Қашықтықтан оқыту арқылы мынадай əлеуметтік маңызды функцияларды іске асыруға болады:
халықтың қоғамдық білімдік деңгейін көтеру, білімнің сапасын көтеру;
мемлекеттің сапалы мамандар дайындау қажеттілігін қанағаттандыру;
халықтың əлеуметтік жəне кəсіптік жағдайын көтеру, кəсіпкерлерді əлеуметтік түрде белсендіру, өзіндік білім деңгейін көтеру;
жеке мектептерде жинақталған білімдерді сараптау жəне кеңейту.
Қашықтықтан білім беру негізінен компьютерлік техниканы кеңінен пайдалана отырып, білім беру жүйесін ақпараттандыру ісіне негізделген.
Интернеттегі барлық жұмыс технологиялары сияқты қашықтықтан білім берудің басты артықшылығы шет тілін оқытудың вербалды əдістерін іздену əдістеріне, шығармашылық іс-əрекетке араластыру болып табылады. Қашықтықтан оқыту курстары жоо-ға түсушілер үшін оқулықтарды жəне көмекші құралдарды ауыстырмауы қажет, олар, біздің көзқарасымызша, білім алушылардың оқу-танымдық іс-əрекетін ұйымдастыруы үшін негізді қалыптастыруы тиіс.
Интернет арқылы шет тілдерін қашықтықтан оқытудың негізгі əдістемелік проблемасы шет тілдерін оқытудың практикалық курс əдістерін өңдеуге жалпы тəсілдің жоқ болуы болып табылады. Соның өзінде барлық əдістемелік қағидалардың əрекеттілігін анықтайтын оқытудың басты шарттарының бірі оқытушының біліктілігі болып табылады. Оқытудың құралы қандай болмасын, олар тек құрал болып қалады. Оқыту процесінде басты роль əрқашанда оқытушыға берілген жəне беріле бермек. Оқытушы оқытудың барлық процесін бағыттайтын жəне құратын да өзі, оқыту процесінің жетістікке жетуі де оқытушының біліктілігі жəне педагогикалық шеберлігіне байланысты, өйткені мəшине қандай «ақылды» болмасын, оны адам басқарады.
Əдетте, оқытудың қашықтық формасында электронды оқулықтар қолданылады. Біздің көзқарасымызша, мұндай оқулықтардың басты жетістігі: біріншіден, олардың мобильділігі, екіншіден, компьютерлік желілердің дамуымен байланысқа қол жетерлік мүмкіндіктің болуы, үшіншіден, заманға сай ғылыми білімнің даму деңгейінің адекваттылығы. Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайда болуы ақпараттық материалдарды тұрақты түрде жаңартып отыру мəселесін де шешуге жол ашады. Электрондық оқу құралдарының көмегімен білімді бақылау — компьютерлік тестілеу жүзеге асырылады.
Компьютерлік өнімдер нарығында жылдан жылға оқыту бағдарламалары, электронды оқулықтар саны өсуде. Шет тілі сабағында компьютерлік оқыту программаларын қолданып жұмыс жасау формаларына мыналар жатады: лексиканы оқыту; сөздердің айтылуын өңдеу; диалогтық жəне монологтық сөйлеуді үйрету, жазуды оқыту; грамматикалық құбылыстарды оқыту.
Қазіргі таңда электронды оқулықтарға келесі талаптар қойылады: құрылымдылығы, қатынаста қолайлылығы, мазмұндалатын материалдардың көрнекілігі. Жоғарыда айтылған талаптарды қанағаттандыру үшін гипермəтіндік технологияларды қолдану өте қолайлы болмақ.
Электронды оқулықты қолдану тəжірибесінің нəтижесі жəне тестілік бақылау көрсеткіштері бойынша студенттер оқытылатын материалдарды сапалы меңгереді.
Қазіргі заманда білімнің негізі студенттердің жеке жəне кəсіби өсуіне бағытталған рефлексивті сипаттағы ойлау жəне іс-əрекет тəсілдері болып отыр. Оларға əр түрлі интерактивті əдістер жатады, бұл əдістер студенттерді оқытушылық тəжірибе мен шығармашылық потенциалын дамытуға дағдыландырады. Олардың негізінде рефлексивті ойлауға оқыту, зерттеуге деген қызығушылығын тудыру, проблематизация жəне интенсификация сияқты стратегиялар жатыр.
Қазіргі таңда оқытушыға сабақтың теориялық жəне практикалық материалдарын таңдауда жəне сабақты өткізу əдістемесінде біраз еркіндік беріледі. Теория мен практика қатар жүргенде, яғни оқытушы теориялық материалды түсіндіргенде, бір мезгілде оны компьютерде көрсеткен өте тиімді. Осыған байланысты оқу процесінде оқыту презентацияларын қолдану маңызды болып табылады.
Олардың мақсаты — оқыту процесін жекешелендіру, оқыту əрекетін белсендіру, студенттердің қызығушылықтарын ояту, өзіндік жұмысты атқаруға студенттерді үйрету. Педагог функциясы əр түрлі болады: ол ақпартты игеруге көмектеседі, кеңес береді, бақылайды.
Практикалық сабақтарда оқыту презентацияларын қолдану əр түрлі мақсаттарға жету жолын көздейді: білім алушыға оқу əдісінің өзіне лайықты тəсілін қолдануды, студентке өзінің əлді-əлсіз жағын анықтап, оқыту презентациясының түзету тəсілін пайдалана отырып көмектесуді, оқытудың əр түрлі формалары мен əр түрлі тəсілдерін кірістіруді, оқу материалының құрылған бірлігін икемді түрде пайдалануды, кəсіби іс-əрекет деңгейіне білім алушының жоғары дайындығы арқылы жетуді, пəнаралық байланысты орнатуды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеу арқылы жетуді жəне т.б.
Оқыту презентацияларын қолданудың басты мақсаты — оқытудың ұйымдастырылуы жəне мазмұны бойынша адам бойындағы осы сəттегі қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін əрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрылым құру. Оқыту презентацияларында оқу ақпараттарын берудің белгілі жəне сөздік нышандарына назар аударылады, презентациялық оқыту əдістемесінде суреттік жəне графиктік нышандар қоса беріледі. Осылайша өрнектеу толығады жəне олардың білім алушыларға ықпалдары артады, бірінші кезекте, естиді, екіншіден, түсінік алады, бұдан соң сурет сызылады, бекітіледі, қысқаша қайталанады. Оқу материалы жинақталады, тұжырымдалады, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жеткізеді, білім алушылардың ойлау қабілеттерін іске қосады жəне танымдық іс-əрекеттерін жаттықтырады.
Оқыту презентацияларын сызу, құрастыру, жасау белгілі бір психологиялық-педагогикалық заңдылықтары мен шартты белгілерге сүйене келе, есте сақтау, қабылдау, ойлау іс-əрекеттерін дамытып, оқу материалын жеңіл жеткізе, байланыстыра түсуге, қайта шығара білуге үйрететін негізде болады, көру арқылы қабылданып, назарымызды өзіне тартып, зейін қоя ұғынуға баулиды.
Өзіміздің іс тəжірибемізде заң факультетінің «Халықаралық құқық» мамандығы студенттерімен практикалық сабақтарда мынадай слайд-презентацияларын қолданамыз.
Шет тілін оқытудың мақсаты — бұл оқушылардың коммуникативті əрекетін жүзеге асыру, яғни шет тілін практикалық тұрғыда игеру. Оқытушының міндеті — оқыту процесінде əр оқушының белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық (творчестволық) жұмыс жасауы үшін жағдай туғызу. Оқытудың компьютерлік бағдарламалары, Интернет-технологиялар, бейне- жəне аудиоматериалдары сияқты заманға сай құралдарды қолдану мұндай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Осылайша,
«шет тілі» пəнінің ерекшелігі, оны оқытудың мақсаты тек ғана пəн туралы білім беру, яғни тіл туралы (тілдік компетенция) білім беру ғана емес, іс-əрекеттің тəсілі жайында алған білім негізінде тілдік сөйлеу əрекетінің төрт түріндегі (оқу, жазу, тыңдап түсіну жəне сөйлеу) белгілі бір дағдыларды жəне біліктіліктерді қалыптастыру. Сөйлеу əрекетінің кез келген түріне үйретуге тек осы əрекетті орындау барысында ғана қол жеткізуге болады.
Осыдан түйетініміз, шет тілін оқыту кезінде студенттердің өзіндік іс-əрекетін оны оқытып жатқан тілдік əрекет түрінде ғана ұйымдастыруға болады. Мысалы: тыңдап түсіну дағдысына үйрету кезінде əрбір студент шет тілде жазылған, сол елдің адамдарының сөйлегенін естуге мүмкіндік алуы тиіс. Бұл жерде үлкен мүмкіндіктерді Интернет желісі ұсына алады.
Достарыңызбен бөлісу: |