Шымкент 2016 Әож 343(075. 8) Кбж 67. 408 я7



жүктеу 2,84 Mb.
бет2/14
Дата20.05.2018
өлшемі2,84 Mb.
#14545
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

11 -есеп

Батыс Еуропа елдері бірінің елшісінің кеңесшісі Ақтөбе қаласы Достық даңғылымен "Мерседес" жеңіл автокөлігімен келе жатып жолда жүру ережесін бұзу арқылы жаяу жургінші Саламатинді қағып кетеді. Алынған жарақат сал-дарынан жәбірленуші қайтыс болады.

1. Елшіліктің кеңесшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылады ма?

2. Қылмыстық ic жүргізу заңы, дипломатиялық иммунитеті бар шетел азаматтарына қатысты қалай қолданылады?


12 - есеп

КПҚ жедел уәкілі сот Богомоловтың пара алу­ына қатысты ic бойынша кейінге қалдырылуға болмайтын тергеу әрекеттерін жүргізеді де, істі тергеушіге жібереді.

Қылмыстық icтi алған тергеуші Богомаловқа қатысты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарады. Прокурор Богомоловты қамауға алу туралы қаулыға рұқсат бермеді. Оны соттың артықшылығы мен оған қатысты жауапкершіліктің ауырлығы мен қамаудың ерекше тәртібін қолдану керектігін түсіндіреді.

1. КПҚ жедел уәкілі, тергеушіні және прокурордың ic әрекетіне баға беріңіз.

2. Сотты қылмыстық жауапкершілікке тартудың, қамаудың, қылмыстық icтi сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қандай тәртібі бар?

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі іс жүргізу құжаттарын құрастыру.

1. Қылмыстық процеске қатысатын мемлекеттік органдар мен адамдар.

2. Қылмыстық процеске қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын мән жайлар.

3. Қарсылық білдірудің түсінігі мен тәртібі.

Қылмыстық қудалаудың түсінігі және заңды шарттары. Қылмыстық қудалаудың заңдылығын прокурорлық қадағалау тәртібі.

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру негіздері мен шарттары. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар олардың өкілеттіктері мен міндеттері.

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мән-жайлардың түсінігі мен түрлері.

Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен мемлекеттік органдардың түрлері. Соттың құрамы мен өкілеттіктері, тергеу судьясының өкілеттіктері. Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар.

Прокурор,

тергеуші,

тергеу бөлімінің бастығы,

анықтау органы,

анықтау органының бастығы,

анықтаушы.

Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар.

Күдікті;

Айыпталушы;

Қорғаушы;

Жәбірленуші;

Жеке айыптаушы;

Азаматтық талапкер;

Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның заңды өкілдері;

Жәбірленуші, азаматтық талапкердің және жеке айыптаушының өкілдері;

Азаматтық жауапкердің өкілдері.

Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар.

Күдікті;

Айыпталушы;

Қорғаушы;

Жәбірленуші;

Жеке айыптаушы;

Азаматтық талапкер;

Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның заңды өкілдері.
1 -есеп

Дорохов 2013 жылы 5-cәуір күні сағат 00:00-де Ақтөбе теміржол вокзалында Шығыс ҚПД қызметкерлері арқылы ұрлық жасады деген сезікпен қолға түспей 9 cәуір күні прокурор арқылы УҰИ тексеру барысында, Дороховтың 5 сәуірден бepi қамауда ұсталғандығы анықталды. Дороховқа ешқандай айып тағылмаған, қамауға алуға проқу­рор арқылы рұқсат алынбаған.

1. Дороховтың қамауда ұсталуы занды ма?

2. Прокурор қандай шаралар жургізуі қажет?


2 -есеп

Ақтөбе қаласы ІІД-не домалақ арыз түсті. Онда арақ шығаратын зауыдтың жатақанасында тұратын азамат Алдабергеновтің, өз мекен-жайында шарап өнімдерін сақтап саудаға салатындығы көрсетілген.

Осы алынған арызға сәйкес, полиция қызметкерлері арқылы азамат Алдабергеновтың бөлмесінде тінту іс-әрекеттерін жүргізеді, бірақ ештеңе табылмайды.

1. Полиция қызметқерлері ic-әрекеттері дұрыс па?

2. Заң азаматтардың тұрғын үйіне бас сұғылмауын қалай кепілдендіреді?
3-есеп

Тергеушінің өндірісінде, Ахметов пен Лыковқа қатысты ұрлық оқиғасына байланысты қозғалған қылмыстық іс болды. Істің мәліметтерінде көрсетілгендей, Ахметов пен Лыков ұрланған мүліктің жарты бөлігін, олардың жақын туыстары тұратын ТМД елдерінің біріне өткізіп жіберген.Жақын туыстары ұрланған мүліктерді сату арқылы, одан түскен қаражаттарды пошта арқылы көрсетілген тұлғаларға жіберіп отырған.

Тергеуші Ахметов пен Лыковтың сыбайластарын пошта арқылы оларға түскен көмегімен анықтауға шешім қабылданады.Тергеуші пошта бөлімшесіне келіп өзінің қызметтік куәлігін көрсету арқылы, пошта қызметтеріне түскен барлық корренспонденцияларды көрсетуін талап етеді. Пошта бөлімшесінің бастығы тергеушінің талабын қанағаттандырады.

1. Тергеушінің іс –әрекеті заңды ма?

2. Қылмыстық іс жүргізу заңы жазбалардың құпиялылығын кепілдендірді ме?
4 –есеп

Кісі өліміне қатысты айыпталып отырған Георгадзе, тергеушіге тергеу жүргізіліп отырған тілді орыс тілін нашар білетіндігін және өзін аудармашымен қамтамасыз етуіне өтініш жасайды.Ал тергеуші бұл өтінішті қанағаттандырмайды, оның себебін грузин тілін білетін адамның жоқтығымен аудармашыны шақырту алдын ала тергеу мерзіміне нұқсан келтіретіндігімен түсіндіреді.

1. Тергеуші дұрыс жасап отыр ма?

2. Сот ісін білмейтін тұлға аудармашымен қалай қамтамасыз етілуі тиіс.


5 -есеп

Ақтөбе қалалық № 2 сотында кәмелеттік жасқа толмаған айыпталушылар Қапашев пен Бакеновқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатады. 15 жасар Қапашевтың қорғаушысы сот процесі жабық түрде өту керектігін айтады. Оған басты себеп заңға сәйкес 16 жасқа толмаған тұлғаларға қатысты істі қарау процесі жабық сот отырысында қаралуымен түсіндіріледі. Арызды қанағаттандыра отырып сот төрағасы сот отырысында болмаған азаматтардың сот отырысының залын босатуды талап етеді.

1. Қандай жағдайларда сот ісін жүргізу жабық түрде жүзеге асырылуы тиіс?

2. Сот отырысының жабық түрде жүргізілуін кім жүргізеді?

3. Соттың іс әрекеттері дұрыс па?
6 -есеп

«Алға» елді мекеніндегі ұн шығаратын диірменнен Науатов пен Құрбанов 10 қап бидай ұрлайды.Ұрланған бидай Науатовтың тапсырмасымен Құрбанов арқылы сатылады және одан түскен ақшаны екеуі бөліп алады.

Сот отырысы орыс тілінде жүргізілді. Ал Науатов орыс тілін нашар білетін. Сондықтан да ол сотта өзіне аудармашы шақыруын өтінді. Соттың төрағасы аудармашыны қатыстырудан бас тарта отырып, қазақ тілін жетік білетін судья Исаеваға қылымыстық сот ісін жүргізуді тапсырады.

1. Сот ісін жүргізу тілі қағидасының қандай маңызы бар?

2. Бұл жағдайда сот аудармашыны шақыруға міндетті ме?
7 -есеп

Зорлау оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілген, сотқа түскен қылмыстық іс бойынша судья істі жабық сот отырысында қаралу қажет деп қаулы шығарды. Сот талқылауына дайындық бөлімінде прокурор Сарқасовтың қылмыстық ісінің үлкен тәрбиелік мәні бар, сондықтан да ол ашық түрде өтуіне өтініш білдірді. Бірақ сот прокурордың шешімін қанағаттандырмады.

1. Соттың іс – әрекеті дұрыс па?

2. Судья сот отырысының жарты бөлігін жабық есікте өткізуге қаулы шығара ала ма?


8 -есеп

Хачикян бірнеше рет өзінің бірге тұратын Кареваны өлтіремен деп қорқытты.15 наурыз күні Хачикян мас күйінде көк базар жанында Кареваны тағы кездестіріп қалады да оны өлтіремін деп қуалай жөнеледі. Карева жақын жердегі аулалардың біріне кіріп, онда тұратын жақын таныстарының пәтеріне тығылады.Кареваны қуып жете алмаған соң, Хачикян сыртқы есікті сындырмақ болады, бірақ ешқандай нәтиже болмағаннан кейін пистолет арқылы, есікке қарап бірінші рет оқ атады. Бірақ пәтерде болған адамдардан ешбірі жарақат алған жоқ. Тергеуші Қалиев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 112-бабымен айыпталады. Сот шешімі де, Хачикянның іс-әрекеттерінде кісі өлтіруге оқталу белгілері бар деп шешім шығарды.

1. Осы жағдайда айыпталуышының қорғану құқы қалай қамтамасыз етілуі қажет?
9 -есеп

Ұрланған тауарларды сатып алушы Мамедов тергеушіге жауап беру барысында өзін кінәсіз деп табады. Себебі кілемді ол сатып алмаған, бұл өзінің әкесінен мұра ретінде қалған, ал оның әкесі басқа қалада тұрады. Сонымен қатар Мәмедов бұл жауаптың дұрыстығын тексеру үшін, өзінің басқа қаладағы туыстарына хабарласуын айтады. Бірақ тергеуші Мәмедовтың өтінішін қанағаттандырудан бас тартады, себебі алдын ала тергеу мерзімі бітті, қосымша куәлардан жауап алу көп уақытты талап етеді, ал Мәмедовтың кінәсі толықтай дәлелденген деп есептейді.

1.Тергеушінің іс-әрекеті дұрыс па?

2.Бұл сұрақ қандай іс жүргізу ережелеріне сәйкес өз шешім табуы қажет?


10 -есеп

Ақтөбе қалалық №2 сотына Садиев пен Жамалиевті айыптау қылмыстық ісі түсті. Бұл іс бойынша айыпталушылар азамат Амановқа шабуыл жасау арқылы одан «Сейко» маркалы қол сағатын, құндыз бөрікті және 500 АҚШ доллар көлемінде ақшасын тартып алған. Қылмыстық іс материалдарында анықталғандай Жамалиев кәмелет жасқа толмаған болып табылды.

1. Бұл жағдайда сот айыпталушының құқықтарын қалай қамтамасыз етуі қажет?
11 -есеп

Ресей Федерациясының Новосібір қаласында ұрлыққа қатысты қылмыстық істер келіп жатты. Айыпталушылар мен куәлар арасында Қазақстан Республикасының азаматтары болған.ҚР тергеу іс әрекеттерін жүргізуге келген тергеуші ауыпталушы мен куә орыс тілін білмейтіндігін анықтайды.

1.Жауап алу қай тілде жүргізілуі қажет?

2. Аудандық тергеуші арқылы жүргізілген кейбір тергеу іс әрекеттері қай тілде жүргізілгендігі жөн?



12-есеп

Кәмелеттік жасқа толмаған № 48 мектеп оқушылары Галкин, Ким және Власов бірінші рет қылмыс жасады.Олар арқылы жасөспірімдерден күштеу арқылы ақша тартып алынған. Тәрбие жұмыстары ешқандай нәтиже бермегендіктен, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот істің тыңдалуын мектептің залында өткізуді, сонымен қатар оған барлық оқушылар мен мұғалімдердің қатыстырылуын ұйғарды. Қорғаушы істің тыңдалуын жабық сот отырысында өткізілуіне өтініш жасайды.

1. Қорғаушының өтініші қалай қанағаттандырылады?
13 - есеп

Алдын ала тергеу барысында айыпталушы Асанов, өзінің орыс тілін нашар білуіне байланысты оған аудармашы тағайындалуын сұрап бірнеше рет өтініш жасайды. Бұл өтінішті тергеуші қанағаттандырудан бас тартады, оның себебі айыпталушының орта білімі бар екендігін, орыс тілін білетіндігімен түсіндіреді.

Сот отырысында қорғаушы қылмыстық істің алдын ала тергеуге қосымша тергеу үшін жіберілуін сұрап, өтініш жасайды, оның негізгі себебі алдын ала тергеу барысында, айыпталушыынң сот тілін нашар білетіндігіне қарамастан аудармашы тағайындалмағандығын айтады.

1.Сот қандай шешім қабылдауы қажет, ол қылмыстық іс жүргізудің қандай қағидаларын басшылыққа алуы шарт?


14 -есеп

Сотта айыпталушы Хақимовке қатысты қылмыстық істің қаралуы барысында мемлекеттік айыпталушы қатыспайды.Сот отырысына дайындық барысында жәбірленуші сотқа прокурорды шақыруға өтініш жасады. Жәбірленушінің көзқарасы бойынша егер қылмыстық істі қарау барысында прокурор қатыспаса, онда айыпталушы өзінің қорғаушысымен бірге көптеген қателіктер жасауы мүмкін. Сондықтан Конституцияға сәйкес азаматтар тең дәрежеде қорғалуы қажет.

1. Түскен өтініш өз шешімін қалай табуы шарт?

2. Қылмыстық іс жүргізу теңдік қағидасы қалай түсіндіріледі?


15 - есеп

Қасымовқа тиесілі шатырдан ұсталынған Бровинге қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру тергеуші арқылы жүргізілген. Қасымов өзінің жазған арызында оның қымбат шатырында көгершіннің қымбат түрлері бағылатындығын және Бровин ұрлауға бағытталғандығын көрсетеді. Тергеуші Бровинге айып тағу арқылы, оған бұлтартпау шарасының бірі қамауға алуды қолданады және қылмыстық істі сотқа жібереді.

1.Тергеуші арқылы қылмыстық іс жүргізудің қандай қағидалары жүргізіліп отыр?

2. Істі толық жан-жақты және обьективті түрде зерттеу қағидасының маңызы мен мәнін ашып көрсетіңіз?




16 - есеп

Такси жүргізушісі Арғынбаев полиция қызметкерлеріне өзіне белгісіз үш адамның пышақпен қорқытып, ақшасын тартып алғандығын айтады. Содан кейінгі аралықта жәбірленуші сипаттамасында көрсеткендей, үш белгісіз адам Елек ПБ жеткізілді. Жеке тінту барысында Асанов есімді біреуінен жыртық 200 теңгелік ақша табылды. Жәбірленуші мұндай ақшаның өзінің жоғалған ақшаларының арасында болғандығын айтады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, ұсталған үш адамға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады.

1.Бұл жерде жеке басқа қол сұқпаушылық қағидасы сақталынып отыр ма?
17 - есеп

Ұзақ уақыт бойы Залевская әр түрлі инстанцияларға арыз жазып, өзінің жерінің жартысын Титов деген азаматтың алып қойғандығын көрсетті. Бұл дерек бойынша бірнеше рет тексеріліп шындық расталмады. Ақтөбе қалалық №2 сотымен жалған арыз бергені үшін, Залевская кінәлі деп табылып, үкім шығарылды.

Прокурор наразылығы арқылы бұл үкім өз күшін жойды. Сотта істі қарау барысында, сот Залевскаяға қатысты амбулаторлық психиатриялық сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады. Бірақ та сраптама жүргізілмейді. Екінші рет істі қарау барысында белгісіз себептермен жәбірленуші сотқа келмей қалады.

1. Бұл жағдайда қылмыстық іс жүргізудің қандай қағидалары бұзылып отыр?


18 -есеп

Сот отырысына шақырылған үш куә мен жәбірленуші сотқа келмей қалады. Олардың қандай себептермен келмегендігін тексерместен, сот оларды алдын ала тергеу барысында берген айғақтарына сүйенеді.Үкім шығару барысында сот осы айғақтарды басшылыққа алады.

1.Соттың іс –әрекетіне баға беріңіз.

2.Қылмыстық іс жүргізудің қандай қағидалары бұзылып отыр?


19 -есеп

Ақтөбе қалалық №2 сотымен Гуляев пен Изахунов кәмелет жасқа толмаған Жолдасованы зорлағаны үшін сотталады.Сот отырысында жәбірленуші өзінің алдын-ала тергеу барысында берген жауабын өзгертіп, өзінің айыпталушылармен бірге жыныстық қатынасқа өз еркімен барғандығын айтады.

Бірақ жәбірленушінің сотта берген жауабы алдын ала тергеуде берілген жауабына қарама – қайшы. Судья сот отырысы барысында айыпталушы мен жәбірленушінің бірін – бірі бұрындары білетін-білмейтіндігін тексермеді.

1. Бұл жерде қылмыстық іс жүргізудың қандай қағидасы бұзылып отыр?


20 -есеп

Елек ПБ кезекші бөліміне 15 қарашадан 16 қарашаға қараған түні № 63 мектептің комьютерлік сыныбының есігі бұзылып, соммасы 500 АҚШ доллары тұратын компьтер қолды болды деген хабар келіп түседі. Сол күні күзетте болған Баймуратов ұрлық болған уақытта постты тастап кеткені үшін келген шығынның орнын өз қалтасынан толтырады. Мектептің директоры шығынның орны толтырылған соң, Елек ПБ қызметкерлерінен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізбеуін сұрайды. Анықтаушы Қамалова қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарады да, бұл қаулы Елек ПБ бастығымен бекітіледі. Қылмыстық істі қысқартудың негізгі себебі шығынның орнын толтыру болып табылады.

1.Анықтау органының іс-әрекеті заңды ма?

2.Шешім қабылдау барысында қылмыстық іс жүргізудің қандай қағидасын басшылыққа алу шарт?



Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қылмыстық істі қозғаудағы жазылатын процессуалдық актілер.

1. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2. Өтініш хат.

3. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің түсінігі. Қылмыстық іс жүргізу курсының бағдарламасы, оның құрылымы мен ішкі өзара тәуелді логикасы—тұтас алғанда қылмыстық сот ісін жүргізудің мәні мен мазмұнын айқындайтын, өз алдына нормалар жиынтығы болып табылатын Қылмыстық іс жүргізу кодексінің құрылымымен байланысты. Аталған логикаға осы оқулықта баяндалатын курстың құрылымы да бағынышты.

Сонымен бірге бұл - дәйектіліктің таза сыртқы сипаты бар қылмыстық іс жүргізу нормаларын дәйекті түрде (Кодекстің басынан аяғына дейінгі баптарының түгін қалдырмастан оқып үйрену арқылы қол жеткізілуі мүмкін) қылмыстык іс жүргізу құқығының мәнін пайымдау, түсіну дегенді білдірмейді. ҚІЖК-нің тарауларындағы баптарды, сондай-ақ мәселені түсіну үшін қажетті құқықтық негізді құрайтын, түрлі заң актілерінде бекітілген нормаларды мысал ретінде алатынымызды білдіреді.

Сонымен, Қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдері өзара тек пен түр ретіндегі катынасын, тектік басталуы (анағұрлым кең ауқымды, жан-жақты қамтитын) Жалпы бөлімге тиесілі болады.

Қылмыстық іс жүргізу қүқығының Жалпы және Ерекше бөлімдерінің біртұтастығы қылмыстық іс жүргізу зандарының мәні мен мазмұнының біртұтастығымен, әр түрлі деңгейде болғанымен екі бөліммен де реттелетін тәсілдер мен әдістер арқылы қол жеткізілетін және шешілетін мақсаттар мен міндеттер ортақтығымен алдын ала белгіленген.


1 - есеп

Маман Болотин көрме залында болған ұрлық фактісіне байланысты оқиға болған жерді қарату барысында қатысты. Ол оқиға болған жерді суретке түсіре отырып, бірнеше іздерді алды, сонымен қатар тергеуші оқиға барысына байланысты кеңес берді. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және криминалистикалық сараптама тағайындалды. Криминалистика бөлімшесінің бастығы тергеушіден қаулыны алып, сараптама жүргізуді Болотинге тапсырды.



  1. Криминалистика бөлімшесі бастығының іс –әрекеті заңды ма?

  2. Қылмыстық іс жүргізудің қатысушыларына саралау жүргізіңіздер?



2 – есеп

Тергеуші Аюповты айыптауға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізу барысында жәбірленуші Асановадан жауап алу үшін, оған үш рет шақыру қағазын жіберді. Бірақ жәбірленуші ІІО-на келмеді. Тергеуші жәбірленушуінің дәлелсіз себептермен келмегендігін анықтау барысында, оның осы уақытта спирттік ішімдіктерді ішіп жүргендігін анықтай отырып, оны күштеп әкелу туралы қаулы шығарады.

1.Тергеушінің іс-әрекетіне баға беріңіз.

2.Жәбірленушінің процессуалдық мәртебесі қандай?



3 – есеп

Кәмелет жасқа толмаған Маслованың қорғаушысы қылмыстық істің материалдарымен танысу туралы өтініш жасады.Тергеуші қорғаушының өтінішін қанағаттандырудан бас тартты, оның себебін ол қорғаушы қылмыстық істің материалдарымен тек айыпталушымен бірге ғана танысуы қажет деп көрсетті.

1.Тергеуші дұрыс жасады ма?

2.Қылмыстық іс жүргізуде қорғаушы қандай құқықтарымен қамтамасыз етілген?


4 – есеп

Он алты жасар Берікұлына азамат Есімовке ауыр дене жарақатын салғаны үшін айып тағылды. Тергеуші Берікұлына оған қылмыстық іс бойынша қорғаушы қажет пе деп қойған сұрағына, ол өзінің ата- анасының басқа қалада тұратындығын және оның қамалғандығын білмейтіндігін, өзінде ақша жоқ екендігін айтты. Тергеуші хаттамада айыпталушының қорғаушыдан бас тартқандығын көрсетеді.

1.Тергеушінің іс –әрекеттері дұрыс па ?

2. Қандай жағдайларда қорғаушының қатысуы міндетті болып табылады?

3.Қылмыстық іс жүргізу заңында қорғаушыдан бас тарту туралы сұрақтар қалай өз шешімін табады?

4.Қорғаушы іске қатысуға қай уақыттан бастап жіберіледі?


5-есеп

Айыпталушы ретінде жауапқа тартуға шақырылған кәмелеттік жасқа толмаған Абаев, өзін –өзі қорғауға жағдайы бар екендігін, сондықтан да тергеуші арқылы тағайындалған қорғаушыны, өзінің қорғаушысы Нарымов келгенше істен шеттетуін сұрады.

1.Бұл жағдайда тергеуші қандай шешім қабылдауы керек?
6-есеп

Кісі өліміне қатысты қылмыстық іс жүргізу барысында тергеуші, қайтыс болған кісінің немере ағасын жәбірленуші ретінде таныды. Бұл шешім қабылданған соң он күннен өткеннен кейін, қайтыс болған кісінің әкесі тергеушіге келіп өзін жәбірленуші ретінде тануын өтінеді. Бірақ тергеуші оны жәбірленуші ретінде танудан бас тартады, оның себебін қылмыстық іс бойынша бір жәбірленуші бар екендігін, ал екіншісінің керек еместігін айтады. Прокурор шағымды қарай отырып, тергеушінің шығарған қаулысын қысқарту керектігін, немере ағасының орнына жәбірленушінің әкесін жәбірленуші ретінде тануын ескертеді.

1.Тергеуші мен прокурордың шешіміне, іс –әрекетіне баға беріңіз.
7 – есеп

Алдын ала тергеу барысында кәмелетке толмаған айыпталушыны қорғауға, тергеушінің талабы мен заңды кеңесінен бөлінген қорғаушы Кисин қатысты. Бірақ та айыпталушы тағайындалған қорғаушыдан бас тарта отырып, оның қылмыстық істен шеттетілуін өтінген. Тергеуші айыпталушының өтінішін қанағаттандырды. Қылмыстық істің материалдарымен таныстыру барысында, қылмыстық іске қорғаушы ретінде айыпталушы өтілген Нұғыманова қатыстырылды. Қылмыстық істің аяқталуы барысында, осы адвокаттан бөлек, тергеушінің шақыруымен келген адвокат Кисин де қатыстырылды.

1.Айыпталушының өтінішіне байланысты тергеуші қандай шешім шығарылуы қажет?

2.Қандай істер бойынша және қай уақыттан бастап қылмыстық іс бойынша қорғаушы қатыстырылуы қажет.


8 – есеп

Азамат автокөлік арқылы жүк тасымалымен айналысты. Қала көшелерінің бірінде автокөлік тоқтап тұрған мезетте, Бондарь деген азамат жасөспірім Даулетовпен бірге автокөліктің кузовына заңсыз кіріп, ұрлық жасады. Осы мезетте олар ұсталынып қалды.

1.Мұндай жағдайда қылмыстық істі кім жүргізуі мүмкін?

2.Қандай мемлекеттік орган және заңды тұлға қылмыстық істі тергеуі мүмкін?




9 – есеп

Заманов Османовтың жанұясының пәтерінен кеткендігін аңдып жүріп, пәтерінің құлпын бұзып ұрлыққа түседі. Бірақ пәтердегі құнды заттарды жинап алып кетер кезде, үй иесі ұстап алады. Бұл мезетте үй иесі ұмытып кеткен заттарын алып кету үшін пәтерге қайта оралған болатын. Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және алдын ала тергеу жүргізіле бастады.

1.Осы оқиға бойынша кімді жәбірленуші ретінде тануға болады?

10 – есеп

Ақназаров кездездейсоқ жақын жерде топталып төбелесіп жатқан балаларды ажыратпақ болған мезетте, бұзақылардың қолынан қаза табады. Қылмыскер табылып қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тергеушіге қайтыс болған азаматтың әкесі Ақназаров Асан Берікұлынан және анасы Ақназарова Қалима Сәлімқызынан қайтыс болған ұлдарын жәбірленуші ретінде тану туралы өтініш түседі. Сонымен қатар, қайтыс болған тұлғаның болашақ жары да өзін қылмыстық іске қатыстырылуын сұрайды.

1.Тергеуші қалай іс –әрекет жасауы керек?


11- есеп

Мылқау Ақановқа айып тағылған соң, тергеуші одан аудармашы арқылы іске қорғаушы керек екендігін сұрайды? Ақанов өзінде ақша жоқ екендігін айтты. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда тергеуші Ақанов қорғаушыдан бас тартты деп көрсетті.

1.Тергеушінің іс –әрекеті дұрыс па?
12- есеп

Кәмелет жасқа толмаған Сапаров Глотовтың сөмкесін тартып алады. Тергеуші сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды және Глотовты азаматтық талапкер деп, ал Сабыровтың әкесі – Сабыров Исатайды азаматтық жауапкер ретінде таниды. Қылмыстық істі тексеру арқылы прокурор, тергеушінің қаулысын өзгертті. Оның себебін тек айып тағылған соң ғана тану қажет шешім шығарды.

1.Тергеуші мен прокурордың іс –әрекеттері дұрыс па?
13 –есеп

Ахмедов пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ол Ақтөбе университетінде ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін. Емтихан барысында қабылдау комиссиясының хатшысы қызметін атқарды. Алдын ала тергеу барысында Ахмедов айып тағылған уақыттан бастап өзіне қорғаушы керек екендігін талап етті,оның себебін өзінің ұлты татар екендігін және сотта өз тілін қолдану керек екендігін атап өтті.

1.Тергеуші қандай шешім қабылдауы қажет?
14-есеп

Полиция қызметкерлері Гоголь көшесі 16-үй жанындағы алаңда азамат Асановқа шабуыл жасады деген күдікпен Т.Оспанов қолға түсірілді. Ол пистолетпен қорқыту арқылы азамат Асановтан 15мың теңге тұратын алтын алқасын, екі жүз АҚШ долларын және құжаттарын тартып алған. Жәбірленуші оның бойы мен дауысына қарап таныды. Бірақ Оспановтың мекен –жайын тінту барысында оның кінәлілігін айғақтайтын қылмысқа қатысты ешқандай зат табылмады. Жеткілікті дәлел болмағандықтан тергеуші Оспановты қамаудан бас тартты. Бірнеше күн өткен соң, Оспанов тергеуші арқылы жауап алуға шақырылды.

1.Оспановтан қылмыстық іс жүргізудің қандай қатысушысы ретінде жауап алынуы шарт?

2.Күдіктіге қандай құқықтар берілген.


жүктеу 2,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау