ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
құқықтарын білу және құрметтеу сияқты тұлғалық қасиеттерді сіңірудің
маңызы зор.
Бұл осы жас тобында құқықтық сана-сезімді қалыптастыру сияқты
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің негізгі міндетін айқындайды.
Біздің көзқарасымызша бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие
жүйесінің негізгі міндеті.
Жасөспірім жасында білім алушылардың өмірлік проблемаларды
шешу қағидаларын саналы түрде қабылдау білу даңдысын қалыптастыру
маңызды. Бұл үшін олар билікпен қарым-қатынаста өз проблемаларын
тиімді шешу тәжірибесін жинайтын практикалық жағдай туғызу керек.
Бұл тұста, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағарту бөлігінен
басқа жеке таңдау негізінде өмірлік проблемаларды шешу жағдайларын
туғызған жөн.
Жоғары мектеп жасы (14-18 жас – жастық шақ) – бұл дене және
психологиялық кемелденудің аяқталатын, қоғамдық пайдалы өндірістік
еңбекке және азаматтық жауапкершілікке әлеуметтік дайын болатын
кезең. Жоғары сынып оқытушылармен жұмыс кезінде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің басты міндеті білім алушылардың
сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыру
болуға тиіс, ол сыбайлас жемқорлық әрекеттен саналы түрде бас тартуға
мүмкіндік береді.
Бұл жаста сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы
қалыптастыру жүйелі, мақсатты және үздіксіз процесс болуға тиіс.
Білім алушылардың жалпы білім беру мектебі деңгейін аяқтауға
жылжуына қарай олардың сыбайлас жемқорлық, оның көріністері,
жауапкершілік шаралары туралы, сыбайлас жемқорлық құбылысын
орнықты түрде қабылдамау ұғымы қалыптасуы тиіс.
Студенттік кезеңді тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық-
тық сана-сезімін қалыптастырудың сенситивтік кезеңі деп санаған
жөн, оның барысында кәсіби білім беру, сыбайлас жемқорлық
проблемасын сезінуге мүмкіндік беретін еңбек қатынастарына бірте-
бірте кірігу жүзеге асырылады. Бұл ретте Қазақстанда соңғы жылдары
қалыптасқан біршама күрделі қоғамдық-экономикалық жағдай жас
ұрпақ үшін бірсыпыра ауыр болды. Қоғамдық құндылықтар тұлғаға өз
ықпалын жоғалта бастады және бұл жас азаматтардың ілгерінді құнды
бағдарларының қалыптасуына әсер етеді. Бұл жағдайда жастар көбіне
өз таңдауының дұрыстығына сенімділігін жоғалта бастайды, оған қоса
сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі көріністеріне бейім бола бастайды.
Осының салдарынан сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты дұрыс
таңдау қажеттігі кезінде қиындық пайда болады. Осы орайда тұлғаның
сыбайлас жемқорлық ұстанымын қалыптастыру маңызды шарт болмақ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқама – бұл адамның әрекетінен,
іс-қимылы мен толқуынан көрінетін сыбайлас жемқорлыққа таңдамалы
тікелей қарым-қатынасының интеграцияланған көрсеткіші.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлық нұсқамасын қалыптастыру қажет-
тігі өзін-өзі тануын, ішкі еркіндікті, өз таңдауы мен әрекеті үшін
жауапкершілікті сезінуін білдіреді. Бұл ретте, студенттер сыбайлас
68
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
жемқорлыққа қарсы идеялардың маңыздылығын сезініп қана қоймай,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет үшін практикалық біліктілікті игеру
қызметіне қатысуы қажет, бұл олардың күрделі жағдайларда ойдағыдай
бейімделуінің маңызды алғышарты болуы мүмкін.
Осылайша, әртүрлі жас топтарындағы балалар мен жастардың
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесінің мақсаты білім
алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты орнықты азаматтық
ұстанымын сіңіру арқылы тәрбиеленушілердің сыбайлас жемқорлыққа
қарсы құқықтық санасын қалыптастыру қажеттігі болып табылады.
Төменде бұл жүйе алдында тұрған негізгі міндеттер, сондай-ақ тиісті жас
топтарымен тәрбие жұмыстарының бағыттары көрсетілген.
Әртүрлі жас топтарындағы балалар мен жастарды сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесі
жас топтары
жетекші тәрбиелеу
міндеті
тәрбиелеу жұмысының негізгі
бағыттары
Мектепке
дейінгі жас
Рухани-адамгершілік
және әлеуметтік-мә-
дени құндылықтарды
қоғамда қабылданған
жүріс-тұрыс әрекеттері
мен нормаларын қа-
лыптастыру
Моральдық және адамгершілік
құндылықтарды қоса алғанда,
қоғамда қабылданған норам-
лар мен құндылықтарды игеруге
бағытталған рухани сезімдерді,
көзқарастар мен сенімді дамыту
Кіші мектеп
жасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы дүниетанымды
қалыптастыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ағарту, сыбайлас жемқорлық
пен оның залалы туралы
дүниетанымдық сипаттағы
ұғымдар мен түсініктерді
қалыптастыру
Орта мектеп
жасы
Құқықтық сана-сезімді
қалыптастыру
Құқықтық құндылықтарды, сенім-
дерді құқықтық әрекет дағдыла-
рын дамыту;
Жоғары мектеп
жасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы құқықтық сананы
және құқықтық негіз-
де өмірлік міндеттерді
шешудің дағдыларын
қалыптастыру
Құқықтық және моральдық-эти-
калық нормаларға сәйкес әре-
кетті қамтамасыз ететін сыбайлас
жемқорлық жағдайларын туғызу;
сыбайлас жемқорлық көріністері-
не қатысты тиісті құқық нормала-
рын практикалық қолдану білігін
дамыту
Студенттік жас
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы ұстанымды
қалыптастыру сыбайлас
жемқорлыққа қарсы
әрекеттен саналы түрде
бас тартуға мүмкіндік
беретін рухани құнды
негіз ретінде
Қазақстандық патриотизмді және
қоғамдағы сыбайлас жемқор-
лықтың кез келген көрінісіне қа-
тынас бойынша белсенді өмірлік
ұстанымды қалыптастыру
Тірек сөздер:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
дүниетаным, құқықтық сана, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-
сезім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным.
69
Достарыңызбен бөлісу: |