ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
Нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында
қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін жағдай жасасуға қатысты
бірқатар мәселелер шешілмей қалып отыр. Осының барлығы қазіргі
уақытта Қазақстандағы қоғамдық бақылау жүйесі әлі қалыптасу кезеңінде
екендігін куәландырады.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
қоғамдық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында мыналарды орындау
қажет:
1) «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды, оны іске асыруды қамтамасыз
ететін заң жобалары топтамасымен бірге қабылдау;
2) сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат берген
азаматтарды тиісті қорғауды және соларға сыйақы беруді қамтамасыз
ету;
3) қоғамдық пікірді есепке ала отырып, мониторинг жүйесін
қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау;
4) әкімшілік тосқауылдарды жою мақсатында мемлекеттік
қызметтерді (оның ішінде электрондық құжат айналымын енгізу
жолымен) ұсыну тетігін жетілдіру;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерінде жазылған
мәселелерді шешу үшін; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
саласындағы жоспарлар мен қысқа мерзімдік нысаналы бағдарламаларды
іске асыру үшін бақылауды күшейту,
6) мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық себептерін
жою бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін арттыру;
қоғамдық-мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың
қызметі туралы азаматтарды, оның ішінде интернет-сайттарда
орналастыру арқылы кеңінен ақпараттандыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға
арналған стратегия Ел Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» стратегиясында алға қойған мақсаттар мен міндеттерді іс
жүзінде іске асыруға бағытталған. «Қазақстан – 2050» Стратегиясының
мақсаттарына қол жеткізу сыбайлас жемқорлықпен шүбәсіз күресу
кезінде ғана мүмкін болады.
Стратегияда:
–
мемлекеттің Қазақстанның Азаматтық Альянсымен және басқа
да қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтастығы, сондай-ақ сыбайлас
жемқорлыққа «атымен төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыру
бойынша азаматтық бастамаларға және оған қарсы іс-қимыл бойынша
нақты ұсыныстар әзірлеуге жәрдемдесу;
–
Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және басқа да өзін-өзі басқаратын
ұйымдармен бірлесіп корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдау қажеттілігі ескерілген.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру факторлардың үлкен саны
әсер ететін және жан-жақты зерттеуді талап ететін күделі процесс
болып табылады.
54
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
Қазіргі уақытта дербес институт ретінде қоғамдық бақылауды
заңнамалық бекітумен, оның ұғымын, міндеттері мен қағидаттарын
айқындаумен қатар нақты мемлекеттік органдардағы қоғамдық
бақылау мүмкіндіктерін кеңейту маңызды. Себебі мемлекеттік органдар
қызметінің барынша мүмкін ашықтығы кезінде және азаматтар мен
олардың бірлестіктерінің тиісті өтініштерін қарауға ерекше назар
болған кезде ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
қоғамдық бақылау тиімді болады.
Тірек сөздер:
қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл, қоғамдық бақылау тетігі..
ПІКІРТАЛАСҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
1. Сіз «қоғамдық бақылау» ұғымының мазмұнын қалай түсінесіз?
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық
бақылау мәні мен негізгі қағидаттары нені қамтиды?
3. Қоғамдық бақылаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
құралы ретіндегі рөлі қандай?
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық
бақылаудың негізгі институттарын атаңыз.
Рефераттардың үлгілік тақырыптары
1. Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретінде.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау
жүйесінің қалыптасуы: шетелдік тәжірибе және Қазақстан.
3. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары, кезеңдері мен тетіктері.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ҮЕҰ, саяси партиялар мен БАҚ
рөлі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Әдебиет
1. БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы. 2003 жылғы 31 қазан.
2. Атаманчук Г. В. Обеспечение рациональности государственного управ-
ления.
–
М., 1990.
3. Плотников А. А. Общественный контроль и его потенциал в противодействии
коррупции // Государство и право.
–
2013.
–
№ 2.
4. Кулешова Н. Н. О современном состоянии общественного контроля //
Юридическая наука.
–
2011.
–
№ 2.
5. Нисневич Ю. А. Общественный контроль как механизм противодействия
коррупции: проблемы реализации в России // Право и государство: теория
и практика.
–
2010.
–
№ 4.
6. Аширбаев А. Под общественным контролем // Юридическая газета.
–
2015.
–
12 марта.
7. Қоғамдық кеңестер туралы: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
2 қарашадағы №383-V Заңы // Егемен Қазақстан.
–
2015.
–
3 қараша.
8. Ақпаратқа қол жеткізу туралы : Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
16 қарашадағы № 401-V Заңы // Егемен Қазақстан.
–
2015.
–
17 қараша.
55
Достарыңызбен бөлісу: |