Шқо зырян ауданы Серебрянск қаласының



жүктеу 96,5 Kb.
Дата04.02.2020
өлшемі96,5 Kb.
#28206


ШҚО Зырян ауданы Серебрянск қаласының+

әлеуметтік- экономикалық дамуы бойынша 2011 жылға

есепті баяндама

Құрметті Серебрянск қаласының тұрғындары!

2011 жылдың желтоқсанында біз еліміздің Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын мақтанышпен атап өттік. Осы жиырма жыл ішінде біздің еліміз қоғамның әр түрлі саласындағы ауқымды реформаларды табысты іске асырумен бәсекеге қабілетті ел қатарына қосылып, қуатты ұлтқа айналды. Осы уақыттардағы елімізде қабылданған нарықтық экономикаға көшу, ядролық қарудан бас тарту, астананы көшіру, 2030 Стратегиясын қабылдау, халықтық қорды құру және басқа шешімдер еліміздің тарихи ауқаттылығы мен нәтижесін көрсетті.

Бүгінде еліміз Орталық Азия аймағында қауіпсіздік тұғырын нығайту бағытын ұстаушы ретінде орын алуда. ТМД елдері ішінде Қазақстан оң өзгерістерімен алда келеді. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Астана Саммиті, Ислам конференциясы ұйымына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) жетекшілік ету және басқа да бастамалар Қазақстанның абыройының артқандығын көрсетеді.

Болашақтағы міндеттерді анықтаумен 2011 жылдың 28 қаңтарында Елбасы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялады. Бұл міндеттер: азаматтардың өмір сапасын көтеру, халықтың әл-ауқатын нығайту, сапалы білім беру, денсаулық сақтау, ел экономикасын көтеру, бәсекеге қабілетті ел қатарына ену, жаңа әлеуметтік сяасат, қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік қорғанысты күшейту.

Бұл мақсат, міндеттер әр елді мекендерде қалай іске асырылып жатқандығы осындай аймақ бойынша есепті кездесулерде анықталады.

Алдыңғы есепті кездесуде Серебрянск қаласының тұрғындары енгізген әр түрлі бағыттағы 20 ұсыныс пен ескертулер ағымды жылы орындау үшін бақылауға қойылды. Осы ескертулер мен ұсыныстарды орындау бойынша ақпаратты мен сіздерге мәлімет ретінде ұсынамын.

Серебрянск қаласы әкім әкім аппараты мемлекеттік саясатты іске асыру, өзін-өзі басқару функциясын және жоғары атқарушы органдарддың тапсырмаларын орындау бойынша тұрақты және жүйелі түрде жұмыстар атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабын іске асырумен қала әкімі аппаратында есепті мерзім ішінде жеке және заңды тұлғалардың әр түрлі сұрақтары бойынша 76 жүгінуі қаралды, оның ішінде 16- ұжымдық, 60- жеке; 66 – қанағаттандырылды, 10 сұрақ бойынша түсініктеме берілді. Заңды тұлғалардан 8 жүгіну келіп түсті, барлығы қанағаттандырылды. Жүгінулер бойынша есепке талдау Серебрянск қаласы тұрғындарының көпшілігі тұрғын үй және коммуналды шаруашылық сұрақтары бойынша - 53,9%, жер қолдану және жер сұрақтары бойынша - 31,6 % қатынасқан.

Серебрянск қаласының әкімі аппаратында бағдарламалар мен концепцияларды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде:

- Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамдастықты дамыту Концепциясының негізгі принциптерін орындаумен 2006-2011 жылдарға Серебрянск қаласы бойынша шаралар Жоспары әзірленіп және бекітілген. ҚР-ғы азаматтық қоғамдастықты дамыту саясаты әлеуметтік-экономикалық даму бойынша Кеңес жұмысы, жастармен жұмыс бойынша кеңес, қала тұрғындары өкілдерінің жиналысы ( тұрғындармен жиналыстар), ардагерлер кеңесі жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

- Әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша Кеңес құрамында облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, өндірістік және транспорттық кәсіпорын мекемелерінің басшылары, шағын және орта бизнес өкілдері, барлығы 29 адам бар. Есепті мерзім ішінде кеңестің 12 отырысы болды. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша кеңес отырысында коммуналды шаруашылық қызметтерінің жұмыстары, қысқа дайындық сұрақтары, жастармен жұмыс, тұрғындарды жұмыспен қамту және қаламызды аббаттандыру мен санитариясы бойынша сұрақтар қаралды. Басшылар өздерінің ведомствоаралық кәсіпорындарындағы қаржы-экономикалық жағдай туралы және өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы есеп берді. Қалаішілік шараларды өткізу бойынша демеушілік көмек беру мүмкіндіктерін қарастыру және басқа да көкейтесті сұрақтарды шешу бойынша мәселелер қаралды.

Бұқаралық талқылауды қажет ететін сұрақтарды шешу үшін қала тұрғындары қоғамдастығының өкілдерімен кездесу-жиналыстар мерзімді өткізіліп тұрады. 2011 жылы осындай 3 кездесу болды.

- Қазақстан Республикасындағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған Бағдарламасы қабылданды. Бұл жаңа бағдарлама коммуналды инфраструктураны жаңғырту үшін шаралар әзірлеп, қолдануға, тұрғын үй қатынасының ұтымды моделін құруға, тұрғындарға көрсетілетін тұрғын үй коммуналды шаруашылық қызметі сапасын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар қаржыландырудың арнайы механизмін құрумен кондоминиум объектілеріндегі ортақ мүліктерге жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді, атап айтқанда жеке тұрғын үйлерді. 2011 жылдың соңында осы бағдарлама шегінде қажетті жобалау-есептеу құжаттарын әзірлеп, жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы көп қабатты үйлердегі тұрғындармен түсініктеу-насихаттау жұмыстары жүргізіліп, жиналыстар өткізілді. Жыл соңында жобалау-есептеу құжаттары бар үйлер болмады.

- Сонымен қатар, қалада спортты жүйелеу бойынша, жастармен жұмыс бойынша, мәдени және рухани даму кеңесі құрылған және жұмыс жасайды.

- Дене шынықтыру мен спортты дамыту Серебрянск қаласындағы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады. Бұл жастарды жат қылықтардын қорғап, одан аулақ болуға жетелейді. Сонымен қатар қала командасы құрамында әр түрлі деңгейдегі спорттық шараларға қатысу жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, туған жеріне деген, туған қаласына деген сүйіспеншілік сезімін оятады:

жастардың құқығын қорғау мен қызығушылықтарын іске асыру шегінде жастармен жұмыс жасау ерекше орын алады. 2011 жылы қаламызда жастардың қатысуымен келесі шаралар өткізілді: «Тәуелсіздік көктемі» жеңіл атлетикалық жүгіріс, Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама, Балаларды қорғау күніне арналған қалалық алаңдағы мерекелік шара, Бұқтырма ГЭС-інің негізін қалаушы М.В. Инюшиннің 105 жылдығына арналып «М.В. Инюшин атындағы № 1 мектеп» ММ-де «Инюшин оқулары» атты оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы, «Ұлы жылдарға тағзым» атты Жеңіс күніне арналған мерекелік бағдарлама, «Батырларға тағзым ет» атты ұлы Отан соғысының басталуының 70 жылдығына байланысты митинг, «Біз салауатты өмір салты үшін» жастар марафоны, «Ауылдың гүлденуі –Қазақстанның гүлденуі» этафетасы және т.б.

- Рухани келісімді нығайту мақсатында діни ұйымдармен өзара қарым қатынас жұмыстары жүргізіліп отырады. 2011 жылдың соңына қалада 5 - православты шіркеу, мұсылмандар мешіті, «Новая жизнь» шіркеуі, Иеговтар куәгері, адвентистер діни ұйымы бар.

Ағымды жылы діни ұйымдардың басшыларымен екі кездесу болды.

2011-2013 жылдарға арналған ШҚО құқықбұзушылықтын алдын алу Бағдарламасын іске асыру мақсатымен, 2011-2013 жылдарға құқықбұзушылықтың алдын алу Бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар жоспары әзірленіп және бекітілген.

Қала әкімі аппаратымен адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қылмыс пен нашақорлық деңгейін төмендету, сыбайлас-жемқорлық бұзушылық фактілерін болдырмау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар оқу мекемелерінің күшімен жүргізілуде. Полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Правопорядок», «Улица», «Допинг», «Подросток» сияқты алдын алу шаралары өткізіліп отырады.

Қалада кәмелеттік жасқа толмағандар ісі инспекторы, 2 мектеп инспекторы, нашар қамтылғандар отбасы балаларына арналған үйірмелер жұмыс жасайды.

Жазғы каникул кезінде мектеп жанындағы балалар лагерлері жұмыс жасайды. Жетім балалар үйінің 100 тәрбиеленушісі Бұқтырма су қоймасы жағалауында дем алып қайтты.

Полиция бөлімі қызметкерлерімен қамаудан шыққан тұлғаларға арналған «Надзор» профилактикалық шаралары өткізіліп отырады. Серебрянск қаласы әкімінің өкімімен жаза кесілген адамдарды қоғамдық жұмыстарға тартумен «Дигорос» ЖШС, «Серебрянск қаласының жылу орталығы» КМК және «Су арнасы» КМК кәсіпорындары анықталған.

Тұрғындарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мақсатымен қосымша шаралар қолданылуда. Жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсыну, кәсіптік қайта даярлау және оқыту, қайта оқыту сияқты.

Жастарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мақсатында- 9 адам 3 айлық аспаз курстарын аяқтады, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінен еңбек жалақысының қоры 2637,4 мың теңге болатын 65 адам қоғамдық жұмыста жұмыс жасады. 14 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 45 адам жұмысқа орналасты.

Сыбайлас –жемқорлық пен сыбайлас-жемқорлық құқықбүзушылықтың алдын алу бойынша қалада сыбайлас-жемқорлықтың алдын алуды насихаттау ұйымдастырылған. Қаладағы құқықтық жаппай білім беру мектептерінде сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша заңнаманың талаптарын сақтау бойынша сабақтар өткізілді. Қаладағы әкім аппаратында, құқық қорғау органдарында сенім телефондары орналасқан, заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін тіркеу журналы бар, сонымен қатар қоғамдық орындарда өтініштер мен арыздарға 4 жәшік орналасқан. Келіп түскен жүгінулер апта сайын зерделенеді.

Әкім аппаратымен облыстық және аудандық әкімдіктердің хаттамалық шешімдерін орындау бойынша тұрақты жұмыстар атқарылады. Хаттамадағы әр тарау бойынша тапсырмалар бақылауға алынады. Соның бірі Зырян ауданы әкімінің 2010 жылғы есепті кездесуіндегі тұрғындармен қойылған сұрақтарды орындау бойынша шаралар. Бақылауда болған 5 шараның 4-толығымен, 1- жартылай орындалды.

2011 жылғы Серебрянск қаласы әлеуметтік-экономикалық даму кеңесінің қорытындысы экономикалық өрлеу тенденциясының сақталғанын көрсетеді.

Ағымды жылдың соңына қалада әр түрлі нысандағы 58 шаруашылық субьектісі жұмыс жасайды, оның ішінде: өндірістік кәсіпорындар- 5, транспорт – 4, шағын және орта бизнес- 17.

2011 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнім көлемі 4 млрд 940 млн. 883 теңгені құрады, бұл 2010 жыл дейгейімен салыстырғанда 108,5 пайыз, оның ішінде: «Казцинк» ЖШС энергетикалық кешенінің «Бұқтырма ГЭСі» ЖШС- 110,8 пайыз, «Серебрянск қаласы су арнасы» ҚМК- 123,1 пайыз, «Серебрянск қаласы жылу орталығы » ҚМК- 114,0 пайыз, «СБӨЗ» ЖШС- 109,0 пайыз, «Мирами групп» АҚ 72,5 пайыз. Құрғақ құрылыс қоспаларын және сырлау материалдарын өндірудің төмендеуі осы өнімге деген сұраныстың болмау себебінен туындап отыр.

Қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін екі кәсіпорын- «Серебрянск қаласы су арнасы» ҚМК, «Серебрянск қаласының жылу орталығы» ҚМК бар. Айналым қаражатының жетіспеушілігі, түсімнің болмауы биыл да орын алды, бірақ ұжымның жауапкершілігі және облыс пен аудан бюджетінен қаржылай қолдаудың арқасында коммуналды кәсіпорындар 2011 жылы тұрақты жұмыс жасап шықты.

«Серебрянск қаласының су арнасы» коммуналды мемлекеттік кәсіпорынға аудандық бюджеттен 2 млн теңге қолданылған электр энергиясы үшін қарызды жоюға бөлінді және аудандық бюджеттен 5700,0 мың теңге 450 м су құбырларының (ауыстыруға) ағымды жөндеуіне бөлінді.

«Серебрянск қаласының жылу орталығы» коммуналды мемлекеттік кәсіпорынға республикалық бюджеттен 9026,4 мың теңге тас көмір алу үшін бөлінді. Облыстық бюджеттен 37611,0 мың теңге резервтегі № 3 қазандықтың күрделі жөндеуіне бөлінді. Өскемен қаласының «Стройтехэксперт» ЖШС Серебрянск қаласындағы орталық қазандықтағы күлқож шығару жүйесін қайта қалпына келтірудің жобалау-есептеу құжаттарын әзірлеуде. Мемлекеттік сараптаманың оңды нәтижесін алғанға дейін жоба бағасы 112 511,0 мың теңгені құрайды.

Қысқы мерзімге дайындық бойынша ағымды жөндеулерді коммуналды кәсіпорындар өз қаражаты есебінде іске асырды.

Қала экономикасы мен дамуына кіші бизнестің маңызы үлкен орын алады. Қала аумағында кіші және орта бизнестің 163 субъектісі жұмыс жасайды, оның ішінде 145 жеке кәсіпкерлермен ұйымдастырылған, 17 заңды тұлғалармен. Кәсіпкерлердің жалпы саны ішінде саудамен – 98, қайта өңдеуде- 8, қоғамдық тамақтандыруда – 14, 4 наубайхана, 2 кондитерлік цех, 2 жанар-жағар май құю станциясы, басқа қызмет саласы- 16. Шағын бизнес көшірме қызметін, шаштараз қызметін, киім жөндеу және тігу, аяқ киім жөндеу, автомобиль жөндеу, шыны ыдыс қабылдау, медициналық қызмет көрсету, кір жуу және газ баллон жеткізу қызметтері.

Ағымды жылы қалада 8 тұрғын үй, жалпы көлемі 387,1 текше метр шаруашылық құрылыстары салынып пайдалануға берілді. (2010 жылы – 151 текше метр)

Мемлекеттік «Өнімділік- 2020» бағдарламасын іске асыру шегінде В.Д. Юнко жетекшілік ететін «Авиатор- 200» ЖШС «Бекіре мен арқан балық өсіру шаруашылығы» жобасын іске асыруды жоспарлауда. Жоба «Индустриалды-инновациялық дамуды жылдамдату» мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәкес келеді және оны іске асыру экономиканың басым салаларына жауап береді.

«Бизнестің жол картасы - 2030» бағдарламасының 4 бағытын іске асыру шегінде қалада ағымды жылы бизнес жүргізу негіздерін оқыту бойынша екі рет «Бизнес-кеңесші» тренинг- курстары болып өтті. Семинарға 42 адам қатысып сертификат алып шықты.

2011 жылы жалпы сауда алаңы 44,2 шаршы метр болатын екі жаңа дүкен және 16 орындық «Шығыс тағамдары» кафесі ашылды.

Бір оралманға шаруа қожалығын ашу үшін жер телімін ресімдеуге әкім аппараты көмек көрсетті. Нәтижесінде конкурстық негізде Березовка ауылынан солтүстікке қарай 3,8 шақырымда 409га жер телімі 20 жылға жалға алынды.

Есепті мерзім бойынша қалада 9732 адам тұрады, оның ішінде жұмыс істейтіндері- 3500 (36 пайыз), зейнеткерлер – 1694 (17 пайыз), барлық категориядағы мүгедектер- 318, мектеп оқушылары- 868, кәсіптік лицейде- 106, құрылыс және транспорт колледжі- 40, балалар үйіндегі оқушылар- 173, мектеп-интернатттағы- 57, 6 жасқа дейінгілер- 608, жұмыссыздық бойынша есепте тұрғандар- 80, өздігімен айналысатындар -2228 (22,9 пайыз).

Серебрянск қаласына 2011 жылы 346 адам келді, 352 адам кетті. Туғандар саны 112, қайтыс болғандар саны- 139. Қайтыс болу саны туу санымен салыстырғанда 1,2 есе артық.

Тұрғындардың жалпы санына шаққанда жұмысқа жарамдылар саны 5808 адам немесе 59,7 пайыз.

2011 жылдың соңында жұмыссыздық бойынша тіркелуде 80 жұмыссыз адам есепте тұр. Ресми жұмыссыздық 0,8 пайызды құрайды.

Тұрғындар арасындағы әлеуметтік нашар қамтылғандарды қолдау мақсатымен келесі әлеуметтік көмектер көрсетілді:





Атауы

Адам саны

Сомасы, мың теңге




Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

58

1476,7




Тұрғын үй көмегі

228

2382,3




18 жасқа дейінгі бала жәрдемақысы

42

340,4




Үйде оқытылатын мүгедек балаларға жәрдемақы

6

635,3




Барлығы

334

4834,7 (+101,8%)




2010 жылға




4750,3

Серебрянск әлеуметтік көмек бөлімімен мүмкіншілігі шектеулі 6 балаға, 141 қарт және мүгедек адамдарға үйлерінде қызмет көрсетіледі.

Қалада жалпы типтегі қарттар және мүгедектер үйі бар, ондағы адам саны- 50, облыстық бюджеттен қаржыландырылады.

Балаларға білім беруде 3 мектеп жұмыс жасайды, оның біреуі мемлекеттік тілде. 3 мектептің- 2 орта, 1 –негізгі. 2011 жылы № 4 мектепке ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді – жылу жүйесіне, электр жүйесіне, өрт дабылы орнатылды, 10846 мың теңгеге электр плита алынды. № 2 мектепке 220.0 мың теңгеге электр плита алынды, № 1 мектепке жалпы сомасы 5965.5 мың теңге болатын- өзін өзі тану бөлмесі жабдықталып, оқушылар таситын автобус алынды және электр плита алынды.

Сонымен бірге 230 бала жетім балалар үйінде және девиантты балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта білім алып жатыр.

Жұмыскер мамандықтарына: электрик, дәнекерлеуші, аспаз, автокөлік жөндеу слесарі бойынша Серебрянск қаласындағы № 6 кәсіптік лицейде білім алады.

Халыққа медициналық қызметті 50 орындық қалалық аурухана және алғашқы медициналық жедел көмек бөлімі енген «Серебрянск қаласындағы № 3 медициналық бірлестік» ҚМКК жасайды. Медицинлық бірлестікке 14600.0 мың теңгеге пациент мониторымен (модульді) бірге өкпеге жасанды ауа жіберу аппараты және 1400.0 мың теңгеге жаңа туған нәрестелер үшін портативті неонатальды монитор алынды. Бұл құрал жабдықтарға қаражат республикалық бюджеттен бөлінді. Серебрянск қаласындағы медбірлестікте 15 дәрігер, 65 орта медициналық персонал және 66 кіші персонал жұмыс жасайды. 6 дәрігердің және 34 медбикелердің категориялары бар. Қаладағы ең өзекті мәселенің бірі осы бірлестіктегі штат бойынша дәрігерлердің жетіспеушілігі, осыған байланысты жұмыс істеп жүрген дәрігерлердің жүктемелері көп. Жас мамандар үшін Зырян ауданы әкімдігінің шешімімен қызметтік 3 пәтер бөлінген.

Серебрянск қаласында 6 топ жұмыс жасайтын № 7 «Салтанат» балалар бақшасы бар, ондағы бір топ мемлекеттік тілде тәрбие береді. Балалар саны тізім бойынша- 209. 2011 жылы бала бақшаға жалпы сомасы 1077.0 мың теңгеге балалар жиһазы, тоңазытқыш, шаңсорғыш, кір жуатын машина, мұздатқыш камерасы алынды.

Жастармен «Достық» аула клубы жұмысын жалғастыруда, ондағы айналысатын бала саны- 150. Микроауданда спорталаңы жұмыс жасайды, жазға уақытта жастар үшін жазғы би алаңы бар.

Телекоммуникация торабы бөлімімен байланыс сапасын көтеру үшін 1558метр тарату кабельдерін ауыстыру және 185метр магистраль кабелін ауыстыру жұмыстары атқарылды. Қосымша 123 абонент нүктесі орнатылды.

Қалада екі пошта бөлімі жұмыс жасайды, біреуі СБӨЗ микроауданында

орналасқан.

Серебрянск қаласының тұрғындары үшін 30 орындық үлкендер және балалар кітапханасы жұмыс жасайды, ағымды жылы 2229 оқырманға қызмет көрсетті, оның ішінде 1226-жастар 15 пен 21 жас аралығындағы. Кітап қоры 63547 құрайды.

Қалада балалар жасөспірімдер спорт мектебі белсенді жұмыс жасауда. Бұл мектепте 7 оқу-жаттығу тобы бар және 222 оқушыны қамтығна 6 бастапқы дайындық тобы бар. Оның ішінде еркін күрес, шаңғы жарысы, футбол, баскетбол және армрестлинг секциялары бар. Мектеп еркін күрестен 4 және шаңғы жарысынан 4 спорт шеберін дайындап шығарған. Армрестлингтен 5, еркін күрестен 3 спортшының разрядтары бар. 94 тәрбиеленушінің жаппай разрядтары бар. Қалада ай сайын 5-8 спорттық бұқаралық шаралар өтіп тұрады. 7 жылда он жеті бала Риддер қаласындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатына түсті. Олардың көпшілігі ШҚО бойынша құрама командаларына еніп, спорттағы карьераларын жалғастыруда. БЖСМ тәрбиеленушілері қалалық және аудандық, облыстық спорттық шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Әсіресе еркін күрестен, шаңғы жарысынан және армрестлингтен үлкен жетістіктерге жетуде.

«Досуг» орталығы балалар мен жасөспірімдер талантын жетілдіру бойынша жұмыстар атқарады. «Досуг» орталығы және көркемөнерпаздар күшімен әр түрлі мемлекеттік, ұлттық, басқа да мейрамдарға арналған мерекелік шаралар өткізілді.

Серебрянск қаласындағы полиция бөлімімен 2011 жылы қылмыспен күрес және тәртіпті күшейту бағыты бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылды. Шұғыл алдын алу шаралары өткізілді. Серебрянск қаласында 9 адамнан тұратын 3 қоғамдық құрылым бар, олар қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға үлкен көңіл бөледі. Сонымен қатар микроауданда 1 учаскелік полиция пункті бар. Қалалық полиция бөлімінде кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша инспектордың бір бірлігі және екі мектеп инспекторы бар. Полиция бөлімінде 272 адам профилактикалық есепте тұр. 2011 жылы Серебрянск қаласында әкімшілік жауапкершілкке барлығы 897 адам тартылды ( 2010 жылы -987 адам) , бұл 2010 жылмен салыстырғанда 10 пайызға аз. 493,2 мың теңгеге айыппұл салынды, оның 225.0 мың теңгесі немесе 45,6 % өндіріп алынды. 2010 жылы 266,9 мың теңгеге айыппұл салынған.

Соған қарамастан қалада бұл бағытта жұмыстар азайды деуге болмайды, қала ішінде ірі қара малдың жайылуы, иттерді қыдырту ережесін бұзу, рұқсатсыз қоқыс төгетін орындар жетерлік және әкімшілік жауапкершілікке Зырян ауданындағы елді мекендердің көркін бұзу Ережесін осындай бұзушы азаматтардың барлығы тартылмайды деп санаймын.

Серебрянск қаласында әскери бөлім орналасқан, және жыл сайын әскери борышын өтеуге жас әскерлерді қабылдайды. Сот, прокуратура, «Халық банкі» филиалы жұмыс жасайды, ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік орталығы, азаматтарды тіркеу және құқықтық көмек көрсету орталығы ҚР ӘМ, азаматтарды құжаттандыру мен тіркеу бөлімі (паспорттық үстел), музыкалық мектеп, Зырян қаласының құрылыс және көлік колледжінің филиалы бар. Зырян ауданының салық комитетінің өкілі тұрақты түрде жұмыс жасайды. 2010 жылдан тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету орталығы қызмет көрсету аясын кеңейтумен жұмыс жасай бастады (ЦОН).

2011 жылы қала тіршілігін қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен бюджеттік бағдарлама бойынша 21966,0 мың теңге бөлінді, толығымен игерілді, соның ішінде: елді мекендердің санитарлық қалпын қамтамасыз етуге- 1858,0 мың теңге, қаладағы автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз етуге- 16873,0 мың теңге, оның ішінде қысқы мерзімде ұстауға- 7573 мың теңге, жолдардың ағымды жөндеуіне және бейітке апаратын жолдардың жөндеуіне- 9300,0 мың теңге; қала көшелерін жарықтандыруға- 1903,0 мың теңге, көшені жарықтандырудағы электр жүйелеріне қызмет көрсетуге- 568,0 мың теңге; тексіздерді жерлеу орындарын ұстауға- 413,0 мың теңге, қаланы көріктендіруге- 351,0 ( арка маңындағы паркті аббаттандыруға).

«Дигорос» ЖШС-тің демеушілік көмегімен Новая көшесінде 6 жарық нүктесі және 500метр кабель қалпына келтірілді, «Мегатекс» ЖШС-тің демеушілік қаражаты есебінде микроаудандағы спорт алаңында 7 жарық нүктесі және 270метр кабель қалпына келтірілді.

БЖСП жанында ашық спорт алаңы жоспарланып бой көтерді және жарықтандырылды. Жұмыстардың бір бөлігі Серебрянск қаласының демеушілері қаражаты есебінде орындалды, спорт мектебінің ұжымы алаң аумағын тегістеп, алаңға кіре беріс жолдарды тазалап, күзетті қамтамасыз етуде.

«ПАТП» ЖШС 4 автобус алып, оның екеуі қалааралық бағытта жұмыс жасайды.

Аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа 800,0 мың теңгеге «Досуг» қалалық мәдениет үйіне музыкалық аппаратура алынды.

Көріктендіру бойынша Шаралар жоспарын орындаумен және Серебрянск қаласының сәулет келбетін жақсартумен қалаға кіре берістегі Лесная көшесінде орналасқан стелла сырланып, боялды; мешіт маңындағы саябақ тазаланды, орындықтар орнатылды, мерт болған коммунарларға арналған ескерткіш қоршалып, қалпына келтірілді; Пихтовка өзені арқылы өтетін көпірге жөндеу жүргізілді; «Антимусор» қалаішілік акция өткізілді, онда қалалық стадион, бұрынғы жағажай аумақтары қоқыстан тазартылды.

Зырян ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 07 шілдедегі № 576 қаулысын орындаумен «Үздік аула», «Үздік көше» байқауы жарияланып, оған Серебрянкалықтар белсене қатысты. Екі номинация бойынша да жүлделі орындарды Серебрянкалықтар жеңіп алды. Жүлде қоры бір миллион теңгені құрады.

Ағымды жоспарланған шаралардың көпшілігі республикалық, облыстық, ауданнан бөлінген қаражат есебінде және қала демеушілерінің көмегімен шешіліп жатыр.

Әлі де шешілмеген мәселелер де аз емес. Бұл тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін полигонның болмауы, жергілікті теле-радионың болмауы, жолдардың қанағаттанарлықсыз қалпы, қала көшелерінің толық жарықтандырылмауы, жаңа тазалау құрылысының іске қосылмауы, орталық жылу беру қазандығындағы күл қож шығаруды механикаландыру және резевтегі қазандықтың жөндеуі, үлкен инвестициялық жобалар енгізу үшін қаланың инвестициялық тартымдылығының жеткіліксіздігі, қаланың санитарлық жағдайының қалыпқа сай еместігі, бұзылған үйлердің де үлкен проблема туғызатындығы.

Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі өздеріңіз білетіндей- бұл қаладағы ірі кәсіпорын СБӨЗ ЖШС-тік жұмысының тоқтауы. 2012 жылдың 01 қаңтарынан кәсіпорындағы 334 адам қысқартуға ұшырап, жұмыстан босатылды. Барлық деңгейдегі атқарушы органдар тарапынан кәсіпорынның жұмыс істеуі үшін барлық шаралар қолдануда. Ең алдымен кәсіпорынды жандандыру үшін әлеуетті меншік иесі іздестірілуде. СБӨЗ жұмысшыларына үміттеріңді үзбеңдер деп тілеймін, мәселе оңды шешіледі. СБӨЗ ЖШС жұмысшыларына мемлекет қаражаты есебінде жаңа кәсіпті меңгеру мүмкіндіктері қарастырылып, ұсынылуда. Нашар қамтылған отбасыларын қолдаумен төлемдер қаралған:

- «Міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 23 бабына сәйкес штат қысқартылып, жұмысты жоғалтуға байланысты 4 ай мерзімде әлеуметтік төлемдер төленеді.

Барлық өтемақы төлемдері ҚР іс жүзіндегі заңнамасына сәйкес төленеді.

Серебрянск қаласына қатысты өзекті мәселелер жоғарғы атқарушы органдардың назарында және оларды шешу үшін қажетті қаражат мүмкіндігінше бөлініп жатыр, бөлінеді де деп сенемін.

Осы баяндамада мен Серебрянкалықтарға 2012 жылы қаламызға 50 жыл толатынын естеріне салғым келеді. Осы мерейлі датаға қалалықтар патриотизммен және энтузиазммен қарап, қаламызды көріктендіруге, жасылдандыруға, әр үй, әр ауланы таза, әдемі күйге енгізуге белсене ат салысады деп ойлаймын.

Серебрянск қаласының 50 жылдығын лайықты атап өту мақсатында, қаланы жартылай аббаттандыруға Зырян ауданының бюджетінен ақшалай қаражат бөлінеді, бірақ соған қарамастан қаладағы жеке кәсіпкерлер, барлық меншіктегі нысандар да қоғамдық «Забота» қоры арқылы қаржылай өз үлестерін қосса.

Атқарушы органнның алдағы мерзімге қойған мақсаттары Ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауының басым бағыттары негізінде құрылған. Өз тарапымнан қалалық әкім аппараты алға қойған өзекті мәселелерді шешу үшін, және Серебрянск қаласы тұрғындарының әлеуметтік жағдайын және тіршілік ету деңгейінің сапасын жоғарылату мақсатымен, үлкен инвестициялық жобалар енгізу үшін қаланың инвестициялық тартымдылығының көтеру үшін жұмыстарды жалғастырады деп сендіремін.



Серебрянск қаласының әкімі С. Гордиенко
жүктеу 96,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау