Шиелі аудандық мәслихатының


Орта және шағын кәсіпкерлік



жүктеу 0,57 Mb.
бет2/7
Дата25.01.2020
өлшемі0,57 Mb.
#27307
1   2   3   4   5   6   7

Орта және шағын кәсіпкерлік

2014 жылы ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің 3945 субъектісі тіркеліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,5 пайызға өссе (2012 жылы 3063, 2013 жылы 3602 субьект), кәсіпкерлік саласында 6678 адам жұмыспен қамтылып, 2013 жылмен салыстарғанда 7,4 пайызға артты (2012 жылы 5745адам, 2013 жылы 6215 адам).

Өткен жылы бөлшек сауда айналымы 5 млрд 336 млн теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға өсіп, шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 753 млн теңгеге салық түсімдері түсті.

«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында индустрияландыру картасына 2014 жылы аймақтық үйлестіру кеңесімен 2 млрд. 519 млн. теңгенің 7 жобасы мақұлданып, оның ішінде 2014 жылдың қараша айында жобалық құны 612 млн. теңгені құрайтын «Мия Шиелі» ЖШС-ның мия тамырын өңдеу зауыты іске қосылып
20 адам тұрақты жұмыспен қамтылды және Жеке кәсіпкер Бөкенбаева Үміттің жобалық құны 3 млн 600 мың теңгенің балық өсіру тәлімбағына 50 гектар жер табысталып, қазіргі таңда 600 мың шабақ өсірілуде.

Сонымен қатар, 2011 жылы Өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген «Шиелі тас - Оңтүстік» ЖШС-ның жобалық құны 777 млн. теңге болатын әк шығару зауыты 2014 жылы қараша айында пайдалануға беріліп, 84 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.



«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Шиелі кентінің шығыс аймағында орналасқан 50 гектар индустриялдық аймақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 216 млн теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды. 2015 жылы темір жол желісін салуға ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 6 млн теңге бөлінді.

2015 жылғы 1 қарашаға ауданда шағын кәсіпкерліктің


4082 субъектісі тіркеліп, 6785 адам жұмыспен қамтылып отыр. Тиісті кезеңмен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелуі 4,3 пайызға, жұмыспен қамтылғандар саны 2,1 пайызға өскен.

2015 жылғы 1 қарашаға Өңірлік индустрияландыру картасына құны


29 млрд. 491 млн. теңгенің 2 жобасы енгізілді.

1. «DANAKE» Корпорациясы» ЖШС-ның жобалық құны 29 млрд. 341 млн. теңгенің цемент шығару зауыты құрылысы жобасы. Жылдық қуаттылығы 1 млн. тонна цемент өндіру. Жаңа жұмыс орнымен 100 адам қамтамасыз ету жоспарлануда. Іске асырылу мерзімі 2015-2016 жылдар. Шиелі кентінің шығыс бөлігінен 46 га жер телімі табысталды.

2. «KazChinNur» ЖШС-ның жобалық құны 150 млн. теңгенің шағылтас және құрылыс бұйымдарын өндіру зауытының жобасы аймақтық эксперттік кеңесте мақұлданып өңірлік индустрияландыру картасына енгізілді. Жылдық қуаттылығы 150 мың тонна құрылыс бұйымдарын өндіру (қиыршық тас, темір бетон бұйымдары). Жаңа жұмыс орнымен 45 адам қамтамасыз ету жоспарлануда. Іске асырылу мерзімі 2015-2016 жылдар.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында әр түрлі саладағы 5 жеке кәсіпкер несие қаржы алып жұмыстарын жүргізіп жатса ( Мейрамхана, Балық өңдеу цехы, Газо-пено блок өндіру, Қызмет көрсету кешені Қонақ үй қызмет көрсету кешенін кеңейту), 4 жеке кәсіпкер грант иегері атанды ( Шеге шығару цехы, Құс өсіру, Туризмді дамыту /Көл жағалауында демалыс ұйымдастыру/, Төсек орын бұйымдарын шығару).Туризмді дамыту мақсатында «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің бойында Шиелі кенті аумағында «А» санатындағы сервистік қызмет көрсету кешені құрылысы жүргізілуде.

Инновация және инвестиция

2014 жылы негізгі қорға 11 млрд. 843 млн. теңге инвестициялық қаржы салынып (2012 жылы 11 млрд. 451 млн. теңге, 2013 жылы 28 млрд. 78 млн. теңге), жеке тұрғындар есебінен жалпы ауданы 23,8 мың шаршы метр тұрғын үй салынды (2012 жылы 18,3 мың шаршы метр, 2013 жылы 19,8 мың шаршы метр) немесе 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,3 пайызға өсті.

2015 жылғы 1 қарашаға Өңірлік индустрияландыру картасына құны
29 млрд. 491 млн. теңгенің 2 жобасы енгізілді.

1. «DANAKE» Корпорациясы» ЖШС-ның жобалық құны 29 млрд. 341 млн. теңгенің цемент шығару зауыты құрылысы жобасы. Жылдық қуаттылығы 1 млн. тонна цемент өндіру. Жаңа жұмыс орнымен 100 адам қамтамасыз ету жоспарлануда. Іске асырылу мерзімі 2015-2016 жылдар. Шиелі кентінің шығыс бөлігінен 46 га жер телімі табысталды.

2. «KazChinNur» ЖШС-ның жобалық құны 150 млн. теңгенің шағылтас және құрылыс бұйымдарын өндіру зауытының жобасы аймақтық эксперттік кеңесте мақұлданып өңірлік индустрияландыру картасына енгізілді. Жылдық қуаттылығы 150 мың тонна құрылыс бұйымдарын өндіру (қиыршық тас, темір бетон бұйымдары). Жаңа жұмыс орнымен 45 адам қамтамасыз ету жоспарлануда. Іске асырылу мерзімі 2015-2016 жылдар.

2015 жылдың 10 айында мерзімге негізгі қорға барлығы 8 млрд. 829 млн. теңге инвестициялық қаржы салынған, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 87,5 пайыз.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 8 млрд. теңге, тиісті кезеңге 121,7 пайыз.

Оның ішінде жалпы ауданы 23471 шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға берілді, өткен жылдың тиісті кезеңіне 126,5 пайыз.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген 217 млн теңге қаржыға Шиелі кентінің ішкі су желілерін ІІІ-кезеңінің жұмыстары жүргізіліп, қыркүйек айында пайдалануға берілді.

8 елді мекеннің (Досбол би, Алмалы, Тәжібаев, Бала би, Жөлек, Бәйгеқұм, Бидайкөл, Алғабас) ауыз су жүйесін толықтай жаңғырту мен ЖТСҚ қосу құрылыс жұмыстарына 1,1 млд теңге қаржы қаралып Бидайкөл мен Алғабас елді мекендерінің ішкі су құбырын жаңғырту басталып, №5 СКНС-нан Алмалы елді мекеніне дейінгі 8 км су тасымалдаушы магистраль құбыры жүргізілді, Алғабас,Тәжібаев және Досбол би елді мекендерінің су тасымалдаушы тармағы мен бас су қабылдау қоймасының құрылысы жүргізілді. Бидайкөл мен Алғабас елді мекендерінің ішкі су құбырын жаңғыртуды толық аяқтап пайдалануға беру жұмыстары атқарылуда.

Ауданда осы кезге дейін шешімін таппай келе жатқан апаттық жағдайдағы Тәжібаев ауылындағы №214 мектеп жобалық құны 638 млн теңге, 21 бекет елді мекеніндегі №243 мектеп жобалық құны 365 млн теңге болатын мектептердің құрылыстары басталып, №243 мектептің құрылыс жұмыстары аяқталып мемлекеттік қабылдау жұмыстары жүргізілуде, ал
№214 мектепті 2016 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Балаби ауылындағы 2014 жылы құрылысы басталған 900 орынды № 50 орта мектеп пайдалануға берілді.

Қодаманов ауылынан 150 орындық клубтың, Сұлутөбе ауылынан жобалық құны 283 млн. теңге болатын 240 орындық клубтың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Шиелі кентінен жобалық құны 156 млн теңге болатын әкімшілік ғимарат пайдалануға берілсе, аудандық бюджеттен 84 млн теңге қаржы қаралып Жөлек, Бестам және Қодаманов елді мекендерінле әкімшілік ғимараттар құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қазіргі таңда мемлекеттік қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық бюджеттен 2015 жылы аудандық маңызы бар жолдар құрылысына, жөндеуге 377,9 млн. тенге қаржы қаралды. Құны 35,1 млн теңге түратын ұзындығы 3 шақырымдық «Самара-Шымкент-Жансейіт» автомобиль жолының құрылысы аяқталды. Құны 115,5 млн теңге тұратын ұзындығы 11 шақырымдық «Жансейіт-Ортақшыл» автомобиль жолы орташа жөндеуден өтті.

Құны 109,4 млн теңгелік ұзындығы 3,8 шақырым, «Қарғалы ауылына кіре беріс» автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмысы аяқталды, құны 117,9 млн теңгелік, ұзындығы 4,2 шақырым «Самара-Шымкент-Бала би» автомобиль жолы күрделі жөндеуден өткізілді.

Аудан халқының көптен күткен газдандыру мәселесі биыл өз шешімін тауып бірінші кезекте Шиелі кентінде 269 шақырым газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы кент бойынша 5600 үйге газ кіргізіледі. Осы күнге тұрғындардан 1021 өтініш қабылданып, 719 ЖСҚ әзірленіп, 220 үйге газ кіргізілген.

Бағыт. Әлеуметтік сала

Білім

Ауданда 41 мектеп, 4 мектептен тыс мекеме, 16 мемлекеттік және


1 ведомстволық балабақша, 40 жеке балабақшалар жұмыс жасайды.

Білім қызметкерлерінің білімін жетілдіру мақсатында 2014 жылы Кембридж бағдарламасы негізінде 3 деңгейлі білім жетілдіру курсынан


246 педагог, 7 директор өтті, 15 мектеп директорының орынбасарлары өтуде.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2014 жылы Бірыңғай Ұлттық тестің қорытындысымен аудан орташа 75,11 балды құрап, облыс бойынша


3 орынға тұрақтады.

Аудан бойынша 7 жасқа дейінгі бала саны 15 493, оның


6 375 баласы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 98,9 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды.

Қазіргі таңда аудандағы жалпы білім беретін мектептерінің


1-2 сынып оқушылары 100 пайыз тамақпен қамтылып, оған аудандық бюджеттен 109 млн теңге, тұрмысы төмен отбасы балаларын тамақпен, киіммен және жазғы демалыстарын ұйымдастыруға 121 млн теңге жұмсалды.

Өткен жылы оқушылар аудандық бюджеттің есебінен 25 млн теңгеге оқулықтармен қамтамасыз етілді, ал 2015 жылы оқушыларды оқулықтармен толық қамту мақсатында 68 млн теңге бөлінді,немесе 2014 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артық жоспарланды.

«2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» аясында 2014 жылы 4 мектептің құрылысы (Шиелі кентінен 1200 орындық мектеп, Бестам ауылынан 300 орындық мектеп, Майлытоғай ауылынан 150 орындық мектеп құрылыстары және Шиелі кентіндегі Г.Ковтунов атындағы №252 мектеп ғимаратына қайта жаңғырту және қосымша ғимарат құрылысы) пайдалануға беріліп, бұл мақсатқа бюджеттен 2 млрд 890 млн теңге қаржы жұмсалды.

Жоба құны 1 млрд 175 млн теңге болатын Балаби ауылынан


900 орындық мектеп құрылысына 2014 жылы республикалық бюджеттен
295 млн теңге бөлініп, мамыр айында басталған құрылыс 2015 жылға өтпелі нысан ретінде енгізіліп отыр.

Ал, апаттық жағдайдағы Тәжібаев және 21 бекеттегі мектептердің құрылысын жүргізуге 2015 жылы 1 млрд 32 млн теңге бөлініп, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне пайдалануға беру жоспарланып отыр

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында
428 млн теңгеге 6 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған бағдарлама аясында 2015 жылы Қодаманов ауылындағы балабақша 66 млн 566 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізіледі.

2014 жылы жылумен сапалы қамтамасыз ету мақсатында 9 мектепке (№244, 155, 158, 152, 49, 181, 40, 50, 41) 11 бу қазандығы жаңадан орнатылды, №153 мектепке оушыларды тасымалдауға Газель, №47 мектепке автобус автокөліктері алынды. 3 мектепті (№157, 244, 181) күрделі жөндеуден өткізуге жоба сметалық құжат әзірлеуге 4,5 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Өткен жылы мектептерге қатты отын алуға 142 млн теңге, сүйық отын алуға 132 млн теңге бөлініп, толық жылумен қамтамасыз етілді.

2015 жылы ҰБТ қорытындысында ауданның орта балы 79,8 болды. 2014 жылмен салыстырғанда өсім 4,7 балл. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен 0,5 балға жоғары.

Мектеп бітіруші түлектердің 12-сі «Алтын белгі», 6-ы «Үздік аттестат» иегерлері атанды.

Ауданда осы кезге дейін шешімін таппай келе жатқан апаттық жағдайдағы Тәжібаев ауылындағы №214 мектеп жобалық құны 638 млн теңге, 21 бекет елді мекеніндегі №243 мектеп жобалық құны 365 млн теңге болатын мектептердің құрылыстары басталып, №243 мектеп осы қазан айында, ал


№214 мектепті 2016 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2014 жылы құрылысы басталған 900 орынды № 50 орта мектеп пайдалануға берілді.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 57,6 млн теңге бөлініп, Ш.Қодаманов елді мекеніндегі «Ақбота» балабақшасы күрделі жөндеуден өткізілді.

2015 жылы Бала би елді мекендегі №50 мектепке оқушыларды тасымалдау үшін «Газель» автокөлігін алуға 3 млн 300 мың теңге, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан көлеміндегі мектептерге бейнебақылау камералар мен өрт дабыл қондырғыларын орнатуға 28 млн теңге бөлінді.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің алдында жаңа құрылыс нысандарының тікелей мердігерлерімен, өндіріс қуатын арттырған немесе жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындармен тығыз байланыс орната отырып жұмыссыздарды жұмыспен барынша қамту мақсатында тиісті шаралар қабылдау бағытында негізгі міндет тұр.

Денсаулық сақтау

Ауданымыздың жылдан-жылға демографиялық өсімі ұлғайып келеді


2014 жылы 2135 бала дүниеге келсе, 2013 жылғы есепті кезеңімен салыстарғанда 5,5 пайызға яғни, 112 балаға көбейіп отыр.

Туберкулез ауруымен жаңадан тіркелгендер саны 45 адам болып, 2013 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға кеміді.

Суицид бойынша өткен жылы 6 адам қайтыс болса, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есеге азайып отыр.

Сонымен қатар, Елбасының баса назар салып отырған халыққа көрестілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында Бидайкөл ауылынан селолық дәрігерлік амбулатория құрылысы пайдалануға берілсе, облыстық бюджеттен бөлінген 47 млн. теңгеге аудандық аурухананың ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді.

Еңбекші, Қодаманов, Ақмая ауылдарынан селолық дәрігерлік амбулатория құрылыстарын салуға жоба сметалық құжат әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 7 млн. 134 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданымыздың жылдан-жылға демографиялық өсімі ұлғайып келеді


2015 жылдың 1494 бала дүниеге келсе, 2014 жылы 1450 бала, есепті кезеңімен салыстарғанда 3 пайызға яғни, 44 балаға көбейіп отыр.

Туберкулез ауруымен жаңадан тіркелгендер саны 37 адам болып, 2014 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 0,5 пайызға кеміді.

2015 жылдың 9 ай көлемінде жалпы тіркелген аурулар саны 48876 болып, былтырғы жылмен (50913) салыстырғанда науқас санының азайғаны байқалады.

Бірінші рет тіркелген аурулар көрсеткіші – 27615, былтырғы жылы 29514. Бірінші рет тіркелген аурушаңдық көрсеткішін талдағанда нерв жүйесінің аурулары 872 –ден 1572-ге, жұқпалы аурулар 573-тен 7699-ға, құлақ, мұрын аурулары 645-тен 567-ге артқан. Ас қорыту ағзаларының ауруы 4145-тен 3665-ке, улану және жарақаттану аурулары 955-тен 543–ке, жүрек қан тамыр аурулары 1577-ден 1038-ге, ал қан аурулары 3597-ден 3034- ке кеміп отыр.

Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында 5 млн теңгеге «Кардиограф» құрал-жабдығы алынды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Ауданда 2015 жылғы 1 қаңтарға экономикалық белсенді халық саны 42812 адам, жұмыспен қамтылған халық саны 40700 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрады. 2013 жылдың есепті кезеңінде бұл көрсеткіш 5,7 пайызды құрап, жыл көлемінде 0,7 пайызға төмендеді.

2014 жылы 750 жаңа жұмыс орындары ашу жоспарланса, жыл басынан 990 жаңа жұмыс орындары ашылып, 32 пайызға артық орындалды.

Жалпы жыл көлемінде 1779 адам тұрақты жұмыспен қамтылып,


633 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 2014 жылы 15 жоба бойынша 131 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, толығымен жұмыссыз адамдар жұмыспен қамтамасыз етілді.



Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2014 жылы ауылда кәсіпкерлікті дамытуға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 79 адамға 169 млн. теңге, «Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 16 несие серіктестігінің 112 мүшесіне 290 млн. теңге, барлығы 459 млн теңге несие берілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 95 адамды кәсіби даярлау, 35 адамды қайта даярлау, 20 азаматты біліктілігін арттыру курстарынан өткізілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 143 азамат уақытша жұмыстарға жолданып, оның 101-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жастар тәжірибесіне 253 азамат уақытша жұмыстарға жолданып,
24 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

2014 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген 832 азаматқа 43 млн. теңге біржолғы материалдық көмекке төленсе, облыс әкімінің қолдауымен Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр және магистр академиялық дәрежесін алушы студенттердің оқу ақысына 17 млн теңге төленді.

Мүгедектерді оңалту бағдарламасы аясында 2014 жылға қимылында қиындығы бар 103 бірінші топтағы мүгедектер 100 жеке көмекшімен қамтылса, 19 естуі төмен мүгедекке 3 ымдау тілі маманы қызмет көрсетті.

Сонымен қатар, мүгедектер 68 тифло техникалық құралдар,


27 сурдо-техникалық құралдар, 50 жүріп-тұру құралдар, 264 протезді-ортопедиялық құралдарымен қамтылып, 129 мүгедекке санаториялық шипажайларға жолдама берілді.

2015 жылғы 1 қарашаға хабарласқан 1804 адамнан тұрақты жұмысқа 1214 адам орналастырылса, 415 адам жұмыссыз мәртебесін алған, ресми жұмыссыздық деңгейі 1,1 пайыз.

2015 жылы 800 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 10 айда 715 жаңа жұмыс орындары құрылған (89,4%),

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағытына 2015 жылға 2 жобаға 100 млн. 292 мың теңге қаржы қаралды. Жоба аясында 34 азамат уақытша жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты аясында 2015 жылы республикалық бюджеттен 191 млн 300 мың теңге қаржы қаралып, 62 азаматты несиелендіру жоспарланса, қазіргі таңда 67 азаматқа 129 млн. 251 мың теңге шағын несие берілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында 2015 жылы оқуын жалғастырушы 95 азаматқа мемлекеттік қолдау көрсетуге 32 млн 983 мың теңге қаржы бөлінді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2 млн 851 мың теңге қаржы қаралып,


20 адам аудан көлеміндегі 8 жеке кәсіпкер мен мекемелерге жолданды.

Жастар тәжірибесіне 30 оқу бітірген жұмыссыз азаматты мамандықтары бойынша жастар практикасынан өткізу жоспарланып, 6 млн 421 мың теңге қаржы қарастырылды. Қазіргі таңда 44 мекеме мен ұйымдарға 55 азамат жіберіліп, бөлінген қаржы толық игерілді.



Мәдениет

Ұлы Жеңістің 70-жылдығы мерекесіне орай, аудан көлемінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге орнатылған ескерткіш-белгілерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2014 жылға 2 елді мекендегі тағзым алаңын қайта қалпына келтіруге 1 млн 38 мың теңге бөлінсе, қалған елді мекендерге 2015 жылы аудандық бюджеттен 27 млн теңге қаржы бөлінді.

Ауданда жастар мен жасөспірімдер арасында 12 рет аудандық байқау өткізілсе, аудан өнерпаздары республикалық 4байқауға қатысып 2 Бас жүлде, 2-І орын, 1-ІІ орынға, 11 облыстық байқауларға қатысып,2- І орын, 6 - ІІ орын, 6 - ІІІ орынға ие болды.

Өткен жылы Сырдария, Жаңақорған аудандарында және Қызылода қаласында Шиелі ауданының «Өнер күндері» өткізілді.

2014 жылы Бәйгеқұм елді мекенінен 173 млн. теңгеге 150 орындық клуб құрылысы салынып пайдалануға беріліп, Қодаманов елді мекенінде жобалық құны 184 млн. теңге болатын150 орындық клубқұрылысы 27 млн теңгеге құрылысы басталды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында


2014 жылы Бекежанов, Бидайкөл, Байсын ауылдық мәдениет үйлері
109 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, ғимарат жайлы да жаңа кейіпке еніп, халыққа қызмет жасауда.

Биылғы жыл еліміз үшін қоғамдық-саяси маңызға ие мерейлі мерекелер жылы. Жыл басынан бері Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің


70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығы кең көлемде тойлануда.

Ұлтымыздың ұлы тұлғалары – Мұстафа Шоқай мен Нартай Бекежановтың туылғанына 125 жыл толу мерейтойы «Алтын күз – 2015» мерекесі аясында кең көлемде аталып өтті. Облыс орталығында «Мұстафа Шоқай - Алаштың алып тұлғасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді, Сұлутөбе ауылындағы жаңа мәдениет үйі алдында Мұстафа Шоқайға қойылған бюст ашылды. «Көрнекті тұлға Мұстафа Шоқай» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы, «Тәуелсіздік жаршысы Мұстафа Шоқай, қазақтың сал-серісі ақын Нартай» атты республикалық ақындар айтысы болып өтті.

Есепті мерзімде Қодаманов ауылынан 150 орындық клубтың, Сұлутөбе ауылынан жобалық құны 283 млн. теңге болатын 240 орындық клубтың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 60,5 млн теңге бөлініп, Ы.Жахаев (32,6 млн) және Бала би (27,8 млн) елді мекеніндеріндегі мәдениет үйлері күрделі жөндейден өткізілді.


Спорт

2014 жылы аудан спортшылары республикалық жарыстардан


15 алтын, 18 күміс, 14 қола медальдарға қол жеткізді. «Алтын күз 2014» облыстық спартакиадасында аудан құрама командасы спорттың
15 түрінен қатысып жүлделі екінші орынды иемденді. Ауданда өткен жылы 181 аудандық, 6 облыстық, 3 республикалық және 1 халықаралық жарыстар өткізілді.

Бұқаралық спортты дамыту бағытында 2015 жылға аудандық бюджеттен аудан спортшыларын түрлі жарыстарға тасымалдау үшін автобус алуға 7 млн 300 мың теңге, бокс рингін алуға 1 млн 827 мың теңге, 4 тенис столын алуға 480 мың теңге қаржы бөлініп отыр.

Сондай-ақ, Бестам елді мекеніндегі ескі мектептің ғимараты және Алмалы елді мекендеріндегі иесіз ғимарат ауданның коммуналдық меншігіне алынып, спорт бөлімінің теңгеріміне берілді. Алдағы кезде аталған 2 ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілілетін болады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында халықты дене шынықтыру және спортпен қамту өз деңгейінде жүзеге асырылуда. Ауданда 19218 адам спорттың 18 түрімен шұғылданып, қамтылуы 24 пайызды құрап отыр.

Есепті мерзімде бұқаралық спортты дамыту мақсатында
3 республикалық, 4 облыстық, 146 аудандық жарыстар өткізілді. Аудан спортшылары халықаралық және республикалық жарыстардан 17 алтын, 20 күміс, 14 қола медаль иеленді.

Үстіміздегі жылдың 23-27 қыркүйек аралығында ауыл спортшыларының XXIX «Алтын күз-2015» облыстық спартакиадасы өткізілді. Спорттың 15 түрі бойынша 1107 спортшы қатысып, жарыстың жалпы қорытындысы бойынша командалық есепте Шиелі ауданы 1-орынды иеленді.

2015 жылы бұқаралық спортты дамыту және спортшыларды ынталандыру мақсатында аудандық бюджеттен 12,5 млн бөлініп, спорттық киімдер, құрал-жабдықтар, спортшыларды тасымалдауға автобус көлігі және бокс рингі алынды.
Бағыт. Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік

Өткен жылы аудан көлемінде 536 қылмыс орын алып, 2013 жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға төмендеді.

Жалпы тіркелген қылмыстарды 2013 жылмен салыстырғанда ауыр қылмыс 50 пайызға, бұзақылық қылмысы 1,4 пайызға, есірткі қылмысы
25 пайызға, алаяқтық қылмысы 2,1 пайызға, мал ұрлығы 67,2 пайызға өсім алса, ауыр қылмыс 3,6 пайызға, ауыр дене жарақатын салу қылмысы 90,9 пайызға, тонау қылмысы 10,0 пайызға, бөтен мүлік ұрлығы 8,4 пайызға төмендеді.

2014 жылы сотты болғандармен жасалған қылмыс 2 есеге, қоғамдық орында жасалған қылмыстар 25,0 пайызға, көшеде жасалған қылмыс 21,4 пайызға, өсім алса, жасөспірімдермен жасалған қылмыс 16,7 пайызға, мас күйінде жасалған қылмыс 22,0 пайызға, топ болып жасалған қылмыс 21,6 пайызға азайды.

2015 жылдың 9 айында 513 (2014 жыл 9 айда 420) қылмыс тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыстылық 22,1 пайызға өсім алды.

Есепті мерзімде қылмыстың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарының нәтижесінде аса ауыр қылмыстар, кісі өлтіру қылмысы, зорлау қылмысы, алаяқтық, қарақшылық қылмыстары төмендеуіне қол жеткізілсе, ауыр қылмыс, бөтен мүлік ұрлығы, оның ішінде пәтер ұрлығы, мал ұрлығы, есірткі қылмысы өсім алып отыр.

Тіркелген ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу көрсеткіші
73,9 (2014 ж 66,7) пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылы орын алған 24 ауыр қылмыстың 21-і ашылып, аяқталған қылмыстық істер санатында жалпы 16-ы сотқа жолданса, 5 қылмыстық іс құрамы болмауына байланысты өндірістен қысқартылып, 4 ауыр қылмыс ашылмай іс жүргізу мерзімдері тоқтамға алынған.
Бағыт. Инфрақұрылым

Құрылыс

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 2014 жылы Шиелі кентінің қыстақішілік су құбырының құрылысына 633 млн. теңге бөлініп,
62 шақырым ішкі су құбыры жүргізіліп, 4 су көтерме мұнаралары орнатылды. 2015 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 217 млн теңге бөлінді.

Жобалық құны 4 млрд. 167 млн. теңге болатын 8 (Досбол би, Алмалы, Тәжібаев, Бала би, Жөлек, Бәйгеқұм, Бидайкөл, Алғабас) елді мекеннің бас су қабылдау қоймасы мен Жиделі топтық су торабына қосу және ішкі су құбырының құрылыстарын жүргізуге өткен жылы 1 млрд. 173 млн. теңге бөлінді. Қаралған қаржыға бірінші кезекте Бидайкөл мен Алғабас елді мекендерінің ішкі су құбыры және №5 насос станциясынан Алмалы елді мекеніне дейінгі 7 шақырым су тасымалдаушы магистраль құбыры, Алмалы, Тәжібаев және Досбол би елді мекендері су тасымалдаушы тармағы және бас су қабылдау қоймасының құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ 289,2 млн. теңгеге Алмалы, Тәжібаев және Жөлек елді мекендерінің ішкі су құбырларының құрылысы жүргізіліп, аяқталуда. 2015 жылы орталықтандырылған су жүйесіне қосылады.

Облыс әкімінің тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыстық бюджеттен бөлінген 26 млн. теңгеге 4 су таситын автокөлік алынып, Бидайкөл, Бәйгеқұм, Алғабас, Досбол би, Тәжібаев елді мекендерінің халқын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге пайдаланылуда.



жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау