44
Автокөлікке СТГ арналған ГБЖ
орнату сапасын тексерудің негізгі
ережелері
Болуы мүмкін ақауларды болдырмау мақсатында жүргізушілер
мен слесарьлар автокөлікке сығымдалған табиғи газды пайда-
лану үшін ГБЖ орнатудың сапасын тексерудің негізгі ережелерін
білулері тиіс (орнатудың техникалық егжей-тегжейлері жеңіл
және жүк автокөліктері үшін сипатталған) .
1. Баллондарды тексеру
1 . ГБЖ орнату туралы куәлікпен бірге тапсырыс берушіге беріл-
ген баллондар мен ГБЖ орнатуды монтаждау сызбасы ұсы-
нылуы тиіс; ГБЖ дайындалған, олардан элементтер жасалған
материалға көңіл аудару қажет (СТГ мен сыйымды болуы тиіс);
2 . баллонның төлқұжатының болуы, ондағы дайындаушы-за-
уыт монтаждау мен бекітуге берген кеңестерді салыстырып қа-
рау, баллонды орнату мен куәландыру жазбаларын, толық таң-
балануын, қызыл түсін, баллондардың өзара қатар қосуларын,
вентильдер мен бұрандаларының жай-күйін, вентильдің тұрба
құбырына жазылуын; автоматты, шектеуші қақпақшалардың
болуын, баллонның үстіңгі температура бойынша сақтандыру
құрылғысын, қол вентильін тексеру керек;
3 . баллондар болат қамыттармен (екіден кем емес 20х3 мм 85 л
дейінгі көлем үшін) лонжементтер мен арнайы кронштейндер-
ге, тұрақты түрде (айналмайды, жылжымайды) бекітіледі жүк
бөлімінің еден түбіне бұрғылап тесу арқылы болттармен (8 мм)
бұралып бекітілген (жеңіл автокөлік үшін) олардың шеттері то-
тығуға қарсы құраммен өңделген; қамыттар мен баллонның
арасында қорғаныш материалы (тері, кигіз, пластмасса) болуы
тиіс; егер цилиндрлі баллон рамаға ұзына бағытта орнатылса,
45
онда баллонның жылжып кетуін болдырмау үшін раманың ал-
дыңғы бөлігінде оның жоғарғы шеті баллонның түбінен кемінде
30 мм жоғары болады көлденең жалғағыштар болуы тиіс; бал-
лондарды орнату сызбасы қатар келуі және құю мен кез келген
баллоннан ІЖҚ қоректену мүмкіндігін қамтамасыз ететін болуы
тиіс;
4 . баллонда (егер олар сыртта болмаса), атмосферамен жел-
деткіштік араласуы болатын газ өтпейтін былғары қаптаманың
болуы, вентильдердің астында былғары қаптаманың болуы;
қандай желдеткіштік және шығару шлангтар пайдаланылғаны,
дүрбі тұрбалар (газға төзімді, жылу көздері жағына емес, кемін-
де 450 мм2 тілінумен автокөліктің сыртына шығарылған); жел-
деткіш тесіктерінде автокөлік қозғалған кезде жүк бөліміндегі
ауаны айналдыруды қамтамасыз етуге арналған қиғашталған
фланцтер (сапундар) болуы тиіс;
2. Тұрба құбырларының орнатылуын тексеру
1 . сыртқы саңылаусыздығын байқап қарау, қосылғыштар мен
элементтердің бекітілуінің тығыз еместігін тексеру; салон ішінде,
кабинада, және фургондардың тұйық кеңістігінде тұрба құбыр-
ларын өзара қосуға жол берілмейді, тұрбаның иілген жерінде
сынық болмауы тиіс; еден түбіне төселген газ отыны жүйесінің
элементтері (ГОЖ) автокөлік клиренсін азайтпауы тиіс және
пайдаланылған газ шығатын жүйенің немесе осындай былғары
қаптамасыз жылу қорғанышы жоқ көздердің 100 мм шектерін-
де орналастырылмауы тиіс; баллондар мен жол беті арасын-
дағы қашықтық кемінде 200 мм құрауы тиіс;
2 . қатты (тігіссіз тұтас тартылған тот баспайтын немесе тоттануға
қарсы жабындармен болаттан жасалған) және иілмелі отын өт-
кізгіштер түпке өзін өзі тескішпен бұралған әрбір 10 см қапсыр-
малармен, рамада – болттармен бекітіледі; ашық учаскелерде
қорғаншы материалдарымен, жабылады; мотор бөліміне шығу
учаскесінде тұрба құбырына қозғалтқыштың жоғары дірілінен
қорғайтын болат орама кигізіледі; магистральді бұрушы мен
құятын тұрба құбыр баллонға түппен апарылады; пайкалар, дә-
46
некерлер мен мықты гайкалы бұрандалар арқылы қосуға жол
берілмейді; тот баспайтын болатқа фитингтер тек тот баспайтын
қосылғыштар пайдаланылады; жалғану саны ең аз және бар-
лығы көзбен көруге болатын жерлерде;
3 . құю қондырғысы кронштейндердің көмегімен және болт-
тармен автокөлік қозғалысының барысы бойынша сыртынан
оң жағынан (немесе сол жағынан) немесе мотор бөлігінде
бекітіледі, автокөлік габаритінен тыс шығып тұрмауы тиіс (10 мм
артық емес); баллоннан келетін тұрба құбырында тұрба құбы-
рын толтыру клапанымен жалғар алдында диаметрі 70–100 мм
үштен аспайтын компенсациялық бұрамалар болуы тиіс;
3. Мотор бөлігінде ГОЖ элементтерін орнатуды
тексеру
1 . ГТС агрегаттары мотор бөлімінің қабырғасына арнайы крон-
штейіндерде тесік арқылы әдетте М8х14, гайка М8 болттары-
ның және серіппені қоса алғанда шайбаның көмегімен бекітілуі
тиіс; бұл агрегаттарға жоғары қысымды редуктор (ЖҚР) және
төмен қысымда редуктор (ТҚР) босату клапанымен бірге,
араластырғыш, мөлшерлеме, бөліктік газды электромагнитті
қақпақша (ЭМК) сүзгішпен бірге, бөліктік бензинді электромаг-
нитті қақпақша және т . б . жатады, олардың кейбірі жеке жаңа
жүйеде қатар келуі мүмкін .
2 . ГОЖ орындалған сызбасына түсініктеме алу, көрсетілген жаб-
дықтардың бекітпелері мен қосылғыштарын сол жерде қарау,
қандай төмен қысымды редукторлар қолданылды (ТҚР және
араластырғыштың арасында кемінде 50 см болу керек), газ ауа
қоспасының қажетті құрамын мөлшерлеуді қалай қамтамасыз
ету керек, редукторлар мен газды жылыту жүйесі, ішкі тұтану-
дың ижекторлық қозғалтқыштарында (ІҚТ) қандай электрлік
блок пайдаланылған, газ дизель (ІҚТ) үшін тұтандырғыш мөл-
шерді басқаруға арналған қандай механизм қолданылды;
3 . электр сымдары мен электронды аспаптарды монтаждауды
бақылау; қақпақшалардың жұмыстарын басқаратын сымдар
Достарыңызбен бөлісу: |