125
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
оқытуды бағдарламалауының антитеориялық концепциясы қолданыла
бастады. Шет тілдерін оқытуды бағдарламалау үш бағытта жүзеге
асырылды: а) машинасыз қолдануға арналған бағдарламаланған оқу-
лық тар мен оқу құралдары құрылды; ә) іштей басқару үшін оқытатын
машиналар мен бағдарламалардың үлгілері әзірленді; б) ЭЕМ-мен
жұмыс істеуге арналған бағдарламалар ұсынылды.
ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ (лат. optimus – ең үздік). Оқытудың
міндеттерін жүзеге асыру және оқушылар мен оқытушылардың
уақытын оңтайлы жұмсау тұрғысынан алғанда, ғылыми тұрғыдан
негізделген таңдау. Оқушылар үшін оқытуды жетілдіру критерийлері
мыналар болып табылады: білім, білік, шеберлікті сәтті меңгеру;
оқыту нәтижелерінің бағдарлама талаптарына сәйкестік деңгейі;
оқытушы мен оқушылардың жұмсалған уақыты мен күшінің
қолданыстағы нормативтерге сәйкестігі.
ОҚЫТУДЫҢ «CASE STUDY» ТЕХНОЛОГИЯСЫ. ХХ ғ. ортасын-
да Гарвард бизнес мектебінің қабырғасында пайда болған оқыту
технологиясы. Әртүрлі профиль мамандарын, ең алдымен, экономика,
юриспруденция, менеджмент саласындағы мамандарды дайындау
кезінде кеңінен пайдаланылған, ал кейінірек мамандық тілін үйрету
және шет тілі оқытушыларын дайындау кезінде қолданыла бастады.
Технологияның мәні – оқушыларға оқу материалдарының жиынтығы
(кейс) беріледі де, материалдармен танысқаннан кейін ондағы бірнеше
шешімі бар мәселелердің мазмұнын зерделеу, алған білімі мен
шеберліктерін пайдалану арқылы өзінің шешімін ұсыну ұсынылады.
Тілді үйрету сабақтарында кейс-технологиялармен жұмыс істеу
барысында тапсырмада берілген проблемалық жағдайды талқылау
нәтижесінде оқушылардың сөйлеу дағдылары мен шеберліктерін
жетілдіру қарастырылған. Сабақтарды осы технология негізінде
ұйымдастыру моделі бірнеше кезеңді қамтиды.
Ұйымдастыру
кезеңі: оқытушының алдағы уақытта кейс материалдарымен жұмыс
істеу сипаты туралы түсіндірмесі, оқушыларды оқу материалдарымен
таныстыру.
Жұмыс кезеңі: оқушылардың кейс материалдарымен
толық танысуы, тапсырмаларды орындауы, алдағы уақытта
126
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
талқыланатын проблема бойынша шешім қабылдау.
Аяқтау кезеңі:
проблеманы талқылау, оқытушының түсініктемесі, оқушылардың
жұмысын бағалау, талқыланған мәселе бойынша жазбаша тапсырма.
Шет тілдерін оқыту әдістемесінің курсы бойынша сабақтарда кейс-
технологиялармен жұмыс істеуге арналған ықтимал нұсқалардың
бірінде мыналар болуы тиіс: талқыланатын тақырыптың атауы,
тақырып бойынша кілт сөздердің тізімі, талқылауға арналған
тақырыптар, мәтінге берілген тапсырмалар, семинар сабақтарында
ауызекі сөйлеу және жазбаша жазуға арналған тақырыптар.
ОҚЫТУДЫҢ АНАЛИТИКА-ИМИТАТИВТІ ӘДІСІ. Айтылымды
материалды талдау (түйсіну) және оны имитациялауды (қайталау)
үйлестіре отырып оқыту әдісі. Оқытушы материалды түсіндірген кез-
де артикуляция кестелерін, сызбаларын, әртүрлі интонация кезіндегі
екпін қозғалысының сызбасын және т.б. түсіндіреді. Сонымен қатар
дыбыстық үлгі де беріледі. Оқытушы түсіндіріп, көрсетіп болғаннан
кейін ғана оқушылар дыбыстық үлгіні айтады (қайталайды).
ОҚЫТУДЫҢ АУЫЗША ӘДІСІ. Ағылшын әдіскері Х. Пальмердің
(Palmer, 1924; 1960 ж. орыс тілі аударылған) тікелей әдісі негізінде
әзірленген тіл үйрету әдісі. А. Хорнби мен М. Уэст те әдістің
жақтаушылары болды, олар шет тілін оқытудың ауызша негізін
негіздеп, тікелей әдістің ережелерін дамытуға ұмтылды. Оқытудың
ауызша әдісі мына ережелерге негізделеді: 1) лексика негізгі тіл
үйрету аспектілерінің бірі болып табылады. Пальмер мен Уэст алғаш
рет ағылшын тіліндегі лексиканы жиілік принципі негізінде талдай
келе, 2 000 бірліктен тұратын лексикалық минимум құрастырды, оны
меңгеру ағылшын тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға
мүмкіндік береді; 2) аударма-грамматикалық әдісті жақтаушылар
пайымдағандай, грамматикалық материал ережелер жүйесі түрінде
емес, тілді білетін адамның сөзінен іріктелген үлгі-құрылымдар
негізінде зерттеледі; 3) оқыту мақсаты – сөйлеу қызметінің барлық
түрлерінің шеберліктерін қалыптастыру болып табылады, оларды
меңгеру деңгейі тілді білетін адамның деңгейіне жақын болуы
тиіс; 4) оқытудың негізін ауызша сөйлеу және тыңдалым – ай ты-