Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет47/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77

98 
 
Қазақстандық  мектептердің  алғаш  рет  халықаралық  мәтінді  оқу  және 
түсіну  сапасы  емтиханына  қатысуы  қазақстандық  балалардың  оқу 
сауаттылығын  қалыптастырудың  мақсатты  бағытталған  механизмдерінің  бірі 
болып  табылады.  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың 
Мемлекеттік  бағдарламасында  қазақстандық  оқушылардың  халықаралық 
«Мәтінді  оқу  және  түсіну  сапасын  бағалау»  зерттеуіне  (PIRLS  -  Progress  in 
International  Reading  Literacy  Study)  қатысуы  белгіленген.  Оқу  сауаттылығын 
бағалайтын Халықаралық салыстырмалы PIRLS зерттеуі  - оқушылардың білім 
жетістіктерін  бағалау  IEA  (International  Association  for  the  Evaluation  of 
Educational Achievement) қауымдастығымен жүзеге асырылады.  
 «Оқырман 
сауаттылығы»  -  бұл  адамның  өмірде  толыққанды 
қалыптасуына және жеке мақсаттарына жетуіне қажетті әр түрлі жазба сөйлеу 
формасын түсіну және терең ойлау қабілеті. Оқырман сауаттылығының негізі - 
мәтінмен  жұмысты  толық  қалыптастыру  болып  табылады.  Бұл  оқушылар 
шығармадан  қажетті  ақпарат  алуына,  нақты  мәтіннен  қорытынды  шығаруына, 
негізгі кейіпкерлердің әрекеттерін интерпретациялауға, мәтін үлгісімен бекітуге 
және мәтін құрылымының бастапқы сараптамасын алуға көмектеседі. 
Халықаралық  зерттеулер  шеңберінде  білім  сапасын  бағалаудың  тиімді 
жаңа әдістері мен технологиялары құрастырылуда. Осыған байланысты PIRLS 
зерттеуіне  қатысушы  елдер  алдыңғы  кезеңдердің  нәтижесін  қолдану  арқылы 
ұлттық  білім  беру  жүйесіндегі  білім  үрдісін  жетілдіру  мен  мазмұнын 
жаңашалайды. 
Сонымен  қатар,  әр  елде  өткізілген  PIRLS  зерттеуінен  алынған  нәтижелер 
педагогикалық  бірлестікпен  кең  көлемде  талқыланады.  Қазақстандық 
оқушылардың  оқырмандық  сауаттылығын  анықтау  мақсатында  жүргізілген 
PISA  тестілеуі  білім  алушылардың  академиялық  білімдерін  емес,  «Life  Skills» 
деп  аталатын  түрлі  өмірлік  жағдаяттарда  оларды  қолдана  білуін 
бағалайды. Осындай тексерудің бірі - оқырмандық сауаттылық бағытында  218 
білім  беру  ұйымынан  15  жастағы  5808  қазақстандық  білім  алушы  қатысып, 
оның  нәтижессі  өте  төмен  көрсеткіштерді,  яғни    жалпы  есепте  елдің 
қорытынды  нәтижесі  –  393  балл  көрсетті.  Бұл,  әрине,  өте  төмен  нәтиже. 
Оқырмандық  сауаттылық  оқушылардың  мәтіннің  басты  идеясын  анықтау 
қабілетін ғана емес, сонымен қатар оның мазмұнын сын тұрғысынан талдауға, 
ақпаратты интерпретациялауға және қойылған сұраққа толыққанды жауап беру 
қабілетін айқындайтын тапсырмаларды орындау арқылы бағаланады. Өкінішке 
орай,  біздің  мектеп  оқушыларымыз  ішінде  графиктер  мен  кесте  кездесетін 
«үзік-үзік»  мәтінмен  жұмыс  жасау  дағдысының  төмен  деңгейін  көрсетті. 
Қазақстандық  оқушылардағы  оқырмандық  сауаттылық  деңгейінің  төмен  болу 
себебі  отбасындағы  оқу  мәдениеті  деңгейінің  төмендігіне  байланысты  болуы 
мүмкін.  Мысалы,  PISA-2012  жобасының  қазақстандық  қатысушылары  үйде 
орта есеппен 150-ден астам кітап бар деп көрсетті. Ал Қытай, Сингапур, Корея 
сияқты  көш  бастаған  елдердің  аталмыш  көрсеткіші  250-ден  астам  кітапты 
құрады. Сондықтан оқуға деген жоғары қызығушылықты арттыру үшін тек оқу 


99 
 
үдерісінде  ғана  емес,  отбасында  да  қажетті  жағдай  жасау  өзекті  болып 
табылады [123]. 
Қазіргі  мектеп  жағдайында  көркем  шығарманың  өзiн  оқып  одан  ләззат 
алу,  оны  өмiрлiк  қажеттiлiкке  айналдыру,  тәрбие  құралы  ретiнде  қабылдау 
мәселесi  бүгiндерi  өз  деңгейiнде  емес.  Оқушы  көркем  мәтiн,  кiтап  оқығаннан 
гөрi, өзiне  жеңiл  тиетiн кино, компьютер,  теледидармен  шектелгендi  ұнатады. 
Қандай iс-әрекет арқылы кiтап оқуға деген қызығушылықты қайта жаңғыртуға 
болады?  Оқулықта  берiлген  әдеби  бiлiм  мазмұнымен  шектелiп  қалмаудың 
қандай жолдары бар? Мiне, осы мәселелер оқушы бiлiмiнiң сапасына, күтiлетiн 
нәтижеге тәуелдi екендiгiн дәлелдеу үшiн сөз өнерiнiң қадiр-қасиетiн барынша 
оқушы бойына сiңiру қажеттiгi туындайды. В.Г.Маранцман «Цели и структура 
курса  литературы  в  школе»  деген  мақаласында  «Мектепте  әдебиеттi  оқыту  - 
әдiстеме  немесе  пән  оқулықтарының  осалдығынан  ғана  емес,  сол  әдiстеме 
ғылымы  сүйенетiн  оқыту  әдiстерi  мен  тәсiлдерiнiң  дұрыс  пайдаланбауында» 

124

.  -  деп  түйiндей  отырып  ғалым  әдеби  мәтiндердi  меңгертудегi  мынадай 
кедергiлердi атап көрсеткен:  
1.  Адамзат  өмiрiндегi  қоғамдық-әлеуметтiк  жағдайдың  тұтастай  өзгеруi. 
Бұлөзгерiс оқушы санасында бос кеңiстiк тудырады.  
2.  Гуманитарлық  мәдениеттен  алшақтану,  яғни  адамның  iшкi  дүниесiне 
үңiлу емес, сыртқы бейнеге табынудың пайда болуы.  
3. Көркемдiк мәдениеттiң алыстауы.  
4. Мектептегi әдебиет сабақтарының сағат санының қысқартылуы.  
Бұл  ойды  Н.Н.Сметанникованың  «Мектеп  оқушыларының  оқырмандық 
сауаттылығының төмендеп кетуі көптеген факторларға байланысты. Соның бірі 
оқу жүктемесінің азаюы және оқу әдістерінің жаңа түрлерінің әлі де жоқтығы 
десек  қателеспейміз.  Мұғалім  жұмысында  жаңа  әдістер  енгізілсе,  онда 
оқырмандық  сауаттылық  та  жақсара  түсер  еді»,  -  деп  көрсетуі  қазіргі 
оқырманға жаңа талаптардың қажеттігін дәйектей түседі 

125


Осындай  жағдайларға  қарамастан  әдебиеттен  берiлетiн  әдеби  бiлiм  беру 
мәселесiне қойылатын талаптар өз тұғырынан түскен жоқ. Жаңа ғасыр өркениет 
пен  қоса  қатыгездiк,  бәсекелестiктi  дебiрге  ала  келiп  отырған  жағдайда  бiлiм 
сапасын  жақсарту  үшiн,  оқушыға  берiлiп  отырған  бiлiм  нәтижелi  болуы  үшiн 
көркемдiк  әлемiндегi  шындыққа  бой  ұруымыз  керек.  Бiздiң  мiндетiмiз  –  жас 
ұрпақты мейiрiмдiлiкке, қайырымдылыққа, адамгершiлiкке тәрбиелеу болса, ол 
тәрбие  алдымен  көркем  шығарма,  әдебиет  яғни  сөз  өнерi  арқылы  оқушы 
бойына  ұялауытиiс.  Олай  болса,  10-11  сыныптарда  берілетін  эпикалық 
шығармаларды  оқытуда  ең  ұтымды  инновациялық  технологияларын  
пайдаланып,  интербелсенді  әдіс-тәсілдерді  кеңінен  қолдану  қажет.  Бұл 
ұғымның анықтамасы мен әдістерді жіктеу туралы  педагог ғалымдар арасында 
ортақ  пікір  қалыптаспаған.  Мәселен,  И.Ф.Харламов  оқыту  әдістемесіне  «оқу 
материалын  игеруге  бағытталған  түрлі  дидактикалық  міндетті  шешу 
мақсатындағы  оқытушы  жұмысының  және  оқушылардың  оқу-танымдық 
әрекетін  ұйымдастыру  тәсілдерінің  жүйесі»,  -  деген  анықтама  береді. 
Ю.К.Бабанскийдің  пікірінше,  ол  оқу  міндеттерін  орындауға  бағытталған 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау