Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет37/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62

110
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
болып  екіге  бөлінеді.  Оқу  шеберханаларында  оқушылар  құрал-
саймандармен танысады, әртүрлі бұйымдар жасауды үйренеді, оған 
қажетті  материалдарды  өңдейді,  оны  өндіру  тәсілдерін  біледі.  Оқу 
шеберханаларындағы практикалық жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие 
жұмыстарының құрамдас бөлігі ретінде өткізіледі. 
ОҚУ  ІС-ӘРЕКЕТІН  ҰЙЫМДАСТЫРУ  ТҮРІ.  Оқытудың  әдіс-
тәсілдерін  тиімді  қолдануды  жүзеге  асыру  үшін  оқушыларды  топ-
тастыру. Жекелік, тұтастық, топтық және ұжымдық болып бөлінеді.
ОҚУҒА АРНАЛҒАН КІТАП. Оқулықтардың оқу кешеніне енетін 
оқушыларға арналған оқыту құралы. Тілді меңгерудің практикалық 
деңгейін,  әсіресе,  оқуды  жетілдіруге  арналған.  Әдетте,  көркем, 
қоғамдық-саяси мәтіндерден және мамандық бойынша мәтіндерден 
тұрады.  Оқуға  арналған  кітапқа  түпнұсқа  мәтіндер  де,  оқытудың 
бастапқы  деңгейіне  арналған  бейімделген  мәтіндер  де  енеді. 
Мәтіндерге лингвоелтанымдық түсініктемелер, сөздіктер, көп жағдай-
ларда  жазушының  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  очерктер 
беріледі. Оқуға арналған кітаптардың көбі тақырыптық сипатқа ие 
(ертегілер, поэзия) немесе бір жазушының шығармашылығына, тіпті 
бір туындыға арналған болуы мүмкін.
ОҚУЛЫҚ.  Оқу  бағдарламалары  мен  дидактиканың  талаптарына, 
оқыту  мақсатына  сай  нақты  оқу  пәнінің  мазмұны  ғылыми  негізде, 
жүйемен баяндалатын кітап. Оқу пәнінің толық мазмұны оқулықтар 
мен  оқу  құралдарында  баяндалады.  Оқулықтар  оқу  орындарының 
түріне  (бастауыш,  орта,  кәсіптік-техникалық,  жоғары  мектептер) 
қарай  жасалады.  Оқулықтарға  мынадай  педагогикалық  талаптар 
қойылады:  оқу  материалдарының  қазіргі  ғылым  мен  техни каның 
дәрежесіне  сәйкес  баяндалуы;  жоғары  идеялылығы;  оқулықтар 
мазмұнының  оқу  бағдарламаларының  мазмұнын  ұғы нуға  лайықты 
бо луы;  оқулық  материалдарының  жүйелі  және  бірізді  түр де 
оқушылардың  жас  және  танымдық  ерекшеліктеріне  сәйкес  баян-
далуы; оқулықтарда дәл және анық тұжырымдалған қорытын дылар, 
ережелер,  заңдар  мен  анықтамалардың  баяндалуы,  тілінің  жатық, 
әдеби және ықшамды болуы; оқушылардың ұғымына сәйкес келуі; 
оқу  материалын  меңгеруді  жеңілдететіндей  суреттердің,  кесте-


111
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
лердің,  диаграммалардың,  сызбалардың  болуы;  оқулықтың  сыртқы 
пішіндерінің ретті көркемделуі (қағаз, қаріп, мұқаба).
ОҚУШЫ. Оқу іс-әрекетімен шұғылданатын тұлға.
ОҚУШЫ  АВТОНОМИЯСЫ  (грек.  autonomia  –  өзін-өзі  басқару). 
Тілді  үйрену  оқушылардың  жеке  басының  қажеттіліктерін, 
қызығушылықтарын  ескере  отырып,  жекелеп  оқыту  принципі 
бойынша  ұйымдастырылатын  ереже.  Автономия  тілді  өз  бетінше 
(аудиториялық сабақтардан тыс) оқу мүмкіндігін, тілді оқудың жеке 
әдіс-тәсілдері мен стратегияларын таңдауды білдіреді. 
ОҚУШЫЛАР  ПІКІРТАЛАСЫ.  Жоғары  сынып  оқушыларының 
адамгершілік тәрбиесін және логикалық ойлауын қалыптастыратын 
жұ мыс  түрі.  Оқушылар  пікірталасының  табысты  болуы  мұғалім 
мен  жүргізушінің  шеберлігіне  байланысты.  Жүргізуші  оқушылар 
пікірталасының қорытындысын шығарып, пікір қайшылықтарындағы 
қателіктерге және жетістіктерге көңіл аударуы қажет.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ  БАЯНДАМАСЫ.  Оқушылар  өздігінен  орын-
дауға  тиіс  жұмыстың  бір  түрі.  Сабақта  және  сыныптан  тыс  оқуда 
қолданылады.  Баяндама  дайындау  барысында  оқушыларда  зерттеу 
жұмыстарын жүргізу дағдылары қалыптасады. Мұғалім оқушыларға 
жоспар  құруға,  негізгі  пайдаланылатын  әдебиеттер  мен  суреттерді 
таңдап  алуға  көмектеседі.  Сонымен  қатар  алынған  мәліметтерді 
жүйелеуді, қорытынды жасауды үйретеді. Жоғары сыныпта оқушылар 
баяндаманы  тезис  және  конспект  бойынша  жасайды,  сызбаларды, 
карталарды және т.б. пайдаланады. Ірі тақырып бойынша баяндама 
жасауды бірнеше оқушыға бөліп беруге болады. Баяндаманы талдау 
оқушылардың  дербестілігі  мен  белсенділігін  дамытады,  олардың 
танымдық  қызығушылығын  арттырады.  Баяндаманы  бағалаған 
кезде,  оның  мазмұны,  нысаны,  сондай-ақ  баяндамашының  сөйлеу 
мәдениеті де ескеріледі.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАСЫ. Өндірісте тіке-
лей еңбек процесіне араласып жаттығу, тәжірибе алу.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ҮЛГЕРМЕУШІЛІГІ.  Жалпы  білім  беретін 
мекемелерде оқу жылының бағдарламасын меңгермеген оқушыларда 


112
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
екі немесе одан да көп пәндерден академиялық қарызы болуы. Ата-
аналарының  қалауы  бойынша  оқушы  сол  сыныпта  қайта  оқуға 
қалдырылады не оқушылар саны аз сыныпқа ауыстырылады немесе 
отбасында білім беру түріне көшеді. Егер оқушы бір ғана сабақтан 
үлгермесе, онда келесі сыныпқа шартты түрде көшеді, ал академиялық 
қарызын өтеуі ата-анасының жауапкершілігіне жүктеледі.
ОҚЫҒАНДЫҚ  (ЖАТТЫҚҚАНДЫҚ).  Кәсіби  дайындықтан  бай-
қа латын  оқу  нәтижесі.  «Шет  тілінің  мұғалімі»  мамандығы  шең-
беріндегі оқығандық оқытушыға қойылатын білім, дағды, шеберлік 
тізімі бойынша анықталады.
ОҚЫЛЫМ. Графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер 
мен  сөз  тіркестерінің  мағынасы  мен  мазмұнын  ой  мен  сананың 
нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты 
оқу  және  одан  қажетті  деректі  түсініп,  сұрыптап  алу.  Оқылым, 
біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, 
екіншіден,  жазылған  графикалық  таңбалардың  тізбегін  дұрыстап 
танып білуге қатысты. Үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-
мағынасын дұрыс түсінудің рөлі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан 
жағдайда  ғана  оқылған  материалдан  керек  ақпараттар  жинақталып 
алынып,  үйренушінің  қажетіне  жарайды.  Тіл  үйрету  сапалы  болу 
үшін,  оқылым  үдерісі  мен  дауыстап  оқуды  ажырата  білген  жөн. 
Оқылым – берілген материалды түсініп, ұғу ғана емес, ондағы әрбір 
тілдік-қатысымдық бірліктердің мағынасын білу, қалпын тану және 
оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалана білу. 
ОҚЫТАТЫН  БАҒДАРЛАМА.  Бағдарламаланған  оқыту  барысын, 
процесін сипаттау, оқу материалы бөліктерінің көлемі, оларды ұсыну 
жүйесі, бір бөліктен екінші бөлікке өту туралы нұсқаулар көрсетіледі. 
Оқытатын  бағдарлама  оқытатын  алгоритмге  сәйкес  құрылады. 
Ақпаратты беру тәртібіне қарай оқытатын бағдарлама желілік және 
тармақталған бағдарламалар болып бөлінеді.
ОҚЫТАТЫН  МАШИНА.  Оқыту  бағдарламасының  бөліктерін 
(әдетте,  арнайы  экранға)  көрсетуге  арналған  және  оқу  материалын 
шұғыл  кері  байланыс  негізінде  меңгеру  процесін  басқаруды 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау