27
тексеру жүргізіледі . Сынақты қалыпты температурада бақылау
газымен (ол үшін ГБЖ арналған сығымдалған ауа немесе газ)
20 МПа дейін баспалдақтап көтерумен кемінде 3 минут бойы
жүргізеді; қысымның төмендеуіне және кемуіне жол берілмей-
ді .
СТГ арналған ГБЖ пайдалану кезінде басты нақты талап – ол
жұмыс басталған кезде жолға шығр алдында, сол сияқты көлік
учаскесі аймағына немесе тұраққа кірер алдында жасалуы тиіс
болатын жалғанулар мен тораптардың саңылаусыздығын газ
ағынын іздегішті пайдаланумен немесе түйіскен жерлерді суса-
бынды эмульсиямен сабындап жүйелі түрде тексеріп отыру .
ГБЖ қауіпсіз пайдаланудың екінші аса маңызды шарты газ ап-
паратуралары мен ГБЖ өз бетімен жөндеуге тыйым салу болып
табылады, оны тек мамандандырылған компаниялар мен ГБЖ
және СТГ арналған жоғары қысымды баллондар сияқты қауіпті
техникалық құрылғылармен жұмыс істеуге рұқсаты бар маман-
дар ғана жүзеге асыра алады .
Тек газ отын жүйесіне ғана емес, сонымен бірге негізгі автокөлік
жүйесіне де техникалық қызмет көрсетуді уақтылы жүргізу
мен ТО-1, ТО-2 техникалық қызмет көрсету талаптарын сақтау
және маусымдық ТБ өткізіп отыру, сондай-ақ газ баллондарын
уақтылы техникалық куәландырудан өткізу қажетті шарт болып
табылады . ГБЖ орнатылған автокөлікті пайдаланатын кәсіпо-
рындардың ол үшін қажетті жабдықтармен, құрал-саймандар
және арнайы көмекші құралдармен жарақталған жөндеу және
газ аппаратураларына қызмет көрсететін техникалық учаскесі,
баллондардың саңылаусыздығын тексеретін және газдан тазар-
татын учаскесі бар . Дайындықтан өткен кадрлары болатын то-
лыққанды өндірістік құрылымы болуы өте маңызды .
Ең соңында, жүргізушілер мен қызмет көрсетушілерді, тиісті түр-
де оқытпай газбаллонды автокөліктерге қауіпсіз қызмет көрсету
мен пайдалану мүмкін болмайды, оқыту жүйелі түрде жүргізілуі
тиіс .
28
СТГ арналған жоғары қысымды
ыдыстармен жұмыс істеуге
қойылатын талаптар
ЕЭК шешімі бойынша 2013 жылғы 2 маусымда қабылданған
№ 41 ЕАЭО КО ТР 032/2013 «Артық қысыммен жұмыс істей-
тін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент
қабылданды, оған сол сияқты ҚР пайдаланылатын автокөлік-
тердің газ баллондары да жатады, ол айналысқа шыққанға дей-
ін міндетті тәртіппен осы КО ТР мен жабдықтың осы түріне ар-
налып әзірленген басқа техникалық регламенттердің таптарына
сәйкестігін бағалаудан (растаудан) өтуі тиіс .
Осылайша, пайдаланушыға (тұтынушыға) газ баллоны мен газ
баллоны жабдықтарының жинақтамаларын жеткізу кезінде
сәйкестік сертификатымен немесе белгіленген техникалық та-
лаптарға сәйкестік декларациясымен қорса берілуі тиіс, бұған
ұдайы көңіл аударып отыру қажет .
Қазақстанда ТО ТР 032/2013 растау (үйлестірілім) мақсатында,
бұл талаптар нақтыланады, бірқатар ұлттық стандарттар мен ті-
келей баллондардың конструкциясына және оларды пайдалану
ережелеріне қатысты басқа нормативтік-техникалық құжатта-
маларда (бұдан әрі – НТҚ) толық түгенделеді .
Бірінші кезекте, ҚР Инвестициялар және даму министрі 2014
жылғы 30 желтоқсанда бекіткен № 358 «Қысыммен жұмыс
істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қа-
уіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету ережелерін» (бұдан әрі –
№ 358 Ереже), сондай-ақ ұлттық стандарт ретінде мойын-
далған МЕМСТ Р ИСО 11439–2010 «Газ баллондары . Табиғи
газды отын ретінде көлік құралдарында сақтау үшін жоғары
қысымды газ баллондары . Техникалық ережелерін» білу қажет .
Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті органдар одан әрі
тексеру үшін көлемі тек 100 л (сулы) асатын жоғары қысым-
ды ыдыстарды ғана тіркейді . Автокөлік баллондары тіркелетін
29
ыдыстар тізіміне Ережемен енгізілмеген . ГБЖ бақылау функ-
циясы автокөліктің отын жүйесіне енгізілген конструктивтік өз-
герістерді тіркеуді жүзеге асыру кезінде оның Халықаралық ЕЭК
БҰҰ № 110 және 115 (БҰҰ Еуропалық экономикалық комисси-
ясы) ережелерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан ішінара
әкімшілік полициясына жүктелген . Өкінішке орай, полиция әлі
күнге дейін ГБЖ автокөліктерді тіркеуді олар пайдаланылатын
газды (СТГ немесе СКГ) түрі бойынша бөліп есепке алмай жүр-
гізіп келеді .
Сондықтан аталған № 358 ережеде ГБЖ жай-күйіне және оның
қауіпсіз пайдаланылуына барлық жауапкершілік осындай ав-
токөлікті пайдаланатын газбаллонды автокөлік иесінің өзіне,
кәсіпорын басшысына жүктеледі . Ереже автокөлік құралдарына
арналған баллондарды пайдалануға және техникалық қызмет
көрсетуге талаптарды бекітеді, терминологиясы мен анықтама-
сын береді .
Сонымен, ыдыс деп химиялық, жылу және басқа технологиялық
процестерді жүргізуге, газ тәрізді, сұйық және басқа заттарды
сақтау және тасымалдауға арналған саңылауы жабық сыйым-
дылық аталады . Ыдыстың шекарасы кіретін және шығатын шту-
церлер болып табылады .
Баллон деп сығымдалған, сұйытылған немесе қысыммен ерітіл-
ген газды тасымалдауға, сақтауға және пайдалануға арналған
фланцтары немесе штуцерлері, вентиль орнатуға арналған бір
немесе екі мойыны бар сыйымдылық аталады .
Лейнер деп оған қажетті төзімділікке қол жеткізу үшін армир-
леу талшықтары оралатын баллонның ішкі газ өтпейтін қабығы
аталады .
Көлік құралдарындағы мотор отыны ретінде СТГ тасымалда-
уға, сақтауға және пайдалануға арналған баллондар МЕМСТ Р
ИСО 11439–2010 «Газ баллондары . Табиғи газды отын ретінде
көлік құралдарында сақтау үшін жоғары қысымды газ баллон-
дары . Техникалық ережелер» ұлттық стандарттарының талапта-
рына жауап беруі тиіс .
Достарыңызбен бөлісу: |