1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ,
ҚҰРЫЛЫМЫ,
МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
19
Адамгершілік бастаулары тамыр жайған қоғамда заңдар сақталады,
жемқор өзін қолайсыз сезінеді, оның іс-әрекеті шектелген және өзінің
қылмыстық мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Басқаша айтқанда,
мораль (қолданыстағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде)
және жоғары өнегелі орта жемқордың қылмыстық іс-әрекетін аса
қиындатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін жазалау шаралары
жеткіліксіз. Сот тағайындайтын жазаның қаталдығы мен жұрт алдында
тұтқындау кезінде қарапайым адам оның алдына қазіргі болмыс қойған
қарапайым сұрақтарға жауап табуы тиіс. Өзі байқаған нәрседен адам
сыбайлас жемқорлыққа және оның қоғам өмірі мен өзінің өмірлік
қағидаттарына жағымсыз ықпалына қатысты өз тұжырымын жасайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жазалау тетіктеріне немесе
ғылыми зерттеулерге ғана сүйенбеуі тиіс. Адамдардың сыбайлас
жемқорлық туралы моральдық құндылықтар негізінде қалыптасатын
түсінігін басты мәселе қойған жөн. Тек қана осы жол арқылы мемлекет
қарапайым адамдардың «мемлекет» және «сыбайлас жемқорлық
билік» ұғымдарын теңдестіруіне жол бермеуі тиіс. Егер соңғысы
бұқара халықтың санасында тамыр жайса, онда сыбайлас жемқорлық
мыңдаған жемқорлар жазаланса да жойылмайды.
Адамгершілік ұстанымы мықты адам сыбайлас жемқорлықты былайша
сипаттайды:
–
өзі үшін, өз елі және оның болашағы үшін
төнетін нақты қауіп;
–
азаматтың өзін азаматты болып табылатын елмен байланыстыруын
тоқтатуының
бір себебі;
–
ұлттық байлықты тонау және қоғамдық сананы бұзу арқылы параға
сатып алу және заңсыз
баюдың қылмыстық сызбасы;
–
мемлекеттің құрылысына, өнегелік құндылықтарына қол сұғатын
және бұқара санасына жалған құндылықтарды енгізу үшін жағдайлар
жасайтын қылмыстық идеологияны заңсыз енгізу;
–
заңдар жұмыс істемейтін және әділдікке орын жоқ әділетсіз өмір.
Сыбайлас жемқорлықты жағымсыз құбылыс ретінде қабылдай
отырып, оның әртүрлі көріністерін зерттей, сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу бойынша әдістерді әзірлей отырып, мемлекет жүргізетін
сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелерін көрсеткен жөн. Оң
нәтижелер бар екеніне құқық қорғау статистикасы мен сот практикасы
дәлел бола алады. Оң өзгерістер туралы ауыз ашпау адамдардың
құқықтық саясаттың тиімділігіне сенбеушілігін туғызады және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына көмектеспейді.
Тірек сөздер:
сыбайлас жемқорлық, өнегесіздік, ымырасыздық,
арамдық, мансапқорлық, ашкөздік.
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1. Сыбайлас жемқорлық феномені не себепті құқықтық кеңістіктен
бөлек зерттелуі тиіс?
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға бағытталған тәрбие жұмысын
қалайша жүргізген жөн?
3. Адамгершілік құндылықтардың қоғам өміріндегі рөлі қандай және
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
21
§ 4. Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру
дамыған елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының
маңызды элементтерінің бірі болып саналады. Швеция, Ұлыбритания
сияқты еуропалық елдерде азаматтардың ақпаратқа қолжетімдігі,
құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі және халықтың этикалық
нормаларды сақтауы – мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің
кепілі.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын
қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу сыбайлас жемқорлыққа
қарсы төзбеушілік жағдайын қандай құралдармен, әдістермен, қандай
нысанда жасауға және сыбайлас жемқорлық қылмыс деңгейін азайтуға
болатыны туралы ақпарат алудың маңызды тәсілдерінің бірі болып
саналады. Шетел мемлекеттерінің практикасын танып-білу мен есепке
алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі қателіктер, қарама-
қайшылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес стратегиясында дұрыс тәсілдерді таңдауға мүмкіндік береді.
Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісі
Грузияның мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тәжірибесі бірегей және табысты, оның көптеген аспектілері бейімделген
және осыған ұқсас проблемалар бар елдерде қолданылады.
Осыдан 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлық Грузияның барлық
салаларына дендеген болатын. Мемлекеттік қызметтердің барлығын
дерлік алу үшін пара сұрайтын – жүргізуші куәлігін алу немесе мүлік пен
бизнесті тіркегенге дейін паспорт алу, үй құрылысын мен жоғары оқу
орнынан түсу. Үкімет «нөлдік төзімділік» саясаты шеңберінде қабылдаған
шаралар әртүрлі мемлекеттік қызметтерде бейресми төлемдер ауқымын
күрт қысқартты. Бүкіләлемдік банк сарапшылары бүгінгі күні көптеген
көрсеткіштер бойынша «Грузия Еуропалық одақтың ең дамыған елдеріне
біршама жақындады деп атап көрсетеді» [1].
2014 жылы «Transparency International» сыбайлас жемқорлықты
қабылдау индексіне сәйкес Грузия әлемнің тіркелген 174 мемлекеті
арасында 50-орынды, ал 2004 жылы 85-орынды иеленді. Бұл кезеңде
әлемде тіркелген сыбайлас жемқорлық қысқартулардың ең күштісі.
Бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің арасында
Грузиядан тек қана
Прибалтика елдері озық тұр.
Мемлекеттік басқару құрылымын реформалау және Грузияда
сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтудың өзіндік шыққан жерін 2003 жыл,
Раушан революциясынан кейін және билік басына жаңа үкіметтің келуін
атауға болады. Стратегиялық құжаттар мен нормативтік-заңнамалық
актілерді әзірлеу негізіне америкалық, италиялық, жаңа зеландиялық
және британдық тәжірибе алынып, Бүкіләлемдік банк, МВФ және USAID
сияқты халықаралық ұйымдардың консультанттары мен сарапшылары
шақырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте грузин тәсілінің негізгі
айырмашылығы репрессивті әдістермен қатар Грузияда превентивті-