Англияның бұл кезеңдегі мемлкеттік құрылысы – абсолютті монархия. Англиядағы абсолютизмнің ерекшеліг оның аяқталмағандығында, яғни, ол Франциядағыдай классикалық сипатқа ие болмады.
Мықты патша билігімен қатар сословиелі-өкілді орган – Парламент қызмет етті.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі сақталды.
Англияда тармақталған бюрократиялық аппарат болмады.
Тұрақты әскер болмады, оның орнына әскерді құрудың милициондік жүйесі қолданылды.
Мемлекет басында патша тұрды. Тюдорлар әулетінің патшалары экономикалық қуаттылыққа ие болғандықтан мықты саяси билікке қол жеткізді. Себебі олардың меншігіне Ақ және Қызыл раушандардың соғысы кезінде қаза тапқан барлық феодалдардың жері өтті. Бұл барлық Англияның жерінің 1/5 бөлігін құрады. Сонымен бірге патшалар биліктің орталықтануына қарсы тұрған феодалдарды аяусыз қатаң жазалады.
Мемлекетті басқарудың жоғарғы органы 20 мүшеден тұратын Патша кеңесі болды. Онда лорд-канцлер, лорд-қазынашы, лорд-сақтаушы және т.б. шенеуліктер отырды. Тюдорлар кезінде оны Құпия кеңес деп атай бастады. Оның уәкілеттіктері кең болды: мұхиттің ар жағындағы колонияларды басқару, сыртқы сауданы реттеу, ордананстардың қабылдануына қатысты, кейбір істерді бірінші саты соты ретінде қарады.
Патиша билігін шектейтін сословиелі-өкілді орган Парламент болды. Ол буржуазия мен жаңа дворяндардың мүдделерін білдірді. Алайда Тюдорлардың билігі кезінде парламенттің маңызы түсті, ол патшаның органына айналды.
1534 ж. Англия патшасын англикан шіркеуінің басшысы деп жариялағаннан кейін шіркеулік лауазымдарды патша өзі тағайындап орынан алатын болды. Архиепископтар мен епископтар кәдімгі патша шенеуліктеріне айналды. Зайырлы лордтарды да патша өзі тағайындайтын болды.
Патшалардың салықтық қажеттіліктеріне парламент қарсы тұрмады. Сонымен бірге патшалық шенеуліктер салықтарды толығымен жинауды қолға алды. Патшаның қолындағы бас жазалаушы орган – Жұлдызды палата болды. Бастапқыда ол бас көтерген феодалдармен күресу үшін құрылған арнайы орган болса, кейін ол патша билігіне қарсы тұрған кез-келген күшті жаныштауға арналған бас органға айналды. Ол азаматтық және қылмыстық істерді қарады. Процесс барысында адамдарды қинауға жол берілді. Жалпы процесс инквизициялық сипатқа ие болды.
Жоғарғы шіркеулі орган – Жоғарғы комиссия болды. Оның құрамына діни қызметкерлер және Құпия кеңестің мүшелері кірді.
Сонымен бірге жергілікті өзін-өзі басқару да орталық басқаруға бағындырылды. Бастапқы өзін-өзі басқаратын аумақтық бірлік – шіркеулік келім болды. Шіркеуге келушілердің жиналысы салықтарды ұйымдастыру, жол және көпірлер салу сияқты мәселелерді шешті. Олардың қызметін бейбітшілік судьялары бақылап отырды. Ал графтықтардағы істерді бақылау үшін лорд-лейтенант тағайындалды.
4-сұрақ:
Ортағасырлық ағылшын құқығының қайнар-көздері, институттары мен қағидалары. Ортағасырлық Англияның құқықтық жүйесі «жалпы құқық» деген атауға ие болды. Ол континенталды құқықтан қалыптасу жолдары бойынша және қайнар-көздері арқылы айырықшаланды. Континенталды құқық рим құқығының негізінде қалыптасты және оның басты қайнар-көзі жазбаша заң болды. Ал ортағасырлық Англияның құқығы патшалық соттардың қызметі негізінде қалыптасты және оның басты қайнар-көзі соттық прецедент болды. Англдар мен сакстердің рулық құқығындағы революциялық өзгерістер нормандық жаулап алушылықпен байланысты. Биліктің орталықтану процесі патшаның сот әділдігін жүзеге асыруға араласуынан көрініс тапты. Бұл кезеңде әрбір феодалдың өз соттары және юрисдикциясы болған. Қаларда да өзіндің құқық және сот жүйесі қалыптасқан. Сонымен бірге бұл уақытта Англияда шіркеулік құқық пен оны жүзеге асыратын соттыр әрекет етті.
«Жалпы құқықтың» ортағасырлық Англия құқығының негізгі қайнар-көзі ретінде қалыптасуы патшалық көшпелі судьялардың қызметімен байланысты. Олар өз қызметін «жалыпы құқықтың» Жоғарғы соттарымен, Жалпы даулардың соты және Патшалық тахтаның сотымен алысып-берісіп тұрған патшалық хаттардың негізінде жүзеге асырды. Осы патшалық хаттар бастапқыда жеке істерге арналып жазалғанымен, кейін түрлі жағдайларға келе беретін дайын формулярларға айналды. Уақыт өте бұл хаттардың регистрі жүргізіле бастады. Сонымен, «Жалпы құқық» дегеніміз – сот хаттамаларында («даулардың орамалары») бекітілген патша соттарының тәжірибесі.
Патша соттарының тәжірибесін жалпылаудың бірінші әрекетін өзінің «Англия патшалығының дәстүрлі құқығы мен заңдары туралы» атты трактатында Гленвил жасады. «Жалпы құқықтың» процесуалды жүйелері мен материалды ережелері Брэктонның «Англияның дәстүрлі құқығы және заңдары туралы» трактатында көрініс тапты. Онда патша соттарының тәжірибесінен жинақталған 2000 астам прецеденттер бар. Бұл екі кітап ұзақ уақыт «жалпы құқықтың» беделді қайнар-көздері саналып келді.
Қайнар-көзі сот практикасы болып табылатын «жалпы құқықпен қатар» құқықтың қайнар-көзі ретінде статуттық құқықтың маңызы артты. Ол патшаның ордонанстарынан, ассизаларынан, прокломацияларынан, провизиялардан, хартиялар және парламент актілерінен құралды. Құқықтың дамуына парламенттік заңнама үлкен ықпал етті. Статуттар – парламентпен қабылданып, патша қол қойған актілер патша соттары үшін міндетті болды. Солайша олар «жалпы құқыққа» өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
XIV ғ. «Жалпы құқықтың» елде етек алып отырған буржуазиялық қатынастардан қалушылығы күннен-кұнге айқындала бастады. Осы қалушылықты жою үшін канцлер соты немесе әділдік соты құрылды. Оның қызметінің нәтижесінде «әділдік құқығы» қалыптасты. «Жалпы құқық» аясында қамтылмаған істер сот төрелігінің қағидалары мен әділдік негізінде сотпен патшаның жеке бұйрықтары арқылы қаралуыға тиісті болды. Әділдік құқығы «жалпы құқықты алмастыру үшін емес, оның тиімділігін арттыру үшін қалыптастырылды. Жалпы алғанда, әділдік құқығы жалпы құқыққа қарағанда прогресивті сипатта болды. Ол жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазиялық қатынастарды тиімді реттеуге арналған болатын, сол себепті онда жаңа институттар пайда болды және дамуын тапты.
Мүліктік-құқықтық қатынастар. Англиядағы жер қатынастары бірқатар ерекшелеіктерге ие болды. Жерге қатысты абсолютті меншік құқығы болмады, себебі патша барлық жердің жоғарғы иесі деп саналды. Оның вассалдары жерді ұстау деп аталатын атқарған қызметтері үшін патшалық сый нысаны негізінде иеленді.
Ағылшын заттай құқығының ерекше институты ретінде «сенімді меншік» - траст институты қарастырылады. Ол бойынша бір тұлға екінші тұлғаға өз меншігін меншікке береді, ал екінші тұлға бұл затты бірінші тұлғаның әмірімен немесе оның пайдасына басқарады. Бұл келісім-шартты негізінен рыцарьлар пайдаланды. Алыс жерге кетіп бара жатқан олар меншігін өзб достарына сенімді меншікке беріп кетіп отырған.
Міндеттемелік құқық. Ағылшын құқығының прецеденттік сипаты міндеттемелік құқыққа өз әсерін тигізді. Ағылшын құқығы міндеттеме пайда болуының екі жолын таныды: келісім-шарттан және деликтіден. Бастапқыда кез-келген келісім сотпен қорғалатын келісім-шарт ретінде танылмады. Тек арнайы нысандалған келісімөшарттар соттық қорғауға ие болды. Кейін бейресми келісмдер де сотпен қорғала бастады.
Неке-отбасы қатынастары негізінен канондық құқықпен реттелді. Тек шіркеуде жасалған неке ғана жарамды деп танылды. Неке сословиелі болды, ал ағылшын отбасы патриархалды болды. Алайда әйелдің мәртебесі түрлі сословиелерде түрлі болды. Қоғамның жоғарғы сатыларында әйел күйеуінің толық билігінде болды, ал төменгі сатыларда әйелде салыстырмалы түрде бостандық болды. Кейбір жерлерде әйелдерде өз мүлкін басқару құқығы танылды. Ажырасу әдет-ғұрып құқығымен танылғанмен, шіркеу құқығымен тийым салынды. Некеден тыс туылған балалар заңсыз деп танылды, оларды заңдастыруға тиым салынды. Мүлікті мұрагерлікке қалдыру таңдап алған құқықтық жүйеге сәйкес жүргізілді. Жалпы құқық мұрагерлік өсиетті білмеді және мүлікті майорат қағидасының негізінде мұрагерлікке берді. Ал әділдік құқығы заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлікті таныды.
Ортағасырлық Англияның қылмыстық құқығы негіз салушы қағидаға негізделді. Ол бойынша қылмыскер тек жеке тұлға мен оның отбасының мүлкі мен тұлғасына ғана қол сұғып қоймай, «патшалық тәртіпке» де қол сұғады. Тұлғаның кінәсін анықтау үшін оның әрекеттеріндегі кінәнің болуы керек. Қылмыстық құқықта қылмыстардың жіктелуі олардың ауырлық дәрежесіне сәйкес жүзеге асырылды. XVI ғ. қылмыстардың үш деңгейлік жүйесі қалыптасты: тризна (опасыздық), фелония (ауыр қылмыс) және мисдиминор (онша ауыр емес қылмыс). Жазаның басты мақсаты қорқыту және шығынның орнын толтыру болды. Сол себепті жазаның ауырлығы көп жағдайда қылмыстың ауырлығынан асып отырды.
Сот және процесс. «Жалпы құқық» соттарында, канцлер сотынды және шіркеу соттарында процесс айыптаушылық-жарыспалы сипатта болды.
Процестің инквизициялық нысаны негізінен Жұлдызды палатада қолданылды, ао процес жабық болды.
Жарыспалы процесте дәлелдеу ауыртпалығы тараптардың өзіне жүктелді. XIV ғ. бастап сот төрелігін атқаруда сот отырушыларының үлкен және кіші жюрилерінің рөлі артты. 23 адамнан тұратын үлкен жюри айыптау қорытындыларын сотқа жіберер алдында бекітіп отырды. Шешім дауыстардың қарапайым көпшілігімен қабылданды. Ал кіші жюри істі мәні бойынша қарауға тікелей қатысты. Олар тұлғаның кінәлігі немесе кінәсіздігі туралы вердиктілер шығарды.
Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:
Англия мемлекеті қандай кезеңдерден тұрды?
Заттық құқықтың қандай түрлері болды?
Отбасы ққығының ерекшелігі неден тұрды?
Тақырып № 11: Шығыс елдеріндегі феодалды мемлекет пен құқық. Араб халифаты. Мұсылман құқығы.
Ортағасырлық Шығыс мемлекеттерінің саяси-құқықтық даму ерекшеліктері.
Араб халифатының пайда болу және даму ерекшеліктері мен кезеңдері.
Араб халифат құрылымы.
Араб халифатының мемлекеттік құрылысы
Мұсылман құқығы.
Қолданылған әдебиеттер:
История государства и права зарубежных старн. \ Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999ж.
Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999ж.
Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.
Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.
Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005
Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М.., 1988г.
История государства и права зарубежных стран: Учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006
Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран: Словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000
Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998г.
1-сұрақ:
Отағасырлық Шығыс (Араб халифаты, Үндістан, Қытай, Жапония) пен Батыс Европаның феодалды мемлекеттері мен құқығының саяси-құқықтық даму жолдары айтарлықтай айырықшаланады.
Ортағасырлық Шығыс мемлекеттерінің дамуына діни-философиялық және этикалық дәстүрлердің ықпалы зор болды. Мысалы, Араб халифатында – араб-исламдық, Үндістанда – Үнділік-буддистік және Қытайда – қытай-конфуциандық дәстүрлер. Осы дәстүрлерге сүйене отырып бұл елдерде ең басты өмірлік және қоғамдық, мемлекеттік ұстанымдар қалыптасқан. Араб халифатының басты ерекшелігі оның әлемдік дін –исламға негізделуінде. Ол бойынша діни және зайырлы билік бөлінбейді. Ислам мұсылман әлемінде әлеуметтік құрылымды, мемлекеттік мекемелер мен құқықтық институттардың мәртебесін анықтады. Сонымен бірге, исламда құқықтық реттеу әдістері де көрініс тапқан. Себебі Құран құқықтың басты қайнар-көзі саналды. Ал қытайлық-конфуциандық дәстүр императорлық жарлық пен заңның негізі болып табылатын имандылық нормаларына сүйенеді. Яғни, бұл дәстүрлерге сәйкес мемлекет имандылық құндылықтардан бастау алады.
Ортағасырлық Шығыс мемлекеттерінің феодалдық сипаты өте әлсіз көрініс тапқан. Бұл елдерде ұзақ уақыт шаруашылық жүргізудің бірнеше түрі қатар қызмет етті. Мысалы бірнеше ғасыр бойы патриархалды-рулық, кландық, құлиеленушілік жартылай феодалдық қатынастар қатар өмір сүрді. Қауымның мықтылығы мен шаруашылық жүргізу жолдарының көп болуы феодалдық қоғамға тән бір-біріне қарама-қарсы болатын негізгі таптардың қалыптасу процесін бәсеңдетті. Бұл аумақта феодалдық дәуір V-VII ғғ.-дан XIX-XX ғғ.-ға дейін созылды.
Ортағасырлық Шығыс мемлекетеріндегі басыбайлық қатынастардың ең бастысы ауыл қауымының әскери-бюрократиялық мемлекетке бағынуы табылады. Ауылдық қауымның мықтылығы және жерге қатысты мемлекеттік меншіктің басым болуы ірі жер иеленушілердің пайда болуын тежеді. Сол себепті ірі жер иеленуші феодалдар мен басыбайлы шаруалар табы қалыптасқан жоқ. Сонымен бірге ауылдық қауымдағы қолөнершілік және шаруашылық функциялардың нарықтан тәуелсіз мұрагерлікпен ауысуы қала мен ауыл арасындағы екіжақты тауар алмасуды болдырмады. Нәтижесінде бұл мемлекетте үстем тап ретінде бюрократиялық аппаратқа кіретін тұлғалар танылды.
Феодалдық әлеуметтік-экономикалық өмір нысандарының дамымағандығы, жеке меншік институтының қалыптаспағандығы және таптардың пайда болу процесінің аяқталмауы Батыс Европа монархияларында болған басқару нысанынан бөлек билік ету жолдарының өмірге келуіне себеп болды. Шығыс елдерінде ертефеодалды, сеньориалды, сословиелі-өкілді және абсолютті монархиялар болмады. Бұл елдерде автократия немесе Шығыстық деспотия нысанына ауысатын мұрагерлік әскери-бюрократиялық монархиялар қалыптасты. Бұл автократиялар Жапониядағы сегунат сияқты ашық милитаристік сипатқа ие болып әскери диктатура нысанына ауысуы мүмкін. Немесе Араб халифатындағы басқарудың теократиялық-авторитарлық жүйеге ауысуы мұмкін.Ал Қытайда патримониалды-бюрократия нысанында көрініс табты. Автократияларға басқарудың қатаң орталықтануы, тұлғаны жан-жақты бақылау және мемлекеттің экономикаға кең араласуы. Бірақ бұл белгілер барлық Шығыстық мемлекеттерге ортақ болған жоқ. Ортағасырлық Үндістанда жағдай өзгеше болды. Үндістан қауымының мықтылығымен, қоғамның касталық жүйесімен және мемлекеттік аппарат бақылауының әлсіздігімен сипатталады.Басқарудың аталмыш жүйесінде басты орынды мемлекеттік шенеулік емес, білімді брахман иеленді.
2-сұрақ:
Араб халифаты – рулық құрылыстың ыдырауы, мүліктік және әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуы мен барлық арабтардың жаңа әлемдік дін – діннің негізінде бірігуі нәтижесінде қалыптасқан ортағасырлық араб-мұсылман мемлекеті. Ежелден Аравия түбегін араб тайпалары мекендеді. Аравияның табиғи жағдайлары өзінің түрлігімен ерекшеленді. Бұл фактор халықтың отырықшы жер өңдеушілер мен көшпелі малшыларға бөлінуіне негіз болды. «Тасты Аравияның» басым бөлігінде түйе, қой-ешкі өсірумен айналысқан араб-бәдәуин тайпалары мекендеді. Түбектің солтүстігінде, Иеменде, дамыған жер өңдеушілік мәдениет қалыптасты. Бұл аумақта өркендеген сауда қалалары бар құлиеленушілік Сабей мемлекеті болды. Аравияның батыс бөлігінде жер өңдеудің, сауда мен қолөнердің орталықтары ретінде Мекка, Ясриб (Мәдинә), Таиф қалалары бар Хиджас облысы болды. Бұнда билік көпестердің қолында болды. Бұл жерлерді курейша тайпасы мекендеді.
Көптеген ғасырлар бойы Аравиялық түбектің тұрғылықты халқы көшпелі арабтар патриархалды қауым болып өмір сүрді. Рудың тең құқылы мүшесі ретінде өз шатыры бар адам саналды. Ең маңызды мәселелер рудың немесе тайпаның жалпы жиналысында шешілді. Тайпа басында шейх тұрды, ол рулық аристократия – сейдтерге арқа сүйеді. Шейх көшу маршруттары мен тұрғылықты орынды анықтады, тайпа мүшелерінің арасындағы дауларды қарады, тұтқынға түскен тайпа мүшелерін сатып алды, тайпа мүшелері жасаған қылмыстар үшін құн төледі. Оның жанында тәуіп пен ақын болды. Соғыс кезінде шейх әскерді басқарды.
VII ғ. араб тайпаларының арасында ру-тайпалық қатынастардың ыдырауы басталды. Тайпа басшылары - шейхтер мен тайпа ақсақалдары –сейдтер оазистегі ең таңдаулы жерлер мен бұрын қауымның ортақ меншігінде болған малдың басым бөлігін меншіктеп алды. Сонымен бірге, олардың баюына сәтті әскери жорықтар да жағдай жасады. Бұндай жорықтарға қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылды. Осы кезде басыбайлы адамдар категориялары да қалыптасты. Кедейленген ру мүшелері заңи түрде басы бос болғанымен, іс жүзінде өздерінің бай тустарына қызмет етуге мәжбүр болды. Мүліктік және әлеуметтік теңсіздік қауым ішіндегі қайшылықтарды өршітті. Рулардың байып алған басшылары, саудагерлер мен қарызға берушілер кедейленген ру мүшелерінің наразылығын көріп тынышсызданды. Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы ретінде тайпалық шонжарлар жалпы араб ортақ мемлекетінің құрылуында деп түсінді. Осылайша, ру-тайпалық қатынастардың ыдырауы, оңтүстіктегі құлиеленушілік мемлекеттің құлдырауы, жерлер мен малды меншіктеп алған ру шонжарларының өз құқықтарын заңдастыруға деген ұмтылысы және сыртқы қауіпке қарсы тұру қажеттіліктері араб тайпаларының саяси бірігуінің және мемлекет құрудың алғышарттары болды.
Алайда араб тайпаларының бір мемлекетке бірігуінің тағы бір айтарлықтай кедергісі болды. Ол араб тайпаларының көпқұдайлығы. Әрбір тайпа мен рудың сыйынатын өз Құдайлары мен идолдары болды. Осыған сәйкес олардың өзіндік жоралғылары, догматтары мен култі болды. Осы кезде бір ғана Құдайға табынуға негізделген жалпы арабтық дін қажет болды. Осындай монотеизмдік жаңа әлемдік дін – Исламның негізін Мекка қаласынан шыққан көпес Мұхаммед (570-632) қалады.
Ислам діні бойынша бір Құдай – Алла ғана танылды, рулық және ұлттық айырмашылықтардың болмауы тиіс деп саналды. Ислам арабшадан аударғанда Құдайға құлшылық деген мағына береді, ал мұсылман, яғни, муслим деген сөз «берілген» немесе «кәміл сенген» деген мағына береді. Мұхаммед пайғамбардың Алладан алған аяндары оның өлімінен кейін мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранда («естіртіп жатқа оқу») көрініс тапты. Ққұранда ислам дінінің басты ережелері жинақталған.
Ислам дінінің негізгі ережелеріне келесілер жатады:
шахада – Алланы жалғыз құдай ретінде тану және Мұхамедтің пайғамбарлық мақсатын тануда көрініс табатын дінді растау;
салат (намаз) – күніне бес рет намаз оқу парызы;
саум немесе ораза – кәмелет жасқа жеткен барлық мұсылмандардың рамадан айы (айлық күнпарағының тоғызыншы айы) барысында күндізгі уақытта толығымен астан, судан және басқа да құмарлықтардан бас тарту парызы;
зекет – кедейлердің пайдасына төленетін тазалаушы салық, яғни, мұсылмандардың жанын сараңдықтан, өзін-өзі жақсы көруден тазартатын барлық мүлік пен табыстың қырықтан бірін құрайтын садақа беру;
джихад – дін үшін күрес, яғни, кәпірлермен ислам дінін орнату үшін күрес.
Сонымен бірге Құранда парыздардан бөлек тиымдар да бар. Оларға шарап ішуге, қызығушы ойындар ойнауға, шошқаның етін жеуге және сиқырлықпен айналысуға қатысты тиымдар жатты.
Мұхаммед барлық халықтың ұлттық, рулық және тайпалық белгілеріне қарамастан ортақ діни-мемлекеттік қауым – уммаға біріктірді. Мұсылман қауымы араб мемлекетінің ұйымдық негізіне айналды. 622 ж. Мұхаммед Меккеде орнықты. Бұл уақыт мұсылман жыл санауы мен теократиялық монархияның басталуы деп саналады. Мұхаммедтің қолында діни және саяси билік шоғырланды. Ол пайғамбар деген атақты иеленді және жақтастары – мухаджирлердің әскери-әкімшілік билігіне сүйенді.
Пайғамбардың өлімінен кейін билік оның рухани мұрагері – халифке өтті. Қасиетті деп саналатын алғашқы төрт халиф Аравияның саяси бірігуін аяқтады. Олар: Абу Бакр (632-634) – Мұхамедтің қайын атасы, Омар ибн-Аль Хаттаб (634-644) – Мұхаммедтің екінші қайын атасы, Осман ибнАффан (644-656) – Мұхаммедтің үзеңгілесі, Али ибн Абу-Талиб (656-663) – Мұхаммедтің күйеу баласы. Халифтердің билік ету кезеңінде Арабияның біртұтас ислам мемлкеті – халифатқа бірігуі аяқталды, жаңа мемлкеттің аумағы айтарлықтай кеңейді. VII-VIII ғғ. халифтер Таяу Шығыс, Орта Азия, Закавказье, Солтүстік Африка және Испанияның бір бөлігін басып алды.
Араб халифатының дамуында билік еткен әулеттер мен мемлкет орталығына қатысты келесідей кезеңдерді бөліп қарауға болады:
Меккелік кезең. (622-661 жж.) – Мұхаммед пайғамбар мен алғашқы төрт халифті билік ету кезеңі. Бұл уақытта барлық араб тайпаларының бір мемлекетке бірігуі жүзеге асты.
Дамскілік кезең (661-750 жж.) – Омеядтар әулетінің билік ету кезеңі.
Бағдаттық кезең (750-1258 жж.) – Аббасидтер әулетінің билік ету кезеңі.
XI ғ. көптеген тартыстар мен көтерілістердің нәтижесінде Араб халифаты тәуелсіз халифаттар мен сұлтанаттарға ыдырап кетті. Ал XIII ғ. Бағдат халифаты моңғолдармен жаулап алынып, жойылды. 1258 ж. моңғолдардың басшысының бұйрығымен соңғы халиф өлтірілді. Халифтердің резиденциясы Каир қаласына көшірілді. Халифтер өздерінің сүнниттер арасындағы рухани билігін сақтап қалды. Алайда кейін бұл билік түрік сұлтандарына өтті.
3-сұрақ:
Араб халифаты феодализмінің ерекшелігі оның көпжақты экономикаға негізделуінде. Бұнда феодалды қатынастар ру-тайпалық және құлиеленушілік шаруашылықтармен қатар дамыды. Осының себебінен феодализм дамуы тежелді. Айта кету керек мемлекет дамуының бірінші кезеңінде құлиеленушулік шаруашылық жүргізу жолы басым болды. Ол ру-тайпалық және кландық жүйелермен қатар әрекет етті. Омеядтар мен Аббасидтердің билік ету кезеңінде араб қоғамында феодалдық шаруашылық үстемдікке ме бола бастады. Арабтардың ақсүйектері құлиеленуден қол үзбестен жеке поместьелер мен крепостной шаруаларды иелене бастады.
Сонымен бірге арабтарда феодалдық қоғамға тән таптық бөліністің қалыптасуы жүзеге аспады. Әлеуметтік топтардың құқықтық және әлеуметтік мәртебесі келесідей факторлармен анықталды:
Мұсылман қауымына қатыстылығы және ұстанатын діні;
Халифпен туысқандық байланысының бар/жоқтығы;
Мәртебелік-лауазымдық иерархиядағы орны;
Байлығының көлемімен (жері мен малының саны).
Шариғат бойынша тең құқылы деп тек мұсылмандар ғана танылды, алайда мұсылмандардың арасында да саяси, экономикалық және әлеуметтік теңсіздік орын алды. Басқа дінді ұстанушылар – зиммилер төменгі орынды иеленді және ауыр салықтарды төлеуге мәжбүр болды.
Сонымен бірге жер иелену де қоғамдық топтардың жіктелуіне ықпал етті. Жердің жоғарғы иесі мемлекет болып саналды. Тек мемлекеттің рұқсатымен ғана жерді жеке меншікке алу жүзеге асты. Мемлекет жерді тарата отырып тек үстем тапты қалыптастырып қана қоймай сонымен бірге, басқару аппаратын ұстау үшін қажет жер салығы - ұшырды (егіннің 10/1) енгізді.
Жоғарыда келтірілген өлшемдерге сәйкес арабтардың ертефеодалдық қоғамының келесідей үшэлементті құрылымын айтуға болады:
Үстем тап.
Еркін өндірушілер мен ұсақ меншік иелерінің табы.
Басыбайлы адамдардың табы.
Ертефеодалды араб қоғамының үстем табы біртекті болмады. Оның құрамына құлиеленушілер мен феодалдар кірді. Үстем таптың жоғарғы бөлігін халиф пен оның саны көп туысқандары, ірі жер иеленушілер, атақты шенеуліктер, ру-тайпалық шонжарлар, маңызды лауазымды тұлғалар және діни басшылар құрады. Олардың артышылықтарға ие құқықтық жағдайының негізін жер үлестері және пайғамбармен туыстық деңгейі құрады. Олар жер үлестерін негізінен мульк институ арқылы иеленді. Мульк дегеніміз – жерді жеке меншікке беру институты.
Әскери сословиеге түрлі деңгейдегі әскербасылар кірді. Халифат әскері араб тайпаларының жасағы, жалдамалылар мен гулямдардан тұрды. Гулямдар дегеніміз жастайынан халифке бағыныштылыққа және әскери өнерге тәрбиеленген түркілерден, африкалықтардан, славяндардан шыққан құлдар. Олар басшының жеке гвардиясында қызмет атқарды.
Үстем таптың ішінде ірі феодалдарға айналған діни басшылардың сословиесі маңызды орынға ие болды. Бұл уақытта жер иеленудің жаңа институты вакф енгізілген болатын. Вакф дегеніміз - мешіт, медресе сияқты діни ұйымдарға сый ретінде мемлекет тарапынан немесе жеке жер иеленушілердің тарапынан берілген жерлер.
Үстем тап құрамында саны жағынан көп шенеуліктер де басты рөлдерді бірін ойнады. Олардың экономикалық қуатының негізі мемлекет тарапынан қызметі үшін өмірбақилық шартты ұстауға берілетін жер – ихта болды. Бастапқыда ихта мемлекетке салық төлеу шартымен берілдіғ кейін ихтаны ұстау үшін әскери немесе азаматтық қызмет атқару қажет болды.
Достарыңызбен бөлісу: |