148
Сонымен қоса, бағдарламалар басқару үрдісінің ғылыми жүзеге асыру
қызметін де атқарады. Себебі, ол белгілі бір басқару міндеттеріне
байланысты ғылыми жобаларды, нақты әлеуметтік жобаларды және
қолданбалы зерттемелерді өзара біріктіреді. (10)
Мемлекеттік бағдарламалардың жоғарыда аталған барлық
функциялары мынада шарттар сақталған жағдайда ғана орындалары
сөзсіз: олардың әзірлеу мен жүзеге асыру барысында ғылымилық,
икемділік, уақытылылық, кешенділік, жүйелілік талаптары, басқарудың
ақпараттық базасының қоғамда қалыптасқан және кеңінен бөлінетін
сыбайлас жемқорлыққа қарсы медениетке, адамгершілік және
моральдық нормаларға, мәдени дәстүрлер мен құндылықтарға сайма-
сай болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Осылайша, мемлекеттік стратегиялық жоспарлауды енгізудің қазіргі
кезеңінде елдегі бағдарламалау мемлекеттің шектеулі ресурстарын
пайдалану мен бөлуде, ең алдымен бюджеттік қаражатты ұтымды
пайдалану мен сыбайлас жемқорлық қауіптерін барынша азайтуда
жоғары нәтижелерге қол жеткізуге әлі де толық көлемде ықпал ете
алмауда. Мемлекеттік органдардың қызметін нақты нәтижелерге қол
жеткізуге бағдарлау, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайту
мақсатында бюджеттік қаражаттардың мақсатты жұмсалуын бақылауды
күшейту қажет.
Тірек сөздер:
мемлекеттік жоспарлау, стратегиялық жоспарлау,
нәтижелілік, мемлекеттік бағдарламалар.
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1. Мемлекеттік жоспарлаудың мәні неде?
2. Мемлекеттік жоспарлауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыруға қандай факторлар ықпал етеді?
3. Қазақстан Республикасында мемлекеттік стратегиялық жоспарлауды
қалыптастырудың негізгі бағыттарын атап өтіңіз.
4. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа моделін енгізу ретін сипаттап
беріңіз.
5. Бағдарламалық-мақсаттық әдісті сипаттап беріңіз.
6. Мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастырудың мақсаты қандай?
7. Мемлекеттік бағдарламалардың функциялары қандай?
Рефераттардың үлгілік тақырыптары
1. Нәтижеге бағдарланған басқару сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
шарасы ретінде.
2. Мемлекеттік жоспарлауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру бағыттары.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі.
4. Бағдарламалық-мақсаттық әдістің мәні.
Әдебиет
1. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. 2008 жылғы 6 ақпан // Егемен Қазақстан.
2008. 7 ақпан.
2. Басовский Л. Е. Прогнозирование и планирование в условиях рынка:
учебное пособие.
–
М.: ИНФРА
–
М, 2002.