61
Газ аппаратурасы сынық, автомобиль дұрыс жұмыс істеп тұр
Газ аппаратурасының, соның ішінде оның саңылауы болуымен
байланысты сынуы анықталған жағдайда автокөлікті газды
шығару (шоғырландыру) постына жібереді және баллондарды
газдан босатады .
Газды шығару ашық толтырғыш немесе арнайы вентиль арқылы
жасалады, оның қорғаныш қақпақшасы алынуы тиіс . Баллон-
дардан газ шығаруды бақылау қоректендірудің газды жүйесінің
монометрі бойынша жүзеге асырады . Бұл операция кезінде бас
қақпақша (вентиль) жабық, ал баллонның (шығын) вентилі
ашық болуы тиіс . Қозғалтқыштың қоректендіру жүйесіндегі газ
алдын ала жұмсалуы тиіс .
Газ шығарылғаннан кейін кейбір жағдайларда баллондарды
газсыздандыру (жанбайтын инертті газбен үрлеу) қажет .
Газды босату және баллондарды газсыздандыру мынадай
жағдайларда жүргізіледі:
• бітеу-қорғау арматуралары мен газ баллондарымен байла-
ныстағы газ құбырларының саңылаусыздығы бұзылған;
• баллондарды, газ құбырларын айырбастаумен байланысты
ағымдық жөндеу, пісіру, бояу жұмыстарын жүргізу;
• баллондарды, оларды техникалық куәландыру үшін ав-
токөліктен түсіру;
• технологиялық немесе техникалық қажеттілік, соның ішін-
де газбен қоректендіру жүйесін қысылған ауамен престеу
(сынау) .
Газды шығарғаннан кейін автокөлікті жууға, содан кейін бұ-
зылушылықтарды жою немесе жекелеген тораптарын ауыстыру
үшін газ аппаратураларының ТО және ТР учаскелеріне жібереді .
Бұзушылықтарды жөндегеннен кейін автокөлікті СТГ құюға және
түзу автокөліктер тұрағына жібереді .
62
Газ аппаратурасы сынық, автомобиль сынық
Бұл жағдайда саңылаусыздығын тексергеннен кейін автокөлікті
газды шығару және баллондарды газдан босату постына жібе-
реді және газды шығару және баллондарды газдан босату опе-
рацияларын орындайды . Бұдан әрі автокөлікті жууға, одан кейін
негізгі автокөліктенді ағымдық жөндейтін аймаққа ГБЖ байла-
нысты емес бұзылуларды жою үшін жібереді . Бұзушылықтарды
жөндегеннен кейін автокөлікті газ аппаратураларының ТО және
ТР учаскелеріне жібереді, ол жерде ГБЖ бұзылушылықтарын
жояды . Бұзушылықтарды жөндегеннен кейін автокөлікті СТГ
құюға және тұраққа жібереді .
Автокөлік құралдарына арналған газ аппаратураларын, қозғал-
тқышқа газ беруді басқару жүйесі, қоспа пайда болу тәсілі және
қолданылатын атқарушы механизмдері бойынша мынадай бір-
неше типке бөлуге болады:
а)
эжекторлы – газ бен ауа кіргізу коллекторында КЖД арала-
сатын және газды беруді басқару рычагты-мембранды меха-
низмдердің көмегімен жүзеге асырылатын жүйелер;
б)
инжекторлы – газ кіргізу коллекторына арнайы форсунка-
ның көмегімен бүрку (орталық бүрку) немесе ДВС әрбір цилин-
дріне тікелей (таратып бүрку) бүрку;
в)
аралас –ДВС газ беру үшін берілетін газдың мөлшерін инжек-
торлы реттеуіш (мөлшерлеуіш) және газ ауа қоспасын қозғал-
тқыштың кіргізу коллекторына беретін стандартты сыртқы жүй-
елер
Көрсетілген жабдықтар жұмыс қоспасының электр ұшқынынан
(газ ұшқынды қозғалтқыш) қозғалтқыштары немесе дизель
отынын пайдаланған кезде қысу (газ дизельді қозғалтқыш)
қозғалтқыштары бар ГБА орнатылады .
63
Газ жабдықтарының негізгі
конструктивтік ерекшеліктері
1. Инжекторлы электрондық жүйелер
Сыртқы араластырғышы бар дәстүрлі жүйе, онда газды беру не-
гізінен рычгты-мембранды механизмдер арқылы реттеледі .
Бұл жүйелер бірнеше онжылдықтар бойы шығарылып келеді
және автокөліктенді пайдалану процесінде газға ауыстырумен
айналысатын фирмалар мен ұйымдарға бағдарланған .
Осы типті газ баллонды аппаратуралар өзіне мынадай негізгі
бөлшектер мен тораптарды қамтиды:
• жоғары қысымды баллондар;
• жоғары және төмен қысымды тұрба құбырлары мен оларды
қосатын бөлшектер;
• толтыратын және жұмсайтын вентильдер;
• жоғары қысымды редуктор;
• төмен қысымды редуктор;**
** – газ аппаратураларының кейбір конструкцияларында жоғары
және төмен қысымды редукторлар бір агрегатта қатар қолданылады.
• газ фильтрлері;
• газды электромагнитті қақпақша;
• бензинді электромагнитті қақпақша;
• карбюратор-араластырғыш (газ араластырғыш);
• газ жылытқыш;
• бақылау және қорғау құрылғылары;
• отын түрін ауыстырып қосқыш .
Рычагты-мембранды жүйенің мынадай белгілі бір кемшіліктері
бар:
• газды цилиндр бойынша біркелкі мөлшерлемеу;
• газ ағынының инерциясының молдығы;
64
• қысымды механикалық реттеуіштердің сенімділігінің жетім-
сіздігі;
• көмірсутегінің ЖГ деңгейінің жоғарылығы;
• газды мөлшерден артық жұмсау .
Соңғы жылдары осы жүйелерде электронды басқару блоктары
кеңінен енгізілуде, бұл жаңа функциональдық мүмкіндіктерді
қамтамасыз етеді:
• берілетін газдың мөлшерін реттеу кіргізу коллекторында си-
рету ғана емес, сондай-ақ λ-зонд бойынша берілген шектер-
де улылық параметрлерін қолдау үшін де, сол сияқты қозғал-
тқыштың, ауа мен газдың температурасын өзгерту үшін де;
• ауаны немесе отынды деректер негізінде қозғалтқыштың иін-
ді білегі айынлымының жиілігі есебінен басқарылатын электр
жетегімен қосымша шиберлі немесе лопасты құрылғыла-
рымен беруді реттеу есебінен бос жүрісті тұрақты қолдау .
Электронды басқару элементтерін енгізу жабдықтың жұмысын
анағұрлым арттыруға мүмкіндік берді, бұл құны қатысты аса
қымбат емес кезде тұтынушы үшін механикалық жүйенің тар-
тымдылығын сақтайды .
2. Инжекторлы жүйелер
ГАЗДЫ ОРТАЛЫҚТАН БҮРКЕТІН ИНЖЕКТОРЛЫ ЖҮЙЕЛЕР
Өзінің сипаты бойынша микропроцессорлық басқару блокта-
рымен жарақталған мұндай жүйелер, газ ауа қоспасын дайын-
дайтын және бөліп беретін эжекторлы және инжекторлы жүйе-
лердің арасындағы аралық жағдайда болады .
Оларда мынадай басымдықтар бар:
• сыртқы жағдайдан (ауа фильтрінің ластану дәрежесінен, тем-
пература көтерілген кезде газ тығыздығының азаюынан) тәу-
елсіз газды тұрақты мөлшерлеу;
Достарыңызбен бөлісу: |