Шиелі аудандық мәслихатының



жүктеу 0,57 Mb.
бет1/7
Дата25.01.2020
өлшемі0,57 Mb.
#27307
  1   2   3   4   5   6   7



.

Шиелі аудандық мәслихатының

2015 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 48/4 шешімімен бекітілген








Шиелі ауданының 2016-2020 жылдарға

арналған даму бағдарламасы


Шиелі кенті, 2015 жыл

Мазмұны



1.

Бағдарламаның төлқұжаты


2.

Ағымдағы жағдайды талдау




Экономика




Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау.

Өнеркәсіп

Ауылшаруашылығы

Шағын және орта бизнес, сауда

Инновация және инвестиция

Әлеуметтік сала

Білім

Денсаулық



Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Мәдениет


Денешынықтыру және спорт

Қоғамдық тәртіп және құқық қорғау

Инфрақұрылым

Құрылыс


Жол және көлік

Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы

Мемлекеттік қызмет көрсету.


3.

Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары.




1 бағыт: Экономика;




2 бағыт: Әлеуметтік даму;

3 бағыт: Қоғамдық тәртіп және құқық қорғау






4 бағыт: Инфрақұрылым;




5 бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер тесурстары;




6 бағыт: Мемлекеттік қызметтер.


4.

Қажетті қаржы

1. Бағдарламаның төлқұжаты

Бағдарлама атауы

Шиелі ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Оны дайындауға

негіздеме



«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы №827 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін мұнан әрі құрылымдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы №371 Жарлығы

Өңірдің негізгі сипаттамасы

Шиелі ауданының аумағы 32,4 мың шаршы км немесе облыс аумағының 14,3 % алып жатыр,батысында Тұран ойпатының кең байтақ жазықтау жерлеріне орналасқан, солтүстік-шығысында Қаратау сілемдері

Ауданда 40 ауылдық елді мекенді қамтитын 1 кент, 22 ауылдық округ бар. Аудан халқы 2015 жылғы 1 маусымға 80,8 мың адам, аудан оңтүстікте Қызылқұммен шектеседі., халықтың орналасу тығыздығы әрбір 1 шаршы км 2,4 адамнан келеді.

Әкімшілік орталығы Шиелі кенті.


Даму бағыттары

Экономика;

Әлеуметтік даму;

Инфрақұрылым;

Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары;

Мемлекеттік қызметтер.


Бағдарламаның

мақсаттары,



Ауданның дамуы және тиімді әлеуметтік-экономикалық әлеуеті негізінде тұрғындардың ахуалын жақсартуды қамтамасыз ету.

міндеттері

Агроөнеркәсіп кешені өнімін өндірудің және экспорттаудың тұрақты өсіруінің есебінен ауданда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Шағын және орта кәсіпкерліктің динамикалық дамуын қамтамасыз ету;

Инвестициялық қолайлы климат құру, ынтымақтастықты нығайту және дамыту, қаржы салу үшін жағдай жасау;

Білім беру жүйесіндегі сапалы көрсеткіштерге қол жеткізу;

Халықтың денсаулығын жақсарту және әлеуметтік мәні бар ауру зардаптарын төмендету;

Әлеуметтік мәні бар ауру зардаптарын төмендету және тұрғындардың денсаулығын жақсарту;

Аудан халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және облыс тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету;

Аудан тұрғындарының өмір деңгейі мен сапасын арттыру;

Мәдениет саласындағы отандық өнімдеріне сұранысты арттыруға ынталандыру;

Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру-сауықтыру обьектілерін, салауатты өмір салтын және туризмды дамыту;

Жергілікті деңгейде мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыру;

Құқық азаматтардың бойындағы, өмірлерінің қажетті деңгейін қолдау және қоғамдық тәртіпті нығайту. Қылмыс әрекетін алдын алу;

Тұрғын үйдің құрылысы және тапсырылуы;

Аудан тұрғындарының көлікке жүру қажетілігін қамтамасыздандыру және жол инфрақұрылымын дамыту;

Коммуналдық жүйелерді дамыту және жаңарту, нормативтік пайдалану бойынша кондоминимум нысандарын қамту;

Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерді көбейту және экожүйені қалпына келтіру және сақтау бойынша жағдай жасау;

Ауданның ауылдық елді мекендерін дамыту;

Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтік маңызы бар қызметтерін көрсету сапасымен қанағаттандыру деңгейін көтеру



Мақсаттық

индикаторлар



Өңдеуші өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексі;

Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі;

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі;

Ауылшаруашылық өндірісіне инвестициялардың нақты көлемі индексі, %-бен;

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) игерген білім алушылардың үлесі;

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту;

Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік (14-24 жас) жастағы жастардың үлесі;

15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – англ. Not in Education, Employment or Training);

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл;

Жұмыссыздық деңгейі;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі;

Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында);

Мәдениет ұйымдарына 1000 адамға шаққандағы келушілердің орташа саны;

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту;

Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі;

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлесі;

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

Жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар тұрғындардың үлесін арттыру;

Жылумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін ұлғайту;

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның тозуын төмендету, %-бен;

Халықтың су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;

Энергияны көп қажет етуді төмендету;

Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің жалпы ауданынан ауылшаруашылық айналымына тартылғандардың үлесін ұлғайту;

Халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі.


Қаржыландыру көздері мен көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық және облыстық, аудандық бюджеттер, инвесторлардың жеке қаражаты, қарыздық қаражат.

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылға нақтыланатын болады.




2. Қазіргі жағдайға талдау

Шиелі ауданының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау.

Шиелі ауданы Тұран ойпатының шығысында кең байтақ жазықтау жерлеріне орналасқан, солтүстік-шығысында Қаратау сілемдері, ал оңтүстікте Қызылқұммен, Сырдария өзенімен шектеседі.

Аудан орталығы – Шиелі кенті.

Аудан аумағы 32,4 мың шаршы км, немесе облыс аумағының 14,3 % құрайды. Аудан халқы (2015 жылдың 1 маусымға) – 80,8 мың адам немесе облыс халқының 11,0 %. Шиелі ауданы қазба байлықтарына бай, бұл оған бәсекелестікте бірегей басымдықтар береді. Аудан халқының 47,4% еңбек етуге қабілетті жаста. Аудан аумағының геологиялық құрылымының ерекшелігі - жер қойнауы табиғи кен байлықтарына бай. Шиелі ауданында түсті металдың, ванадий, құрылыс материалдары мен рудалық шикізаттың мол қоры жеткілікті. Табиғи қазба байлықтары ретінде уранды, әк, қиыршық тас пен басқа да жер қойнауы байлықтарын мақтанышпен айтуымызға болады.

Аудан аумағы экономикалық тиімді түйіспе (теміржол және автомобиль) жолдарды қамтиды. Туристік қызметті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар, тарихи ескерткіштер орналасқан.

Шиелі ауданы – экономикалық тұрақты даму өңірі болып табылады.

Соңғы бірнеше жылда ауданда макроэкономикалық көрсеткіштердың оң даму динамикасы қолайлы экономикалық ахуал қалыптастырды, сонымен бірге өндірістің өсуімен қоса халық кірісі ұлғайды.

Шиелі ауданы экономикалық құрылымы алға басушылығы және әртараптандырылғандығымен сипатталады.Ауданның маңызды қазба байлықтары түсті металдар, уран, ванадий болып табылады. Өңір шегінде ванадий қорлары бойынша бірегей саналатын Баласауысқандық және Қарамұрын кен орындары орналасқан. Қаратау жоталарындағы ванадий тақтатастары көп жылдарға жететін шикізат көзі болып саналады. Қазба байлықтары арасында ванадийден басқа алтын мен басқа да түрлі металл қорларын ерекше атауға болады

Алайда, ауданда бірқатар экономикалық және әлеуметтік мәселелері бар.

Ауданның әлеуметтік саласындағы жағдайды бағалай отырып, жалпы мәселе, бұл материалдық –техникалық базаның әлсіздігінде екенін атап айтқан дұрыс.

Мәдениет саласындағы индустрия баяу дамуда. Ауыл клубтары і күрделі жөндеуді қажет етеді.

Ауданның еңбек рыногы жағдайындағы бұл мәселелердің ең бастысы: еңбек рыногындағы көп сұраныс пен ұсыныстың сай келмеуі, білікті жұмысшылар және техникалық кадрларға деген сұраныс, жұмысшы күші сапасының төмен болуы, ауданның кәсіптік-техникалық мектепбіндегі материалдық-техникалық базаның әлсіз болуы.

Жұмыссыздық сақталуда, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерекше жоғары.

Кіші бизнес белсенділігі жеткіліксіз, аудан экономикасын және әлеуметтік саланы дамытудағы оның үлесі аз.

Құрылымды кадр тапшылығы байқалады. Жоғары жұмысбастылықпен қамтамасыз етуде техникалық мамандық және ауылшаруашылығы саласында жұмыс жасайтын кадрлар тапшылығы байқалады.

Атмосфераға ласзаттек қалдықтары көлемінің өсуі, автокөлік сандарының көбеюі, автокөлік жанар-жағармай сапасының төмендігі, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының, өндіріс қалдықтарын қадеге жарату шарттарының сақталмауынан орын алып отыр.

2015 жылғы 1 қаңтарға экономикалық белсенді халық саны 42,8 мың адамды қамтыды (2013 жылға -36,1 мың адам) Аудан экономикасымен 34,0 мың адам айналысса, олардың ішінде жалданған қызметкерлер үлесі 53,8 % құрады, дербес айналысушылар 46,2%. Бағалау бойынша жұмыссыздар саны 2,1 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,0 % болды.

2014 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 25,8 млрд теңгенің өнімдерін шығарды немесе тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,6 %.

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 8,6 млрд. теңге.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 9,5 %-ға, оның ішінде: жұмыспен қамтылғандар 7,4 %-ға өсті.

Бөлшек сауда көлемі 5,0 %-ға өсті.

Негізгі капиталға 11 млрд. 843 мың теңгенің инвестициясы тартылды.

23,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 20,3 %-ға жоғары.

Есепті кезеңге жүк айналымы 100 % құраса, жүк тасымалдау көлемі 1,0 %-ға ұлғайды.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2 %-дан 5,0 %-ға төмендеген .
Бағыт. Экономика

Өнеркәсіп

Аудан кәсіпорындары 2012 жылы 22,2 млрд, 2013 жылы 23,3 млрд. 2014 жылы 25,8 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өнім көлемі 2013 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексімен 103,6 пайызға жетті. Өңдеуші өнеркәсіп көлемінің ішінде ауылшаруашылығы өнімін өңдеу төмендеген, 2015 жылдың 1 қаңтарына тиісті кезеңмен салыстырғанда 98,4 пайыз. Аталған көрсеткіш бойынша статистикалық есеп облыстық статистика департаменті арқылы ауылдық елді мекендерде анкеталық ішінара таңдау әдісі арқылы жүргізіліп отыр. Бұл салада сонымен қатар, жалпы ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен айналысатын заңды тұлғалы субьектілердің жеке тұлғалы кәсіпкер ретінде тіркелу тенденциясының есебінен аудандық статистика басқармасына есеп беруден босатылғандығы болса, есеп беріп отырған жекелеген заңды тұлғалы субьектілердің есеп жұмыстарына салғырт қарауы да кері әсерін тигізуде.

Мал басы мен мал өнімінің көлемі жағынан аудан облыста алдыңғы қатардағы орындарды алатындығын ескере отырып аудан көрсеткішіне жеке және шаруа қожалықтарының өнімін статистикалық есепке өз дәрежесінде кірістелуіне ықпал ету жұмыстарын жүргізу қажет.

Ауданның өнеркәсіп орындары 2015 жылдың 10 айында 21 млрд. 413 млн. теңгенің өнімін өндірді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 5 млрд. 313 млн. теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 92,1 пайыз, жалпы ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу көрсеткіші 101,4 пайыз, оның ішінде ет өңдеу 136,1 пайызға, сүт өңдеу 103,5 пайызға, ұн өндіру өнеркәсібі 100,0 пайызға, нан және ұн өнімдерін өндіру көлемі 100,0 пайызға орындалған. Өңдеуші өнеркәсіп өнімі төмендеуінің басты себебі тапсырысшылар тарапынан сұраныстың азаюы есебінен көлемі жағынан өңделген өнімнің 37,8 пайызын (2 млрд 8 млн. теңге) құрайтын «Кемикал» ЖШС-нің пластмассалық құбырлар өнімі өндірісі 2015 жылғы 1-ші қарашаға өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,6 пайызға, сол сияқты киім тігу өндірісі де 50,1 пайызға, «Реммаш» ЖШС-інің жұмысты тоқтатуы, «Кең дәурен» ЖШС-інің жұмыс көлемінің төмендігінен машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату саласы 10,9 пайызға, «Тартоғай кірпіш зауыты» ЖШС-інің уақытша тоқтап тұруына байланысты кірпіш шығару 42,3 пайызға кеміген.
Саланың даму жөніндегі SWOT-сараптама:


Күшті жақтары (S):

Әлсіз жақтары (W):

        1. Пайдалы қазбаларға бай кен орындары;

        2. Өңдеу өнеркәсібіне пайдаланылатын минеральды қорлардың болуы;

3. Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының болуы;

Аудандағы ваннадиді қайта өңдеудің даму перспективасы;

4.2010-2014 жылдарда химия өнеркәсібінің үлесінің өсуі;

5. Еңбек ресурстары мен өнеркәсіп саласындағы мамандарды дайындайтын көпсалалы оқу орындарындың болуы.



1. Кен өндіру өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібінің арасындағы үлкен айырмашылық;

2. Өнеркәсіптегі ЖҚС өсу қарқыны төмен;

3.Индустрияландыру бағытында өнімділіктің жоғарғы өсу қарқыны жеткіліксіз;

4. 2010-2014 жылдар аралығында аудандағы машина жасаудың үлесі, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру төмендеген.



Мүмкіндіктері (O):

Қауіптері (T):

1. пайдалы қазбалар кен орындарында ванадий, темір, мыс, титан қорының болуы металлургия саласының дамуына үлкен мүмкіндіктің болуы;

2. Өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында өндірісті модернизациядан өткізу;

3. Металлургиялық кластерді құру;

4. Металлургия кеніштерінде игерілмеген бай кен орындарының болуы;

5. Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін ауыл шаруашылық шикізаттарының көлемін арттыру.


  1. Экономика құрылымының шағын салалығынан шикізат пен тұтынушылық өнімдердің бағасына тәуелділігі;

2. Экспорттың шикізаттық бағытта сақталуы;

3. Импорттық тауарларды пайдалану арқылы ішкі және сыртқы нарықтардан айырлу.



Өнеркәсіп саласының өзекті мәселелері:

өнеркәсіптің төмен деңгейде әртараптануы;

кен өндіру саласының өнеркәсіптегі үлесінің көптігі;

өнеркәсіп саласындағы өнімділік пен технологиялық жаңартулардың қарқыны төмендігі;

өнеркәсіптегі қосымша құн тізбегіндегі арту деңгейінің төмендігі.


Ауылшаруашылығы

2014 жылы ауылшаруашылығы саласы бойынша 8 млрд.


620 млн. теңгенің өнімі өндіріліп (2102 жылы 7,1 млрд. теңге, 2013 жылы 7,7 млрд. теңге) 2013 жылғы тиісті кезеңге 97,6 пайызды құрады.

Егін шаруашылығы

Облыс әкімінің қолдауымен көктемгі дала жұмыстарына шаруашылықтар «Байқоңыр ӘКК ҰҚ» арқылы 187 млн. теңге несие қаражат алып, егін егу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді.

Аудан бойынша өткен жылы 24030 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды (2012 жылы 24022 гектар, 2013 жылы 24026 гектар), оның ішінде 8600 га күріш дақылы (2012 жылы 7200 гектар, 2013 жылы 7578 гектар). Нәтижесінде күріштен 38700 тонна, картоптан 28600 тонна, көкөністен 23750 тонна, бақшадан 61488 тонна өнім алынды.

Өткен жылы егін саласындағы шаруашылықтар барлығы


212,9 млн теңге субсидия алды. (Егінге 186,4 млн. теңге, минералдық тыңайтқышқа 19,7 млн. теңге, гербицидке 6,8 млн. теңге)

Аудандағы 4 ірі шаруашылық 4-5 жыл көлемінде егін шаруашылығымен айналысуда қиындықтар көріп келетін, себебі өздеріне тиесілі барлық мүліктер мен жер телімдері банкте кепілдікте болатын. 2014 жылы облыс әкімінің тікелей ықпалымен Бидайкөл, Ақмая, Төңкеріс, Бестам шаруа қожалықтарының 22 мың гектар жер телімі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының қаулысына сәйкес кепілден босатылды. Қазіргі таңда шаруашылық жерлері Әділет басқармасына тіркеліп, шаруаларға егінмен айналысуға қолайлы жағдай жасалды.

Сондай-ақ, осы кезге дейін су тапшылығын көріп келе жатқан егіншілер мәселесі шешіліп, жобалық құны 1,6 млрд теңге болатын Сырдария өзенінің бойынан үрлемелі су тоспасының құрылысына өткен жылы республикалық бюджеттен 100 млн теңге бөлініп, игерілді. Бұл жұмыстарды 2015 жылы жалғастыруға 300 млн теңге бөлінді.

Аудан тұрғандарының қызыл мия өсімдігін қазып, мал жайылымдарын құртып жатқандығы жөніндегі наразылықтарына байланысты аудан әкімдігінің өкімімен құрамында тиісті сала және құқық қорғау органдары мамандары бар «Жұмысшы тобы» құрылды. Жұмысшы тобының нәтижелі жұмысының арқасында қызыл мия қазушылар тоқтатылды.

Ауданда өндірілген өнім өңделмей сыртқа шағарылуда, шаруашылықта күріш ақтайтын цехтардың жұмысы жолға қойылмаған.

Алдағы уақытта, аудандағы жер телімдеріне түгендеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіле отырып мемлекет меншігіне қайтарылған пайдаланылмайтын жер телімдері Заңға сәйкес сауда-саттық арқылы заңды және жеке тұлғаларға қайта берілетін болады.

2014 жылы аудан бойынша бюджет және басқада қаржы көздері есебінен 63 млн теңгеге 74 шақырым каналдар тазаланып, қазылды.

Мал шаруашылығы

Аудан бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына ірі қара 42009 бас (2012 жылы 39509 бас, 2013 жылы 40286 бас), уақ мал 69329 бас, түйе 1062 бас, жылқы 8524 бас, құс 15755 басты құрап, 2013 жылмен салыстырғанда ірі-қара 3,8 пайызға, жылқы 1,8 пайызға өсті.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2014 жылы 290 бас асыл тұқымды қашар, 13 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды немесе жоспар қашар сатып алудан 121 пайызға, бұқа сатып алудан 162 пайыға орындалды. Нәтижесінде аудан асыл тұқымды аналық көрсеткіші бойынша облыста 2-орынды, асыл тұқымды бұқа бойынша облыста
1-ші орынды иеленді.

Сатып алынған асыл тұқымды малға 7,4 млн. теңге, селекциялық жұмыстарды жүргізуге 57,1 млн. теңге, өндіріп сатқан ет өнімдеріне


8 млн. теңге, барлығы 72,5 млн. теңге субсидия төленді.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2 шаруашылық 27,8 млн теңге несие қаржыға 1398 бас қой алса, 1 шаруашылық 14 млн. теңге несие алып, 260 бас қой алу бағытында жұмыс жасауда.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалығы және


2 жеке кәсіпкер 37 млн теңге несие қаржыға 122 бас жылқы малын алды.

2014 жылы 4 мың 422 тонна ет, 18 мың 139 тонна сүт, 1 млн 147 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2013 жылмен салыстырғанда сүт өндіру 6,9 пайызға ұлғайды.



«Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында 2014 жылы елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 77 маманға 10 млн. теңге көтерме жәрдемақы, 57 маманға тұрғын үй сатып алуға 156 млн теңге бюджеттік несие берілді.

Ауыл шаруашылығы саласында 2015 жылдың 10 айында салыстырмалы бағамен 9 млрд. 474 млн. теңгенің өнімі өндірілген, өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,6 пайыз.

2015 жылы аудан бойынша 26631 гектар жерге егіс егілді (өткен жылдан 2601 га артық). Оның ішінде: күріш 10692 гектар (өткен жылдан 2092 гекткрға артық).

Есепті мерзімде ірі қара 44440 бас (103,2%) , қой-ешкі 71670 бас (99,7%), түйе 1202 бас (106,5%), жылқы 9725 бас (110,7%), құс 17593 басты (107,2%) құрады.

Ауданда, тірілей салмақта 3733,8 тонна ет (106,4%), 15143,7 тонна сүт (100,7%), 836 мың дана жұмыртқа (94,0%) өндірілді.

Егін шаруашылығына мемлекет тарапынан тыңайтқышқа 41 млн 627 мың теңге, басым дақылдарға 275 млн 558 мың теңге, гербицидке 17 млн 416 мың теңге, аяқ суға 53 млн 812 мың теңге барлығы 388 млн. 413 мың теңге субсидия төленді.

Мал шаруашылығына мүйізді ірі қара селекциясына 71 млн. 850 мың теңге, асыл тұқымды өнімді сатып алғаны үшін 18 млн. 650 мың теңге, сатылған ет өнімдеріне 5 млн. 338 мың теңге, ірі шырынды азыққа, құрама жем шөпке 37 млн. 844 мың теңге барлығы 133 млн 682 мың теңге субсидия төленді.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттен 522 млн. 95 мың теңге субсидия алып отыр.



«Сыбаға» бағдарламасымен 2015 жылы ет бағытындағы 350 бас МІҚ малын сатып алу жоспарланған. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан алынған несие қаржыға сатып алынған мал 297 бас.

«Құлан» бағдарламасымен 2015 жылы 171 бас жылқы алынды (114,0 %).

«Алтын асық» бағдарламасымен 2015 жылға барлық сатып алынған қой саны 1740 басты құрады (116,0%).

SWOT – сала дамуының анализі:



Күшті жақтары

Әлсіз жақтары




  1. Құнарлы топырақ , табиғи шабындықтар мен жайылымдарды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін болуы .

2. Экспорт көлемін өсіруге мүмкіндіктер беретін «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары арқылы мал басын және өнімділігін көтеру.

3 Техникалардың белсенді жаңалануы;

4. Қымбат емес табиғи газбен қамтамасыз етілуі (жылыжай және т.б. қажеттіліктерге қысқы жылу үшін).


1. Төмен еңбек өнімділігі ;

2. Ауа райы жағдайлары ;

3. тұқым және мал генетикалық әлеуетін пайдалану төмен деңгейі;

4. Мал мен құс өнімділігінің төмендігі ;

5. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көптеген негізгі және ағымдағы активтердің болмауы;

6. өнеркәсіптік өңдеу және отандық шикізатты терең өңдеудің болмауы;

7. шалғайдағы жайылымда объектілерді суару нашар жай-күйi;

8. Мал шаруашылығы өнімдерін ( жүн , тері ) өңдеудің болмауы;

9.Ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының физикалық және моральдық тозуы ;

10. қажетті құрал-жабдықтар сатып алу экономикалық құрылымдардың қаржылық қуаты болмауы;

11. Ет және сүт өңдеудің басым бөлігі (90 %) жеке секторларда болуы;


Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

1.Егістік жер көлемін ұлғайтуға жер

болуы;


2. жайылым болуы ;

3.Ауыл шаруашылығы кластерлерді қалыптастыру үшін ауыл шаруашылығы секторында инфрақұрылымын болуы; .

4. Аймақта ауқымды жылыжай жасау ;

5. Жаңа және инновациялық ауыл шаруашылығы технологияларын енгізу;

6. Сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігі;

7. Белсенді мемлекеттік қолдау




1. Табиғи сипаттағы қауіп-қатерлер (аяздар, жылу жетіспеушілігі, артық ылғалдылық, бұршақ, нөсер, қатты жел, құйын, су алу, жаппай жылу, өсімдіктер мен жануарлардың жаппай ауыруы;

2. Басқа мемлдекеттер тарапынан бәсекелестік (Ресей, Қытай. Дүниежүзілік сауда ұйымы).


Саланың негізгі мәселелері: Ауыл шаруашылық техникасын физикалық және моральдық тозуы; қажетті технологиялар мен жабдықтарды сатып алу экономикалық құрылымдардың қаржылық қуаты болмауы; шағын ауыл шаруашылығы өндірісі; мал мен құс өнімділігінің төмендігі; ішкі азық-түлік нарығында отандық қосылған құн өнімдерін төмен үлесі; аграрлық секторға инвестициялар тарту төмен деңгейі; жайылымдықтың тозуы;


жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау