Шымкент 2016 Әож 343(075. 8) Кбж 67. 408 я7



жүктеу 2,84 Mb.
бет1/14
Дата20.05.2018
өлшемі2,84 Mb.
#14545
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРАКТИКУМЫ

(Оқу құралы)

Шымкент 2016
ӘОЖ 343(075.8)

КБЖ 67.408 я7

Қ34

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің кеңесінде қарастырылған хаттама №4, «28» қараша 2016 ж.



Пікір жазғандар:

Құрманов И.Т. - полиция подполковнигі ҚР ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығы

Сартбаева У.К. – заң ғылымдарының кандидаты Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті
Каныбеков А. Ш., Гасанов А. А., Қаратаев Т.Ж.

Қ34 Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқғының практикумы. Оқу құралы, Шымкент. «Әлем» баспаханасы 2016. – 161 б.
ISBN 978-9965-898-13-6
«Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығының практикумы» қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сот процесінің және жазаның өтеу кезіндегі іс әрекеттердің заңдылығын реттейді. Аталған оқу құралында есептер жинағы мен қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, сотқа дейін тергеп-тексеру, істі қадағалаушы органға жолдау және сотқа жіберу үшін қолданылатын құжаттарының үлгілері жаңартылып берілген. Оқу құралы қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толтыру, оларды жүргізу тәртібін оқып үйрету арқылы, құқықтық сауаттылығы жоғары мамандар дайындау болып табылады.

Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орталығының тыңдаушыларына және Қазақстан Республиканың жоғары, орта білім беретін оқу орындарының 5В030100- «Құқықтану» мамандығының студенттеріне арналған.


ӘОЖ 343(075.8)

КБЖ 67.408 я7


ISBN 978-9965-898-13-6
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеті болып есептелінеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы Қазақстан халқына жасаған кезекті Жолдауында, білім сапасына және оның дамуына тағы да тоқталып кетті. Сонымен қатар, аталған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында құқықты сақтау мен қамтамасыз етуге де басты назар аударды.

Ал, Президент Жолдауын жүзеге асыру - барлық мемлекеттік органдардың, оқу орындарының басты міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары аталған тапсырманы жүзеге асыруда жетекші орындарға ие.

Осы бағытты орындауда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының алатын орны үлкен. Оларға қылмыстық іс жүргізу барысында білікті де білімді кәсіби мамандар керек, осы арқылы алдын ала тергеу мен анықтауды дұрыс жүзеге асыра алады, заңның орындалуы толықтай сақталады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырушы органдар қызметкерлерін дайындауда негізгі пәндердің қатарына «Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы» жатқызылады.

Қазіргі таңда алға қойған мақсаттың бірі жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексіне сәйкес оқулықтарды дайындау болып табылады. Сонымен қатар, қазақ тілінде жазылған оқу құралдарының санын көбейту және сапасын арттыру қажет.

Алға қойған мақсатты жүзеге асыру мақсатында алғашқылардың бірі болып қазақ тілінде «Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығының практикумы» бойынша оқу құралын ұсынып отырмыз.

Бұл аталған оқу құралында әр тақырыпқа қысқаша түсініктеме беріліп, есептер жинағы және жаңа Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодесініне сай өңделіп толықтай жаңартылып сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қолданылатын іс жүргізу құжаттары берілген.

Есептерді шешу барысында тыңдаушылар оны толықтай мұқият оқи отырып, қойылған сұрақтарға есептің мәніне қарай баға беру қажет. Саралау барысында тындаушылар қелесідей сұрақтарға жауап бepyi шарт: шешілетін есептің талабы қандай, оны жүзеге асыру қандай мақсаттарға жетуге алып қеледі? Келесі мәселе – есептерді шешудің жолдарын анықтау. Ол үшін тындаушылар нормативтік материалдарды, яғни заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді пайдалана білуі шарт. Тыңдаушылар қабылдаған шешімдерін зандарға және нормативтік актілерге сәйкес негіздеуі қажет.



Есептер тындаушылар арқылы жазбаша немесе ауызша нысанда орындалады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы практикумының түсінігі, мәні және міндеттері. Қылмыстық процестің қағидатары.

1.Қылмыстық іс жүргізу құқығы практикумының ұғымы және оның құқық жүйесіндегі орны.

2.Қылмыстық іс жүргізу құқығы практикумының пәні, мақсаты, міндеттері мен мазмұны және құқықтық реттеу.

3. Қылмыстық процестің қағидаттары.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы практикумының ұғымы және оның құқық жүйесіндегі орны Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы деп заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы мемлекеттік өкілді орган (Парламент) қабылдаған және қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі мен мазмұнын айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жиынтығын айтамыз.

Қылмыстық іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдар, олардың басым күшіне қарай, мынадай бірнеше деңгейге бөлінеді:

Қазақстан Республикасының Конституциясы — ең жоғарғы күші бар және тікелей қолданылатын заң.

Конституциялық заң. Атап айтқанда, 2000 жылғы 25 желтоқсанда шыққан «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заң қылмыстық сот ісін жүргізу саласында қолдануға жатады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі. Бұл кодекс пен конституциялық заң ережелерінің арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылуға тиіс. Өзге заңдар мен ҚР ҚПК-і ережелерінің арасында қайшылық кездесетін болса, ондай жағдайда Кодекстің ережелері қолданылады. Бұл топқа Қазақстан Республикасының мына заңдары жатқызылады: Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы (1995 жылғы 21 желтоқсандағы); Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы (1995 жылғы 21 желтоқсандағы); Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы (1995жылғы 21 желтоқсандағы); Жедел-іздестіру қызметі туралы(1994 жылғы 15 қыркүйектегі); Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы (1995 жылғы 20 шілдедегі); Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы (1998 жылғы 26 маусымдағы); Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы (2000 жылғы 5 шілдедегі); Алқабилер туралы (2006 жылғы 16 қаңтардағы) және т.б.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы практикумының пәні, мақсаты, міндеттері мен мазмұны және құқықтық реттеу. Жоғарыда аталған заңдарды олардың басым күшіне қарай дәрежелеумен қатар, ол заңдардың қылмыстық іс жүргізу саласында қолдану көлемі жөнінде де айту қажет. Яғни, қылмыстық іс жүргізу тәртібі толығымен ҚР ҚПК-нің нормаларымен реттелетіндігін біле отырып, басқа заңдардың бұл салада кейбір жеке мәселелер бойынша қолданылатындығын ескеру керек.

Қылмыстық процесс принциптерінің ұғымы мен мәні. Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін тұжырымдау үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. Қандай да болсын ережелерді қылмыстық іс жүргізу кұкығы принциптерінің категориясына жатқызу үшін олар мына талаптарға сай келуге тиіс:

1. Олар (ережелер) анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінде негізгі, бастапқы сәттерді айқындап, олардан, өз кезегінде, жеке-дара сипатты ережелер туындайды;

2. Принциптердің өздерінде адамдардың ерік берілген немесе міндетті іс қылықтарының барлық жақтары және кұқықтық норманың барлық элементтері (болжам, диспозиция, санкция) тұжырымдалуға тиіс емес;

3. Негіз қалаушы айқындамаларға еркін мазмұн беруге болмайды, өйткені олар қылмыстық іс жүргізу құқығының зандылықтарымен және ішкі логикасымен объективті түрде байланысты;

4. Принциптер категориясына жатқызылған ережелер объективті және субъективті негіздерді бірдей дәрежеде ұштастыруға тиіс (мазмұн объективті, заң сезінің нысаны субъективті);

5. Принцип ережелерінің мәніне орнықтылық, тұрақтылық тән болуға тиіс (құқык нормалары езгертіледі, зандар ауыстырылады, ал принциптер сақталады);

6. Өктем, әмірлі сипатта болуға тиіс;

7. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде басым жағдайда болуға тиіс.

Сонымен, қылмыстык процесс принциптері — қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орныктырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер.

Сөйтіп, принциптер мәнінің ауқымды түсініктемесі мынадай:

қылмыстық іс жүргізу кұқық жүйесінде принциптер орталық, басты орын алады; олар өзара тығыз және үйлесімді байланысты бастапқы, негізгі нормалар болып табылады; принциптер кұқықтық нұсқамалар ретінде қалыптасады және нормативті сипатта болады; олар қылмыстық процестің мақсатын, оның табиғаты мен жүйесін түсінудің кілті болып табылады; принциптер іс жүргізу құқығының негізгі бағыттарын, даму перспективаларын айқындайды; олар қолданылып жүрген зандарды езгерту мен толықтыруға байланысты ұсыныстардың негізділігін анықтау кезіндегі басты өлшемдер болып табылады; принциптер қүқық қалыптастыру қызметінде әлеуметтік бағдарлар функциясын атқарады; принциптер іс жүргізу нормаларының дұрыс түсіндірілуіне жәрдемдеседі.



1 -есеп

Ақтөбе қаласындағы кондитерлік өнімдер шығаратын фабриканың төртінші қабатында ирис-мармелад цехының дәнекерлеушісі Қазиев, жалпы бағасы 25000 теңге көлемінде кондитерлік өнімдер толы үлкен қорапты терезеден жерге тастай берген уақытта қолға түcтi. Фабрика басшысының нұсқауымен, кеңесші заңгер Досқараев 10 тәулік ішінде Қазиевтен және оны ұстаған цех бастығы Амановтан және бригадир Зотовтан түсініктеме ала отырып, құқық бұзушылық туралы хаттама жасады да, оған тәркіленген өнімнің бағасын тіркеп, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу туралы шешімді шығару үшін Сазды ПБ жіберді.

1. Қылмыстық ic жүргізу қызметін жүзеге асыpyға кімдер құқылы?

2. Зауыт бастығы мен заң қеңесшісінің ic-әрекеттері орынды ма?


2 -есеп

Сағат 19:00-де Елек ПБ-нің кезекші бөліміне Есенованың пәтерінде ұрлық болғандығы туралы хабар түсті. Оқиға болған жерге тез арада жедел-тергеу тобы жетті. Оқиға болған жерді қарау арқылы, тергеуші қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу туралы қаулы шығарды.

Бірақ тергеушінің өндірісінде қылмыстық істің көптігіне байланысты және олардың мерзімдерінің келуіне байланысты тергеуші бұл қылмыстық іспен айналысуға уақытылы кіріспеді. Тек екі апта өткен соң ғана осы қылмыстық істі тергеуге кірісті. Бірақ қылмыс жасаған тұлға анықталмады, тергеуші қылмыстық іс бойынша мерзім біткен соң оны тоқтатты.

1.Қылмыстық ic жүргізудің міндеттерін атап өтіңіз және тергеушінің іс-әрекеті оған сәйкес келе ме?


3 - есеп

Асановтың пәтерінде ұрлық жасалғандығы туралы хабар түскен соң, Сазды ПБ –нің жедел тергеу тобы оқиға болған жерге барды. Tepгeyші азаматтар Берікұлы мен Қамбаровты куәгер ретінде тарта отырып, оқиға болған жерді қарау хаттамасын түзеді. Содан кейінгі кезекте жәбірленуші Асановтан жауап алынды. Қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу туралы қаулы осыдан кейін шығарылды.

1. Tepгеуші арқылы қандай қылмыстық іс жүргізу тәртібі бұзылып отыр?

2. Қылмыстық ic жүргізу нысанының іc жүргізу заңындағы алар орны.


4 -есеп

Қылмыстық сот iciн жүргізу міндеттерін орындау мақсатында қылмыстық ізге түсу органы өз құзіреті шегінде қылмыстың белгілерін тапқан әрбір жағдайда қылмыс оқиғасын белгілеуге, қылмыс жасауға кінәлі адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға, сонымен бірдей кінәсіз адамдарды ақтау шараларын қолдануға міндетті.

(16., 36б. ҚР ҚПК).

1. Қылмыстық ic жүргізу құқығы нормаларының қай түріне жатқызуға болады?

2. Қылмыстық ic жүргізу заңына анықтама беріңіз?
5 -есеп

Ташкент-Ақтөбе жолаушылар пойызынан Арыс бекетінен жіберілген соң, жарты сағаттан кейін тамбурдан Польша Республикасының азаматы Козовтің мәйіті табылды. Көрші вагонда кетіп бара жатқан дәрігер, тексеру барысында, кісі өлімі бұдан 5 сағат бұрын болғандығын анықтады, яғни ол мезетте пойыз әлі Өзбекстан аумағында болатын.

1.Қылмыстық icті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді кім жүргізуі қажет?

2.1с жүргізу әрекеттерін жүргізу барысында, қай қылмыстық іс жүргізу заңын басшылыққа алған дұрыс болар еді?


6 -есеп

Tepгеуші тамыз айының 25-ші жұлдызында Арғынбаевқа қатысты ауыр дене жарақатын салу оқиғасына байланысты қылмыстық icті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді және қазан айының 12 жұлдызында алдын ала тергеуді аяқтай келе, 14 қазан күні қылмыстық іспен айыпталушы Пашаров пен оның қорғаушысын таныстырды. Содан кейінгі тұста қазан айының 17-ші жұлдызында қылмыстық істі айыптау актісімен прокурорға берді. Қазанның 20-шы жұлдызында прокурор айыптау актісін бекіте отырып, сол күні істі сотқа берді. 24-ші қазан күні сот басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарды. Қазанның 29-шы жұлдызынан бастап сот қылмыстық істі қарай бастады да, 2-ші қараша күні аяқтады.

Қарашаның 5-жұлдызында сот айыптау үкімін шығарды. 9 қараша күні жәбірленуші арқылы қолданылған қылмыстық жаза жеңіл екендігіне қатысты шағым жасалынды. Қарашаның 21 күні облыстық сот апелляциялық тәртіпте істі қарау арқылы, үкімді еш өзгеріссіз қалдырды.

1. Осы қылмыстық ic өткен қылмыстық ic жүргізудің кезеңдерін атап өтіңіз?

2. Қылмыстық ic жүргізу кезеңінің бір-бірінен өзара айырмашылығы қандай?
7 –есеп

Тергеуші істі өз өндірісіне алған соң, жәбірленуші мен куәдан жауап алды және сарапшы Шорохов жүргізген сот-медициналық сараптамасын тағайындады. Содан кейін тергеуші Есеновке айып таға отырып, одан айыпталушы ретінде жауап алды.

1. Бұл кезде іске қатысушылар арасында қандай қылмыстық ic жүргізу қатынастары пайда болады?

2. Қылмыстық ic жүргізу қатынасының ұғымын анықтаңыз?



Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қылмыстық істі қозғаудағы жазылатын процессуалдық актілер.

1. Қылмыстық қудалаудың түсінігі мен негіздері.

2. Кәсіби қорғаудың ұғымы мен түрлері.

3. Ақтау оның түсінігі.

4. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу тәртібі.

5. Процестік мерзімдер. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу.
Қылмыстық қудалау ұғымы. Қылмыстық қудалау функциясы Конституция деңгейінде тұңғыш рет орнықтырылып, оның 83-бабында прокуратура, заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырады деп белгіленген. Заңға сәйкес кылмыстық қудалау (айыптау) — "қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, сощысынын қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құкықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі" деп түсіну қажет (ҚІЖК 7-бабының 13-тармағы).

Қылмыстық қудалау органдары — "прокурор (мемлекеттік айьштаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы" (ҚІЖК 7-бабының 14-тармағы). Сот осы оргаңдар қатарына кірмейді. Прокурор сотқа дейінгі кезендерде, сондай-ақ сотта қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Президетінің "Қазақстан Республикасындағы прокуратура туралы" Заң күші бар Жарлығының 46-бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді сотқа дейінгі кезендерде жүзеге асырушы прокурор:

-оқиға болған жерді қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін қажетті басқа да іс-әрекеттер жасауға хақылы;

-қылмыстық іс қозғайды немесе қылмыстық іс қозғауға рұқсат беруден бас тартады;

-анықтама немесе алдын ала тергеу жүргізу үшін тиісті органға прокуратура қозғаған қылмыстық істерді береді;

-заңда көзделген жағдайларда тергеу, анықтама, сондай-ақ жедел-іздестіру кызметін жүзеге асыратын лауазымды адамдардың іс-әрекетіне санкция береді;

-жекелеген тергеу әрекеттері бойынша іс жүргізуге қатысады;

-қол сұғуға болмайтын құқыққа ие адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім алу үшін ұсыныс енгізеді;

-істі сотқа жібереді.

Прокурор істі сотқа жіберген кезде қылмыстық ізге түсу функциясы өзгешелеу жүзеге асырылады. Сотга прокурордың қылмыстық ізге түсуге қатысуы мемлекеттік айыптауды қолдау түрінде болады. Басқа барлық жағдайларда прокурор зандылықты қадағалайды.

Қылмыстық ізге түсуді тергеушінің, анықтау органының, анықтаушының жүзеге асыруының прокурор қызметінен айырмашылығы—прокурор қылмыстық ізге түсуді зандылықты қадағалау міңдеттерін шешумен ұштастырады. Сонымен бірге, аталған органдардың қызметі негізінен қылмыстық ізге түсуге бағытталған. Басқа барлық функциялар олар үшін екінші дәрежелі сипатта болады.

Сонымен, қылмыстық ізге түсу функцияларының белгілері мынадай:

-іс-әрекеттің қылмыстық занда қылмысты деп, қылмыстық жаза қоддануға лайықты деп танылуы;

-қылмыстык істі тоқтату, қылмыстық ізге түсуді тоқтату үшін негіздердің жоқтығы;

-адамның кінәлі екенін қуаттайтын қажетті дәлелді базаның болуы.

Қылмыстық іс жүргізу заныңца қылмыстық ізге түсудің үш нысаны көзделген:

- қылмыстық ізге түсуді жеке түрде жүзеге асыру (ҚІЖК 33-бап);

- қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы түрде жүзеге асыру (ҚІЖК34-бап);

- кылмыстық ізге түсуді жариялы түрде жүзеге асыру (ҚІЖК 32-бабының 4-бөлігі).

Нысаңдарға бөлу жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығының белгілеріне негізделген (ҚІЖК-нің 32-бабының 1-белігі).
1 –есеп

Цыган тобы бірнеше республикаларды аралай отыра, көптеген ұрлықтар жасады. Кезекті бір пәтерге ұрлыққа түсу барысында, осы топтың екі адамы қылмыс жасау барысында ұсталды және олар Елек ПБ-не жеткізілді.

Жауап алу барысында күдіктілер, осы топтың басқа да қатысушылары туралы және олардың 2013-2014 жылдар аралығында Ташкент, Қорған, Бішкек қалаларында жасаған қылмыстары туралы айтып берді. Тергеуді жүргізу Елек ПБ-нің тергеушілері полиция капитаны Асановқа және полиция аға лейтенанты Арғынбаевқа, оларға жетекшілік ету Қалиевқа жүктелді. Тергеуді жүргізу мақсатында полиция капитаны Арғынбаев Ташкент және Бішкек қалаларына барып, онда тергеу әрекеттерін өткізді.

1. Арғынбаев Ташкент және Бішкек қалаларында тергеу әрекеттерін жүргі- зуде қылмыстық іс жүргізудің қандай заңын басшылыққа алуы шарт ?

2. Осы тергеу әрекеттерін тергеуші Арғынбаев Қорған қаласында өткізе ала ма?
2 -есеп

Куә анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге, іс бойынша өзіне белгілі барлық жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге міндетті. Қасақана жалған жауап бергені үшін және жауап беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

1.Қылмыстық ic жүргізу нормасының диспозициясын, гипотезін, санқциясын анықтаңыз және олардың түрлерін атаңыз.
3 -есеп

«Одесса» теплоходы Волгоград-Астрахан-Ақтау бағытына жол тартты. Жүзу барысында Туркия елінің азаматы, мас күйінде, жолаушылардың бірін ұру арқылы ауыр дене жарақатын салды. Кеме капитаны қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізе отырып, анықтау жүргізді. Ақтау аймағына келген соң, кеме капитаны Туркия азаматын қылмыстық іс материалдарымен бірге полицияға өткізді. Құқық бұзушы өзінің шетел азаматы ретінде босатылуын талап етті.

1. Кеме капитаны анықтауды жүргізу барысында және алдын ала тергеу органдары іс бойынша әрі қарай тергеуді жүргізу үшін, қылмыстық іс жүргізу заңының қандай талаптарын басшылыққа алуы шарт?
4 - есеп

Азамат Ағатов Мәскеу қаласында пәтер ұрлығын жасау барысында қолға түсті. Алдын ала тергеу барысында азамат Ағатовтың бұл уақытқа дейінгі Мәскеу қаласында және Қазақстанның аумағында бірнеше қылмыстар жасағандығы анықталды. Бұл іс бойынша тергеу жүргізуді Мәскеу қалалық алдын ала тергеу және анықтау органдары жүзеге асырды. Сонымен қатар Қазақстан аумағында да бірнеше іс жүргізу әрекеттері жүргізілді.

Алдын ала тергеу және анықтау органдары тергеуді жүргізу барысында қай елдің қылмыстық іс жүргізу заңын басшылыққа алуы мүмкін?
5 -есеп

Болгария елінің азаматы Ақтөбе қаласындағы «Империал» мейрамханасында мас күйінде ұрыс шығарып, өзінің жол серігін ұрады, нәтижесінде дене жарақатын салып, ауруханаға түседі. Кезекші полиция бөлімі осы азаматты Ақтөбе қаласы Елек ПБ –не жеткізді. Бұл азамат, өзінің шетел азаматы екендігін атап өте отырып, өзінің тез арада босатылуын талап етті.

1. Осы жағдайда полиция қызметкерлері қандай ic әрекеттер жасауы қажет және қандай заңды басшылыққа алуы шарт.
6 -есеп

Жолаушылар теплоходы Волгоград қаласынан Ақтау бағытына жол тартты. Кеме ақтау айлағына 15 шақырым қалғанда, жолаушылардың бірі Носов мас күйінде төбелес шығарады, нәтижесінде матросты ұрып, кеме командасы бағытына жаман сөздермен балағаттады. Носовтың аяқ қолы байланып, өз каютасына жабылады.

1. Кім және қай республиканың заңымен тергеу және сот талқылауы жургізілуі тиіс?

7 -есеп

Елек ПБ-нің тергеушісі Қалиев ҚР ҚҚ 188-бабымен Исаевқа қатысты, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығарды. Бұл қаулы туралы Исаев біліп қойып, бой тасалайды. Тергеу барысында тергеуші айыпталушы Исаевтің ұрланған мүліктің жарты бөлігін алып, Қырғызтан Республикасы Бішкек қаласындағы өз туысы Есеновтің үйіне қашып келеді.

Тергеуші Исаев Бішкекке қалалық ІІБ тергеушілеріне Есеновтің пәтеріне тінту жүргізуге, Исаевті ұстауға, оған айып тағуға, қамауға алуға және оны Алматы қаласына жеткізуге, тінту барысында алынған бүкіл мүліктерді хаттамамен бірге беріп жіберуге тапсырма береді.

1. Тапсырманы беруші және оны орындаушы тергеушілер қай елдің заңын басшылыққа алуы тиіс ?

2. ТМД ІІО -да тергеуші қандай заңдарды ба­сшылыққа алуы тиіс?
8 -есеп

Бұзақылық қылмысы үшін жауапкершілікке тартылған Сексенбаев сотта, өз ісін жабық сот отырысында қаралуын талап етті. Оның басты себебі, өзі жасаған іс-әрекеті дұрыс еместігін, өз туысқандары мен балалары алдында ұятқа қалғысы келмейтіндігін түсіндірді.

1. Осы өтініш қанағаттандырылуы қажет пе?

2. Көрсетілген іс-әрекет заңның қай бабында қарастырылған ?


9 –есеп

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Асанов пен оның сыбайласы кәмелетке толмаған Жакуповтың iciнe қатысты үкімді қысқартты. Үкімнің қысқартылуына негізгі жағдай - қорғаушының қатысуы міндетті бола тұрса дағы, Жақупов алдын ала тергеу барысында да, сот барысында да қорғаушыдан бас тартуы.

1. Үкімнің қысқартылуы дұрыс па?

2. Бұл сұрақ заңның қай бабына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс?


10 -есеп

Әскери қызметкер Киреев, басқа мемлекеттің аумағында өз әскери міндетін атқару барысында қылмыс жасады. Қылмыстық іске қатысты тергеу жүргізілген соң, Қазақстан Республикасы аумағындағы әскери соттың бipiнe береді.

1. Осы жағдайларды тергеу органдары және сот қай заңды басшылыққа алуына болады?


жүктеу 2,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау