Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет33/73
Дата14.11.2018
өлшемі1,52 Mb.
#19740
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   73

Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
шараларында  білім  алушылар  сыбайлас  жемқорлыққа  қолайлы 
жағдайларды көре-білуді, күнделікті өмірдегі этикалық ауытқушылықтар 
мен құқық бұзушылықтарды айқындауды, сондай-ақ оларды жою үшін 
мүмкіндіктерді іздеуді үйренуге тиіс.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет үшін қаупі туралы білімі 
бар азаматтың тұлғасы, сыбайлас жемқорлық көріністерін өз азаматтық 
құқықтарының  бұзылуы  ретінде  қабылдайтын  және  бұл  құқықтарды 
қорғауға  дайын  тұлға  жоғарыда  аталған  барлық  әрекетердің  нәтижесі 
бола алады.
Тірек  сөздер: 
жасөспірім  жас,  жасөспірімнің  құқықтық  санасы, 
жасөспірім  кезінде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тәрбие 
ерекшелігі.
ПІКІРТАЛАСҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
1.  Сыбайлас жемқорлық проблемасын қалай шешуге болады?
2.  Ақша бермей өмір сүруге бола ма?
3.  Сыбайлас жемқорлықты жеңуге бола ма?
4.  Қалау мен талап ету арасындағы қайшылықты қалау шешу керек?
5.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. Біздің қолымыздан не келеді?
Рефараттардың үлгілік тақырыптары
1.  Жасөспірім ортадағы сыбайлас жемқорлықтың келеңсіз салдары. 
2.  Мектеп  оқушыларының  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  дүниетанымын 
қалыптастыру. 
3.  Мектепте  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тәрбиенің  мазмұны  мен  негізгі 
бағыттары.
4.  Мектеп  оқушыларының  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетін 
қалыптастыру жөніндегі тәрбие жұмысының ерекшеліктері. 
5.  Оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және сыбайлас 
жемқорлыққа төзбеушілігін жоғарлату жолдары.
Әдебиет
1.  Антикоррупционное  воспитание:  система  воспитательной  работы 
по  формированию  у  учащихся  антикоррупционного  мировоззрения  
в общеоб-разовательном учреждении: методические рекомендации. 

 СПб, 
2010.
2.  Антикоррупционное  воспитание  в  школе:  методическое  пособие  для 
общеобразовательных и высших учебных заведений. www.stt.lt/docu- ments.
3.  Битюков  К.  Формирование  антикоррупционного  мировоззрения  школь-
ников.  Презентация.  http://www.spbappo.ru/institut-obschego-obrazovaniya/ 
kafedra-sotsialnogo-obrazovaniya.
4.  Keen Е. Fighting corruption through education. http://www.hrea.org.
5.  Ethics and corruption in education. IIEP, UNESCO, 2002. http://www.unesco.org/ 
iiep.
6.  Keen Е. Fighting corruption through education. http://www.hrea.org.
7.  Ибраева А. С. Правовая культура: проблемы теории и практики. 

 Алматы: 
Жеті жарғы, 2002. 

 352 с.
75


ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
§ 9.3 Студенттік жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-
сезімін қалыптастыру ерекшеліктері
Студенттік  жастар  –  қоғамымыздың  ең  дамушы,  серпінді,  тез 
қимылдаушы  бөлігі.  Нақ  осылар  келешекте  өндіріс  саласында  да, 
басқару саласында да  орындарды иеленуші болмақ және оның белсенді 
қоғамдық ұстанымы мен сыбайлас жемқорлық төзбеушілігіне  еліміздің 
өсіп-өркендеуі мен прогресивті дамуы байланысты болады. Жастардың 
сыбайлас  жемқорлықты  проблема  ретінде  сезінуі  және  мықты 
қалыптасқан  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  әрекет  тиісті  стандарттар 
мен қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға қабілетті, олар келешекте 
мемлекеттік басқару сапасына оң әсер ете алады.  
Құқықтық  мемлекеттік  құрудың  міндеттеріне  толық  көлемде  сай 
келетін  жастардың  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетінің 
қалыптасуындағы  негізгі  рөл  жоғары  білім  беру  жүйесіне  тиесілі. 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  проблема  айқын  әділетсіздік  актілеріне  
сергек ден қоятын студенттік жастар ортасында өте өзекті. 
Жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  кәсіби  білім  беретін 
мемлекеттік  білім  беру  мекемелерінде  басқару  қызметінің  құқықтық 
және  моральдық-этикалық  аспектілерін  зерделеуді  көздейтін  оқу 
пәндерін оқыту кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрамдас бөлікті 
күшейту  2015-2025  жылдарға  арналған  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
іс-қимыл  бағдарламасының  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 
шаралары.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыру, 
білім беру мен тәрбие» атты бөліміндегі бірінші кезектегі міндеттердің 
бірі ретінде көрсетіледі. 
Білім  беру  бағдарламаларының  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
құрамдас  бөлігі  сыбайлас  жемқорлықтың  саяси,  қоғамдық  залалын, 
оған қатысудың ықтимал салдарын түсіндіретін және студент жастардың 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, олардың 
құқықтық  сана-сезімі  мен  құқықтық  мәдениеті  деңгейін  арттыруға 
бағытталған арнайы оқыту жүйесін құруды болжайды.
Студенттердің  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  құқықтық  сана-сезімін 
қалыптастыруда  тәрбие  процесіне  үлкен  орын  беріледі.  Сондықтан 
студенттердің  Қазақстан  Республикасының  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы саясаты саласындағы және сыбайлас жемқорлық қатынастарының 
келеңсіз  салдарлары  мен  қалыптасатын  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы  ұстаным  туралы  студенттердің  білімін  молықтыратын  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың әлеуметтік маңызды іс-шараларын 
(акциялар,  қозғалыстар,  тренингтер,  пікірталастар,  конференциялар) 
жоспарлау және өткізу аса маңызды. Бұл міндет тәрбие процесіне жауапты 
жоғары  оқу  орындары  қызметкерлеріне  де,  тікелей  студенттердің 
өздеріне және олардың қоғамдық бірлестіктеріне де жүктелуі тиіс.
Білім алушылардың ғылыми зерттемелеріне, сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы  іс-қимыл  бойынша  шешімдерді  дербес  іздеуіне  және  сыбайлас 
жемқорлық,  оның  себептері  мен  оған  қарсы  күрес  әдістері  бойынша 
өз  пайымдарын  таныстыруға,  сондай-ақ  олардың  жобалау  қызметіне 
тартуға үлкен рөл берілуге тиіс.  
76


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау