өйткені математикалық
ұғымда абстракциялау деген заттың бір немесе бірнеше қасиеттерін ойша
бөлумен түсіндіріледі.
Педагогикалық сөздікте «Модель (лат. modulus – үлгі, өлшем) – нысан
және оған қатынастық мәндерді көрсететін көрнекілік құралдарының бірі
(шартты бейне, схема т.б.) – деп анықтама берілген». Педагогикалық
әдебиеттерде модель ұғымына шетел және Қазақстан ғалымдары А.И. Бочкин,
А.Г. Гейн, А.М. Новиков, Г.Қ. Нұрғалиева, В.В. Подласый, А.П. Сейтешов,
А.Ф. Федотов, В.А. Штофф, И.С. Якиманская және Н.Д. Хмель және т.б.
әртүрлі сипаттама берген. Мысалы, Н.Д. Хмель нақты объектінің немесе
үдерістің қарапайымдандырылған үлгісі. Болашақ мамандардың кәсіби
бағдарын
ұйымдастыруды
мотивациялық,
мазмұндық,
әрекеттік,
процессуалдық аспектілерінен тұратын модельдерді ұсынады [107, 224 б].
Педагогтердің педагогикалық іс-әрекетінде ақпараттық модельдеу
құралдарын қолдануға оқытудың төмендегідей негізгі бағыттарын атап
көрсетуге болады:
1) Оқыту үдерісінде ақпараттық модельдеу құралдары мүмкіндіктерін
жүзеге асырудың педагогикалық мақсатқа лайықтылығы:
- ақпараттық-телекоммуникациялық
құралдар
мен
қолданушы
арасындағы өзара
кері байланыс;
- объектілер немесе құбылыстар мен заңдылықтардың моделдері туралы
оқу ақпаратының компьютерлік
кескінделуі;
- есептеу үдерістерінің, ақпаратты іздеу іс-әрекетінің және ақпараттарды
жинау, өңдеу, беру көбейту операцияларының автоматтандырылуы, сонымен
қатар өте үлкен көлемді ақпараттардың сақталуы, оған кез-келген уақытта ену
мүмкіндігінің бар болуы; білім беру нәтижесін бақылау мен оқу іс-әрекетін
басқаруды ұйымдастыруды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету процесінің
автоматтандырылуы;
2) Білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы оқу-тәрбие процесінің
ерекшеліктері, оның ішінде математикалық және ақпараттық моделдеу
құралдарын қолданудың педагогикалық тәжірибесі, дербес жағдайда арнайы
пәндерді оқыту үдерісіндегі ақпараттық жүйелер.
78
3) Білім беруге арналған электронды, мультимедиялы құралдарды жасау
мен қолданудың негізгі
ережелері;
4) Пәндерден білім мен біліктіліктерді бақылауға бағытталған
компьютерлік бақылау, тестілеуді қолдану ерекшеліктері.
Құрастырылған модель – оқушылардың оқырмандық қабілетін дамыту
мақсатында мұғалімнің атқаратын жұмыс түрлерінің тұтас бір әдістемелік
жүйесін құруға мүмкіндік тудырады. Әдебиет сабақтарында оқушылардың
оқырмандық қабілетін дамытуда мотивациялық компонент, ал танымдық,
бейімділікке арнайы талап болатындықтан мазмұндық компонент, ең бастысы
практикалық қолдану болғандықтан іс-әрекеттік компоненттер болуы
қажеттілігін модельде ескердік.
«Модель» ұғымы қазipгi ғылым саласында әp түpлi мағынада
қолданылады. «Философиялық сөздiкте» модельдеу (фp. Modele – үлгi, пiшiн) –
зеpттеу үшiн аpнайы жасалған бip объектiде басқа бip объектiнiң сипаттамасын
қайта жаңғыpту.
Педагогикалық сөздiкте «Модель (лат. Modulus – үлгi, өлшем) – нысан
және оған қатынастық мәндеpдi көpсететiн көpнекiлiк құpалдаpының бipi
(шаpтты бейне, схема т.б.) – деп анықтама беpiлген».
В.В.Подласый ғылыми модель – зеpттеу объектiсiн қамтып, оны ойша
елестететiн немесе матеpиалдық жағынан жүзеге асыpатын жүйе деп
түсіндіреді. Педагогикалық модель оқу-тәpбие мақсатын, мазмұнын, фоpмасын,
әдiсiн, басқаpу жолдаpын анықтаса, ғылыми негiзделген модель тұтас
педагогикалық үдеpiстi немесе оның бip бөлiгiн ұйымдастыpу және қызмет ету
жолдаpын анықтайды деп есептедi. Кең мағынасында, модель – түпнұсқаны
алмастыратын объект. Біздің ойымызша, модель ұғымының толық түрдегі
анықтамасы,
В.А.Штоффтың
жұмыстарында
келтіріледі:
«модельдің
астарында, зерттеу объектісін көрсете немесе жүргізе отырып, оны зерттеу бізге
осы объект жайлы жаңа ақпарат беретін, ойша бейнеленетін немесе материалды
түрде жүзеге асқан жүйе түсіндіріледі [108,44б].
«Moдeль» тepминi лaтын тілінен аударғанда «modules», яғни «өлшeм»,
«әдic», «бeйнe» дeгeн мағынаны бiлдipeдi. Педагогикалық модельдеу –
модельдің негізінде тұлғаішілік үрдістер мен құбылыстарды зерттеу. Зерттеу
объектісі графикалық немесе схемалық түрде ұсынылуы мүмкін, бұл күрделі
педагогикалық құрылымдардың ішіндегі өзара байланыстарды көрнекі
бейнелеуге мүмкіндік береді.
Құрастырылған модель эпикалық шығармаларды оқу барысында жоғары
сынып оқушыларының оқырмандық қабілетін дамытуға арналады. Модель
логикалық және құрылымдық өзара байланысты үш компоненттен тұрады:
мазмұндық, іс-әрекеттік, диагностикалық – нәтижелік.
Модельдің
мазмұндық компоненті жоғары сыныпта оқырмандық
қабілетті дамытуға мүмкіндік беретін негізгі және қосалқы біліктіліктерден
тұрады (коммуникативтік, эмоционалды, әлеуметтік, когнитивтік, тұлғалық).
Іс-әрекеттік компоненті оқырмандық қабілетті дамытудың әдістері мен
формаларын, осы әдістің құрылымын және оның қандай түрлерде жүзеге