6
Бұзылушылық болмаған және қоректендіру газ жүйесінде саңы-
лау болмаған жағдайда автокөлік жууға, бұдан әрі (қажет бол-
са) СТГ құюға және тұраққа қоюға жіберіледі .
Автобусқа техникалық қызмет көрсету автобусқа техникалық
қызмет көрсетуге арналған шеберханалар ұйымдастырылған
автокөлік паркінде жүргізіледі . Қызмет көрсету станциялары қа-
жетті запас бөлшектермен, арнайы құралдар мен аспаптардың
жинағымен қамтамасыз етілген . Қызмет көрсету бойынша бар-
лық жұмыстарды тәжірибелі мамандар орындайды .
7
СТГ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АВТОКӨЛІК
ҚҰРАЛДАРЫН ТЕХНИКАЛЫҚ-
ПАЙДАЛАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Автокөлікке СТГ пайдаланудың мынадай бірқатар оң қасиеттері бар:
• мотор майының сұйылуының болмауы және ластануының
азаюы оның жұмыс істеу мерзімін арттырады, нәтижесінде
май шығыны бензинді қозғалтқышпен салыстырғанда 10–
15 % кемиді;
• цилиндрлі поршенді топ бөлшектеріндегі күйенің анағұрлым
аздығы қозғалтқыштың моторесурсын орташа алғанда 35–
40 % арттырады;
• тұтандыру білтелерінің жұмыс істеу мерзімі 40 % артады;
• зиянды заттардың шығарылуы, әсіресе жұмыс істеліп біткен
газдармен бірге CO, сондай-ақ қозғалтқыш жұмысының шуы
төмендейді;
• автобус қозғалтқышы газды дизель циклі бойынша жұмыс
істеген кезде жұмыс істеліп біткен газдармен бірге қатты бөл-
шектердің шығарындылары 3–4 есе азаяды және канцеро-
гендік заттар анағұрлым төмендейді .
Бұдан басқа, газдың бір шаршы метрінің (бір литр бензинге
баламалы) босату бағасы бір литр бензиннің бағасынан 50 %
жоғары емес көлемде бекітілген .
Оң қасиеттерімен қатар автокөлік құралдарын СТГ көшірудің
мынадай бірқатар кемшіліктері де бар:
• автобусты бастапқы қыздыру уақыты 24–30 % ұлғаяды;
• ең жоғарғы жылдамдығы 5–6 % кемиді;
• тіркемесі бар жүк таситын автокөліктерді пайдалану қиындайды;
• газды бір рет құйғаннан кейінгі жүру ұзақтығы бір рет мұнай
отынын құйғандағы жүру ұзақтығының 65 % аспайды .
8
Қосымша газ баллонды аппаратура болуынан ТҚ және АЖ ең-
бек сыйымдылығы 4–6 % артады .
Табиғи газ ауамен араласқанда өрт жарылғыш қаупі бар кон-
центрация пайда болатын заттар тобына жатады .
Жарылғыш қаупі бар концентрация (метан бойынша) ауамен
көлемді үлесте араласқан кезде: төменгісі – 5 %, жоғарғысы –
15 % құрайды .
Үй-жайдағы және жұмыс орындарындағы ауада газдың (метан
бойынша) болуы оның тұтануының төменгі қоюлану шегінен
(ТТҚШ) 20 %, демек көлемі бойынша 1,0 % артық болмауы тиіс .
Токсикологиялық сипаты бойынша, көмірсутекті газдардың
қоспасы болып табылатын табиғи газ МЕМСТ 12 .1 .007–76
қойылған талаптар жағдайында қауіптілігі 4-сыныптық заттарға
жатады .
Жұмыс аумағы ауасындағы сығымдалған табиғи газдың көмір-
сутек концентрациясы көмірсутегіне қайта есептегенде шекті
жол берілгеннен (ШЖҚ)– 300 мг/м
3
аспауы тиіс . Жұмыс аумағы
ауасындағы күкіртті сутегінің шекті жол берілген концентрация-
сы көмірсутегімен күкіртті сутегінің С1-С2–3 мг/м
3
қоспасынан
10 мг/м
3
аспауы тиіс .
Жұмыс аумағында газдың болуы және оның құрамы иіс бой-
ынша немесе газ талдағышпен анықталады . Одорирленген газ
ауада көлемі бойынша 1 % болған кезде газдың иісі кемінде 3
балл болады .
Газдың концентрациясын газ талдағыштармен анықтау кезінде
ол жарылыстан қорғауышта орындалуы тиіс екенін ескеру керек .
Автомобил газ толтыру станциясында (АГҚКС) автомобиль бал-
лонына ГБТҚ құйылатын газдың температурасы қоршаған ауа
температурасынан 15 °C дан асуы мүмкін, бірақ +60 °C жоғары
болмауы тиіс .
Баллондардағы газ қысымы әрбір құю аяқталғаннан кейін
анықталады . Құюға берілетін газдың температурасы тұтынушы-
ның талабы бойынша анықталады .
9
Сығымдалған табиғи газ –
отын ретінде
Негізін метан CH4 (82 % дан 98 % дейін азғана этан араласқан
C 2H6 (6 % дейін), пропан C 3H8 (1,5 % дейін) мен бутан С4Н10
(1,0 % дейін) құрайтын табиғи газ, өзінің физикалық-химиялық
қасиетіне қарай автомобиль отынына қойылатын мынадай та-
лаптардың көбін қанағаттандырады:
• біркелкі жанатын қоспа жасау үшін ауамен жақсы араласады;
• жанатын қоспаның жоғары колориясына және жоғары ок-
тан санына (ОЧМ>102–105 бірлік) ие болады, бұл қозғал-
тқыштың цилиндрінде тұтанып тез жануға жол бермейді және
сығымдаудың жоғары дәрежесін пайдалануға мүмкіндік бе-
реді;
• қозғалтқыштың бетін тотықтандырғышты, қозғалтқыш кар-
теріндегі мотор майының қышқылдануы мен сұйылуын туды-
ратын заттардың ең аз санын қамтамасыз етеді;
• жану өнімдерінде улы және канцерогенді заттардың аз пайда
болуын қамтамасыз етеді;
• компоненттік құрамының тұрақтылығын сақтау қабілетіне ие;
• қозғалтқыштың қоректену және от алдыру жүйесінде күйік
пайда болу мен ластануға ықпал ететін шәйірлі заттар мен
механикалық қоспалары аз болады .
Табиғи газдың кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
• цитан санның (ЦЧ=10) төмен болуы және нәтижесінде мұнай
отынымен салыстырғанда нашар тұтануы (640÷680 °C) (мы-
салы бензинде – 270÷330 °C);
• сұйық мұнай отымен салыстырғанда жану жылдамдығының
кемуі;
• ауаның тығыздығымен салыстырғанда газды ауа ортасы
тығыздығының аздығы .
Достарыңызбен бөлісу: |