Шымкент қалалсы мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№44/297-5c шешіміне қосымша
шымкент - 2014
мазмұны
Шымкент қаласы әкімдігін қарасты 8 құрылымдық бөлімдерімен 49 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. 2012 жыл басынан бері жалпы алғанда 216 017 тұрғынға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде ХҚКО арқылы 41 035 құжат қабылданған. 41
Бағдарлама паспорты
Бағдарлама атауы
|
Шымкент қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
|
Әзірлеу негізі
|
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «Нәтижеге бағытталған мемлекеттік жүйені енгізу жөніндегі Концепция туралы» №1297 қаулысы.
|
Өңірдің негізгі сипаттамасы
|
Шымкент қаласының аумағы 40 080 га немесе республика аумағының 1,5 % құрайды, Қазақстанның Орта Азиямен тоғысқан жеріндегі Еуропаның Оңтүстік-шығыс Азия мен жақын және алыстағы Шығыс елдеріне бағытталған көлік магистральдарының қиылысында орналасқан.
Қала халқының саны 662,3 мың адамды құрайды, халық тығыздылығы орташа аумақтың 1 шаршы метріне 1 605,5 адам.
|
Бағыттары
|
Қаланың экономика салаларын дамыту
Әлеуметтік саланың дамуы
Инфрақұрылым кешенінің дамуы
Аумақтық (кеңістік) дамуы - Шымкент агломерациясының дамуы
Қоршаған ортаны қорғау
Жергілікті мемлекеттік қызмет көрсету
|
Бағдарлама-ның мақсаттары
|
Қала экономикасын диверсификациялау мен бәсекеге қабілеттігін арттыру;
Қаланың адам ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін және тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру;
Қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру;
Шымкент қаласын жақын қалалары мен елді мекендерді қамтитын ірі агломерациялық орта ретінде дамыту;
Қоршаған ортаға антропогендік жүктемені төмендету;
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметінің тиімділігін арттыру.
|
Міндеттері
|
Индустриалдық-инновациялық дамуы;
Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы;
Шағын жәе орта бизнесті дамыту;
Қаланың инвестициялық және инновациялық белсенділігін арттыру;
Білім сапасын жақсарту және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытумен қамту;
Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік маңызы бар ауруларды төмендету, халықты сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету;
Халықты әлеуметтік қорғау;
Мәдениет және тілдерді дамыту;
Дене шынықтыру, спорт және туризм саласын дамыту;
Мемлекет және азаматтық қоғам институттары арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру есебінен мемлекеттілікті жетілдіру;
Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және төтенше жағдайларын алдын алу;
Құрылыс саласын дамыту;
Көлік инфрақұрылымын дамыту;
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтері сапасын жақсарту;
Шымкент агломерациясын дамыту;
Қоршаған ортаны қорғау;
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту.
|
Нысаналы индикаторлар
|
Өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылы 105,1% дейін ұлғайту (2011 жылы – 100,1%);
Өндеуші өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылы 106,5% дейін ұлғайту (2011 жылы – 100,1%);
Өндеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 2015 жылы 103% дейін арттыру;
Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексін 2015 жылы 101,0 % ұлғайту;
1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің санын 2015 жылы 52,9 бірлікке жеткізу;
Бөлшек сауданың нақты көлем индексін 2015 жылы 120% ұлғайту (2011 ж. –112%);
Негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексін 2015 жылы 105,5% жеткізу;
Инновациялық өнімдер өндірісі көлемін 2015 жылы 108% ұлғайту;
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) игерген білім алушылардың үлесін 2015 жылы 54,3% ұлғайту (2011 жыл – 29,5%);
15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесін 2015 жылы 10,5% дейін төмендету;
Халықтың туылғаннан бастап күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2015 жылы 71,53 жасқа дейін ұлғайту (2011 жыл – 69,86) жыл;
100 мың халыққа шаққанда адамның иммун тапшылығы вирусының таралуын 2015 жылы 0,3% төмендету;
Жұмыссыздық деңгейін 2015 жылы 6,0% төмендету (2011 жыл – 6,9%);
Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесін 2015 жылы 9,4% төмендету, (2011 жыл – 10,4%);
1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны 2015 жылы 1 542 бірлікке дейн ұлғайту (2011 жыл – 735 бірлік);
Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамту үлесін 2015 жылы 20,1% дейін ұлғайту (2011 жыл – 15,1%);
Мемлекеттік тілді игерген халықтың үлесін 2015 жылы 86,5% ұлғайту (2011 жылы – 72%);
10 мың бірлік автокөлікке шаққандағы жол-көлік оқиғалары санын (деңгейін) 2015 жылы 98 бірлікке дейін төмендету.
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 2015 жылы 103,0% жеткізу (2011 жыл – 88,9%);
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 2015 жылы 43,6% ұлғайту (2011 жыл – 35,1%);
Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін 2015 жылы 37,4% дейін төмендету (2011 жыл – 45,3%);
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның тозуын 2015 жылы 41,6% дейін төмендету (2011 жыл – 49,4%);
Желілердегі ысыраптарды 2015 жылы 18,2% дейін төмендету (2011 жыл – 19,7%);
Халықтың су бұру (кәріз) қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін 2015 жылы 50,1% арттыру (2011 жыл – 40,9%);
Толық биологиялық тазартудан өткен ағынды сулар көлемін 2015 жылы 38 430 мың текше метрге дейін ұлғайту (2011 жыл – 34 200).
Шымкент қаласы халқының орташа өсімін 2015 жылы 120,5% дейін ұлғайту (2011 жылы – 103,1 пайыз);
Атмосфераға стационарлық көздерден шығатын ластаушы заттар шығарындыларын 2015 жылы 29,9 мың тоннаға дейін төмендету.
Халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейін 2015 жылы 99% жеткізу (2011 жылы – 95%).
|
Қаржыландыру көздері мен көлемі
|
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың өзіндік қаражаттары, қарыз қаражаттары, шетел инвестициялары.
Қаржыландыру көлемдері:
2011 жылы – 58 717,0 млн. теңге
2012 жылы – 44 750,0 млн. теңге
2013 жылы – 75 502,0 млн.теңге
2014 жылы – 84 489,0 млн. теңге
2015 жылы – 186 873,0 млн. тенге
Барлығы: 450 331,0 млн. теңге
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына республикалық және жергілікті бюджеттің қалыптастырылуы барысында нақтыланады.
|
2. ағымдағы жағдайға талдау жасау
2.1 Өңірдің оң және теріс жақтарына баға беру, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық–саяси дамуына тигізетін ықпалы
Шымкент қаласы тиімді жағрафиялық Қазақстанның Орта Азиямен тоғысқан жерінде, Еуропаның Оңтүстік-шығыс Азия мен жақын және алыстағы Шығыс елдеріне бағытталған көлік магистральдарының қиылысында орналасқан.
Шымкент қаласының аумағы 40 080 га, тұрғындар саны 662,3 мың адамды құрайды, қала демографиясы бай, ауа-райы халықтың өмір сүруіне қолайлы, республика аумағаның 1,5 % құрайды.
Шымкент қаласының өнеркәсіп өнім көлемі облыстың көлемінде басым үлесін алатын, ірі өндірістік-индустриалдық орталық болып табылады. Қалада азық түлік өндірісі, мұнай өнімдерін өндеу, химия өнеркәсібі, мата және тігін өндірісімен айналысатын 67 ірі және орташа өндіріс кәсіпорындары тіркеліп қызмет етеді. Қаланың шағын кәсіпкерлік бизнесі негізінен саудаға бағытталған.
Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы ғылым, білім, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің желісін құрайды, алайда тұрғындардың қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз ете алмайды.
Қаланың экологиялық жүйесі қаланың экологиясына кері әсерін тигізіп отырған жүйесіз шаруашылық қызметтен қорғау бойынша концептуалды іс-шараларды әзірлеуді талап етеді.
2.2 Өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасау
2.2.1. Экономикалық даму
Өндіріс
Шымкент қаласының өнеркәсібі әсіресе, өңдеу өнеркәсібі дамыған (өнеркәсіп өнімі көлемінен 84,6%), сондай-ақ электроэнергия, газ және су өндіру мен бөлу (12,3%). Өңдеу өнеркәсібінің үлесі облыстың өнім көлемі ішінде облыстың басқа өңірлерімен салыстырғанда ең жоғары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |