СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
114
27. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын
ратификациялау туралы: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы
4 мамырдағы N 31 Заңы. http:// adilet.zan.kz/rus/docs/Z080000031_.
28. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы: Қазақстан Республикасының
2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 222-IV Заңы. http://adilet.zan.kz/rus/docs/
Z090000222_.
29. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге
арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы: Қазақстан Республикасы
Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығы. http://adilet.zan.
kz/rus/docs/U090000858_.
30. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы: Қазақстан Республикасының
2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы. http://adilet.zan.kz/rus/docs/
Z1300000088.
31. Рұқсаттар және хабарламалар туралы: Қазақстан Республикасының Заңы
2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ. http://adilet.zan.kz/rus/docs/
Z1400000202.
32. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы: Қазақстан Республикасы
Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы. http://adilet.
zan.kz/rus/docs/U1400000986.
33. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің
2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығы. http:// adilet.zan.kz/rus/docs/
U1400000900.
34. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы: Қазақстан Республикасының
Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ. http://adilet.zan.kz/rus/docs/
Z1500000410.
35. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы: Қазақстан
Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ. http://
adilet.zan.kz/rus/docs/ Z1500000416.
36. Қоғамдық кеңестер туралы: Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы
2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ. http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000383.
37. Ақпаратқа қол жеткізу туралы: Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы
16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ. http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000401.
38. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы: Қазақстан Республикасы
Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы. http://adilet.
zan.kz/rus/docs/U1400000986.
39. Қазақстан
Республикасының
Қылмыстық
кодексi:
Қазақстан
Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ (2015 жылғы
24 қарашадағы жағдай бойынша өзгерістерімен және толықтыруларымен).
http://adilet. zan.kz/rus/docs/KM00000226.
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
115
§ 13. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық
жауапкершілік
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Соңғы онжылдық мемлекетіміздің «ұлттық қауіпсіздігіне тікелей
қауіп төндіретін» негізгі көздердің бірін білдіретін сыбайлас жемқорлық
мәселелерін зерттеуге және жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық
шараларын жетілдіруге деген жоғары қызығушылықпен сипатталады [5].
Мемлекеттік билік органдарында сыбайлас жемқорлық азаматтардың
конституциялық құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді, демок-
ратиялық ұстанымдары мен құқықтық тәртіпті бұзады, мемлекеттік
аппараттың қызметін төмендетеді, мемлекеттік реформаларды өткізуге
кедергі келтіреді, сайып келгенде, азаматтардың билікке сенімін жояды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 2-бабының
1-бөлігінде сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын
адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық
өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не
мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы,
жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер
мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды
тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы
беруi арқылы оларды сатып алуы ұғынылады [2].
Бұл ретте, ең алдымен, сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық
бұзушылық пен сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық
арасындағы салдардың ауырлық дәрежесі бойынша нақты бағытты
жүргізу қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық тәжірибесі сыбайлас
жемқорлық сипаттағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік
жауапкершілікті белгілейтін ұлттық заңнамадағы нормаларды белсенді
дамытуды, қылмыстық жауапкершілік шараларының алдында алдын алу
шараларының басымдығын дәлелдеп отыр.
Мемлекеттік қызметшілердің моральдық мінез-құлық стандарттарын
тәртіптік, қылмыстық және әкімшілік ықпал ету шараларының көмегімен
тұрақты қолдау керек. Мұндай шаралар қылмыстық жауапкершілікке
қарағанда тиімдірек, өйткені оларды қолдану жедел рәсімге байланысты;
мемлекет тарапынан елеулі материалдық шығынды және құқық қорғау
органдарының күш-жігерін талап етпейді; мемлекет ұстануы тиіс жазалау-
тәрбие саясатының негізгі қағидаттарының біріне толық сәйкес келеді,
жаза неғұрлым тиімдірек болса, соғұрлым ол тезірек қолданылады.
Сонымен қатар, жасалған құқық бұзушылық үшін жаза қолдану процесі
ұзағырақ болса, ол жазасыз қалады деген ықтималдық көп болады
[6, 47-52-бб.].
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге
арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында әкімшілік құқығының
маңызды құрамдас бөлігі ретінде әкімшілік-деликт құқығы қаралады,
оның дамуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жаңартумен
байланысты. Мұндай заңдардың негізіне, Тұжырымдамада атап
көрсетілгендей, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары
Достарыңызбен бөлісу: |