Пәннің мақсаты: Иммунологияның негізгі түсініктері, қазіргі теориялары, түрлері, иммундық жүйенің құрылымы, организмдегі иммунологиялық реакциялардың жүру заңдылықтары, иммунологиялық - медициналық препараттар туралы білім қалыптастыру. Адам мен жануарлардың иммунды жүйесінде қалыпты жағдайда және патология кезінде өтетін барлық иммунологиялық процестерді салыстыра отырып оқыту.
Пәннің міндеттері:
- Білімгерлерге «Иммунология» пәні туралы, оның дамуы, зерттейтін мәселелері жайында теориялық материалдар бере отырып, нақты оны практикамен ұштастыру;
- Антидененің табиғаты және иммуноглобулиндердің құрылысын анықтау;
- Иммундық жүйе, Т- және В- лимфоциттердің құрылысын қарастыру;
- Толеранттылықтың дамуында иммундық жасушалардың маңызын зерттеу ;
- Ағзаның қатерлі ісікке қарсы иммунды жауаптың түрлері анықтау;
Негізгі әдебиеттер :
П.А. Красочко и др. "Иммунология". М; 2005
И.А. Кондратьева и др. "Практикум по иммунологии"М. 2004г
Қосымша әдебиеттер:
Х. Фримель, И.Брок "Основы иммунологии". М. 1986 г
Воробьев А.А. Микробиология и иммунология . М., 1999.
Оқу тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Зияева Г.К.
Биотехнология негіздері. (Основы биотехнологии. Fundamentals of biotechnology)
Преквизиттер: Цитология, ботаника, зоология, генетика, микробиология және вирусология.
Постреквизиттер: Хромосомдық иженерия.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Биотехнология ғылымының Қазақстанда дамуы. Биотехникалық өндіріс және өнімдердің сипаттамасы. Микроорганиканың тіршілігі мен байланысты. Ашу өндірістері.Спирті ашу процесі. Этонолды алу. Сүт қышқылын алу . Органикалық қышқылдарды алу. Органикалық қосылыстар трансформациясы.
Биологиялық активті қосылыстарды алу. Дәрумендер. Аминқышқылдары. Ферменттер.
Екіншілік метоболиттер өндірісі. Антибиотиктер. Ағынды суларды өңдеу биотехнологиясы. Ағынды суының негізгі сипаттамасы. Ағынды суларды аэробты өңдеу. Ағынды суларды анаэробты өңдеу. Биотехнология негізгі бағыттары. Металдардың биогеотехнологиясы. Биотехнология және өсімдіктер өнімділігін жоғарылату. Мәдени өсімдіктердің сорттарын жақсарту. Ұлпалық және клеткалық дақылдарды пайдалану.
Адам және жануарладың клеткасын биотехнологияда пайдалану.
Мақсаты: Биотехнология ғылымының салалары мен әдістері, генетикалық, клеткалық және белоктық инженерия, энзимология инженериясы, жануарлар, өсімдіктер және бактериялар клеткаларының культурасын көбейту, клеткаларды біріктіру әдісі, биотехникалық өндіріс пен өнімдер туралы ұғым қалыптастыру.
Пәннің міндеті: Өсімдік, жануар клеткаларының құрылысын, олардың ферменттік құрамын, клеткалық және гендік инженерия, заттардың биосинтезі мен биотрансформациясын зерттеу, биотехнологияның негізгі бағыттарымен танысу.
Негізгі әдебиеттер :
1.Биотехнология / Под ред. А.А. Баева - М: Наука, 1994г
2. Жубанова А.А. Основы биотехнологии. Т.1,2,3 -Алматы: КазГУ, 2000. -54с
Қосымша әдебиеттер:
1. Беккер М.В. Биотехнология микробиологического синтеза, - Рига: Зинатне, 1980, . - 249
2. Биотехнология. Принципы и применение / Под ред. И.Хиггенса. - М.: -Мир, 1980 -480
Оқу тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Зияева Г.К.
Радиобиология. (Радиобиология. Radiobiology)
Пререквизиттер: Жалпы физика, атомдық және ядролық физика, Химия, Адам анатомиясы, Өсімдіктер физиологиясы, Генетика, Биофизика.
Постреквизиттер: Биотехнология, Биоэкология, Өсімдік, жануар және адам экологиясы, Эволюциялық ілім
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Радиобиология пәні, мақсаты, міндеттері, даму тарихы. Ядролық физиканың кейбір элементтері, заттардың құрылысы, изотоптар, изомерлер, изоборлар, изотоптар туралы түсінік, ядролық күштер, масса дефектісі, радиоактивтілік, бөлшектердің физикалық қасиеттері, £-ыдырау, ß-ыдырау, ішкі конверсия, радиоактивтілік қатарлар, Радиоактивтілік ыдырау заңы, Гамма активтіліктің өлшем бірлігі, радиоактивті сәулелердің заттармен әсерлері, ионданушы сәулелердің дозиметриясы мен радиометриясы, иондаушы сәулелерді тіркейтін анықтайтын әдістемелер, микродозиметрия туралы түсінік, қоршаған ортаны радиоактивті заттармен ластайтын көздер, жасанды иондаушы сәулелер көзі, иондаушы сәулелердің биологиялық көзі, иондаушы сәулелерді қанға, қан түзейтін мүшелерге әсері, радиоактивті заттардың уыттылығы, жануарлардың иондаушы сәуле ауруына шалдығуы, сәуле әсері ауруына шалдыққан жануарларды сақтау.
Мақсаты: Білімгерлерге қоршаған ортаны радиоактивті заттармен ластайтын көздерді, иондаушы сәулелердің биологиялық әсерлерін, ағзаға түсетін радиоактивті заттардың уыттылығын, қауіпті сәулелік аурулар мен радиоактивті заттардың ауыл шаруашылығына тигізетін әсерлерін түсіндіру.
Пәннің міндеті:
Ағзаны радиациядан қорғау, иондаушы сәулелер әсер еткенде, оның зиянды салдарынан құтылудың жолдарын іздестіру.
Радиацияның адамдарға, жануарларға қауіпті деңгейлерін алдын-ала болжай білу.
Иондаушы сәулелерді ғылым мен практикада және медицинада, ауыл шаруашылығында қолдану, яғни сәулелік ауруларды емдеу, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеп, сақтауға қолдануды білу.
Радиобиология ғылымының жаңа жетістіктерімен және оның даму перспективаларымен таныстыру.
Негізгі әдебиеттер
1. Ярмоненко С.П. Радиобиология человека и животных. М. 1977г. 368с.
2. Малғаждаров С., Жуков Е., Малғаждаров М. Радиобиология. А. 1998ж. 200б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Бонд В., Флинднер Т., Аршамбо Д. Радиоционная гибель млекопитающих. М. Атомиздат, 1971г. 313с.
2. Гуськова А.К., Байсоголов Г.Д. Лучевая болезнь человека. М. «Медицина», 1970г.
Оқу тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Төлеубаев Ж.С.
Хронобиология. (Хронобиология. Chronobiology)
Пререквизиттер: Химия, Адам анатомиясы, Өсімдіктер физиологиясы, Генетика, Биофизика
Постреквизиттер: Биотехнология, Биоэкология, Өсімдік, жануар және адам экологиясы
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Хронобиология- биологиялық ырғақтардың табиғатын, заңдылықтарын, маңызын зерттейтін биология саласы. Клеткасыз жүйеде, клеткада, бір клеткалы ағзада, ұлпада, көпклеткалы жануарлар мен өсімдіктерде, популяцияларда биологиялық ырғақтардың механизмін зерттейді. Хронобиологияның түрлері мен пайда болу жолдарын, заңдылықтарын қарастырады. Сыртқы ортаға байланысты пайда болатын биологиялық ырғақтардың заңдылықтары терең зерттеледі. Биологиялық сағат, фотопериодизм заңдылықтарын, сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлардың бейімделушілік процестерін қарастырылады. Хронобиология ғылымының ғылымдағы орны. Оның тарихы және Қазақстандағы жағдайы.
Мақсаты: биологиялық ырғақтардың табиғатын, заңдылықтарын, маңызын зерттейтін биология саласы туралы білім қалыптастыру.
Пәннің міндеті:
- Клеткасыз жүйеде, клеткада, бір клеткалы ағзада, ұлпада, көпклеткалы жануарлар мен өсімдіктерде, популяцияларда биологиялық ырғақтардың механизмімен танысу;
- Биологиялық сағат, фотопериодизм заңдылықтарымен, бейімделушілік процестері туралы ұғым қалыптастыру.
Негізгі әдебиеттер:
1. Агаджанян Н.А. Ритм жизни и здоровье. М., 1975
2. Хронобиология и хрономедицина / Под ред. Ф. И. Комарова.— М.: Медицина, 1989.
Қосымша әдебиеттер:
1. Губин Г. Д., Герловин Е. Ш. Суточные ритмы биологических процессов и их адаптивное значение в онто- и филогенезе позвоночных.— Новосибирск: Наука, 1980.
2. Пэрна Н. Ритм, жизнь и творчество / Под ред. П. Ю. Шмидта — Л.-М.: Петроград,
Оқу тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Зияева Г.К.
Мектеп участкісінде оқу тәжірбие жұмыстарын ұйымдастыру және биометрия. (Организация учебно-практических работ школьных участках и биометрия. Organization of workshops on school sites, and biometrics)
Пререквизиттер: ботаника, өсімдіктер физиологиясы, биологияны оқыту әдістемесі, өсімдіктерді биологиялық қорғау негіздері, топырақтану.
Постреквизиттер: генетика, эволюциялық ілім, биологиядан сыныптан тыс жұмыстар жүргізу.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Егістікте тәжірибе жүргізу методикасы. Тәжірибе учаскесін бөлу және онда орындалатын жұмыстар. Егістік тәжірибе алқаптарын бақылау мен есепке алу жұмыстары. Өсімдіктерді және олардың зақымдалуын, қоректену жағдайларын, су мен минералды заттарды сіңіру қабілетін бақылау. Дақылдардың биологиялық түсімі мен оның құрамын анықтау. Дәндердің технологиялық қасиеттерін бағалау. Өзгергіштік және оны зерттеу жолдары.
Биометрия ғылымы. Өзгергіштік қатарлар құру. Жиынтықтарды сипаттайтын негізгі параметрлер. Арифметикалық орта шаманы, вариация коэффициентін есептеу. Өзгергіштік коэффициенті. Арифметикалық орта шаманың қатесі. Тәжірибе дәлдігі. Корреляциялық талдау. Дисперсиялық талдау. Оқу тәжірибе жұмыстарын жүргізудің құжаттары. Тәжірибе жоспары. Жұмыспен байқау күнделігі. Тыңайтқыштарды есептеу. Тұқымды дайындау.
Мақсаты: Ауыл шаруашылықта көп қолданатын егіс тәжірибесін жоспарлау, тәжірибе учаскелерін варианттарға бөлу, сыналатын сорттың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты вегетациялық және фенологиялық бақылау жұмыстарын ұйымдастыру, ауыл шаруашылық зиянкестерден өсімдікті қорғау, өсімдіктің пісу уақытын болжау, оның өнімін дұрыс болжау, өнімді дұрыс жинау мәселелерін оқып үйренеді.
Пәннің міндеті:
Білімгерлерге осы курсты оқу барасында оқу тәжірибе учаскелерінде жүргізілетін жұмыс, тәжірибе қою әдістерімен таныстыру;
Практикалық сабақтарға қажетті демонстрациялық материалдарды жинау және тиімді қолдану әдістерін үйрету;
Жергілікті өсімдіктер дүниесімен, олардың түрлерімен таныстыру.
Негізгі әдебиеттер
1. Доспехов В.А. «Методика полевого опыта», М, 1985. стр. 351
2. Сейітов И.С. «Eгіс тәжірибелерін жүргізудің методикасы», А, 1990
3. Удольская Н.Л., Тажин Т.О. «Биометрияға кіріспе», А, 2001
Қосымша әдебиеттер:
1. Бараев А.И. «Егіншіліктегі топырақ қорғау жүйесі», А, 1977
2. Воробьев А.С. и др. «Практикум по земледелию» , М, 1978
3. Журбицкий З.И. «Теория и практика вегетационного метода» , М, 1983
Оқу тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Төлеубаев Ж.С.
Биогеоценология. (Биогеоценология. Biogeocenology)
Пререквизиттер: ботаника, зоология, экология, химия, топырақ биологиясы, микробиология.
Постреквизиттер: Ғылыми зерттеу жұмыстары
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Биогеоценоздар, жердің биогеоценологиялық жабыны. Орман жамылғысының тіршілік ортасына байланысты ерекшеліктері.
В.В.Докучаев, Г.Ф.Морозов, В.И.Вернадский, В.Н.Сукачев еңбектері, олардың ғылымның дамуындағы ролі. Биосфера концепциялары. Тірі организмдердің планетарлық ролі.
Биогеоценоздар құрылымы, функциялары, заттар мен энергия ағынының орын ауыстыруы мен айналымы. Кеңістік заңдылықтары, динамикасы, тұтастылығы мен тұрақтылығы, биогеоценоздардың шегараларының қалыптасуы, биологиялық өнімділігі.
Табиғат қорғау мәселелері. Орман, ауыл және су шаруашылықтарындағы биогеоценоздық процестер.
Мақсаты: Студенттерге биогеоценологияның маңызды мәселелерін меңгерту.
Пәннің міндеті: Табиғи және жасанды биогеоценоздардың құрылымын, функцияларын, маңызын түсіндіру.
Негізгі әдебиеттер
1. Проблемы биогеоценологии. М. Наука. 1973. 232 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Сукачёв В. Н., О географической среде в лесном производстве, Л., 1940;
2. Основы лесной биогеоценологии, под ред. В. Н. Сукачёва н Н. В. Дылиса, М., 1964;
Оқу тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Зияева Г.К.
ТАРИХ-ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
МАМАНДЫҚ: 5В011400 – ТАРИХ
Академиялық дәрежесі – тарих мамандығы
бойынша білім бакалавры
1 КУРС
1 семестр – 18 кредит
|
цикл
|
код
|
Пән
|
кр
|
цикл
|
код
|
Пән
|
кр
|
Міндетті компонент – 16 кредит
|
Таңдау компоненті – 2 кредит
|
Жалпы білім беру пәндері
|
КYa1103
|
Қазақ (орыс) тілі
|
3
|
Базалық пәндер
|
КНЕ1201
TKZXM1201
|
Қазақ халқының этнографиясы
Қазақстан халықта-рының мәдениеті
|
2
|
KH 1109
|
Құқық негіздері
|
2
|
Базалық пәндер
|
PMK 1201
|
Педагогикалық мамандыққа кіріспе
|
1
|
Базалық пәндер
|
Arh 1204
|
Археология
|
2
|
|
АКТ1208
|
Алғашқы қоғам тарихы
|
2
|
КЕТ 1210
|
Қазақстанның ежелгі тарихы
|
3
|
JEFMG 1215
|
Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы
|
1
|
КП
|
ТО 1303
|
Тарихи өлкетану
|
2
|
2 семестр – 18 кредит
|
Міндетті компонент – 16 кредит
|
Таңдау компоненті – 2 кредит
|
Жалпы білім беру пәндері
|
SnT1102
|
Шет тілі
|
3
|
Жалпы білім беру пәндері
|
MTIJ 1101
Mad 1101
|
Мемлекеттік тілде іс жүргізу
Мәдениеттану
|
2
|
КYa1103
|
Қазақ (орыс) тілі
|
3
|
InF1104
|
Информатика
|
3
|
ETD1105
|
Экология және тұрақты даму
|
2
|
|
Базалық пәндер
|
ЕDT1209
|
Ежелгі дүние тарихы
|
3
|
OOT 1214
|
Өзін-өзі тану
|
2
|
Қазақ халқының этнографиясы (Этнография казахского народа. Ethnografhy of kazakh people)
Пререквизиттер: орта мектептегі Қазақстан тарихы пәні бағдарламасы.
Постреквизиттер: қосалқы тарихи пәндер, философия, жалпы тарих, мәдениеттану, саясаттану, дінтану.
Пәнді оқытудың мақсаты: «Қазақ халқының этнографиясы» пәнінің мақсаты қазақ сөзінің этимологиясына, олардың этногенезіне, қазақ халқының тарихи, табиғи-географиялық орналасуына байланысты және этникалық жақындығына орай жіктеп, жеке-жеке этнографиясына тоқталу, тарихи-салыстырмалы түрде анықтап беру
Міндеттері: Қазақ халқының этнографиясы пәні жөнінде анықтама алу, тарихи оқиғалар мен факторларға талдау жасап үйрену, этнографиялық деректерді талдау әдістерін түсіндіру;
– өз пікірлерін наќты деректерге сүйеніп, толық баяндап беруге, тақырып бойынша қорытынды жасауға үйрету.
– этнографиялық және және басқа да деректерді, тарихи әдебиеттері пайдалану арқылы хабарламалар
мен реферат, баяндамалар жазу.
Әдебиеттер тізімі:
Артыкбаев Ж. Этнология и этнография. Астана 2001г.
Шәлекенов У.Х., Шәлекенов М.У. Әлем халықтарының этнологиясы А., 2002 ж.
Мұқанова Г. Этнология А., 2005ж.
Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса М., 1983г.
Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері А., 1987ж.
Арғынбаев Х. Қазақ отбасы А., 1996.
Валиханов Ч.Ч. Собранные соч. в 5-и томах. А., 1984-85г.
Востров В. В., Муканов М. С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIX — нач. XX вв.) Алматы, 1968.
Диваев Ә. Тарту. Алматы, 1992.
Бөкейханов Ә. Таңдамалы. А., 1995
Жұмабаев М. Таңдамалы А., 1996
Исмагулов О. Этническая антропологая Казахстана. Алматы, 1982.
Оқыту әдістері: лекция түсіндіру, әңгімелеу, интерактивті сұхбат, семинар сабақ, талдау, салыстыру және т.б.
Оқыту тілі: қазақ, орыс тілдерінде.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Абдирасилова З.С.
Қазақстан халықтарының мәдениеті (Культура народов Казахстана. The culture of Kazakhstan people)
Пререквизиттер: орта мектептегі Қазақстан тарихы пәні бағдарламасы.
Постреквизиттер: мәдениеттану, философия, жалпы тарих, мәдениеттану, саясаттану, дінтану.
Пәнді оқытудың мақсаты: пәннің негізгі мақсаты - білімгерлерге Қазақстан халықтары мәдениетінің құндылықты-мәндік мазмұны мен тарихилығын, бай мұралардың мағынасын, өркениеттік теория тұрғысынан халықтардың мәдени дамуындағы заңдылықтар мен бағыттарды, мәдени жетілу мен трансформацияның маңызын ашып көрсету.
Міндеттері: пәннің негізгі міндеті – келешек тарихшы мамандар бойында деректерді іздеп табу, таңдау, жүйелеу және сыни талдай білу қабілетін қалыптастыру; Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерінің деректерімен, олардың ерекшеліктерімен білімгерлерді таныстыру және деректанулық ұғымдық-терминологиялық аппаратын меңгеруге көмектесу; деректерді талдау барысындағы білім жүйесін қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білу жолдарын көрсету.
Әдебиеттер тізімі:
1. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины р. Или-Алматы, 1963.
2. Акишев К.А. Курган Иссык. Искуство саков Казахстана. М.,1978.
3. Байпаков К, Нуржанов А. "Ұлы Жібек жолы" және орта ғасырлық Қазақстан. А.1992.
4. Ж. Аягөзов, С. Омаров. Қазақ мәдениетінің тарихы. Тараз. 2003.
5. С. Жолдасбаев. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. Алматы. 2003.
6. Салғараұлы Қойшығара. Қисса-дастандар. А.1986.
7. Салғараұлы Қойшығара. Ежелгі дәуір әдебиеті. А.1986
8. Жолдасбеков М. Асыл арналар. А. 1990.
9. Жұбанов А. Құрманғазы. А. 1960.
10. Казахи. А. 1992.
11. Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. А.1994.
12. По следам древних культур Казахстана. А. 1992.
13. Философия және мәдениеттану. А. 1998.
Оқыту әдістері: лекция түсіндіру, әңгімелеу, интерактивті сұхбат, семинар сабақ, талдау, салыстыру және т.б.
Оқыту тілі: қазақ, орыс тілдерінде.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Сейдібаева Б.Ш.
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу. (Делопроизводство на государственном языке. Office work in state language)
Прекреквизиттер:Қазақ тілінің мектеп курсы.
Постреквизиттер: Курстан алған білім, іс жүргізу саласындағы сөздіктерді құжаттау және құжатпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша маңызды нормативті құжаттарды, құжаттарды бір ізге келтіру және стандарттау , құрастыру және рәсімдік ережелерімен жұмыс істеуге үйретеді. Сауатты жазуға және құжаттау барысында ұйымдастыру, техникалық құралдарын қолдану технологиясын меңгеруге көмектеседі.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Аталған курс білімгерлердің құжаттарды сауатты рәсімдеуге және үлгілерді дұрыс толтыруға арналған. Құжаттардың жасалуын, олардың тіркелуін, жіктелуін, қозғалысын, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығымен, сөздік қолданыстарды меңгеру, әдеби тіл нормаларын жақсы меңгеру мақсатында берілген. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың, әкімшіліктердің басқару-реттеу, ұйымдастыру-рәсімдеу қызметінде пайдаланатын ресми қарым-қатынас тілін білуге негізделген.
Пәннің мақсаты: білімгерлерді ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге үйрету, іс қағаз үлгілерін күнделікті өмірде дұрыс, сауатты жазуға дағдыландыру, құжаттау және оның іске асуын дұрыс меңгерту.
Пәннің міндеттері: білімгерлер іс қағаздарын толтыруда өз ойларын сауатты, дұрыс жазуға, айтуға баулу, қазақ тілінің тілдік жүйесін лексикалық, граматикалық, орфографиялық, нормаларын жетік меңгеруге үйрету.
Лексика-граматикалық тапсырмалар беріп, ситуациялық тапсырмалармен ойын түрлерін беру арқылы оны практикада қолдануға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |