Лекция №2 Қазақ хандығының негізінің қалануы Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының негізін қалаушылар



жүктеу 16,67 Kb.
Дата22.01.2022
өлшемі16,67 Kb.
#34677
түріЛекция
Документ Microsoft Office Word


Лекция №2 Қазақ хандығының негізінің қалануы

1.Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар



Практикалық сабақ№2 Қазақ хандары туралы деректемелер

1.Қазақ хандығы туралы деректер.

2.Қазақ сұлтандарының Әбілхайыр ханнан бөлінуі

3.Жәнібек пен Керейдің Моғолстанға көшіп келуі



Практикалық сабақ№3 Қазақ хандарының шығу тегі

1.Қазақ хандарының шығу тегі

2.Қазақ хандығының құрылуы

3.Қазақ хандығының Сыр бойы үшін күресі



СӨЖ 1: Қазақ хандығының құрылуы және тарихи маңызы

Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба  деректердің  бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі болып табылады. Бұл жазба Моғолстан хандығының тарихына арналған. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған  қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қоныс береді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек пен Керей хандар Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары  (1465—1466)  билей бастады...».  Сол кезеңдегі саяси жағдайға байланысты  Қазақ хандығы туралы да көптеген мәліметтер кездеседі. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри  еңбектерінде де Қазақ хандығы мен оның билеушілері туралы мәліметтер бар. Сондай-ақ, Қазақ хандығы кезеңіне қатысты Шығыс деректерінің де маңызы зор.

2015 жылы ел ішінде Қазақ хандығының 550 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтті. Қазақстанның барлық аймағында атаулы мерекеге орай сан түрлі шаралар ұйымдастырылғанын білеміз. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында жинақталған көптеген тарихи деректерді жүйелеу, зерттеу, ғылыми айналымға енгізіп, жариялау сынды жұмыстарды жасау мақсатында Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жанынан материалдарды зерттеу жөніндегі республикалық Ақпарат орталығы құрылды. Аталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша көрші елдердің мұрағаттары мен деректемелер қорларында жұмыс атқарған шығыстану экспедициялары ауқымды істер жасады. Қытай Халық Республикасының бірінші тарихи мұрағатынан қазақ тарихына қатысты бірқатар құнды материалдар табылды. Ол жерден қазақ-қытай, қазақ-орыс, қазақ-қырғыз, қазақ-қоқан, қазақ-ойрат дип­ломатиялық қатынастары туралы, біздің хандарымыздың Бейжіңге Боғда Ежен ханға барған елшілері, олардың грамоталармен марапатталғаны, қазақ-қытай саудасы туралы, қазақтардың тұрмысы, дәстүрлері жайлы құжаттардың көп екені анықталды. Оларда қазақ халқының саны, батырлары мен билері, қазақ рулары туралы мәлімет қоры мол.

Шығыстану археографикалық экспедициясы жұмысының нәтижесінде ҚХР-да 1741-1811 жылдардағы Қазақ хандығы мен Цин империясы қарым-қатынасының тарихын көрсететін деректер бар. Ол жақтан екі ел билеушілерінің жазысқан ресми хаттары табылды. Сондай-ақ, қазақтың хан-сұлтандары мен жергілікті билеушілерінің Цин императоры Цяньлунға, Іле мен Тарбағатай губернаторы Амбанға арналған ресми хаттары кездеседі.  Ол кездері Абылай хан, Уәли сұлтан, Әбілмәмбет хан, Әбілпейіз сұлтан, Болат хан, Санияз, Ханқожа, Әділ сұлтан, Бопы, Көгедай сынды тұлғалар хат жолдаған екен.

Қазақ хандарының Қытай билеушілерімен дипломатиялық хаттарының шағатай, ойрат тілдерін­де болғаны анықталды. Әрбір хатқа мәнжу тілін­де түсіндірме жазба беріліп, ол жерде қазақ билеу­шілерінің тарихы мен шыққан тегі, қай жерде тұратыны жазылған.



Зерттеу жұмыстарынан соң Қытайдың бірінші тарихи мұрағатымен құжаттардың дәл көшірмесін басып шығару туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде құжаттар көшірмесінің 2 томы және олардың қазақша нұсқасының 4 томы «Қазақ хандығы мен Цин патшалығының саяси-дипломатиялық қатынастары туралы қытай мұрағат құжаттары» (2 том), сондай-ақ, «Қазақ хандығы мен Цин патшалығының сауда қатынастары туралы қытай мұрағат құжаттары» (2 том) жарыққа шықты.

Лондон, Оксфорд қалаларындағы Бодлеан және Британ кітапханаларында сақтаулы «Тарих-и Кипчак-хани», «Тарих-и Абулхаир-хани», «Нусрат-наме» және «Муиз ал-ансаб», «Бахр-әл-асрар», Раха кітапханасында (Рампур қаласы) және Салар-е-Джанг музейінде (Хайдарабад қаласы) сақтаулы «Жамиғ ат-тауарих», «Тарих-и Шах», өзге де шығыс қолжазбалары  XIV – XVII ғасырлардағы анық тарихи оқиғаларды зерделеу үшін маңызды материалдар екені белгілі. Әлі де зерттелу үстіндегі жазбалар Дешті Қыпшақта XIV ғасырдың аяғында – XV ғасырдың басында болған саяси оқиғаларды, Әбілқайыр ханның, Мұхаммед Шайбани ханның, Керей ханның, Жәнібек ханның және басқа тұлғалардың ел басқару тарихын көрсетеді. Кейінгі кездері Түркия, Ұлыбритания, Швейцария елдерінің музейлері мен кітапханаларынан тың деректер табылуда. Елдер арасындағы келіссөздер, Абылай ханның, Әбілпейіз сұлтан және басқа да ел билеушілердің жолдаған дипломатиялық хаттары Еуропа елдерінің қорларында да кездесіп жатыр. Бұл қазақ халқының тарихының, мәдениеті мен өркениетінің даралығын, биіктігін көрсетеді. Қазақ хандығы туралы деректер өте көп. Әлі де зерттеліп, зерделенетін тың дүниелер де жоқ емес. Өйткені, осындай асқақ елдің тарихының да үлкен болатыны сөзсіз.

15 ғасырдың ортасына дейінгі тарихи оқиғаларда Керей хан туралы мәліметтер кездеспейді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде Керей хан туысы Жәнібек ханмен бірге 15 ғасырдың 50-жылдарының аяғында Қазақ хандығының құрылуына қатысты оқиғаларда алғаш рет атала бастайды. Онда Керей хан мен Жәнібек ханның Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Моғолстанның батысындағы Шу бойы мен Қозыбасы өңірі аралығына келіп қоныстанғаны туралы баяндалады. Бұл аймақ – сол жылдардағы Моғолстан билеушісі Есенбұға хан мен оның туған ағасы Жүніс хан иеліктерінің арасы болды.
жүктеу 16,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау