Шығыс Қазақстан облысындағы балалардың 2009 жылғы жағдайы Өскемен қаласы 2009 мазмұНЫ


Ана денсаулығы, отбасын жоспарлау және ана сүтімен тамақтандыру



жүктеу 3,04 Mb.
бет2/9
Дата02.02.2020
өлшемі3,04 Mb.
#28041
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Ана денсаулығы, отбасын жоспарлау және ана сүтімен тамақтандыру

Шығыс Қазақстан облыстық емдеу-сауықтыру мекемелерінде (бұдан әрі – ЕСМ) ана мен бала денсаулығын сақтауға, отбасын жоспарлау мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.

Облыстың барлық аудандарында отбасын жоспарлау әлеуметтік және медициналық көрсетулері бар жағдайда жүктілікті тоқтату бойынша медициналық көмек көрсету мен кеңес беру жүйесі өңделді, жасанды түсік, оның ішінде криминалдық түсіктен ана өліміне жол бермеу мақсатында үлкен мерзімді жүктілікті тоқтату бойынша мекемелер анықталды. Ұрпақты болу жасындағылардың денсаулығын сақтау мен жасанды түсіктердің алдын-алу жұмыстары, әсіресе жастар арасында, жүргізіледі. 2009 жылы облыс бойынша 15660 жасанды түсік тіркелген (2008 жылы – 16630).

Облыстың ЕСМ жас аналар үшін 61 мектеп, 40 отбасын жоспарлау кабинеті, онда 27983 жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер оқудан өтті, ерлер мен әйелдер арасында 15 тренинг-семинарлар, оның 10-ы ұрпақты болу жасындағылардың денсаулығын сақтау мен отбасын жоспарлау мәселелері бойынша өтікізілді.

Өскемен қаласында Ана және бала орталығында және Семей қаласында әйелдерге кеңесінде отбасын жоспарлау кабинеттері жұмыс істейді. Отбасын жоспарлау сұрақтары ақысыз медициналық көмек аясында кепілді көлемде алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелеріне жүктелген, емделуші немесе ерлі-зайыптылар өз учаскелік дәрігерінен (гинекологына) сақталу түрлері, контрацепция туралы ақпарат, олардың жағымды және жағымсыз жақтары, қолдану тәртіптері, жанама әсерлері туралы мағлұмат ала алады.

Салауатты өмір салтын құру мамандары басқа мамандармен (акушер-гинекологтар, педиатрлар, наркологтар, венерологтар, ЖҚТБ орталығының мамандары) бірлесе отырып, ұрпақты болу жасындағылардың денсаулығын сақтау мен отбасын жоспарлау, (ИППП), АҚТҚ/ЖҚТБ, жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялардың алдын-алу, жоспарланбаған жүктілік сұрақтары бойынша колледждер, кәсіптік-лицейлер, жалпы білім беретін мектептерде 7-11 сынып оқушылары, Өскемен мен Семей қалаларының ЖОО студенттері арасында ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 31 желтоқсанындағы № 708 «Омыраумен тамақтандыруды қорғау, қолдау көрсету және мадақтаудың кейбір сұрақтары туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, облыстың барлық балалар мен перзентхана мекемелерінде нәресте мен ананың бірге болуына мүмкіншілік жасалынып, омыраумен тамақтандыру бойынша кеңес берулер мен іс-шаралар жүргізілді. Семей қаласының Перинаталдық орталығының және Өскемен қаласыныдағы Ана мен бала орталығының штатына дәрігер-лактолог, акушер, ана сүтімен тамақтандыруды қорғау, қолдау көрсету және мадақтау қызметтерін орындайтын жауапты мамандар лауазымы енгізілді.

Перзентхана мекемелерінде медициналық көмек көрсету сапасын көтеру мақсатында, тәуекел топтары әйелдерін тұрақты түрде контрацептивтермен қамтамасыз ету үшін қазіргі заманға сай ақпараттық және медициналық (диагностика мен емдеудің эндоскопикалық, доплерографикалық әдістері) технологиясын енгізу қажет.

2009 жылы Шығыс Қазақстан облысында нәрестелерді ана сүтімен тамақтандыру – 75,2 % (2008 жылы – 62,0%) қамтыды.

2009 жылдың 1–7 қараша аралығында облыста «Ана сүтімен тамақтандыру – салауат кепілдігі» ұранымен «Халықаралық ана сүтімен тамақтандыру аптасы» өткізілді, оны өткізу кезінде ана сүтімен тамақтандыру бойынша медперсоналдың жұмысы белсендірілді.

Өскемен мен Семей қалаларының медицина колледждерінің бағдарламасына, акушерлердің біліктілігін көтеру курстарына ана сүтімен тамақтандыруды оқыту тақырыптары енгізілген.

Әйелдердің отбасын жоспарлауда сапалы көмекке қолы жетімді болса, оларға жүктілік және босану кезінде білікті медициналық көмек, босанғаннан кейінгі кезде дұрыс күтім көрсетілсе көптеген ана өлімінің алдын алуға болар еді. Денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуы әйел өмірін қорғаудың кілті болып табылады. Ол үшін, отбасын жоспарлау және жасырын түсіктерді төмендету бойынша жұмыстарды одан әрі жетілдіруді, санитарлық-ағарту жұмыстарын және «тәуекел топтармен» жұмыс жасауды қамтамасыз ету; жыныс жолымен берілетін жұқпаларды, сондай-ақ АҚТҚ-жұқпаларының трансмиссиялық берілуін алдын алуды жүйелі түрде жүргізуді қамтамасыз ету қажет.


3. Баланың ерте дамуы

Баланың ерте жастан қауіпсіз, толыққанды және үйлесімді дамуы ата-аналар, отбасы мүшелері мен медициналық қызметкерлер арасындағы денсаулық сақтау және баланың ерте дамуын ынталандыру мәселелеріндегі білім мен дағдыға байланысты.

2009 жылы 14 жасқа дейінгі балалар арасында барлығы 461 595 (2008 жылы – 449 129) аурулар тіркелді, жалпы аурулар көрсеткіші 164 928,9 және сәйкесінше 158954,9 құрады. Олардың ішінде жұқпалы-паразитті аурулар 2009 жылы – 3665,5 (2008 жылы-5730,1).

Аурулар деңгейіне және балалар өліміне әсер ететін жасырын аштық – өмірге маңызды минералдар мен дәрумендер жетіспеушілігі. Анемиямен диспансерлік тіркеуде тұрған балалар саны 2009 жылы – 10409, 2008 жылы 10441. Балаларды теміртапшылығы анемиясынан емханалық емдеуге 2009 жылы жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді: «1 жасқа дейінгі балаларға» – 1839,6 мың теңге, «1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға» – 5957,6 мың теңге, «Диспансерлік тіркеуде тұрған, жасөспірім балаларға» – 20759,1 мың теңге.

Ерте жастағы балалардың тірі қалуына өте қауіпті вакцинобасқарғыш ауруларға қарсы иммунизациямен қамтамасыз ету керек, ол қазір Қазақстанда толығымен мемлекет бюджетінің қаражаты арқылы жүзеге асырылуда.

Облыста ана мен бала өлімін төмендетуге өңірлік бағдарламаны бұдан әрі жүзеге асыру мақсатында айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. 2008 жылдан бастап Семей және Өскемен қалаларында БДҰ сертификатталған ұлттық жаттықтырушылардың қатысуымен потранажды медбикелер және балалар дәрігерлеріне арналған балалардың ерте дамуы курсы бойынша ұлттық және жергілікті жаттықтырушыларды дайындау семинары өткізілуде. Шығыс Қазақстан облысы БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қоры өткізетін бұл іс-шара Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен ЮНИСЕФ келісімін жүзеге асыру жоспарын іске асыру аясында жүргізілуде. Семинарлар өткізетін базалар дайындалды, Семей қалсында №1 АДСК орталығы және № 12 ОДА базасында ерте жастағы балаларды дамыту бойынша жаттықтыру орталықтыры ашылды. Баланың ерте жастан даму бағдарламасын енгізуге өңірлік үйлестірушілер анықталды.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты балаларға және олардың аналарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсарту, ұлттық жаттықтырушыларды дайындау, оқу базасын құру болып табылады. Баланың ерте жастан дамуы туралы алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдануда, сондай-ақ, Семей қаласының медициналық колледжі мен университетінің оқу бағдарламасына қосылды.

Облыстағы ЕСМ баланың ерте жастан дамуына психофизикалық дамыту скринингін сапалы және дер кезінде өткізу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Балалардың психофизикалық артта қалушылық қатері анықталған жағдайда, түзетіп дамыту көмегін және оқу сұрақтарын шешуге көмек көрсету үшін оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерге жібереді. Облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында дені сау балалар кабинеті желісін кеңейтуде, бұл балалардың ерте жастан бұзылуын дер кезінде табу жұмысын күшейтуге мүмкіндік береді. Қазргі уақытта облыста 118 дені сау балалар кабинеті жұмыс істейді, жылдың басында 19 кабинет жұмыс істеген.

2010 жылы балалардың иммунизациясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 «Профилактикалық егуге қарсы өткізетін аурулар тізбесін бекіту, жоспарлы егуге жататын топты өткізу ережесі туралы» қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 «Жұқпалы ауруларға қарсы тұрғындарды вакцинациялауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» қаулысын іске асыру мақсатында облыста балаларды белгіленген жұқпалы ауруларға қарсы алдын-алу жөніндегі шараларды өткізуді қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде, иммунобиологиялық препараттар мен вакциналар қажеттілігі есептелуде, иммунопрофилактикамен айналысатын медициналық жұмысшыларды дайындауға семинарлар ұйымдастырылып жүргізілді.

Балаларды алдын-ала егуді уақытында қамтуды қадағалау жүзеге асырылуда. 2009 жылдың 5-9 қазаны кезеңінде 8-14 жастағы балаларға қызылшаға қарсы Ұлттық науқан иммунизациясы өткізілді, барлығы 106 000 адам егілді, ол 99,8% құрады.

Алдын-ала егуді кеңінен жүргізудің арқасында облыста өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда белгілі бір жұқпалы ауру қауіпі жоқтығына қол жеткізілді. 2009 жылы балалар ауруларының бірқатар тұрақтылық жағдайы қамтамасыз етілді. Листериоза, туляремия жұқпалы аурулары тіркелмеген. «Иммунопрофилактика» кешендік мемлекеттік бағдарламасының жүргізілуі арқасында балалардың жұқпалы аурулары біршама жағдайға дейін төмендеді, немесе болған жоқ. Демалыс базаларында, жазғы сауықтыру мекемелерінде, ұйымдастырылған балалар ұжымдарында қоғамдық тамақпен байланысты мекемелерде жұқпалы аурулар топтап кездестін жағдайлар тіркелмеген.

Облыстағы балаларға медициналық қызмет көрсету кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында іске асырылады.

Балаларға стационарлық көмек көрсететін 2 мемлекеттік балалар емханасы бар, Ана мен бала орталығы, Семей қаласындағы жекеше балалар емханасы және облыстағы емханалар мекемелерінде мамандандырылған балаларды емдейтін 68 бөлімшелер бар. Облыстағы балаларды емдеуге арналған барлық орын – 1753 (2008 ж. – 1752), олардың ішінде мемлекеттік – 1579, жеке меншіктегі мекемелер – 174, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерге өзгеше көмек көрсететін, туберкулез ауруы – 120 орын. Балалар туберкулез жұқпалы аурулар ортасын алдын ала емдеуге арналған 195 орындық 2 туберкулезге қарсы шипажай бар.

Облыс орталығында 4 балалар емханасы жұмыс істейді: «Ана мен бала орталығы» КМҚК, «№ 1 балалар емханасы» КМҚК, «№ 2 балалар емханасы» КМҚК және «Балалар тіс емханалары» КМҚК.

Сонымен қатар, облыстағы алғашқы дәргерлік-санитарлық көмек көрсету орталықтарында, аралас типтес емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда, отбасылық дәрігерлік амбулаторияларда, медициналық бірлестіктердің кеңес беру-диагностикалық орталықтарда балаларға амбулаторлық-емханалық көмек көрсетіледі.

Облыс бойынша балаларға амбулаторлық көмек көрсететін мемлекеттік және жеке меншіктегі емделу алдын-алу ұйымдарында 208 бала емдеу кабинеті, 29 жасөспірімдер кабинеті жұмыс істеуде.

Ана мен бала орталығы жанындағы кеңес беру-диагностикалық емханасында балаларды әр түрлі маман дәрігерлер қабылдайтын 52 кабинет жұмыс істеуде, операция жасайтын кабинеттер жабдықталған, науқастарды оңалту кабинетіне күндіз болуға арналған төсектер және жүзу бассейні қойылды. Кеңес беру-диагностикалық емхананың жұмыс істеуіне, бір ауысымда 500 адам келуге арналған, жаңа заманға лайық жабдықталған: сандық рентген аппараты, толық датчиктерімен УДЗ аппараты алынды, балалар көз жанарын қорғайтын кабинетімен офтальмологиялық амбулаторлық-емханалық орталық ұйымдастырылды, ол жерде амбулаторлық деңгейде, мектептегі сабақтарынан қол үзбей көз жанары нашарлағанда (миопия, аккомодация спазмасында, амблиопия) аппараттық ем қабылдауға болады. 2006 жылдан бастап балаларға арнайы көмек көрсетуге арналған балалар нейрохирургия бөлімі жұмыс істеуде, 2007 жылы балалар аллергологиялық бөлімі ашылды.

Бронх демікпесімен ауыратын балаларға «Бронх демікпесімен ауыратындар мектебі», қант диабетімен ауыратын балаларға «Диабет мектебі» жұмыс істейді, мұнда балалар уақытылы оқиды, ал ата-аналар кеңес беру көмегін алады.

Балаларға сурдологиялық көмек көрсету үшін облыста 4 сурдологиялық кабинет жұмыс істейді, оның ішінде 3 кабинет балаларға сурдологиялық көмек көрсетеді: Семей қаласының «Семей кеңес беру-диагностикалық орталығы» КМҚК, Өскемен қаласында «Ана мен бала орталығы» КМҚК және «ШҚО медициналық бірлестігі» КМҚК диагностикалық орталығында.

Облыс балаларына квота бойынша Республикалық емханаларда сала бойынша жоғары мамандандырылған көмектер көрсетіледі.

Облыстағы балаларға шұғыл түрде көмек көрсетуге «ШҚО медициналық бірлестігі» КМҚК жанындағы санитарлық әуе-жай қызметі жұмыс атқарады. Семей қаласында 2005 жылдан бастап санитарлық әуе-жай филиалы жұмыс істейді.

Жылдан жылға перзентханалар мен балалар ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайлары жақсарып келеді. Балалар емханаларының жабдықталуы – 72,3 % (2008 жылы – 73,2%), жабдықталуының төмендеуі медициналық жабдықтардың көптеп тозуы мен есептен шығуына байланысты болуда.

Облыста (басқа ведомстволармен қоса) педиатр-дәрігерлердің саны – 491 адам (2008 ж. барлық ведомстволармен қоса – 451), соның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары бойынша – 457 (2008 ж. – 449). 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында балаларға медициналық көмекті басқа маман дәрігерлерін қоса (хирургтар, невропатологтар және т.б.) 582 дәрігер көрсетеді, соның ішінде жекеменшік құрылымдарда – 94. Облыста жасөспірімдерге (14-18 жастағы балалар) медициналық қызметті 30 дәрігер, жекеменшік құрылымдарда – 7 дәрігер қызмет көрсетеді.

Денсаулық сақтау ұйымдары кадр құрамының талдауы облыста дәрігер-педиатр, санаулы маман-аллергологтар, эндокринологтар, оториноларингологтар, гастроэнтерологтар, офтальмологтардың жеткіліксіз екенін көрсетеді. Осыған байланысты балалар емдеу-алдын-алу ұйымдарын медициналық кадрлармен жиынтықтау қажет.

2009 жылы 1-18 жас аралығындағы балаларға алдын-ала тексеру жалғасуда. Облыс бойынша барлығы 323748 бала мен жасөспірім тексерілуге тиісті (2008 жылы – 333248 бала), оның ішінде 25774 бала, 65974 жасөспірім. Осы мақсатпен жергілікті бюджеттен 113 176,86 мың теңге қарастырылды, орындалғаны – 113 176,9 мың теңге (осы мақсатпен 2008 жылы – 100 124,9 мың теңге қарастырылды, 2009 жылдың 1 қаңтарында орындалғаны – 100 065,4 мың теңге).

2009 жылы 324024 бала немесе жылдық жоспардан 100 %, 2008 жылы – 333966 (100,2 %), соның ішінде 257897(100,1%) бала және 66127 (100,2%) жас-өспірім тексерілді. Тексерілген балалардың ішінен 2008 жылға қарағанда (24,8 %) 2009 жылы 28,8 %-ға дейін науқастардың анықталғаны жақсарды, 2009 жылы анықталғаны - 93407 науқас (2008 жылы-82757). Анықталғандардан 52007 (55,7 %), (2008 жылы-48507, немесе 58,6 %) бала мен жасөспірім сауықтырылды. Тексерілген балалардың ішінен 52783 (16,3 %) 2008 жылы – 50893 (15,2 %) диспансерлік есепке алынды.

Алдын-ала медициналық тексеру жүргізу кезінде анықталған аурулардың арасында ас қорыту мүшелерінің ауруы – бұл негізінен тісжегісі (24,1%); қан және қан түзілу ағзаларының ауруы (11,6%) – темір жетіспеушілік анемиясы, сүйек-бұлшық ет жүйесі (негізінен жасөспірімдердегі остеохондроз, мектеп жасындағы балалардағы сколиоз және мүсіннің бұзылуы (10,8%), демалу мүшелерінің аурулары (9,9 %), көз және оның қосалқы аппаратының аурулары (9,2 %), соның ішінде көздің көру қабілетінің төмендеуі (9,0 %), жүйке жүйесі ауруларының (9,2%) пайыз басым болады.

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша диспансерлік есепте 57182 бала тұр, соның ішінде психикалық және мінез-құлқының бұзылуы – 3917, ішімдік тұтынудың салдарынан болған психикалық және мінез-құлықтың бұзылу – 24, психикалық белсенді заттарды тұтынудың салдарынан болған – 45. Жүйке жүйесінің ауруларымен 6169, эндокринологиялық, тамақтану мен зат алмасудың бұзылулары ауруымен – 4177, соның ішінде қант диабетімен – 119, семірумен – 673, тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруларымен – 826 бала есепте тұр.

2009 жылдың ішінде балалардағы бастапқы ауруы 100 мың тұрғынға шаққанда 128465,1 құрады, бұл көрсеткіш 2008 жылғы балалар ауруы 4,1 пайызға арттырады (2008 ж. - 123396,4). Аурулардың өсуіне жүргізілген медициналық тексерудің сапасы әсер еткен.

Балалар ауруларының арасында 1-орында: тыныс алу мүшелерінің ауруы – 81610,3 (2008 ж. – 74533,9), тері және тері шелмайының ауруы - 7335,5 (2008 ж. - 7697,4), ас қорыту мүшелерінің ауруы - 6401,4 (2008 ж. - 6526,4). Одан кейін: қан және қан түзілу мүшелерінің ауруы - 4397,6 (2008 ж. - 3953,7), жарақаттану және улану - 4354,8 (4524,5), көз және оның қосалқы аппаратының аурулары - 3626,2 (2008 ж. - 4035,2).

2008 жылмен салыстырғанда көз және оның қосалқы аппаратының ауруы 10,1 пайызға, тері және тері шелмайының ауруы 4,7 пайызға, жарақаттану және улану 3,7 пайызға, ас қорыту мүшелерінің ауруы 1,9 пайызға төмендеген.

Созылмалы ауруларды амбулаторлық емдеу кезінде бекітілген тізбеге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерге 2009 жылы жергілікті бюджеттен 80 197 мың теңге қарастырылды, бұл 2008 жылғы сомадан 6,2 пайызға артық (75511 мың теңге), жылдық жоспардың 2010 жылдың 1 қаңтарда орындалуы -100 %.

12-17 жас аралығындағы балаларды алдын-ала тексергенде физикалық дамуы төмен (3 центилиден төмен) деңгейдегі 8758 бала табылды, тексерілгендер санының 8,3 % құрады.

2009 жылдың басында 1 жасқа дейін балалар саны -21103 бала. 2008 жылы -19885 бала. 2009 жылы 1 жасқа дейінгі балаларды құрғақсүтпен және қышқылсүт қоспаларымен қамтамасыз ету жергілікті бюджеттен қарастырылды және 2010 жылдың 1 қаңтарында – 81966,9 мың теңгеге (2008 жылы 70 258,7 мың теңге) орындалды.

Облыста 5 жасқа дейінгі балалар саны - 100726 (2008 жылы -95854), дәрі-дәрмекпен емделуге мұқтаждар – 56 393 (2008 жылы-54 554) оның ішінде өкпе қабынуы – 1059, тыныс жолының қабынуы – 1189, тумау тию аурулары – 38 350, фарингит – 6264, теміржетіспеушілік анемиясы – 7908, іші өту ауруы - 954, энтеробиоз- 669. 5 жасқа дейінгі балаларды амбулаторлық емделу деңгейінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, бекітілген тізімге сәйкес жергілікті бюджеттен, 2009 жылы -38 957 мың теңге, 2009 жылда 12 ай ішінде -100 % жетілді. 5 жасқа дейінгі ем алған балалар саны – 56393 (2008 жылы-54 554).



Келешекте дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, жеңілдікпен бөлінетін дәрі-дәрмекті тиімді пайдалану мониторингін жүргізуді жетілдіру қажет.

Ана мен баланы қорғауды жақсарту үшін балалар және перзентханалық ұйымдар медициналық жабдықтар және медицинаға арналған бұйымдармен қамтамасыз етіліп ең төмен нормативке жеткізілді. 2009 жылға республикалық трансферт мақсатында 296,8 млн.теңге қарастырылды және қолданылды.



Жергілікті бюджеттен балалар мен перзентхана ұйымдарын медициналық жабдықтар мен медицинаға арналған бұйымдармен жабдықтауға белгіленген жоспар нормативіне сәйкес 50,4 млн. теңге (2008 жылы 74,1 млн.теңге) қарастырылды. 2010 жылдың 1 қаңтарына орындалуы 99,9 % болды.

Балалар денсаулығын қорғауға кепілденген көлем аясында тегін медициналық көмекке 2008 жылы 845,5 млн. теңге, 2009 жылы 974,3 млн.теңге аударылды. 2009 жылы 15,2 % қаржыландырудың өсуі байқалды.

Болашақ аналардың денсаулығын нығайту мақсатында жүкті әйелдерді құрамында темір-йоды бар препараттармен 80,0 млн.теңгеге қамтамасыз етілді, яғни 2008 жылғы сомадан 8,5 пайызға артық (73 ,8 млн.теңге), 1 қаңтардағы орындалғаны -100 %.

Медициналық қызмет сапасын жоғарылатудың бір тетігі – денсаулық сақтау нысандарының жағдайын жақсарту. Денсаулық сақтаудың 6 нысанына күрделі жөндеу жоспарланған, соның ішінде республикалық бюджеттен 1 нысанда («Ана және бала орталығы» КМҚК).

2009 жылы күрделі жөндеуге барлығы 378 236,7 мың теңге жіберілді, соның ішінде республикалық бюджеттен – 23,7 млн.теңге (орындалуы - 100%), жергілікті бюжеттен – 354,6 млн. теңге, орындалуы –100 %.

2008 жылы жергілікті бюджеттен балалар мекемелерін материалдық техникалық жабдықтауға қаржы бөлінген жоқ, 2009 жылы 23,9 млн.теңге бөлінді. Бұл мақсатқа 2008 жылы республикалық бюджеттен 90,1 млн.теңге, 2009 жылы -70,4 млн.теңге қаржы бөлінді.

2009 жылы денсаулық сақтау саласының ресурстарды басқару және менеджмент сұрақтары бойынша кадрларды қайта дайындауға 2009 жылы 3,9 млн. теңге қарастырылды, 17,7 млн. теңгеге 14 маман оқытылды.   

Қазіргі заманғы жағдайда аурудың алдын алуға үлкен көңіл бөлу қажеттігін, халықты салауатты өмір салтына бағыттау керектігін айта кеткен жөн. Асқынған ауруды емдегенше, адам ағзасы үшін алдын-алу әрқашанда қолайлы.

Елбасымыз атап өткендей денсаулық сақтау жүйесінің келесі реформасы, негізгі стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталу керек. Медицина қызметкерлері алдына қойылған міндет халыққа қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету.



ІІІ. Білім беру, тәрбиелеу және балаларды дамыту
Қазіргі заманғы әлемде білім беру қоғамды, мемлекетті тұрақты дамытуды қамтамасыз етеді. Білім беру жүйесі мемлекеттік билікті мықты ұстау және жоғары дамыған экономика құру үшін құрал ретінде қызмет етуі қажет. Қазақстан еліне бүгінгі таңда және әрқашан сауатты, білімді, өмірлік стратегия жүйесін және гуманистикалық құндылықтарды білетін, өміртіршіліктің әр түрлі саласында жетістікпен бағдарланатын азаматтар қажет. Бұған білім беру саясатының барлық субъектерінің рөлін күшейту, олардың өскелең ұрпаққа білім беру және тәрбиелеу саласындағы өзара әрекеттері мен өзара жауапкершіліктері арқылы қол жеткізуге болады.

1. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту білім беру саласындағы қызметтердің басымды бағыттарының бірі, жеке басты рухани-адамгершілік тәрбиелеудің базалық кезеңі болып табылады. Жергілікті атқару органдарының міндеті – мектепке дейінгі білім беруді барынша қолжетімді ету, әсіресе, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды қамтамасыз ету.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін бұдан әрі дамыту стратегиясы барлық келесі өмір ағымында қарқынды дамумен қамтамасыз ететін, баланы мектепке дейінгі кезеңде интеллектуалдық, дене тәрбиесін дамыту үшін тең бастау болатын жағдайды қамтамасыз ету – осы білім беру деңгейінің маңызды ұстанымымен анықталған.

Оқытудың алғашқы баспалдағында тең бастау алған мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі білім сапасын көтеруге ерекше көңіл бөлеміз. Осы мақсатта облыста 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 34189 баланы қамтитын 116 балалар бақшасы, 14094 баланы қамтитын 675 шағын-орталықтар жұмыс істеуде, ол өткен жылмен салыстырғанда 8 балалар бақшасына (735 орын) және 216 шағын-орталықтарға көбейген.



Облыста соңғы 4 жылда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 31 бірлікке көбейді (2006ж. - 85, 2007ж. -100, 2008ж. - 108).




Мектепке дейінгі мекемелердің басым мөлшері Өскемен қаласында - 30, Семей қаласында – 15, Риддер қаласында – 9, аз мөлшері Бесқарағай ауданында -1, Абай, Аягөз, Жарма аудандарында екіден.

Облыста мектепке дейінгі білім берумен жалпы қамту 58,8 % (34189 бала), 2006 жылмен салыстырғанда (32,8%) 26% өсті.




Балаларды балалар бақшасымен қамтудың біршама пайызы қалалық жерлерде – 58,7 % жүзеге асырылуда: Курчатов қаласында – 60,7 %, Өскемен қаласы – 59,6 % Риддер қаласында 53,0%, ауылды жерлер мектепке дейінгі тәрбиелеумен 21,1% қамтылған, ең жоғары қамтылған Бородулиха ауданында – 78,2 %, Шемонайха ауданында 72,1 %, Ұлан ауданында – 66,4 %, Зайсан ауданында – 62,4 %, Үржар ауданында – 60,6 %.

Облыста балалар бақшасының 35 ғимараты қалпына келтірілді Өскемен, Семей қалаларында, Күршім, Зырян, Ұлан, Тарбағатай, Көкпекті, Үржар, Аягөз аудандарында, шаруа қожалықтарының Басшылары 7 ғимаратты қайтарды, олар Шемонайха ауданынан В.И. Акулов, Н.Н. Воробьев, Ұлан ауданынан В.Г. Воропай, А.Б. Барков, Тарбағатай ауданында жеке кәсіпкер Н.К. Абдрахманов, Семей қаласында Қазақмыс кәсіпорнымен жеке балалар бақшасы ашылды.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін және қазақ тілінде тәрбиелеу және оқыту топтарын кеңейтуде жағымды алға жылжулар байқалды, яғни 2006 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдар саны 15, аралас ұйымдар 10 бірлікке көбейді. 2009 жылы қазақ тілінде тәрбие беретін балалар бақшасының саны 32, аралас мектепке дейінгі мекемелер 34 құрайды, балаларды қамту 3300 балаға өсті.

Мектепке дейінгі білім беруді ұстауға жіберілген шығын 480 млн. теңгеге дейін жеткізілді, ол балалар бақшасында ұстауға ата-аналық төлемді қалалық жерлерде 12-15 мың теңгеден 7700 теңгеге дейін, ауылдық жерлерде 5-6 мың теңгеден 2-4 мың теңгеге төмендетуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдар тапшылығы мектепке дейінгі тәрбиелеудің қолжетімдігін төмендетеді және оқудың орта және жоғары баспалдақтарында оқушылардың білім сапасының салдарына жағымсыз әсер етеді.

Ерекше маңызды мәселе облыстың балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарында орынға қажеттіліктерді қанағаттандыу болып қалады. Сонымен, 2009 жылы тек Өскемен қаласында екі жастан бес жасқа дейінгі 2 мыңға жуық бала, ал облыс бойынша 17 мыңға жуық бала балалар бақшасына орынға кезекте тұр. Қалалардағы балалар бақшасындағы топтардың шектен тыс орналасуы өзекті мәселе болып қалуда.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту үшін орта мерзімді (2010) және ұзақ мерзімді (2015 жылға дейін) шаралар белгіленді.

2009 жылғы 15 желтоқсанда 465 орындық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, соның ішінде Абай ауданында 50 орынға «Балбөбек» балалар бақшасы, Өскемен қаласындағы қолданыстағы «Арман» балалар бақшасына қосымша 180 орынға қосымша топтар және 235 орынға шағын-орталықтар ашылды.

2010 жылы «Нұр Отан» ХДП платформасы бойынша Жарма ауданында 140 орындық 1 балалар бақшасын салу, Зырян қаласында 280 орындық «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша балалар бақшасын салу жоспарлануда. Мемлекеттік-жеке серіктестік есебінен 640 орындық 3 мектепке дейінгі мекемелер салынатын болады, соның ішінде Өскемен қаласында 560 орындық 2 балалар бақшасы (280 орынға «Казмырыш» АҚ, 280 орынға «Казатомпром» АҚ), Глубокий ауданында «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС 80 орындық 1 балалар бақшасы салынатын болады.

280 орындық 2 балалар бақшасы (бұрын жекешелендірілген), соның ішінде Шемонайха ауданында 140 орындық («Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС), Жарма ауданында 140 орындық (Мұрағат орналасқан), Өскемен қаласында 2040 орындық (бұрын мемлекеттік құрылымдар орналасқан) 8 мектепке дейінгі мекемелер қайтарылатын болады.

Жалпы алғанда, 2015 жылға дейін облыс бойынша республикалық бюджет есебінен 7660 орындық 30 балалар бақшасын салу көзделіп отыр, жергілікті бюджет есебінен 1880 орындық 14 бақша, мемлекеттік-жеке серіктестік есебінен 730 орындық 7 бақша салу жоспарланған, 5025 орындық 20 балалар бақшасын қайтару және босату, 4505 орындық 79 шағын-орталықтарды ашу жоспарланып, жеке балалар бақшасын дамыту үшін 295 орындық 14 бақша ашылатын болады.

Осылайша, 2015 жылдың аяғына дейін 20327 орынға 162 мекеме қосымша ашылады. Мектепке дейінгі мекемелермен қамту 93,2 % құрайтын болады.

Балалардың мектепке дейінгі мекемелер инфрақұрылымдарын қалпына келтіру және қамтудың ұлғаюымен қатар, мектеп алдындағы жастағы балаларға қатысты мемлекеттің міндеттемелерін кеңейту бойынша нақты қадамдар алдын ала қабылданған болатын. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуге жағдай жасау, олардың психологиялық-физикалық ерекшеліктеріне сәйкес мектеп алдындағы сыныптардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. Облыста 5-6 жастағы 100 % бала жалпы білім беретін мектептер базасында мектеп алдындағы дайындықпен қамтылған.

Балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен қамтуды арттыру және оларды мектепке дайындау кезінде тең бастапқы мүмкіндіктерін құру мақсатында балалар бақшасын қайта жаңғырту, салу және шағын-орталықтар ашу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.




жүктеу 3,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау