«Шығыс Қазақстан облысы
ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 39-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Шығыс Қазақстан облысының
әкімі Д. Ахметов
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2018 жылғы «__»___________
№ ___ қаулысымен
бекітілді
«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс аумағында бірыңғай аграрлық саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң, облыс әкімі мен әкімдігінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
8. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Головков көшесі, 38/40.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыстың агроөнеркәсіп кешені салаларының экономикалық өсуіне және сапалы жаңа деңгейге жетуіне ықпал ету мақсатында мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру, облыстың азық-түлік нарығын қол жетімді, қауіпсіз және сапалы тамақ өнімдерімен толтыруға ықпал ету.
14. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) аграрлық саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру және осының негізінде облыс аумағында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың болашағы мен үрдісін айқындау;
2) нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына ықпал ету, облыста бірыңғай қаржылық-инвестициялық саясат жүргізу;
3) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына өнімді сатуда және жабдықтауда нарықтық орта қалыптастыруға ықпал ету;
4) ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, облыс және республика өңірлері бойынша нарықтық жағдаятты, ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның қайта өңдеуден өткен өнімдерін экспортқа шығару мүмкіндіктерін зерделеу;
5) тұқым шаруашылығы және астық өндіру, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, фитосанитариялық қауіпсіздік үшін жағдайлар жасау;
6) ғылыми-техникалық үдерістің негізгі бағыттарын, оларды іске асырудың жолдары мен әдістерін айқындау және енгізуге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылым мен техника жетістіктерін насихаттауға көмектесу.
15. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңына және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
4) шығарылатын өнiм түржинағы бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
5) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегi іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
6) өңірдің агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
7) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;
8) агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру;
9) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;
10) азық-түлік тауарларын сатып алу бағдарламасына қатысушыларды айқындау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
11) мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;
12) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алу, ұстау және кең ауқымда өз төлi есебiнен өсiру үшiн мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;
13) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер өткiзген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
14) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тiзбе мен тәртiпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнiнде iс-шаралар жүргiзуді қамтамасыз ету;
15) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігін өтеу;
16) агроөнеркәсiптiк кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігін өтеу;
17) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
18) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
19) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;
20) агроөнеркәсiптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тарту, бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнің халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау, мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу;
21) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы үшін жағдай жасау;
22) iшкi және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң тиiстi ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
23) агроөнеркәсiптiк кешеннің және ауылдық аумақтардың жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға беру;
24) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асыру;
25) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізу;
26) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;
27) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру;
28) ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асыру;
29) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
30) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
31) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізу;
32) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізу;
33) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
34) облыс бойынша тұқым балансын жасау;
35) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты беру;
36) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
37) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;
38) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылау;
39) облыс аумағында тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асыру;
40) заңға сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
41) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін – элиталық тұқымдар бойынша айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
42) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
43) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
44) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
45) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:
субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдайды;
46) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
47) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
48) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;
49) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;
50) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
51) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;
52) астық қабылдау кәсіпорындарын: бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді; астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау;
53) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
54) астық қабылдау кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;
55) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға материалдар дайындау;
56) облыстың шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
57) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;
58) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу жөнінде шаралар қабылдау;
59) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
60) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;
61) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;
62) астықтың, оның ішінде мемлекеттік астық ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
63) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
64) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органына енгізу;
65) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
66) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
67) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
68) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдауды ұйымдастыру;
69) мыналар:
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
70) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
71) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу және басып шығару;
72) ірi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөлу;
73) бекiтiлген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң есебiн жүргiзу;
74) асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған iс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;
75) облыс аумағында бал ара шаруашылығының дамуын және қорғалуын бақылау;
76) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестiру және бал ара шаруашылығындағы асыл тұқымдық iстердi мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру;
77) бал ара шаруашылығы саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
78) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
79) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
80) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамауы туралы істерді қарауға материалдар әзірлеу;
81) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұрату және алу;
82) бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
83) ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су жеткiзу бойынша көрсетiлетiн қызметтер құнын субсидиялау жөнiндегi iс-шараларды iске асыру;
84) жерді гидромелиорациялау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
85) карантиндi объектiлердiң таралуының есебiн жүргiзу және карантин саласындағы уәкiлеттi орган мен мүдделi тұлғаларға ақпарат беру;
86) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
87) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру;
88) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы ұсыныстар енгізу;
89) уәкілетті органға:
жайылымдарды ұтымды пайдалану;
жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
жайылымдардың оты-суының молдығы;
жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы жартыжылдық және жылдық есептерді ұсыну;
90) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
91) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және іс-шараларды жүзеге асыру;
92) ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және олардың мүшелеріне шығаратын өнімінің ассортименті бойынша сауда орындарын бере отырып, өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
93) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылу және қызметінің тәжірибесін тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
94) ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін қаржы ұйымдарының инвестициялары мен кредиттерін тарту, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастыру мен дамыту, оларды жаңғырту үшін жағдайлар жасау және сапа менеджментінің халықаралық жүйелеріне көшіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
95) ауыл шаруашылығы кооперациясының ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы үшін жағдайлар жасау;
96) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) облыс әкімінің және әкімдігінің қарауына ауыл шаруашылығы өндірісін, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту, реформаларды тереңдету және агроөнеркәсіптік кешенді қаржылық сауықтыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
2) «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті ақпараттар мен құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұрау және алу;
3) «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі сондай-ақ өз қызметін жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтарды пайдаланады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
18. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
19. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын
орынбасарлары болады.
20. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:
1) заңнамаға сәйкес «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
заңнамада белгіленген тәртіппен «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің актілерін шығарады;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді, өз құзыреті шегінде шарттар жасасады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапты болады;
ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
23. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |