Зайсан аудандық мәслихатының
2008 жылғы 22 сәуірдегі № 6-4
шешіміне қосымша
Жастармен жұмыс жөнiндегi
Зайсан ауданы бойынша
2008-2009 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМА
Зайсан қаласы
Сәуір 2008 жыл
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Бағдарламаның атауы: «Жастармен жұмыс жөніндегі Зайсан ауданы бойынша 2008-2009 жылдарға арналған бағдарлама»
Әзiрлеу үшiн негiз болған:
2008-2009 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысының жастары» бағдарламасы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі №581 Заңы;
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-11 Заңы;
2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы
«Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 200 Жарлығы;
«Азаматтарға патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 Қаулысы;
«Жастардың бәсекеге қабілеттігін қолдау және дамытудың 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 516 Қаулысы.
Бағдарламаның негiзгi мақсаты: Жастардың әлеуметтiк күш-жiгерлерiн iске асыруға және азаматтық қалыптасулары үшiн саяси-құқықтық, әлеуметтiк – экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау.
Әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын жүргізу, жастардың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайларын қамтамасыз етуге және рухани, мәдени, танымдық, кәсіби қалыптасуына және дене бітімінің дамуына бағытталған кешенді шаралар дайындау және қабылдау, жалпы қоғам мүддесі жолындағы олардың шығармашылық әлеуеттерін ашу, жастардың әлеуметтенуіне және жастар ұйымдарының қызметтеріне қажетті жағдайлар жасау.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
Мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру және мемлекеттiк органдар мен жастардың өзара iс-қимыл, ынтымақтастық жүйесiн жетiлдiру;
Әлеуметтiк мәселелердi шешетiн жастардың үкіметтік емес бiрлестiктерiне ақпараттық, кеңестiк, әдiстемелiк, ұйымдастыру-техникалық қолдау көрсету;
Жастардың азаматтық белсендiлiктерiн арттыру үшiн жағдайлар жасау;
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс жүйесiн қалыптастыру Қазақстандық отансүйгiштiктi, жастардың iзгiлiктi және рухани дамуларын қалыптастыру;
Салауатты өмiр салтын және дене мәдениетiмен айналысуды насихаттау;
Қоғамдық белсендiлiктi қолдау және жастардың қоғамдық ұйымдарын құруда бастама көтеру;
Жастардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi жұмысты күшейту;
Жастардың шығармашылық қабiлетiн дамыту және оны iске асыру үшiн жағдайлар жасау;
Жастар саясатын ақпараттық қолдау;
Жастар ұйымдарының iс-әрекетiне мониторинг жүргiзу;
Әртүрлi деңгейдегi жастар ұйымдарының өзара қарым-қатынастары үшiн жағдайлар жасау.
Негiзгi әзiрлеушi: Зайсан аудандық iшкi саясат бөлiмi
Негiзгi атқарушылар: аудандық ішкi саясат, мәдениет және тілдерді дамыту , білім, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар, экономика және бюджетті жоспарлау, спорт және денешынықтыру бөлiмдері, қала, ауылдық округ әкiмдерi, аудандық "Достық" газетiнiң редакциясы, аудандық iшкi iстер бөлiмi, аудандық аурухана .
Қаржыландыру көздерi: Бағдарламаны қаржыландыру аудандық бюджет, ҚР Заңнамасы тыйым салмаған басқа да көздер есебiнен.
Жүзеге асыру мерзiмдерi: Бағдарлама 2008-2009 жылдарға арналған
Күтiлетiн нәтижелер: Бағдарламаны жүзеге асыру жастар саясаты саласында жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдардың iс-әрекеттерiн жүйеге келтiруге және реттеуге, жастардың күш-жiгерлерiн әлеуметтiк-экономикалық салада iске асыруларына, жастармен жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік бередi.
2. КIРIСПЕ
Жас буынның азаматтық қалыптасуы және өз күш-жiгерiн iске асыруы үшiн құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық және ұйымдасты-рушылық жағдайларды жасау және нығайту – елiмiздiң тұрақты дамушы өңiрi ретiнде Зайсан ауданының әрi қарай дамуының маңызды шарттарының бiрi.
Соңғы жылдары жастармен жұмыстың белсендiлiгi арта түстi –"Жас Өркен" жастардың бiрлестiгi қалыпты жұмыс жүргізуде, жастарды әлеуметтiк қолдаудың әртүрлi нысандары еңгiзiлуде, балалар және жастар ұйымдарының саны өсуде.
Сонымен қатар, қазiргi қоғамда жүрiп жатқан өзгерiстер жас буынды тәрбиелеу және қалыптастыру мәселелерiне қоғам мен мемлекет тарапынан аса назар аударылуы ауданда жастар саясатының жүзеге асыруға жаңа сападағы көз қарасты талап етедi.
Осы бағдарлама аудандық iшкi саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, білім , жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар , спорт және денешынықтыру,экономика және бюджеттік жоспарлар бөлімдерінің, мемлекеттiк органдардың, мекемелердiң және қоғамдық ұйымдардың тығыз өзара iс-әрекетерiнiң және қарым—қатынастарының негiзiнде мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында әзiрлендi.
Бағдарлама жастарға халықтың әлеуметтiк аз-қамтылған бөлiгi ретiнде мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жастардың қалыптасуына және өз күш-жiгерлерiн әлеуметтiк iске асырулары үшiн оларға құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды жасауға бағытталған.
Бағдарлама ҚР Конституциясының, "ҚР мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Заңының, "Қазақстан – 2030" ұзақ мерзiмдiк стратегиясының қағидаларына сай. Мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаты – жастардың азаматтық қалыптасуы және өздерін әлеуметтік тұрғыда танытулары жолындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру жағдайларын жетілдіру және нығайту. Қойылған мақсаттарды іске асыру жас адамның жеке тұлға болып қалыптасуына, жаңа буынның қоғамдық қатынастар жүйесіне кеңірек араласуына, оның жеке тұлғаны және жалпы алғанда қоғамды дамыту мүддесі мақсатындағы шығармашылық әлеуетін пайдалануына, оның өз Отаны-Қазақстан Республикасының гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-аухатын арттыру жолындағы әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, рухани-мәдени алғы шарттар мен жағдайлар жасап, кепілдіктер беруіне әкеледі.
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі міндеттері:
Жастардың дамуына қажетті жағдайларды жасауға ықпал ететін облыстық, қалалық және аудандық бағдарламалар дайындап, қабылдау;
осы жағдайларды жасауға бағытталған бағдарламалар мен өзге де іс-шараларды қаржыландыру;
жастар мәселелерін шешудегі мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың қызметтерін үйлестіру;
жастардың қоғамдық ұйымдарының әлеуметтік маңызды бастамаларына қолдау көрсету;
мемлекеттік емес ұйымдардың жастарды жұмыспен қамтуға, жастардың түрлі санаттарының (ауылдық, жұмысшы және басқа) еңбек, білім алу, мәдениет, әлеуметтік қамту салаларындағы алғашқы мүмкіндіктерін теңестіруге бағытталған қызметтерін ынталандыру (қаржыландыруды қоса).
Ол Зайсан ауданында мемлекеттiк жастар саясатын нәтижелi жүзеге асыру үшiн жағдай жасайды.
3. Жастардың қазіргі жағдайына талдау
Жастар халықтың белсендi тобы және мемлекеттiң стратегиялық қоры болып саналады. Мемлекеттiк жастар саясаты саласында мүддесi елiмiздiң даму келешегiн қамтамасыз ететiн парасатты және рухани iзгiлiктi тұлға қалыптастыруға байланысты.
Егемендiк жағдайында қоғамдық өзгерiстердiң күрделiлiгi жас буын өмiрiнiң барлық жағына әсерiн тигiздi. Дәстүрлi жастар мәселелерiнiң мазмұны және шешу тәсiлдерi өзгердi. Олар жаңа тарихи жағдайларда жаңа принциптiк негiзде қаралулары тиiс.
Ауданда 14-29 жас аралығындағы жастар тұрғындардың жалпы санының 26,3 пайызын құрайды.
Көкейтестi мәселенiң бiрi кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың және құқық бұзушылықтың өсуi болып отыр.
Кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс жасаудың негiзгi себептерi жасөспiрiмдердiң құқықтық білімнің төмен деңгейi, ата-аналармен, жасөспiрiмдермен жұмыстың жеткiлдiксiздiгi, келеңсiз отбасылары балаларының бос уақыттарын өткiзетiн мекемелер желiсiнiң аздығы, ақылы секциялар мен үйiрмелердiң қол жетiмсiздiгi. Өскелең буынды тәрбиелеуге қоғамның мүмкiндiгiн толық пайдаланбау.
Денсаулық сақтау, әсiресе 18-25 жас арасындағы жастар үшiн басым бағыт ретiнде саналады.
Жастардың мәдениеттiлiк деңгейiн арттыруда дұрыс ұйымдастырылған бос уақыттың маңызы да аз емес.
Бiрақ, бүгiнгi практика көрсетiп отырғандай, жастар арасындағы салауатты өмiр салтын насихаттауға арналған, ойын – сауық сияқты бұқаралық iс-шараларды өткiзумен шектелмей, интеллектуалдық, психиологиялық, сондай-ақ материалдық жағынан да көмек көрсету бүгiнгi заман талабы қажет ететiн шаралар.
Қазiргi жағдайда жастардың өмiрден күтетiндерiн және құндылықтардан ненi жоғары қоятындарын зерделеу маңызды
Осы саладағы жағдайға дұрыс баға беру жастар саясаты бағытын үйлестiруге, iстiң нақтылы ахуалына ең жақын болуға әсерiн тигiзедi.
Нарықтық жағдайда қазiргi ұрпақ үшiн еркiндiк алуға ұмтылу нақтылы өмiрлiк факторға айналуда.
4. Бағдарламаның жүзеге асырудың
негiзгi бағыттары мен механизмi
Бағдарлама төмендегі негiзгi бағыттары бойынша кезеңмен және үйлестiрiлген iстер арқылы жүзеге асырылады:
Азаматтықты және отансүйгiштiктi дамыту;
Республика, облыс, аудан өмiрiндегi маңызды және көкейтестi оқиғалар туралы өзара ақпарат алысуды қамтамасыз ету;
Еңбек және жұмыспен қамту саласында жастардың өз беттерiмен жұмыс жасау үшiн жағдайлар туғызу, кәсiпкерлiктi қолдау;
Жастармен әлеуметтiк жұмысты жетiлдiру, әлеуметтiк қызметтер желiсiн дамыту;
Дарынды жастарды қолдау;
Жастардың арасында салауатты өмiр салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту;
Балалар мен жастардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң жұмыстарына жағдайлар жасау және оларды қолдау;
Бағдарлама мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асырудың тиiмдiлiгiн арттыруға және жастармен жұмыс жүргiзуге мемлекеттiк органдардың iс-әрекеттерiн жетiлдiруге бағытталған.
Жастар саясатын жүзеге асыруда жалпы үйлестiру Зайсан аудандық iшкi саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі, спорт және денешынықтыру бөлiмi арқылы жүргiзiледi.
5. Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету.
Бағдарламаны қаржыландырудың негiзгi көздерi болып бағдарламаның тиiстi әкiмшiсi қарастырған қаражат шегiнде аудандық бюджет және ҚР заңнамаларымен тыйым салынбаған басқа да көздер саналады.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн бюджеттен тыс көздердiң (халықаралық ұйымдардың гранттары, барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың меншiк қаржылары) пайдаланылуы мүмкiн.
Бағдарламаны іске асыру төмендегідей қаражат шығыстарын қажет етеді.
2008 жылы 1 320 мың теңге
2009 жылы 2 110 мың теңге
Достарыңызбен бөлісу: |