ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
қоғамдық бақылау тетіктерін бекітетін нормативтік құқықтық базаны
қалыптастыруға талпыныстар жасалуда.
Республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде қазақстандық
қоғам мен мемлекет арасында тең құқықты серіктестік тетіктерін әзірлеу
қажет.
Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
саласындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл
жасасуының негізгі нысандары мыналар болып табылады:
–
мемлекеттік құрылымдар қызметін мемлекеттік бақылау;
–
қазақстандық заңнаманы сақтаудың қоғамдық сараптамасы;
–
азаматтардың жергілікті мәндегі мәселелерді шешуге қатысуы;
–
мамандандырылған кеңесші, консультативтік, үйлестіруші және
сараптамалық органдарды құру.
Қоғамдық бақылау жүйесін жалпы қамту, жалпыға жариялау,
жариялылық, міндеттілік, нысандардың көп түрлілігі және қоғамдық
мүдделерді қорғауға ат салысатын белгілі бір топ өкілдерінің қоғамдық
бақылау органдарын заңды деп тануы қағидаттарында құру ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылау институттары
Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылаудың негізгі институттары
мыналар болып табылады:
–
қоғамның әртүрлі көзқарастарға ие әртүрлі әлеуметтік-мәдени және
кәсіби топтарының мүдделерін танытатын саяси партиялар; мемлекеттік
биліктің заңнамалық (өкілеттік) сайлауларында осы немесе өзге партия
сайлауларының сайланушылары атқарушы биліктің саяси бағыттылығын
негіздемелі бақылайды, сондай-ақ олардың сенімін ақтамаған
партияларға сенім білдіруден бас тартады;
–
ол арқылы еңбек ұжымдары өз мүдделерін таныта алатын кәсіби
одақтар;
–
мемлекеттік органдарда қоғамның мүдделерін қорғау және таныту
үшін құрылатын қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық емес сипаттағы
бірлестіктер;
–
мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының
қызметін қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қоғамдық кеңестер;
–
сайлауды өткізу барысын бақылауды және қолданыстағы сайлау
заңнамасын сақтауды жүзеге асыруға қатысатын бақылаушылар.
Сыбайлас жемқорлықты тиімді болдырмауды қамтамасыз ету үшін
азаматтық қоғам институттарын (үкіметтік емес ұйымдарды
–
ҮЕҰ)
дамыту және сол арқылы олардың мемлекеттік органдарға әсер етуін
күшейту қажет. Қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдардың қызметін
анағұрлым ашық, айқын ететін заңдарға өзгеріс енгізе алар еді,
мемлекеттік басқарудың көптеген процестерінде қоғамдық, оның ішінде
заң шығару процесіне, бюджеттік және сайлау процестеріне қатысуды
болжай алар еді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау үшін шешімді
мәселелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға
және азаматтық құралымдарды дамытуға, осы процеске ҮЕҰ және
барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар өкілдерін тартуға ие болады.
46
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
Қоғамдық бақылау кезеңдері
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының
шешімдері мен әрекеттерін жүйелік мониторингілеу. Оны жүзеге асыру
үшін бәрінен бұрын, осындай органдар мен адамдар қызметі туралы
жеткілікті толық және дұрыс ақпараттың, яғни барлық деңгейдегі
мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттерінің азаматтар үшін
айқындылығы мен ашықтығының болуы қажет.
2. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының
шешімдері мен әрекеттерін қоғамдық сараптама. Қоғамдық бақылаудың
осы кезеңін іске асырудың мәні мемлекеттік органдар қабылдаған актілер
мен құжаттардың талдауын жасауда болады. Қоғамдық сараптама
қоғамдық бақылаудың анағұрлым ресурсты қажет ететін кезеңі болып
табылады – оны өткізу адами сонымен қатар қаржылық, материалдық
ресурстарды тарту мен пайдалануды талап етеді.
3. Қоғамдық сараптаманың нәтижелерін мемлекет пен қоғамға
жариялы түрде ұсыну, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттік орган арасында
мүдделер теңгерімін қамтамасыз ету [5].
Қоғамдық бақылау жүйесінің жұмыс істеуі мынадай міндетті шарттар
болғанда мүмкін болады:
–
қоғамдық бірлестіктің еріктілігі;
–
ақпаратқа қол жетімділік;
–
тәуелсіз БАҚ;
–
мемлекеттік органдардың демократиялылығы мен ашықтығы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үш қағидатты іске асыру
маңызды болып табылады: бақылау, есепке алу және ашықтық. Ашықтық
пен жариялылық заңнамалық деңгейде қоғамдық бақылаудың көмегімен
мүмкін болады. Ол құқықтық базаға, жағдайға нәтижелі әсер ету үшін
құқықтық базаға ие болады.
Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлық қатынастардың туындауына
ықпал ететін жағдайларды жою мен мүмкіндіктерді болдырмау,
сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ету құралы ретінде азаматтар
мен олардың автономды бірлестіктері жүзеге асыратын әрекеттердің
ілеспелігін қамтиды.
Қоғамдық бақылау жүйесі әрекеттерінің нәтижелері: сыбайлас
жемқорлықты төмендету, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін
арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру,
қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды бірлесіп шешуі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық
бақылаудың тиімдігі:
–
азаматтық қоғам институттары өкілдерінің кәсіби даярлығы мен
адалдығы деңгейіне;
–
мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының қызметі
туралы ақпараттың қол жетімділігін шын мәнісінде қамтамасыз етуге.
Яғни, мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат қаншалықты толық және
дұрыс болып табылады;
47
Достарыңызбен бөлісу: |