№
|
ХАЛЫҚТЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ
|
ЖАУАПТЫ ОРЫНДАУШЫЛАР
|
МЕРЗІМІ
|
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
|
ОРЫНДАУ БАРЫСЫ
|
ЖЕЛАЕВО С/О
|
|
Екінші деңгейлі ауылішілік көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
М.С.Нұржанов
Р.С.Закарин
Округ әкімі
ЖКжАЖ бөлімі
|
Жыл соңына дейін
|
Желаев селолық округінің негізгі жолаушы көлігі жүретін жолдардың барлығы жөндеуден өтті. Болашақта екінші деңгейлі көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылатын болады
|
Жұмыс үстінде
|
|
№14, 38 автобус маршруттарындағы шағын автобустарды сыйымдылығы мол автобустарға ауыстыру
|
М.С.Нұржанов
Р.С.Закарин
Округ әкімі
ЖКжАЖ бөлімі
|
Жыл соңына дейін
|
ЖКжАЖ бөлімі
2018 жылы Орал қаласында жолаушы тасымалдаушы мекемелерімен жаңа сыйымдылығы мол автобустар сатып алу жүргізілетін болады. Соған байланысты жыл ішінде шағын газельдерді автобустарға ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.
|
Жұмыс үстінде
|
|
Көпбергенов көшесінің жолын тегістеп, жөндеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар осы және ауылдың басқа да көшелерін қардан тазарту жұмыстарын уақытылы жүргізу
|
М.С.Нұржанов
Округ әкімі
ЖКжАЖ бөлімі
ТҮКШжТҮИ бөлімі
|
Шілде-тамыз айы,
Қардан тазалау бойынша тұрақты түрде
|
ЖКжАЖ бөлімі
Копбергенов көшесі 2018 жылғы Орал қаласының жолдарын күрделі жөндеу жоспарында жоқ. Ағымдағы жол-жөндеу жұмыстарының бөлігі ретінде қиыршық тас пен қиыршық тасты қосу арқылы жол профилін түзету бойынша жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Қар жауған күндері ең алдымен округ аумағының қоғамдық көліктері қатынайтын көшелері тазартылады. Одан кейін қалған көшелер ретімен қардан тазартылады. Осы күнге дейін округ аумағынан 1800 шаршы метр қар шығарылды. Қазіргі таңда Көпбергенов көшесінің жолы ашық, автокөлік кіруге мүмкіндік бар.
|
Жұмыс үстінде
|
|
Желаев селолық округінен балабақша ашу
|
М.С.Нұржанов
Округ әкімі
Білім беру бөлімі
|
Жыл соңына дейін
|
Білім беру бөлімі
Бүгінгі таңда «Асет» ЖК 140 орындық балабақша құрылысын салу үшін «Даму» бағдарламасы бойынша несие берілмеуіне байланысты құрылыс тоқтатылып тұр.
Желаев с/о әкімідігі
Бүгінгі таңда балабақша құрылысына мемлекет қаражат бөлмейді. Сол себептен бала бақша ашу мәселесін мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы аясында жүзеге асыру қажет. Бала бақша ашқан кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар көрсетіледі. Округ аумағында бала бақша құрылысы үшін жер телімі бар, қазіргі таңда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде әріптес бар, қажетті құжаттарын жинастыруда.
|
Жұмыс үстінде
|
|
Шоссейная көшесіне спорт алаңын салу
|
М.С.Нұржанов А.Қайсағалиев
Округ әкімі
Құрылыс бөлімі
|
Шілде-тамыз айы
|
Желаев с/о әкімідігі
Аталған спорт алаңын салу ағымдағы жылғы жоспарда бар. Жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.Орал қаласы бойынша 2017 жылы 20 спорт алаңдарының құрылысы басталды, оның 10-ы 2018 жылға өтпелі.
|
Жұмыс үстінде
|
|
Газ есептегіш құралын (счетчик) белгілі бір мерзім сайын тексерістен өткізу кезінде пайдаланылған (есептегіш құралсыз) газға төленетін ақының көптігі (халық бірнеше есе көп төлейді)
|
М.С.Нұржанов
А.Қайсағалиев
Округ әкімі
ТҮКШжТҮИ бөлімі
|
Жыл соңына дейін
|
Желаев с/о әкімідігі
Сұрақ қоюшы Трудовая көшесі 15 үй мекенжайының тұрғыны Жұмаш Тельманның үйіне газ есептегіш құралы орнатылды.
ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы №117 бұйрығының 1 қосымшасы Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің үлгі шартының 16 тармағына сәйкес: Тұрымыстық тұтынушының есепке алу аспабын тексеру мерзімі өткен жағдайда тұтынылған газ көлемі үшін есеп айырысу тексеру мерзімі өткен күннен бастап тұтыну нормасы бойынша жүргізіледі. Есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша қайта есеп айырысу тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда, бірақ бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізіледі. Тұтыну нормасы – ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі «Тауарлық және сұйылтылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» №927 Қаулысына сәйкес есептеледі.
|
Бақылаудан алынды
|
|
Желаев ауылының мектептен тыс жұмыс орталығының жанындағы алаңға мұз айдынын құю
|
М.С.Нұржанов А.Қайсағалиев
Округ әкімі
ТҮКШжТҮИ бөлімі
|
22.01.2018
|
Желаев с/о әкімідігі
Желаев ауылының мектептен тыс жұмыс орталығының жанындағы алаңға мұз айдыны құйылды.
|
Орындалды
|
|
Агрегатная көшесінің 3/4 бөлігінің атауын өзгерту (4 көше бір атаумен аталған)
|
М.С.Нұржанов
Округ әкімі
Мәдениет және тілдер дамыту бөлімі
Саулет және қала құрылысы бөлімі
|
Жыл соңына дейін
|
Мәдениет және тілдері дамыту бөлімі
Қазіргі таңда Орал қаласына қарасты әкімшілік- аумақтық бірліктердегі идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды қайта атау мәселесі қозғалуда. Аталған жұмысты жүзеге асыруда ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары М.Тәжиннің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 17-32-18.236-2 тапсырмасы басшылыққа алынады. Осы тапсырмаға сәйкес идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды ұлттық танымға жақын атаулармен ауыстыру көзделіп отыр. Сондай-ақ ҚР Президентінің 2013 жылғы 7 тамыздағы №1449-3//01-7.9 (ПӘ) тапсырмасына сәйкес әкімшілік- аумақтық бірліктерді жаппай кісі есімдерімен атауға жол берілмейтінін назарда ұстау қатаң бақыланады.
Аталмыш аумақтың идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын ауыстыру бойынша жұмыстар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес аумақ тұрғындарының пікірін ескеру қағидалары бойынша жүргізілмек.
|
Жұмыс үстінде
|
|
№14 автобус маршруты жүретін Орал-Желаев тас жолы бойындағы Қонаев ат.шағынауданына аялдама павильонын орнату
|
М.С.Нұржанов
А.Қайсағалиев
Округ әкімі
ТҮКШжТҮИ бөлімі
Архитектура және қала құрылыс бөлімі
ЖКжАЖ бөлімі
|
1 тоқсан ішінде
|
|
Жұмыс үстінде
|
КРУГЛООЗЕРНЫЙ КЕНТІ
|
|
Қаладан Круглоозерный кентіне қатынайтын №51 маршруттың жүру кестесін кайта карап, 20:20-ға дейін ұзарту және кестеге сай уақытылы жүріп тұруын қадағалау
|
Р.С.Закарин
Кент әкімі
ЖКжАЖ бөлімі
|
Бірінші жартыжылдық ішінде,
Жүріп тұруын қадағалау тұрақты түрде
|
ЖКжАЖ бөлімі
Круглоозерный кентіне №51 автобус маршруты «Орал-Круглоозерный-Серебряково» бағыты бойынша қызмет көрсетеді. Маршруттың жүру бағытының кестесі тұрғындардың өтініштері бойынша қайта қаралды. Ағымдағы жылдың сәуір айында кент әкімі аппараты автобустың қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізді. Тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, халықпен кеңесе отырып, түрлі жолдарын қарастырды. Автобус шамамен әр бір сағат сайын жүреді. Қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында құзырлы органдардан келісім күтілуде. Қазіргі таңда №51 маршрутты уақытша «ПАП№1» ЖШС-і қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта конкурс өткізу кезінде барлық ұсыныстар ескерілетін болады. Субсидия беру мүмкіндігі қарастырылуда.
Круглоозерный кенті әкімдігі
Круглоозерный кенті әкімдігі мен автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімімен келісе отырып, 2018 жылдың 1 наурызынан №51автобус маршруты бойынша оңтайлы кесте әзірленді және еңгізілді, кент тұрғындары өтініштері бойынша қаладан шығатын автобус уақытын сағат 20:20-ға дейін ұзарту туралы ұсыныстары ескерілді
|
Орындалды
|
|
Круглоозерный кенті мен Серебряково ауылының атауларын өзгерту
|
Р.С.Закарин
М.С.Нұржанов
Кент әкімі
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
|
Жыл соңына дейін
|
Бұл мәселе көпшіліктің ұсынысымен іске асырылады. Жиын өткізіп, бірауыздан ұсынысты қолдап, хаттамасын қалалық маслихатқа жолдау қажет. Одан әрі құжаттар облыстық ономастика комиссиясының қарауына жолданып, комиссия тиісті шешім шығаратын болады.
|
Жұмыс үстінде
|
|
«КазТрансГазАймақ» АҚ көгілдір отынға берешекті түбіртек түрінде емес (түбіртектегі көрсеткіштер есептегіш құралмен сәйкес келмей жатады), бұрынғыдай кітапшамен төлеу мүмкіндігін қарастыру, басқа да оңтайлы түрлерін қарастыру
|
Р.С.Закарин
А.Қайсағалиев
Кент әкімі
ТҮКШжТҮИ бөлімі
|
Бірінші жартыжылдық ішінде
|
Есептік кездесуде жаңа операциялық бағдарламаға байланысты түбіртектерді жою мүмкін еместігі туралы «КазТрансГазАймақ» АҚ БҚӨ филиалының өкілі ауызша жауап берілді
|
Бақылаудан алынды
|
|
Круглоозерный кентінен балабақша ашу
|
Р.С.Закарин
Кент әкімі
Білім беру бөлімі
|
Жыл соңына дейін
|
Білім бөлімі
Қазіргі таңда «Такишев» ЖК-і 100 орындық балабақша ашу үшін құрылыс, жөндеу жұмыстарын «Қамқор құрылыс» ЖШС-мен 1 құркүйекке дейін бітіретіндігі келісілген, қажетті құжаттамалар жасақталуда.
Круглоозерный кентінде «ОралЗемТрубсервис» ЖШС мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы шеңберінде аукцион арқылы 160 орындық балабақша салу үшін жер сатып алынды.
Круглоозерный кенті әкімдігі
Круглоозерный кентінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы шеңберінде 140 орынға арналған балабақша салу жоспарлануда, сондай-ақ жеке кәсіпкер МТЖЖ-14 ғимаратының бір бөлігін балабақша ашу үшін сатып алды
|
Жұмыс үстінде
|
|
“Атамекен” шағын ауданына жол салу
|
Р.С.Закарин
Кент әкімі
ЖКжАЖ бөлімі Құрылыс бөлімі
|
Жыл соңына дейін
|
2018 жылы «Атамекен» шағын ауданындағы кейбір көшелер құрылысының ЖСҚ дайындау жоспарлануда.
|
Жұмыс үстінде
|
|
Мәдениет үйін ашу
|
Р.С.Закарин
Кент әкімі
Қаржы бөлімі
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
|
Бірінші жартыжылдық ішінде
|
Мәдениет үйінің құрылысы жалпы жоспарда қарастырылмаған, сол себепті сатып алынған ғимаратты ашық үйірмелерге бейімдеу жоспарлануда.
|
Жұмыс үстінде
|
|
Круглоозерное кентіндегі саябақты абаттандыру
|
Р.С.Закарин
Кент әкімі
ТҮКШжТҮИ бөлімі
|
Үшінші тоқсан ішінде
|
Қазіргі таңда Орал қаласы қаржы бөлімінің 2018 жылғы 28 ақпандағы №94 бұйрығына сай саябақ «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі балансына қабылданды. Сонымен қатар, 2018 жылы абаттандыру жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда.
|
Жұмыс үстінде
|
|
Круглоозерный кентіндегі мал қорымын жабу
|
Р.С.Закарин
Кент әкімі
Ветеринария бөлімі
|
Бірінші жартыжылдық ішінде
|
Орал-Саратов тас жолында мал қорымының ашылуына байланысты Круглоозерный кентіндегі мал қорымы жабылды. Жаз мезгілінің басталуымен толығымен жабылды.
|
Орындалды
|
|
Серебряково ауылындағы Новостройка көшесінің жолын жөндеу
|
Р.С.Закарин
Кент әкімі
ЖКжАЖ бөлімі
|
Жыл соңына дейін
|
Серебряково ауылы, Новостройка көшесінің жолдарын 2018 жылы ағымдағы жөндеу жоспарлануда. Осы жұмыстарға Круглоозерный кенті бюджетінен 6 млн. теңге қарастыру жоспарланған.
|
Жұмыс үстінде
|
|
Круглоозерный кентіне кіре-беріс жолының бойына жарықтандыру жұмыстарын жүргізу
|
Р.С.Закарин А.Қайсағалиев
Кент әкімі
ТҮКШжТҮИ бөлімі
|
Жыл соңына дейін
|
Бюджеттен үнемдеу болған жағдайда Круглоозерный кентіндегі кіре беріс жолдарын жарықтандыру жоспарланады.
|
Жұмыс үстінде
|
|
Круглоозерный кентінің дәрігерлік амбулаториясының күндізгі стационарына қосымша 5 кереует орнату мәселесін қарастыру
|
Р.С.Закарин
Кент әкімі
|
Бірінші тоқсан ішінде
|
Дәрігерлік амбулаторияда ем қабылдаушыларға орын жеткілікті. Кент тұрғындары үшін 3 дәрігер, 3 медбике қызмет көрсетуде. Бұл мәселе қосымша зерттелетін болады.
|
Жұмыс үстінде
|
|
Круглоозерный кенті әкімі аппаратын Круглоозерное ауылына көшіру мәселесі
|
Р.С.Закарин
Кент әкімі
Қаржы бөлімі
|
Бірінші жартыжылдық ішінде
|
Круглоозерный кентінде орналасқан ТУСМ – 14 мекемесінің ғимараты коммуналдық меншікке қабылданған соң, кент әкімі аппаратын көшіру мәселесі қарастырылатын болады.
Қазіргі таңда кент әкімдігіне беру жоспарланған ғимаратты бағалау жұмыстары жүргізілуде. Содан соң ғимаратты сатып алуға қаражат қарастырылатын болады. Кент әкімдігінен басқа аула клубын, ардагерлер кеңесін, мәдени-көпшілік шаралар өткізетін акт залын орналастыру көзделуде.
Орал қаласының Круглоозерный кенті аппаратының 2018 жылдың 29 мамырында №1-13/394 Круглоозерный кентінде орналасқан «Қазақтелеком» АҚ теңгерімінде тұрған ғимаратты сатып алу туралы хатына, Орал қаласы қаржы бөлімі 2018 жылдың 30 мамырында №03-10/814 хатымен экономика және бюджеттік жоспралау бөліміне 452-038 «Субвенциялар» бағдарламасына қаражат қарастыру туралы хат жолдады.
|
Жұмыс үстінде
|
|
Серебряково ауылынан дәріхана ашу
|
Р.С.Закарин
Кент әкімі
Кәсіпкерлік бөлімі
|
Жыл соңына дейін
|
Кәсіпкерлік бөлімі
Серебряков ауылында жергілікті кәсіпкер С.С. Жұмашеваның бастамашылығымен дәріхана құрылысы жүргізілген, құрылғылар орналастырған. Қазіргі уақытта фармацевтикалық өнімдерді сатуға рұқсат лицензиясын алу үшін құжаттар тапсырылды. Іске қосу мерзімі 2018 жылғы маусым-шілдеге жоспарланып отыр
|
Жұмыс үстінде
|
|
Круглоозерное кентіне ҚТҚ салатын қосымша контейнерлер орнату
|
Р.С.Закарин
Кент әкімі
ТҮКШжТҮИ бөлімі
|
Бірінші жартыжылдық ішінде
|
2018 жылы 20 дана ҚТҚ контейнерлерін алу және 5 контейнер алаңын орнату жоспарлануда.
|
Жұмыс үстінде
|
ЗАЧАГАН КЕНТІ
|
|
Кент аумағынан пайдаланған газға коммуналдық төлемақы төлейтін касса ашу
|
А.Қайсағалиев
Кент әкімі
ТҮКШжТҮИ бөлімі
|
Бірінші тоқсан ішінде
|
«Жәңгір хан» сауда үйінде төлемдер қабылдау пункті ашылды.
|
Орындалды
|
|
Жақсы ауыл шағынауданындағы иесіз су құбыры желілерін «Батыс Су Арнасы» ЖШС–нің теңгеріміне беру
|
А.Қайсағалиев
Р.С.Закарин
Кент әкімі
ТҮКШжТҮИ бөлімі
Қаржы бөлімі
|
Бірінші жартыжылдық ішінде
|
Сот шешімі шығарылды. Алдағы уақытта теңгерімге алу жұмыстары жүргізілетін болады.
|
Жұмыс үстінде
|
|
Солнечный көшесі мен 152-ші Атқыштар дивизиясы көшелерінің қиылысына жарықшамдар орнату
|
А.Қайсағалиев
Кент әкімі
ТҮКШжТҮИ бөлімі
|
Жыл соңына дейін
|
Бүгінгі таңда трансформатордың қуаты жетіспеушілігі орын алуда. Алдағы уақытта тағы бір үлкен трансформатор қою жоспарлануда. Қосымша трансформатор орнатылған соң, кент аумағын жарықтандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілетін болады.
|
Жұмыс үстінде
|
|
Теміртау мен Пойменная көшелерінің қиылысына қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын контейнерлерді қою
|
А.Қайсағалиев
Кент әкімі
ТҮКШжТҮИ бөлімі
|
Бірінші жартыжылдық ішінде
|
Аталмыш орынға ҚТҚ арналған контейнерлер қойылды.
|
Орындалды
|
|
«СМП» шағынауданындағы Строителей көшесінің жолын жөндеу
|
А.Қайсағалиев
Р.С.Закарин
Кент әкімі
ТҮКШжТҮИ бөлімі
|
Жыл соңына дейін
|
Строителей көше жолын жөндеу бойынша конкурс жүргізілуде.
|
Жұмыс үстінде
|
|
Жәңгір хан көшесі 9, 11, 18/1 үй аулаларына балалар ойын алыңын орнату
|
А.Қайсағалиев
Кент әкімі
ТҮКШжТҮИ бөлімі
|
Бірінші жартыжылдық ішінде
|
Аталған мәселелер бойынша қажетті қаражат қарастырылып, конкурс жүргізілуде.
|
Жұмыс үстінде
|
|
Престиж дүкенінен бастап Аксайская, Беляева және Свободная көшелерін жарықтаңдыру
|
А.Қайсағалиев
Кентінің әкімі
ТҮКШжТҮИ бөлімі
|
Жыл соңына дейін
|
Алдағы уақытта бір үлкен трансформатор қою жоспарлануда. Қосымша трансформатор орнатылған соң, кент аумағын жарықтандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілетін болады.
|
Жұмыс үстінде
|
|
«Зачаганск» СҮ ауданына бейнебақылау құрылғысын орнату, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету
|
А.Қайсағалиев
Кент әкімі
Жергілікті полиция қызметі
|
Бірінші жартыжылдық ішінде
|
Бейнебақылау құрылғылар орнатылған. Қазіргі таңда Зачаган кентінде патрульдық полиция қызметкерлері жетіспейді. Кент бойынша 20 патрульдік қызметкердің орнына 11 қызметкер жұмыс жасайды. Бірліктерді толтыру бойынша мәселе қарастырылуда.
|
Орындалды
|