Шығыс Қазақстан облысындағы балалардың 2009 жылғы жағдайы Өскемен қаласы 2009 мазмұНЫ



жүктеу 3,04 Mb.
бет3/9
Дата02.02.2020
өлшемі3,04 Mb.
#28041
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Жалпы орта білім

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың бір қағидасын іске асыру – тұрғындар үшін барлық деңгейдегі білім беру қолжетімдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз ету үшін жағдай жасау мақсатында 2009-2010 оқу жылдарында 181143 бала контингетімен 750 жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеуде (2008-2009 оқу жылдарында – 187533 бала контингетімен 767 мектеп). Барлық білім беру ұйымдарында мемлекеттік жалпы білім беру стандарты орындалуда.

Шығыс Қазақстан облысында жалпы білім беретін мектептермен қоса жаңа типтегі мектептер де жұмыс істейді: 22 лицейлер мен гимназиялар қызмет етуде, олардың 8-і ауылды жерлерде орналасқан (6 гимназия, 2 лицей). Элитарлық білім берумен қамтамасыз ету үшін 11 арнайы мамандандырылған мектептер, соның ішінде 2 қазақ-түрік лицейі, «Жас Ұлан» ерлер лицейі бар.

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлығы туралы» тапсырмасын іске асыру үшін облыста 3 әртүрлі тілді мектептер жұмыс істейді: Өскемен қаласындағы № 17 ОМ, Семей қаласындағы № 5 ОМ, «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу орталығы. Облыстың бес мектебі (Өскемен, Аягөз, Семей қалаларында) ағылшын тілін ерте оқу бойынша экспериментке қатысуда. Мектептер Қазақстан-Американдық еркін университетімен ынтымақтастықтың арқасында білім беру үрдісінің оқу-әдістемелік қолдауын алуда. Мұнда келісім-шарт негізінде 24 шетел оқытушылары жұмыс істейді, олардың ағылшын тілін жедел оқытуы бүгінгі таңда ерекше талап етілген және құны жоқ. Эксперименттік сыныптардағы тілдік дайындықтың қорытындысы 82% оқушының лексикалық бірліктерді оңтайлы деңгейде игергендерін көрсетті.

Қазақстан Республикасында білім сапасына ұлттық жүйе енгізуге сәйкес облыс мектептерінің оқушылары бірыңғай ұлттық тестілеу түріндегі аттестациядан табысты өтеді. Тестілеуге 90% түлектер қатысты (11830-дың 10595). Өткен жылы көрсеткіш 87,0% құрады.

БҰТ мониторингінің нәтижесі бойынша 2009 жылғы түлектердің білім сапасы бойынша негізгі көрсеткіштер 2008 жылмен салыстырғанда біршама жоғары. БҰТ бойынша орташа балл 74,8 баллды құрады (респ. көрсеткіш – 74,0 балл), бұл өткен жылғы нәтижеден 4,4 баллға жоғары.

Облыстың білім беру жүйесінің мәнді ерекшеліктерінің бірі көп мөлшердегі шағын комплектілі мектептер және олардың өсуінің басымдығы болып табылады. Олардың үлесі 80,4% құрайды. Оқушылар санының төмендеуінің жалғасуы нәтижесінде (2008 жылы 181 мың оқушы 187,5 мыңға қарсы) жалпы білім беретін мектептер санының азаю және шағын комплектілі мектептердің көбею басымдығы белгіленді. Ағымдағы оқу жылында 516 шағын комплектілі мектептерде 50 мыңнан астам бала (27%) және 8 мың мұғалімдер оқыды және жұмыс істеді. Шағын комплектілі мектептердің жалпы контингентінің шамамен 90 % Катон-Қарағай, Ұлан, Көкпекті, Күршім, Бесқарағай аудандарында оқиды.

Шағын комплектілі мектептер бейімделген жайларда орналасқан, пәндерге арналған кабинеттер құруға мүмкіндіктері жоқ. Пәндер-мұғалімдері, әсіресе шет тіліне оқыту жүктемесі аз болғандықтан мектепті білікті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ. Сонымен 30 шағын комплектілі мектептерде 1,2 мыңнан астам бала ағылшын тілін оқымайды.

Оқушылардың білім сапасын көтерудің бір жолы әсіресе ауылды жерлердегі дарынды оқушылармен жұмысты жақсарту және мектепті салаландыру болып табылады. Бүгінгі таңда оқушылардың жалпы санынан тек 19 % оқушы әр түрлі пәндерді тереңдетіп оқыту мектептері мен сыныптарында оқиды. Деңгейін көтеру бағдарламасы бойынша қалалық жалпы білім беретін мектептерде 19,8% оқушы және 9 % ауыл оқушылары оқиды. Облыста тереңдету бағдарламасы бойынша барлығы 54 мектеп (7%) математиканы, 25 (3%) физиканы оқиды. Мұның нәтижесінде Өскемен мен Семейден басқа барлық қалалар мен аудандарда мектеп тәртібін тереңдетіп оқытудың 1 немесе 2 сыныбы бар. Ал химия, жан тану сияқты пәндерді, гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп оқыту мүлде жоқ, себебі мұғалімдердің шығармашылық әлеуетінің құлдырауынан ол пәндерді ешкім жүргізбейді.

Білім беру ұйымдарын педагог кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі әсіресе ауылдарда барынша өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта педагог кадрларға жалпы қажеттілік 342 адам мөлшерінде, ауылдық білім беру ұйымдары үшін 251 немесе 76%. Пән мұғалімдеріне қатысты физик, химик, бастауыш сынып мұғалімдері жетіспейді.

Оларды әлеуметтік қорғау мәселесі толғандырмай қоймайды, жас мамандарды бекіту. 2008-2009 оқу жылдарында облыс мектептеріне 467 жас мамандар келді, ауыл мектептерінің 137 жас мамандарына 11,4 млн.теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді.

Оқу жылының басында 118 мұғалімдерге, соның ішінде 113 жас мамандарға гранттар бөлінді және 35 635,8 теңге мөлшерінде көтерме ақы төленді. 17 жас мамандарға тұрғын үй, 68 жас мамандарға бағалы сыйлықтар берілді.



Ауылға жас мамандарды бекіту аудан және қала әкімдерінің ұстанымы мен мүдделеріне көп байланысты. Ведомстволық тұрғын үйлерді, үй алуға ипотекалық несие, көтерме ақы және әлеуметтік көмектің басқа түрлерін қарастыру қажет.

12-жылдық оқуға көшуге байланысты педагог кадрларды дайындау және қайта даярлауды жетілдіру қажет.

Оқушы өзін құрметтейтін жағдайда оқуы, құрдастарымен толыққанды ортадағы қарым-қатынаста дамуға мүмкіндігінің болуы, салауатты өмір салтын ұстауы, өз денсаулығын сақтауы қажет.



Білім беру бюджетінің жағымды динамикалық өсуін атап айтқан жөн. Егер 2006 жылы бюджет 20,1 млрд.теңгені құраса, онда 2007 жылы – 28,2 млрд. теңгені, 2008 жылы – 35,5 млрд. теңгені, 2007 жылғы өсім 7,3 млрд. теңгені немесе 24,4 % құрады. 2009 жылғы бюджет 40,7 млрд.теңгені құрады, 2008 жылғы өсім 12,0% құрады. Бұл облыстың білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын күшейтудің көптеген мәселелерін шешуге үлкен мүмкіндік береді.



2008 жылы 11 мектеп, 2009 жылы – 3 мектеп пайдалануға берілді. 2011 жылға дейін республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру көзделген жергілікті инвестициялық жобалар тізбесіне сәйкес, 30 нысанның құрылысы жоспарланды.

2005-2007 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын күрделі жөндеу және күшейту бойынша Өңірлік бағдарламаға сәйкес жергілікті бюджет есебінен 382 нысанға жөндеу жүргізілді, 2008 жылы – 158 нысан. Жол картасын іске асыру бойынша 2009 жылы 1,91 млрд. теңге сомасына 344 білім беру нысандары күрделі жөндеуден өкізілді, соның ішінде республикалық бюджеттен 1,37 млн.теңге.

Сонымен қатар, апаттық мектептер мәселесі шешілмей қалуда. Облыста 28 апаттық мектептер бар, оның 5 мектебінің (Жарма ауданының Үшбиік ауылында 250 орындық ОМ, Катон-Қарағай ауданының Үріл ауылында 320 орындық ОМ, Аягөз ауданының Ақши ауылында 180 орындық ОМ, Күршім ауданының, Теректі-Бұлақ ауылында 180 орындық ОМ, Зырян ауданының Снегирево ауылында 30 орындық ОМ) құрылысы жүргізілуде. Қалған мектептердің құрылысы 2014 жылғы дейінгі облысты дамытудың Стратегиялық жоспарына сәйкес жоспарланған.

Оқулықтармен қамтамасыз етуге 2007 жылы жергілікті бюджеттен 436,1 млн.теңге, 2008 жылы – 112 млн.теңге, 2009 жылы республикалық бюджеттен 441 млн.теңге бөлінді. Облыс бойынша 2009 жылы 1-11 сыныптарды оқулықтармен қамтамасыз ету пайызы 100% құрады.

Жалпы білім беретін мектептерде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану үшін жағдайлар жасалынуда. Облыста 2005-2009 жылдары 362 мультимедиялық кабинет (5407 оқушылар жұмыс орындары), 356 физика кабинеті, 87 химия кабинеті, 106 биология кабинеті, 698 интерактивтік құрал жабдықтар бірлігі алынды. Жалпы білім беретін мектептерді мультимедиялық кабинеттермен жабдықтау 45,3%, физика – 53,1%, химия – 13,3%, биология – 16,0% құрады. Облыста мектептер 100% компьютерленген. 2009 жылы барлық білім беру мекемелеріндегі компьютер қорында 15902 бірлік компьютерлік техника есептелді. Адам санына шаққандағы қатынас 2009 жылы 1 компьютерге 11,2 адамды құрайды (2008 жылы – 12,8 адам).

Білім беру мекемелерін жаһандық Интернет желісіне кезеңмен көшіру үрдісі жүзеге асырылуда. 2009 жылы 742 мектеп қосылып, ол жалпы мектептер санынан 98,9% құрады, соның ішінде 587 ауылдық, ол жалпы ауыл мектептерінен 99,3 % құрады.
3. Мектеп оқушыларының ыстық тамақпен тамақтануын ұйымдастыру

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған өзекті мәселелердің бірі балалардың денсаулық жағдайы болып табылады. Шығыс Қазақстан облысында 2009 жылы 0-ден 14-жасқа дейінгі балалардың жалпы науқасы 100 мың балалардан 461595 құрады.

Балалардың жақсы денсаулығы мен гармониялық дамуын қамтамасыз ету, балалардың созылмалы ауруларын төмендету жөніндегі жұмыстар балалардың ұтымды және теңгерімді ыстық тамақтарын ұйымдастырумен тығыз байланысты.

Облыста 2009 жылдың 15 желтоқсанына 742 мектептің 628 ыстық тамақ ұйымдастырылған, ол 84,6% құрайды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 22% -ға көп.



2010 жылдың 15 қаңтарына оқушылардың 56,3% ыстық тамақпен қамтылған, былтырғы оқу жылына қарағанда 10,6%-ға жоғары. Қалған балалар (43,7% ) оқыту барысында субъективті және объективті себептерге байланысты тамақтанбайды, бұл олардың сабақ үлгерімдері мен денсаулықтарына әсер етеді. Тегін тамақпен 51,3% (100908-ден 51718-і) оқушы қамтылған, олардың ішінде аз қамтылған отбасынан 71% (20260). Шығыс Қазақстан облысы ыстық тамақпен қамтуда республика бойынша 10-шы орында, ал тегін тамақпен қамтуда – 5-ші орында.

Рейтинг бойынша ең жоғары көрсеткіш Бородулиха (100%), Жарма (95%), Катон-Қарағай (81,9%), Ұлан (69,8%) аудандары. Ыстық тамақпен қамтудағы төменгі көрсеткіш - Курчатов қаласы (39,9% - тек бастауыш сыныптар), Семей қаласы (32,2%), Бесқарағай (31%) және Тарбағатай (32,6%) аудандары.

Барлығы бастауыш сыныптарда 65267 оқушы (2008 жылы - 66686), оның ішінде тегін тамақпен 40122 бала (2008 жылы - 25979), ол 61,5% құрайды, бұл былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 22,5%-ға жоғары.

Облыс әкімдігі жергілікті билік органдарына барлық бастауыш сынып оқушыларын бір жолғы ыстық тамақпен қамту бойынша міндет қойылды. Осы орайда мысалға Абай, Зайсан, Жарма, Катон-Қарағай, Бородулиха, Күршім, Шемонайха аудандарында және Риддер қаласында барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған. Бұл мәселе Семей (184 бала- 1,3%) және Өскемен (910-8,7%) қалаларында шешілмеген.

Мектептегі тамақ мәселесін шешудегі қиындықтар, 742 мектептің 508-інде ғана асхана бар, 129 мектепте асхана бейімделген бөлмелерде орналасқан. Сондықтан, оқушыларды толық тамақпен ұйымдастыруға жағдай жасаудағы негізгі бағыттардың бірі асханаларды қалпына келтіру және жаңасын ашу, құрал-жабдықтар сатып алу. Соңғы 2 жылда облыс бойынша 13 мектеп асханасы қалпына келтірілген.

ШҚО санитарлық эпидемиологиялық қызметінің бақылауында 741 жалпы білім беру мектептер тұр. Оқушылардың тамақтарын ұйымдастыруын жақсарту мен бақылауды күшейту мақсатында ШҚО санитарлық эпидемиологиялық қызметі мен білім беру басқармасы іс-шара жоспарын жасады, онда мектептердегі астың сапасын және ас блоктардың материалдық базасын жақсарту бойынша іс-шаралар көзделген. Облыстың 127 мектебінде ас блоктардың материалдық базасы жақсартылып, жаңа технологиялық және тоңазытқыш жабдықтары алынды. Білім ұйымдарында пайдаланатын тағамдардың түрі жұмыс істеп тұрған технологиялық жабдықтарды есепке ала отырып санитарлық эпидемиологиялық қызметімен бекітіледі.

Оқушылардың тамақтану мәселесі бүгінгі күні өзекті болғандықтан, ескірген асхана блоктарының материалдық-техникалық базасын жаңа технологияны енгізе отырып жетілдіру және жаңарту қажеттілігі туындады.

Ыстық тамақты ұйымдастырудың баламалы түрін енгізу - ол үзілісті 30 минутқа дейін ұзарту арқылы үйде тамақтану назарға ұсынылды. Бұл осы мәселені шешуге қиындық туғызатын шағын комплектілі мектептерде ыңғайлы.

Осы мәселені шешуде демеушілік көмекті, жалға алушылардың, шаруа қожалықтардың қатысуы, қосымша бюджеттен тыс қаражатты жұмылдыру резерві бар. Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен тек «Туған жер - алтын бесігім» атты акциясы аясында кәсіпкерлермен тамақтануды ұйымдастыруға 60 млн.теңгеге көмек көрсетілді. Мысалға, Шемонайха, Ұлан, Глубокое аудандарында оқушылардың ыстық тамағы шаруа қожалықтардың асханаларында ұйымдастырылған. Ұлан ауданында тегін ыстық тамақты ұйымдастыруға Воропай, Барков шаруа қожалықтары, Зырян ауданында Чапаево, Соловьево, Лесная пристань ауылдарындағы шару қожалықтары көмектеседі.

Сонымен қатар облыстың 61 мектебінің қосалқы шаруашылығы бар. Мектеп тамағын арзандату мақсатында оқушылар бригадасының жұмысы жандандырылды. Жазғы уақытта қоймаға 800 гектардан артық жерден астық жиналды.

Мектеп тамағының мәселесін шешуге айтарлықтай көмек жалпы оқу қорынан бөлінеді, оның негізгі үлесі аз қамтылған отбасындағы балалардың тамағына қолданылады. Әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасындағы оқушыларға қаржы және материалдық көмек Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысының қаржы шығысы Ережесіне сәйкес, жалпы оқу қоры жергілікті орындаушы органдарымен бюджетте қарастырылған жалпы білім беру мектептеріндегі ағымдағы ұстау қаржысынан бір пайыздан кем емес шамасында көрсетіледі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімовтың 2008 жылдың 1 желтоқсанындағы селекторлық отырысындағы тапсырмасы бойынша, 2009 жылдан бастап әлеуметтік қорғалмаған балаларға қаржыны үш пайыздан төмен емес көтеру қажеттігі айтылған. Білім басқармасының 2009 жылдың 4 тоқсанында көрсетілген талдауы бойынша, Шығыс Қазақстан облысында бюджетпен қарастырылған «жалпы оқу қоры» 414,3% млн. теңге, яғни 2%. Дегенмен, нақты бөлінген қаржы 412,2 млн. теңге немесе 1,7%. Осыған байланысты жоғарыда айтылған тапсырма орындалмай отыр.

Жалпы оқу қорымен 2009 жылы барлығы 39535 бала, оның ішінде тамақпен 159,6 млн. теңгеге 18212 бала, киім-кешекпен - 64,9 млн. теңгеге 9717 бала, сауықтырумен - 27,1 млн. теңгеге 3094 бала қамтылған.


4. Тиісті мектептері жоқ елді мекендердің оқушыларын оқумен қамту

Жалпы білім беретін мектептері жоқ елді мекендердегі балалардың тасымалына ерекше көңіл бөлінеді. 3 шақырымнан алыс орналасқан және тиісті мектептері жоқ елді мекенді жердің саны 591, былтырғы жылға қарағанда елді мекенді жердің саны 6-ға кем. Онда 12843 мектеп жасындағы бала тұрады, оның ішінде 1-4 сынып оқушылары 4530, 5-9 сыныпта - 6491, 10-11 сыныптарда - 1822.

Ешқандай мектебі жоқ елді мекенді жердің саны - 384, 2008 жылмен салыстырғанда 29-ға көп. Мектеп жасындағы балалардың саны 4786, оның ішінде 1-4 сынып оқушылары - 1849, 5-9 сыныптарда - 2121, 10-11 сыныптарда - 816. Негізгі мектебі жоқ елді мекенді жердің саны - 87, 2008 жылға қарағанда 22-ге кем. Онда 2576 мектеп жасындағы бала тұрады. Орта мектебі жоқ елді мекенді жердің саны - 120, былтырғы жылға қарағанда 13-ке азайды. Мұнда мектеп жасындағы балалардың саны - 5481.

Тиісті мектептері жоқ елді мекенді жердің балаларын тасымалдауды ұйымдастыру арқылы - 4814, пәтерде тұратындар - 811, өз еркімен жететіндер - 266, үйде оқитындар - 4, интернаттық мекемелерге орналастыру арқылы - 1069 бала оқумен қамтылған, оқумен қамтылмағандар жоқ.

Осы елді мекенді жердегі балалардың тасымалы маңызды мәселе болып отыр. 2009-2010 оқу жылында тасымалды қажет ететін балалар саны - 8269, бұл 2008-2009 оқу жылына қарағанда 515 балаға көбейген.

Мектеп автобустарының негізгі паркі өткен ғасырдың 90-шы жылдары алынған. Балаларды тасымалдауға 169 автобус қолданылады, былтырғы жылға қарағанда 19-ға көбейген, оның ішінде мектепке қатысты - 148, әкімшілікке - 3, шаруашылықтарға - 3, басқа меншіктегі - 15, жалданған автобус саны - 20. Осы автобустармен тасымалданатын балалар саны - 7946. 2009-2010 оқу жылында арнайы автокөлікке қажеттілік саны - 76, оның ішінде ескіні ауыстыруға жататыны - 33, қосымша қажеті - 43. 2009 жылы жергілікті бюджеттен балаларды тасымалдауға 135,4 млн. теңге бөлініп (2008 жылы - 113,3 млн. теңге) 27 автөкөлік құралдары алынған. Білім беру мекемелерінде балаларды ыңғайлы және қауіпсіз тасымалдау үшін ыңғайлы тасымалдаудың бірегей стандартын құру керек.

Мектеп жанындағы интернат желісі жеткіліксіз дамуда. Егер 5 жыл бұрын мектеп жанындағы интернаттың көрсеткіші - 22 бірлік болса, қазіргі уақытта олардың саны - 24. Облыстың шағын комплектілі мектептер саны көп 5 ауданында (Катон-Қарағай, Ұлан, Көкпекті, Күршім, Бесқарағай) мектеп жанындағы интернаттар ашу қажет.
5. Техникалық және кәсіби білім

Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру жүйесі 2008-2012 жылдарға арналған ҚР техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы және өңірлік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.

Шығыс Қазақстан облысында орта буындағы көпшілік жұмысшы кәсіптері мен мамандар бойынша кадрларды даярлау 98 техникалық және кәсіптік (ТжКБ) білім беру ұйымдарымен жүзеге асырылады, соның ішінде 43 кәсіптік лицейлер, 55 колледждер.

2009 жылғы 1 қазанда облыс колледждерінің желісі 55 колледжбен ұсынылған (өткен оқу жылы - 52), олардың 24-і мемлекеттік (19-ы облысқа бағынысты, 3-і мемлекеттік ЖОО ішінде, 2-і республикалық) және 31-і мемлекеттік емес колледждер.



Кәсіптік лицейлер (мектептер) желісі 43 ұйымды құрайды (өткен жылы- 41), соның ішінде – 32-і мемлекеттік.




Облыстың барлық аудандары кәсіптік білім берумен қамтылған.


2009 жылдың 1 қазанында ТжКБ 48,574 мың адам қамтылған, ол өткен оқу жылғы көрсеткіштен 2,9% төмен.

Өткен жылдардағы көрсеткіштерге жасалған талдау көрсеткендей, 2004 – 2007 жылдар аралығында колледж оқушыларының саны жылына 7 – 10% көлемінде артып отырған, ал 2008-2009 оқу жылынан бастап оқушылар санының 3% төмендегені байқалады, кәсіптік лицейлер бойынша балалар саны 2005 жылдан бастап жылына 2-4% азайып келеді. Көрсеткіштердің төмендеуі демографиялық құлдырау және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер санының артуымен байланысты.

1999 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының колледждері мемлекеттік тапсырыс негізінде топтастырылуда. Мемлекеттік тапсырыс екі көзден – облыстық және республикалық бюджеттен түседі. Республикалық тапсырыста ШҚО бойынша алты колледжде бар. Жалпы айтқанда, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау 598-ге артты және барлығы 8109 адамға жеткен. Бұл техникалық және кәсіптік білім беру қолжетімділігін кәсіптік лицей бойынша 1% (жалпы санының 95,0% құрайды), колледждер бойынша 5% (жалпы санының 27% құрайды) арттыруды қамтамасыз етті.

Орта кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқушылар санына жасалған сараптама 2009 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік тілде білім алушылар саны 24,7% -дан 35,4%-ға артып, 17219 адамды құрағанын көрсетті, оның ішінде КЛ бойынша бұл көрсеткіш 25% құраса (+0,9% ), колледждер бойынша – 38,6% (+0,7%).

Кадрларды мемлекеттік тілде дайындау кеңейтіліп, колледждерде 82 (өткен жылы 70 мамандық), ал кәсіптік лицейлерлерде 27 (өткен жылы – 24) мамандық бойынша жүзеге асырылуда.

2009 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1026 жетім бала білім алып жатыр (өткен жылы – 1116 бала). І-ІІ топтағы мүгедек балалар саны 2 есеге артып 106 адамды құрады. Орта кәсіптік білім беру жүйесінде 405 оралман оқып жатыр.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша колледжді 95 мамандық бойынша 1786 оқушы аяқтады, оның ішінде мемлекеттік колледждерден 90 мамандық бойынша 1603 түлек аяқтап шықты.

2009 жылы облыстың кәсіптік лицейлерін (мектептерін) 55 мамандық бойынша 4884 маман аяқтады (2008 жылмен салыстырғанда 10,3% азайған, оның ішінде қылмыстық түзету жүйесі мекемелері жанындағы кәсіптік мектепті бітірген 1098 адам), соның ішінде мемлекеттік тілде 1029 адам аяқтады (өткен жылмен салыстырғанда 4,66% артқан).

Жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастырып жатқан колледж түлектерінің саны 24,9% құрады (өткен жылы – 20,4% , 2007 жылы – 28,4% , 2006 жылы – 26,6%).



2009 жылы колледж түлектерін жұмысқа орналастыру мониторингі келесі нәтижелерді көрсетті: жұмысты қажет ететіндер 13,1% , (2008 жылы – 11,6% , 2007 жылы – 13,4% , 2006 жылы - 10% ), мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылғандар 42,8% (өткен жылы – 46,2% ). Жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастырып жатқандар санының артуы байқалады (+5,0% ).



КЛ түлектерін жұмысқа орналастыру 2% төмендеп, 89% құрады. Колледждер мен жоғарғы оқу орындарында оқуыларын жалғастырып жатқандар саны екі есеге артты. Алып шыққан біліктілігі бойынша жұмысқа орналастырылғандар 42,3% құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 15% төмен.

Еңбек нарығында неғұрлым қажет мамандықтар: құрылыс және коммуналдық шаруашылық, тағам өнімдерін өндіру технологиясы, энергетика.

Әлеуметтік серіктестермен үш жақты келісімдерді енгізу 13,4% оқушының жұмысқа орналасуының кепілі болды. Ынтымақтастық туралы келісім-шарттар негізінде 216 түлек 43 кәсіпорында 10 – 20 мың теңге көлемінде жалақысы бар ақылы өндірістік тәжірибеден өтті. 2009-2010 оқу жылының міндеттерінің бірі – еңбек нарығында сұранысқа ие болмай отырған және түлектер жұмысқа орналасуда қиыншылық көретін мамандықтарға мониторинг жүргізу және алдағы уақытта қабылдауды қысқарту.

Ауылды жерлердегі оқушылар үшін техникалық және кәсіптік білім алудағы басты қиыншылық жатақханалардың жеткіліксіз болуы. Бұл лицей мен колледж оқушыларының да қажеттілігі. 16 колледж бен 23 кәсіптік лицейдің оқушылар жатақханасы бар, онда 5170 оқушы тұрып жатыр. Жатақханалармен қамтамасыз ету көрсеткіші 36,9% төмен болып отыр. Осыған байланысты техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқушыларын (студенттерін) жатаханамен қамтамасыз ету қажет.

Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалаларында жастарға арналған еңбек биржалары, бірқатар кәсіптік білім беретін оқу орындарында Жастарды жұмысқа орналастыру орталықтары қызмет етеді, барлық оқу орындарында «Жұмысты қалай іздеу және табу керек» атты курстар енгізілген. Кәсіптік білім беретін оқу мекемелерінде бітірушілер үшін «Бос орындар жәрмеңкесі» жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, ШҚО әкімдігі мен «АЗИЯ АВТО» АҚ компаниялар тобы, Рогаланд (Норвегия) округының білім беру және даярлау орталығы, геологиялық барлау колледжі мен кен пайдаланушылар арасында кадрларды даярлау мәселесі бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімдердің хаттамаларына қол қойылып, Меморандумдар қабылданған. ШҚО әкімдігі, Өскемен политехникалық колледжі мен «Қазақстандағы АЕS» компаниялар тобы арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы Меморандум үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Қ. Нұрғалиев атындағы колледж бен «Востокмолоко» өнеркәсібі арасында келісімге қол қойылған.

Өткен оқу жылында білім басқармасы, кәсіптік және техникалық білім беретін мекемелер ШҚО өнеркәсіп иелерінің ассоциациясымен, агроөнеркәсіп секторының кәсіпорындарымен және құрылыс саласымен әлеуметтік серіктестікті дамытуды жетілдіру бойынша сұрақтарды қарады. Ассоциация, білім басқармасы және білім мекемелерінің өзара әрекеттесу бағдарламасы жасалды және бекітілді.



Кәсіптік және техникалық білім кәсіби стандарттарға негізделген және еңбек нарығында сұранысқа ие болуы тиіс. Осыған байланысты, білім мекемелерінде құрылыс, коммуналдық шаруашылық, тағам өндіру технологиясы, энергетика сияқты мамандық түрлерін арттыру қажет.
6. Балалардың бос уақытын өткізу және қоғам өміріне қатысуы

Жаңа әлеуметтік экономикалық жағдайда балалардың бос уақыттарының әлеуметтік педагогикалық әлеуеттілігін толығырақ және тиімді іске асыратын ашық педагогикалық жүйе ретінде, қосымша білім беру мекемелерінің қызметі ерекше мағынаға ие болады.

Қосымша білім берудің құндылығы, оның жалпы білімді құрастырушы вариативті күшейтеді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2008-2009 оқу жылында барлығы 63 қосымша білім беру ұйымдары мен 34 балалар спорт мектептері қызмет етті. Қосымша білім беру ұйымдарының құрамы өзгерген жоқ. ШҚО бойынша барлық қосымша білім беру мекемелері толық көлемде жұмыс істеді. Қосымша білім беру ұйымдарының балаларды қамтуы 52819 адам - 33,2%, 2008 жылы 42560 адам - 22,5 %.

Педагогикалық кадрлардың сан және сапа құрамы оқу тәрбие үдерісін жоғары дәрежеде іске асыруға жағдай жасайды. Қосымша білім беру мекемелеріндегі педагогтар саны 1316 адам, 2008 жылға қарағанда 272 педагогқа артық


жүктеу 3,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау