Массасы m1 = 5 кг мылтықтан оқ атылады, жылдамдығы v2= 600 м/с, массасы m2 = 5 г оқ ұшып шығады. Мылтықтың кері тебу V жылдамдығын табыңыз.
Массасы m1 = 5 кг дене массасы m2 = 2,5 кг қозғалмайтын денемен соғылысады да, соғылысқаннан кейін Wк2 =5 Дж кинетикалық энергиямен қозғала бастайды. Соққыны центрлік және серпімді деп алып, бірінші дененің соғылысқанға дейінгі WKl және соғылысқаннан кейінгі WK'1 кинетикалық энергиясын табыңыз.
Массасы m = 3 кг дене v=4 м/с жылдамдықпен қозғалады да, массасы сондай қозғалмайтын денемен соғылысады. Соққыны центрлік және серпімсіз деп алып, соғылысқан уақыттағы бөлініп шығатын жылу мөлшерін табу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |