88
оқиғалар арқылы берілген? Бұдан оның қандай қасиеттері танылады?
- "Ақбілек өнерлі! Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы"
деген ой-түйін нені аңғартады?
- Жалпы Ақбілек бейнесі арқылы жазушы кімдердің тағдырын танытып,
кімдердің өсу жолын, өмір өрнегін көрсетпек болған?
- Романның идеясы нені меңзейді? Дуана Ескендірдің Ақбілекке
көмектесіп, қамқор болуының астарында
қандай ой, тұжырым, тұспал жатыр?
4. Оқыңдар. Бұл кімнің монологы?
«Саялдақ қара бұлттар-ау! Менің жанымды тұншықтырған қара тұман аз
болды дедіңдер ме!» Үстіме мұнша төнгенше, анау асқар таулардың басына
төнсеңдерші!
Күздің сарғыш жапырақтары-ау! Кімді әлдилеп, сыбырлап тұрсыңдар?
Қалың бұтаның қайғысыз, қамсыз бөденелері-ау! Несіне қара түнді
жаңғырықтырып тұрсыңздар? Сұлудың жүрегін жанышқан ауыр шерді сендер
сейілтем дейсіңдер ме?
Бұлттар-ау, сейілмейсіңдер ме! Жапырақтар-ау, сыбдырлап жерге
төгілгенше, шерлі сұлуға сая болсаңдаршы!
Ызғырық-ау, ызылдағанша, жапанда жалғыз қалған баланың әкесіне
хабар берсеңдерші!"
5. Үзіндіге керекті кейіпкер есімін қойып оқыңдар.
"Қасқыр одан жаман өршеленеді, ... жан ұшыра сермейді. Қасқыр
қамалайды, ... сабалайды. Қасқыр абалайды, ... сабалайды. Қасқыр абалайды, ...
"аллалайды". Қасқыр долданады, ... дөңгелейді. Қасқыр күркілдейді, ...
шырылдайды. Қасқыр қырқырайды, ... шырқырайды. ... әбден алқынды,
аласұрды, жұлқынды, әлі құруға таянды. "Енді жығылдым ғой, енді талайды
ғой, енді ауызды салды ғой, енді жеді ғой" деген кезде, ... аяғы астынан бірдеңе
жылт ете түсті. Қасқырлар жалт берді. Іңірде шай қайнатқан оттың қозы әлі
сөне қоймаған екен. ... аласұрып жүргенде аяғымен шашып жіберген екен.
Қасқырлар отты керіп, жалт беріпті.
От сөніп қалса,... өмірі де сөнетін еді..."
6. Төмендегі үзіндіні оқып, кімнің портреті екенін табыңыздар.
«Тани кетті Ақбілек: етегін кірмен зерлеген, төбесін үкі сәндеген басында
найза ақ тақия, қолында шәңгіші асасы, асасының өн бойы шығыршық, көпшік,
сылдырмақ, ұшы қозы жауырын, мойнында хұсыр тасбысы, танауы таңқиған
омырауы аңқиған, кеңірдегі сорайған, жіліншігі сидиған саусақтары сыпсиған,
үркек малша оқшиған, бес тал сақалы шоқшиған, шынжау етті, шың бетті,
жағына пышак жанитын, бір көргеннен танитын... екен кәдімгі» [83]. Осындай
тапсырмалар оқушының эпикалық шығармаларға деген оқырмандық әрекетін
қалыптастыруға септігін тигізеді деп санаймыз.
Жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сыныптарында
әдебиетті оқытуға
арналған бағдарламаларда көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне сай
меңгертуге қатысты берілетін әдеби білімнің көлемі, сабақ үстінде көркем
мәтінмен атқарылатын жұмыс түрлері толық берілген. Көркем шығарманы
меңгертуге арналған мәтін талдау жұмыстары белгілі дәрежеде жоғарғы сынып
оқушыларының әдеби шығармаға тереңдей енуіне мүмкіндік беретіні рас, солай