Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет61/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62

182
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
жеке  әдістемесі  –  нақты  бір  тілдік  аудиторияда  белгілі  бір  тілді 
үйрету. Шет тілдерін оқыту әдістемесі негізгі ғылымдар (педагогика, 
психология,  лингвистика,  мәдениеттану)  мен  аралас  ғылымдардың 
(әдебиет,  география,  меңгеріп  жатқан  тіл  отанының  тарихы,  линг-
востатистика, коммуникация теориясы, ақпарат теориясы, әлеуметтік 
лингвистика,  логика  және  т.б.)  мәліметтеріне  негізделеді.  Шет  тіл-
дерін  оқытудың  қазіргі  теориясы  мен  практикасында  екі  терминді 
ажырата  білген  жөн:  лингводидактика,  әдіснамалық  негіздердің 
мәнін ашатын тілді үйретудің жалпы теориясы ретінде түсіндіріледі; 
әдістеме, нақты оқыту жағдайларында нақты тілді үйрету процесін 
сипаттайды немесе тілді үйренудің нақты емес жағдайларында тілді 
үйрету  заңдылықтарының  мәнін  ашады.  Әдістеме  жеке  ғылыми 
пән  болып  табыла  ма  деген  сұрақ  қазіргі  таңда  шешімін  тапқан. 
Әдістеме  –  бұл  жеке  ғылыми  пән,  өйткені  оның  зерттеу  нысаны 
(тілді  оқыту  процесі),  зерттеу  пәні  (әртүрлі  оқыту  теориясы  мен 
әдістемелік  нұсқаулықтар  түріндегі  оқыту  процесі  туралы  білім 
жиын тығы),  осы  білім  саласының  мазмұнын  ашатын  терминдер 
жүйесі  түріндегі  ұғымдық  аппараты,  оқыту  пәні  (тіл)  бар,  оқыту 
мақ саты  және  оқитын  тілінің  отанының  мәдениетін  меңгеру  және 
кә сіби құзыреттілікті қалыптастыру құралы болып табылады. 2. Пе -
да гогикалық  ғылымдарға  жататын  және  педагогикаға  қатысты  ал-
ғанда  жеке  дидактика,  нақты  бір  пәнді  оқыту  теориясы  болып  та-
былатын ғылыми пән. Тілді оқытуға қатысты алғанда, шет тілдерін 
оқыту  әдістемесі  –  тілді  оқыту  заңдары  мен  ережелері  және  тілді 
меңгеру мен игеру тәсілдері туралы ғылым. Әдістеменің ғылыми пән 
ретіндегі нақты анықтамасы: тілді үйретудің мақсаттарын, мазмұнын, 
құралдарын,  әдістерін,  тәсілдерін,  ұйымдастыру  формаларын,  үй-
ре ніп  жатқан  тілдің  отанының  мәдениетімен  танысу  тәсілдерін, 
сондай-ақ тілді үйрену барысында оқу, тәрбиелеу және тілді меңгеру 
тәсілдерінің  заңдылықтарын  зерттейтін  ғылым  (Гальскова,  2000; 
Общая методика..., 1967; Щукин, 2008).
ШЕТ  ТІЛДЕРІН  ОҚЫТУДЫҢ  ЖАЛПЫ  ӘДІСТЕМЕСІ.  Кез 
келген тілді үйрену кезінде шет тілін үйрену процесінің жалпы заң-


183
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
дылықтарын  және  ерекшеліктерін  зерттеумен  айналысатын  әдіс-
теменің бір бөлімі. 
ШОҒЫРЛАНДЫРЫП  (лат.  integer  –  тұтас)  ОҚЫТУ.  Білімді  же-
ке  пәндерге  бөліп  оқытуды  жоққа  шығаратын  және  әлемді  тұтас 
қабылдаумен  байланысты  оқыту.  Шет  тілдерін  шоғырландырып 
оқыту кезінде, бір өңірдің бірнеше тілдері мәдени-тарихи және саяси 
сипаттағы мәліметтермен қатар оқытылады. Сондай-ақ мұндай оқыту 
барысында  пәнаралық  байланыс  емес,  бірнеше  пәндердің  бірігуі, 
ғылым, өнер, ұлттық мәдениет синтезі туралы әңгіме болады.
ШОЛУ  ЭКСПЕРИМЕНТІ.  Автордың  болжамын  растайтын  және 
оқу процесінің тиімділігін арттыруға қажет өзгерістерінің бағыттарын 
анықтайтын эксперимент.
ШЫҒАРМА.  Мектептегі  шығармашылық  тапсырманың  бір  түрі, 
оқушылардың  белгілі  бір  стильдегі,  үлгідегі  композициялық 
нысандағы  мәтін  құрастыруы.  Шығарма  –  мектеп  оқушыларының 
ана тілі мен әдебиет сабақтарында алған білімдері мен машықтарын 
орнықтыру,  байланысқан  сөз  мәтінін  құрау  құралы.  Бағдарламаға 
сәйкес  бастауыш  мектепте  оқушылар  шығарма  –  сипаттау  және 
пайымдау элементтері бар хабарлама жазу білігін меңгереді. Мектептің 
орта буынында мазмұны, құрылымы, стилі бойынша әртүрлі мәтіндер 
үлгілерін түзе білуге үйренеді. Тақырыбы (мазмұны) бойынша мек-
тепте жаздырылатын барлық шығармалар мынадай екі топқа бөлінеді: 
оқытылатын  оқу  пәндерінің  тақырыптары  (лингвистикалық,  әдеби, 
тарихи  және  т.б.)  бойынша  шығармалар  және  өмірден  алынған 
тақырыптар (еркін тақырыптар деп аталады) бойынша шығармалар. 
Әдебиет  сабақтарында  көркем  шығармаларды  оқу  не  олармен 
танысу  негізінде  жазылған  шығармалар  ерекше  орын  алады.  Олар 
туындыны  талдай  білуге  негізделеді.  Сөз  құрау  нысаны  мен  стилі 
бойынша ауызша және жазбаша шығарма ауызекі (өмірде болған бір 
оқиға туралы әңгіме) және кітаби стильдердегі – іскерлік, ғылыми, 
көсемсөздік,  көркем  шығармалар  болады.  Шығармаға  дайындық 
процесінде мұғалім бағдарлама бойынша оқушылардың жұмысына 
жетекшілік  жасап,  олар  жазуға  тиіс  мәтіннің  ерекшеліктерімен 
таныс тырады.  Әдебиеттану  және  сөзтану  ұғымдарының  мәнін 


184
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ұғын дырады.  Оқушылардың  шығармаларын  бағалағанда,  мұғалім 
белгілі бір мәтінді құрау білігін меңгеру деңгейіне назар аударады. 
Қолданыстағы  бағалау  нормаларына  сәйкес  (4  сыныптан  бастап) 
шығармаға екі баға, біріншісі – мазмұны үшін, екіншісі – сауаттылығы 
үшін қойылады. Шығарманы талдау сабақтары өткізіледі.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДИКТАНТ. Диктанттың түрі; оқушылардың 
өз  бетінше  байланыстыра  сөйлеу  дағдысын  дамытуға  арналған 
жаттығу,  сондай-ақ  лексиканы  дамыту  және  орфографияны  игеру 
үшін  қолданылады.  Шығармашылық  диктант  екі  нұсқада  жазылуы 
мүмкін:  1)  оқытылып  жатқан  лексика-грамматикалық  тақырыпқа 
сәй кес сөздер таңдалады және талданады, сөздерді қатыстыра оты-
рып сөйлемдер құралады, берілген тақырып бойынша мәтін құрас-
тырылады;  2)  мәтін  оқылады  және  талданады,  міндетті  түрде  қол-
данылатын  сөздердің  асты  сызылады,  содан  кейін  оқушы  мәтінді 
еркін, шығармашылық қиялмен жазады, алайда көрсетілген сөздерді 
міндетті  түрде  қолдануы  тиіс.  Тірек  сөздері  жағынан  алар  болсақ, 
шығармашылық  диктанттың  шығармамен,  еркін  диктантпен  ортақ 
нәрселері көп.  
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР. Тілдік материалдарға жа-
ңа  элементтер  енгізумен  байланысты  (жаңарту,  қосымша  енгізу 
және тағы басқа) немесе материалдың мазмұнын өңдеуге арналған 
жаттығуларды орындау әдісінің түрі. Шығармашылық жаттығулары 
тілді  дамыту  үшін  қолданылады,  оның  ішінен  проблемалық 
жаттығуларды бөліп қарастыруға болады.
ШЫНАЙЫ  (лат.  realis  –  шынайы,  заттай)  БІЛІМ  БЕРУ.  Жалпы 
білім  беру  түрі,  оның  негізінде  оқушылардың  практикалық 
тұрғыдан пайдалы білімді меңгеруі жатыр. Сабақтарда негізгі орын 
жаратылыстану-математикалық  циклдің  пәндеріне  берілетін,  жаңа 
тілдер,  арнайы  пәндер  оқытылады.  Шынайы  білім  беретін  оқу 
орындары XVIII ғ. соңында Германияда таралды. 
- Ы -
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА  ОҚЫТУ  (ағылш.  cooperative  learning, 
collaborative  learning).  Мәселелерді  бірлесіп  талқылауға,  шешім 
қабылдауға негізделген оқыту технологиясы. Шет тілдерін оқытудың 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау