Сабақтың барысы
|
Кезеңдері
|
уақыт
|
Коуч әрекеті
|
Коучингке қатысушылар әрекеті
|
Қызығушылықты ояту
Тақырыпқа ену
|
5 мин
|
Тренинг. «Бос ыдысты толтыру» тренингі, шартын түсіндіреді. Сұрақ: Бос ыдысты бұл заттармен толтыру үшін қай ретімен салу керек? Қорытындысы айтылады. Топқа бөлу. Әр қатысушыны конфеттер арқылы топқа бөлу. Суреттер көрсетемін. Сұрақ: Осы тұлғалардың барлығына ортақ қандай қасиет бар деп ойлайсыздар?/ой шақыру/
Бүгінгі біздің кездесуіміздің тақырыбы «Дарынды және талантты балаларға тән қабілеттер» деп атылады.
|
Мұғалімдер коучтың сұрағына жауап берді. Өз ойларын ортаға салады.
Тыңдаушылар топқа бөлініп отырады.
Мұғалімдер коучтың сұрағына жауап береді.
|
Тақырыпты өрбіту мақсатындағы бейне жазба
|
5 мин
|
Жамбыл Дүйсенұлы мен Илья Ильин туралы бейнежазба көрсетіледі.
|
Қатысушылар көрсетілген бейне жазбаны ауызша талдап, ойларымен бөліседі.
|
Миға шабуыл
|
10 мин
|
Не байқадыңыздар? Нұсқау: бейне жазбаны көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтып өтсеңіздер.
Сұрақ: Сіздер көрсетілген бейне жазбадан не ой түйіндедіңіздер?
|
Әр топтан бір-бір спикер шығып өз ойларымен бөліседі. Қатысушылар өз ойларын түйіндейді.
Топ көсбасшылары шығып өз тобының негізгі идеяларымен алмасады.
|
Тақырыпты өрбіту мақсатындағы топтық жұмыс /постер қорғау/
|
10 мин
|
Дарынды және талантты баланың бейнесін жасау және сипаттау. Топтарға тапсырма беріледі.
1-топ. «Дарынды және талантты баланың бейнесі»
2-топ. «Дарындылықты дамытудың жолдары»
3-топ. «Дарынды бала және орта»
|
Топтар постерлерін жасап, қорғайды.
Өз ойларымен бөліседі
|
Тақырыпты өрбіту мақсатындағы топтық жұмыс
|
5 мин
|
Тапсырма
Үш түсті жапыраққа мектептегі дарынды және талантты балалар, талантын аша алмай жүрген оқушыларды анықтау мәселелері жайлы:
1-топ. Мектеп дарынды балалардың аты-жөнінжазу, дәлелдеу/жасыл жапырақ/
2-топ Талантты балардың аты-жөнін жазу, дәлелдеу/сары/
3- топ. Дарыны мен талантын аша алмай , өзін-өзі көрсете алмай жүрген оқушының аты-жөнін жазу және себебін анықтау./қызыл/
|
Топтар оқушылардың аты-жөнін жазып, себебін түсіндіреді және ағашқа әкеліп іледі. Өз ойларымен бөліседі.
|
|
2 мин
|
Фриман/1998/ төменде көрсетілген, ғылыми негізделген критерилерді дарынды және талантты балаларды анықтауда оңтайлы қолдануға болатынын түсіндіріп кету.
|
Өз ойларын толықтырады.
|
|
3 мин
|
Сіздерге оқушыларыңыздың бойында кездесетін дарындылықты анықтау сауалнамасы ұсынылады. Сауалнама ережесі бойынша сұрақты мұқият оқып, оқушыңыздың бойындағы өзіңізге ұнайтын қабілетін «+» белгісімен , ұнамайтын қасиеттерін «-« белгісімен белгілеңіз.
|
Сауалнама таратылады, жауап береді. Қорытындысы шығарылады.
|
Рефлекция
|
5 мин
|
Қорытындылау
Бөлтірік шешен: « Бала деген артта қалған із емес пе, дәулет деген қолда ұстаған мұз емеспе, бақ деген аспанда ұшқан құс емес пе? Бұл өмірдің мәні- сіз бен біз емес пе?!» деген екен. Олай болса бүгінгі коучингіміздің тақырыбына сай мақсатқа жету үшін сіз бен біз болып табысқа жетуге атсалысайық демекпін.
|
Кері байланыс:
Алақан әдәсі.
Бас бармақ. Не ұнады.
Балан үйрек. Жаңа не білдім?
Ортан терек. Не жөнінде ойландыңыз.
Шылдыр шүмек. Өз қоржыныма не аламын.
Кішкентай бөбек. Не білгім келеді?
|