Шымкент ќаласыныѕ Јкімдігі



жүктеу 1,71 Mb.
бет4/10
Дата30.01.2018
өлшемі1,71 Mb.
#8136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

өсімдік майын 2 ірі кәсіпорын өндіреді, онда 800 адам жұмыспен қамтылған. Өндірістік қуаты жылына 37,0 мың тонна. Қазіргі таңда, бұл кәсіпорындардың қуаттылығы 86,3 пайызға жүктелген («Шымкент май» АҚ, «Қайнар май» ЖШС). Халықтың тұтыну нормасы бойынша 5,8 мың тонна өсімдік майы қажет болса, нақты өндірілгені 22,9 мың тонна, ал агломерация аумағындағы қажеттілік 12 мың тонна, яғни қаланың және агломерация аумағындағы тұтыну нормасын толық жабу мүмкіндігі бар.

  • сүт өндірісімен 1 кәсіпорын жұмыс жасайды, онда 33 адам жұмыспен қамтылған («Шымкент сүт» ЖШС). Өндірістік қуаты жылына
    273 тонна сүт өнімдерін өндіреді, қазіргі таңда 655,0 мың адамға 114,3 мың тонна сүт, сүзбе, сыр, қаймақ өнімдері қажет болса, нақты өндірілгені
    1,7 мың тонна. Яғни, тұтыну нормасы бойынша қала халқына қажеттілік – 112,6 мың тонна, ал агломерация аумағындағы 1 400,0 мың адамға 229,3 мың тонна.

  • ұн өндіретін 5 кәсіпорын жұмыс жасайды, бұл кәсіпорындарда 600 адам жұмыспен қамтылған («Алтын дән», «Дани нан», «Миллер», «Энергетик», «Ынтымак-777» ЖШС), қазіргі таңда тұтыну нормасы бойынша 57,4 мың тонна ұн өнімдері қажет болса, нақты өндірілгені 467,6 мың тонна, ал агломерация аумағындағы қажеттілік 123 мың тонна, яғни қаланың және агломерация аумағындағы тұтыну қажеттілігін толық жабу мүмкіндігі бар.

  • макарон өндіру өндірісімен 1 ірі кәсіпорын, шағын және қосалқы кәсіпорындар жұмыс жасайды, онда 208 адам жұмыспен қамтылған. «Корона» макарон фабрикасы» ЖШС өндірістік қуаты жылына 18,0 мың тонна макарон өнімдерін өндіреді, кәсіпорын қуаттылығы 81 пайызға жүктелген. Қазіргі таңда тұтыну нормасы бойынша 2,9 мың тонна макарон өнімдері қажет болса, нақты өндірілгені 29,8 мың тонна, ал агломерация аумағындағы қажеттілік 6 мың тонна, яғни қаланың және агломерация аумағындағы тұтыну нормасын толық жабу мүмкіндігі бар.

  • сыра өндірісімен («Шымкентпиво» ЖШС) 1 ірі кәсіпорын жұмыс жасайды, 1087 адам жұмыспен қамтылған. Өндірістік қуаты жылына
    1 978,4 мың галлон сыра өндіреді, кәсіпорын қуаттылығы 24,3 пайызға ғана жүктелген. Себебі ішкі нарықта бәсекенің жоғары болуына байланысты толық қуатына өткізу мүмкіндігі жоқ.

  • минералды сусындар өндірісімен («Визит», «Рауан», «Кит Ко», «Халық су» ЖШС) 4 кәсіпорын жұмыс жасайды, 280 адам жұмыспен қамтылған. Өндірістік қуаты жылына 28,1 млн. литр минералды және тазартылған су өндіреді, кәсіпорын қуаттылығы 40 пайызға жүктелген. Ішкі нарықта бәсекенің жоғары болуына байланысты ішкі нарықта толық қуатына өткізу мүмкіндігі жоқ.

    Қала халқы дәнді, бұршақ және көкөніс, жеміс-жидек өнімдерімен негізінен облыс аудандарынан және шеттен тасымалданатын өніммен қамтамасыз етіледі. Қала аумағында аталған өнім түрлерін өсіруге егістік жерлер жетіспейді. Қазіргі таңда, қалада ауыл шаруашылығы мақсатындағы
    14,3 мың га жер бар. Оның ішінде 6,0 мың га жер егістік жер, оның 1,5 мың га жер суармалы және қалған 8,2 мың га жайылым жерлер.

    Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі 337,2 га жерге енгізілген. Оның ішінде 81,3 га жылыжай шаруашылығына қолданылуда. Сыйымдылығы 27,2 мың тонна қойма жұмыс жасайды. Мал шаруашылығымен 2 өндірістік кооператив айналысады. Олардағы асыл тұқымды мал басы (шошқа) - 6 340. Жалпы қала бойынша жұртшылық шаруашылықтарды қоса алғанда ірі қара мал басы 14 401, құстар саны 20 000. Алайда, қаланың тұтыну нормасы бойынша қала халқының қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды.



    Қаланың ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілген. Шымкент қаласының аумағында эпизоотиялық іс-шараларды ұйымдастыруға республика бюджетінен жыл сайын қаржы бөлінуде. 2011-2013 жылдары 50,2 млн. теңге бөлініп, үй жануарларына және малдарға Сібір жарасына, аусыл ауруына, туберкуллез, құтыру ауруларына және тағы басқа ауруларға қарсы егу жұмыстары мен диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізілген.

    4 кесте. Диагностикалық шаралар

    Ауру атаулары

    Егілген вакцина, жалпы мал басы

    2011 жыл

    2012 жыл

    2013 жыл

    Сібір жарасы

    49 020

    77 300

    65 051

    Аусыл

    38 970

    78 530

    73 789

    Құтыру

    15 990

    27 000

    30 195

    Барлығы__103_980__182_830__169_035'>Барлығы

    103 980

    182 830

    169 035




    Диагностикалық тексеру, жалпы мал басы

    2011 жыл

    2012 жыл

    2013 жыл

    Сарып ауруы

    79 968

    68 842

    44 036

    Аусыл

    -

    1 882

    746

    Жұқпалы эпидимит

    -

    357

    351

    Лептоспироз

    -

    100

    100

    Жұқпалы анемия

    -

    10




    Листериоз

    -

    100

    100

    Барлығы

    79 968

    71 291

    45 333

    Сонымен қатар, тұрақты түрде қала аумағындағы 958 223 ш.м мектептер мен 356 827 ш.м бала-бақшалар аулалары және 69 657 ш.м мектептен тыс мекемелер аймағы кенеге қарсы залалсыздандырылады. Осы жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары қалада Конго-Қырым қанды қызбасы ауруы тіркелмеген.


    Негізгі мәселелер:

    • Қалаға қажетті әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі облыс аудандарымен қамтамасыз етіледі;

    • Мерзімаралық уақытта көкөніс және жеміспен қамтамасыз етілмейді;

    • Азық-түлікпен қамтамасыз ету тұрақты емес болғандықтан импорт көлемінің өсуіне және отандық өнімнің стандарт сапасына тура келмейді. Азық түліктің импорты жоғары болғандықтан және отандық өнім сапа стандарттарына сай келмегендіктен азық түлікпен қамтамасыз ету жүйесі тұрақты емес.

    • Ауылшаруашылығы мақсатындағы қала халқын қажетті өніммен қамтамасыз етуге жер жетіспейді;

    • Ауылшаруашылық құрылымдарының рентабельдігі төмен болғандықтан, ауылшаруашылық саласындағы инвестиция тартымдылығы төмен;

    • Шымкент қаласында транспорттық-логистикалық сақтау және тасымалдау қоймасы жетіспейді.

    • 2012 жылы 2008 жылмен салыстарғанда қой саны 1 500 басқа, құстар 28 100 азайды.


    Сауда және қызмет көрсету саласы
    Қалада 2303 астам сауда объектілері қызмет етеді, оның ішінде азық-түлік, өндіріс және құрылыс тауарларын сататын, қоғамдық тамақтану қызметтерін көрсетумен айналысатын 50 сауда үйі бар. 750 астам объектілер қызмет көрсету саласында жұмыс жасайды.

    Облыс көлеміндегі қаланың бөлшек тауар айналымының үлесі 70% астам. Сонымен қатар Шымкент қаласының облыстың көтерме тауар айналымының барлық көлемі жатады. Қаланың облыстық сауда көлеміндегі үлесі жылдан жылға өсіп келеді.





    2.2.7 сурет. Сауда айналымы, млн.теңге

    Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті


    2013 жылы қалада бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 192 244,0 млн.теңгені құрады немесе 2012 жылмен салыстырғанда 24,4 пайызға өсті. Көтерме сауда тауар айналымы 397 055,4 млн.теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 48,2 пайызға өсті.

    2012 жылы қалада «Санжар» көтерме сауда орталығы және «Фиркан СИТИ» сауда орталықтары іске қосылды. Аталған нысандарда 400 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылды. Соңғы жылдары қаламызда ірі сауда орындарының іске қосылуымен қатар, ұсынылатын қызметтің сапасыда өсіп келеді.


    Негізгі мәселелер:

    • ішкі сауданың инфрақұрылымынын деңгейінің төмендігі;

    • инфляциялық процесстердің тұтынушылық тауарларына әсері;

    • қызмет көрсету мәдениетінің төмендігі;

    • қала базарлары құрылыс нормаларына сәйкес еместігі;

    • ретсіз сауда орындары.


    Шағын кәсіпкерлік

    Кәсіпкерлік саласының дамуы - халықты жұмыспен қамту және бюджеттің кіріс көзін құрауда маңызды орын алады.



    Қаладағы экономикалық белсенді халық санының 30 пайыз үлесі осы салада жұмыспен қамтылған. Бизнесті қолдауға бағытталған салықтық жүктемелер, әкімшілік тосқауылдар және рұқсат лицензияларды қысқарту жұмыстары оңды ықпалын тигізуде.



    жүктеу 1,71 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау