119
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
тар нақты оқыту жағдайларында басты рөл атқаратын принциптер
туралы да айтуға болады. Қазіргі таңда озық әдістемелік принципке
коммуникативтілік принципі жатады, бұл принципті ұстану оқытудың
практикалық бағытын қамтамасыз етіп, таңдаулы қарым-қатынас жа-
сау саласындағы сөйлеу қызметін меңгеруге бағыттайды.
ОҚЫТУ ПРОФИЛІ (фр. profil – кәсіптің, мамандықтың негізгі,
қарапайым белгілерінің жиынтығы). Әдістеменің негізгі категориясы;
оқушыларды белгілі бір пән бойынша дайындау түрі; әдістемеде
оқушыларды кәсіптік қызығушылықтары мен тілге деген қажеттілігіне
қарай тіл үйрету және басқа да пәндер бойынша дайындау түрі.
Оқыту профилінің мынадай түрлері бар: мектепке дейінгі, мектеп,
дайындық, сырттай, курстық, филологиялық, гуманитарлық және т.б.
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІ (лат. processus – дамыту). Оқыту міндеттері
шешіліп, оқушылар жалпы ілгері дамитын оқытушы мен оқушының
өзара байланысы. Оқыту процесінің табысты болуы оқытушыларды
дайындауға, оның тілді үйретуде кәсіби шеберліктерді игеруіне
байланысты. Оқытушының негізгі қызметтері оқытуды ұйымдас ты-
рудың мынадай үш негізгі формасы арқылы жүзеге асырылады: сабақ,
үй жұмысы және аудиториядан тыс жұмыс. Сабақ – оқыту процесінің
негізгі ұйымдастыру құрылымдық бірлігі болып табылады, ал оның
құрылымдық-функционалдық бірлігі – жаттығу немесе жаттығулар
топтамасы. Олай болса, оқытудың мақсаты да, мазмұны да, оларды
іске асыру бойынша іс-әрекеттер де жаттығуға біріктірілген.
ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ. Оқыту жағдайындағы психоло-
гиялық қызметті зерттейтін педагогикалық психологияның бір
бөлімі. Оқытылатын пәннің мазмұнына қарай оқу процесі оқы-
ту пси хо логиясының негізгі зерттеу пәні болып табылады. Жеке
пән дерді оқыту ерекшеліктеріне арналған жалпы және ар найы деп
екіге бөлінеді. Жалпы бөлімінде оқыту психологиясы дидак тика-
мен және жеке әдістермен тығыз үйлесім табады. Оқыту пси хо -
логиясының негізгі міндеті – оқу процесі кезінде оқушының пси-
хо логиялық қызметінде орын алатын өзгерістердің мәнін ашу; оқу
тапсырмаларын орындау құралдары; оқу барысында ақыл-ой опера-
120
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
цияларында және ақыл-ой іс-әрекеттерінде орын алатын сапалы
өзге рістер. Оқыту психологиясының маңызды мәселелері – білімді
меңгеру процесін, дағдылар мен шеберліктердің қалыптасу процесін
зерттеу. Оқыту барысында жеке-психологиялық айырмашылықтарды
зерттеу кезінде оқушының мотивация ерекшеліктері мен танымдық
қызығушылықтары, сондай-ақ ақыл-ой қызметінің белгілі бір
оқушыға тән белгілері ескеріледі.
ОҚЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ. Белгілі бір лингвистикалық, психоло
-
гиялық және дидактикалық принциптерге негізделетін, оқыту тәсілін
анықтайтын оқытудың жалпы концепциясы. Сабақтарда әдіс немесе
әдістер тобы ретінде іске асырылады.
ОҚЫТУ ТАКТИКАСЫ (грек. taktika – әскер жасақтай білу өнері).
Оқушының сөйлеу қызметін нақты оқу факторларын есепке алу
негізінде қарым-қатынас жасау тәсілі ретінде меңгеруіндегі тиімді
жолды түсіндіретін әдістемелік әдіс-тәсілдердің жүйесі.
ОҚЫТУ ТӘСІЛІ (подход к обучению). Тілді оқыту стратегиясын
және де осы стратегияны жүзеге асыратын оқыту әдісін анықтайтын
әдістеменің негізгі категориясы, үйрену қажет болатын пәннің
мәніне деген көзқарасты білдіреді. Нақты білім саласындағы зерт-
теудің жалпы әдіснамалық негізі ретінде пайдаланылады (Бим,
1988). Оқыту әдістері белгілі бір тәсілді жүзеге асырады, осылайша
оқыту процесінің әдістік моделі болып табылады. Шет тілдерін
оқыту әдістемесінде оқыту тәсілінің бірыңғай классификациясы
жоқ. М.В.Ляховицкий тілді меңгеру психологиясы тұрғысынан
алғанда анықталатын шет тілдерін оқыту тәсілдерінің 4-еуін атап
көрсетті: 1) бихевиористік тәсіл (ынтаға жауап ретінде берілетін
автоматтандырылған сөйленімдерді құру арқылы тілді меңгеру); 2)
индуктивті-саналы тәсіл (сөйлеу үлгілерін бақылау арқылы тілді
меңгеру; бұлайша бақылау барысында тілдегі ережелер мен оларды
сөйлеу кезінде пайдалану тәсілдері меңгеріледі); 3) танымдық
(когнитивті) тәсіл (тілді ережелер мен нұсқаулықтар түріндегі білімнен
меңгерілген білім негізіндегі сөйлеу дағдылары мен шеберліктеріне
дейінгі жүйемен саналы түрде меңгеру); 4) біріктірілген тәсіл (оқыту