Олардың білім берудегі негізгі бағыттары төмендегідей:
универсалдық ақпарат технологиялары;
телекоммуникациялық компьютерлік құралдар;
компьютерлік бағдарламалық құралдар;
мультимедиалық бағдарламалық жабдықтар.
Осылайша, жаңа ақпараттық технологияларды жəне Интернет жүйесі ресурстарын қолданып, сондай-ақ оларды оқу үрдісіне кіріктіре отырып, ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық міндеттердің бірқатарын тиімді шешуге болады, яғни:
студенттердің бірі немесе оқытушы ұсынатын проблемалық талқылау негізінде монологтық жəне диалогтық сөйлеу біліктілігін жетілдіру;
Интернет желісіндегі түпнұсқалық аудиомəтіндер негізінде студенттердің тыңдап түсіну дағдыларын қалыптастыру жəне жетілдіру;
түпнұсқа материалдарды жүйелі түрде қолдану негізінде студенттердің шет тілінде сөйлеу əрекеттерінің тұрақты мотивациясын қалыптастыру; тек ғана оқулықтардағы мəтіндерге байланысты мəселелерді талқылап қоймай, басқа да кез келген адамды қызықтыратын өзекті мəселелерді талдау;
тілі оқытылып жатқан елдің дəстүрлі, мəдени ерекшеліктерін, қарым-қатынас шарттарында əр түрлі халықтардың тілдік мінез-құлық ерекшеліктерін, тілдік этикеттен тұратын мəдени- танымдық білімімен таныстыру.
Жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс кезінде педагогтың да ролі ауысады, оның негізгі міндеті — жеке тұлғаның дамуын қолдау, оның шығармашылық ізденісін бағыттау жəне қолдау. Студенттермен қарым-қатынас əріптестік жəне бірегей шығармашылық принцип негізінде құрылады.
Мұндай жағдайларда бүгінгі таңда қалыптасқан оқыту жұмысының ұйымдастыру формаларын қайта қарастыру өте қажет: студенттердің өзіндік жеке жəне топтық жұмыстарын көбейту, оқытудың түсіндірмелі- иллюстративті əдісін қолдана отырып, дəстүрлі сабақтан оқытудың жаңа интерактивті формаларына көшу, іздену жəне зерттеу сипаттарына ие практикалық жəне шығармашылық жұмыстардың түрлерін көбейту қажет.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы тапсырмаларды орындау студенттерге телекоммуникациялық қарым-қатынас арқылы шынайы тілдік ортаға енуге мүмкіндік береді, электронды, дидактикалық жəне анықтамалық материалдарға, өзекті түпнұсқа ақпараттарға қол жеткізу жолын ашады.
Интернет жүйесінде жұмыс істеу студенттерімізге əлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны анық. Интернетті пайдалану арқылы студенттер өздеріне керекті мəліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз.
Заман ағымына қарай күнделікгі сабаққа бейне-, аудиоқондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нəтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық окулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дəстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады.
Бұл нұсқаның жетістігі — оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың ғылыми- педагогикалық, əдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. Қоғамдағы ақпараттану үрдісі болашақ мамандардан ұдайы ізденуді, ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологияларды кəсіби саласында қолдана білуге машықтануды, қажет ақпаратты ақпарат көздерінен таба білу мен өңдеуді, шығармашылықпен ойлауды жəне шешім қабылдауды талап етеді.
.
Достарыңызбен бөлісу: |