Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет33/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62

98
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
етіп өзгерту, 
орташа – аздап қысқарту және қиын жерлерін синоним 
сөздерге ауыстыру арқылы аздаған өзгерістер енгізу, 
әлсіз – мәтіннің 
мағынасын ғана немесе белгілі бір мағыналы жерлерін ғана сақтап 
қалып,  ірі-ірі  бөліктерін  қысқарту, 
шартты  –  мәтіннің  негізгі 
бөлігінің  мағыналық  жағынан  жүйелілігін  сақтай  отырып,  күрделі 
жерлерінің қарпін ұсақтату. 
МӘТІНДІ ҚЫСҚАША МАЗМҰНДАУ. 1. Сөйлеу қызметінің күрделі 
түрі, оның мәні – мәтінмен танысу, жазбаша баяндау мақсатында оның 
негізгі  мазмұнын  немесе  берілген  ақпаратты  білу.  2.  Мәтінді  өңдеу 
түрі, бірінші мәтіннің мағыналық құрылымын қысқарту, сығу негізінде 
екінші  мәтінді  құру.  Тілді  оқыту  практикасында  мәтінді  қысқаша 
мазмұндау  оқу  функциясында  пайдаланылады.  Оқу  барысында 
пайдаланылатын  мәтінді  қысқаша  мазмұндау  мәтін нің  лексикалық, 
грамматикалық  және  синтаксистік  құралдарын  түрлендіру  бойынша 
іс-әрекеттерді құруға көмектеседі (Вейзе, 1980; Павлова, 1989).
МӘТІНДІ ТҮСІНУ ДЕҢГЕЙІ. Оқу деңгейі көрсеткіштерінің бірі. 
Мәтінді түсіну деңгейінің төрт түрі бар: 
фрагментті түсіну деңгейі, 
жеке  сөздер  мен  сөз  тіркестері  ажыратылады  және  белгіленеді; 
адресаттың жалпы мағынасы түсінікті болған кезде, ал оның деталь-
дары  болмаған  кезде  мәтінді  жалпы  түсіну  деңгейі; 
толық  түсіну 
деңгейі, жалпы мағынаны түсіну мәтін детальдарын түсінумен қатар 
жүреді; 
сыни  тұрғыдан  түсіну  деңгейі  (мәтіннің  мазмұны  ғана 
анық болмайды, сондай-ақ оның астары, мақсаттары, мотивтері және 
т.б.  сөйлеу  туындылары  да  белгілі  болады).  И.Р.Гальперин  (1981) 
мәтіндегі мағыналық ақпараттың барлық түрін үш топқа бөледі: 1) 
мазмұндық-фактуалдық ақпарат (мәтіннің мазмұны); 2) мазмұндық-
концептуалды ақпарат (авторлық қатынас); 3) мағыналық-астарлық 
ақпарат (мағыналар, астарлар ипликациясының әртүрлі формалары, 
пікірге деген қарым-қатынас сипатын талдау).
МӘТІНДІК  ЖАТТЫҒУЛАР.  Фонетикалық,  лексикалық,  грам-
матикалық жаттығулар сияқты жеке тілдік бірліктерге емес, сөй леу 
қызметінің  нәтижесі  болып  табылатын  мәтінге  сүйенетін  жаттығу 
түрі.  Мәтіндік  жаттығулардың  лингвистикалық  негізі  қазіргі  мәтін 


99
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
теориясы,  сөйлеу  қызметінің  теориясы,  мәтін  синтаксисі  болып 
табылады.  Мәтіндік  жаттығулардың  түрлері  келесідей  бөлінеді: 
а)  оқушылардың  дайын  мәтінмен  жұмыс  істеуі  (мәтінді  тілдік 
тұрғыдан  талдау,  мәтіннен  күрделі  синтаксистік  тұтастықтарды 
бөліп  көрсету  және  олармен  жұмыс  істеу,  мәтінде  кездесетін  тіл 
бірліктерін олардың мағынасы және қолданысы тұрғысынан талдау, 
мәтінді қайта құру, мәтінге жоспар құру, мазмұндау, мәтінді жазбаша 
баяндау);  ә)  оқушылардың  өздерінің  мәтінді  құрауы  (мәтіннің 
тақырыбын  анықтау,  шығарма,  тезис,  реферат  және  т.б.  жазу). 
Мәтіндік жаттығулар ауызша және жазбаша, аудиториялық және үй 
жұмысы, ұжымдық және жеке болуы мүмкін. 
МӘТІНСОҢЫ ЖАТТЫҒУЛАРЫ. Мәтінді оқу процесіне қатысты 
жаттығу  түрі.  Мәтінсоңы  жаттығулары  оқылған  нәрсені  түсінуді 
бақылауды,  мәтін  астында  берілген  жаттығулардағы  сұрақтар  мен 
тапсырмаларға сәйкес ақпаратты мағыналық тұрғыдан өңдеудің сәтті 
орындалғанын қамтамасыз етуге бағытталған. 
МЕКТЕПТІҢ  ОҚУ-ТӘРБИЕ  ЖҰМЫСЫНЫҢ  ЖОСПАРЫ. 
Жарты не тұтас оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысын көрсететін 
құжат. Жоспар екі бөлімнен тұрады: а) өткен жылда (жартыжылдықта) 
атқарылған  жұмыстың  қорытындысын  талдау  және  алдағы  кезекте 
жоспарланып отырған негізгі міндеттер; ә) міндеттің бірінші бөлімін 
жүзеге асырудың нақты шаралары.
МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ. Педагогикалық ұжымды басқарудың 
бір түрі; мектеп әкімшілігінің мұғалімдер жұмысын жүйелі, мақсатты 
түрде  тексеруі.  Мектепішілік  бақылау  арқылы  мектеп  әкімшілігі 
әр  мұғалімнің  және  тұтас  ұжымның  жұмысын  пайымдайды.  Мек-
тепішілік бақылаудың басты мақсаты – байқалған кемшілікті жоюда 
мұғалімге  жөн  көрсетіп,  жағдай  жасау.  Білікті  жүргізілген  мек-
тепішілік  бақылау  мемлекеттік  бағдарламаның,  практикалық  және 
лабораториялық  жұмыстардың  орындалуын,  оқушылардың  білік, 
білім, дағдыларын және т.б. қамтиды.
МЕМЛЕКЕТТІК  БІЛІМ  СТАНДАРТЫ.  1.  Оқушылардың  білім 
алу түріне қарамастан, алуға тиіс білім деңгейін айқындайтын негізгі 


100
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
құжат. 2. Оқу пәні бойынша білімнің соңғы нәтижесі айқындалған 
негізгі құжат. Мемлекеттік білім стандарты пәндік білімнің мақсаты 
мен  міндеттерін,  оқушылардың  түсініктері  мен  дағдыларын,  білім 
нәтижелерін тексеру технологиясын белгілейді. Сонымен қатар негізгі 
білімдік  бағдарлама  мазмұнын,  оқушылардың  оқу  жүктемесінің 
көлемін, бітірушілерді әзірлеу деңгейінің талаптарын анықтайды.
МЕМЛЕКЕТТІК  ЕМТИХАНДАР.  Оқу  орнын  бітірушілердің 
білімін тексеру әдісі. Мемлекеттік емтихан тапсыру жүйесі алғаш рет 
Қытайда  енгізілген.  Орта  ғасырларда  Еуропа  университеттеріндегі 
бакалавр,  магистр  атағы  үшін  қабылданған  сынақтар  мемлекеттік 
емтихандардың алғашқы түрі болды. Мемлекеттік емтихан жоғары 
мектепке түсуге, арнаулы кәсіппен айналысуға, мемлекеттік қызметте 
шен  алуға  азаматтық  саяси  құқық  береді.  Мемлекеттік  емтихандар 
дипломды қорғау түрінде де қабылданады.
МЕМЛЕКЕТТІК  ЖАЛПЫ  БІЛІМ  БЕРУ  СТАНДАРТЫ.  Білім 
беруге және оқу мазмұнына қойылатын талаптардың міндетті мини-
мумын анықтайтын нормативтік құжат. Бұл құжатта оқушылардың 
оқу жүктемесінің көлемі белгіленген, бастапқы, негізгі және толық 
орта  мектеп  түлектерін  дайындау  деңгейіне  қойылатын  талаптар 
берілген. Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты негізінде өңірлік 
стандарттар, әртүрлі мектеп түрлеріне, жоғары және арнайы орта оқу 
орындарына арналған базистік оқу жоспарлары мен бағдарламалар 
әзірленеді.  Оқулықтарды  жазған  кезде,  емтихан  материалдарын, 
бақылау тапсырмалары мен тесттерді әзірлеу кезінде негізге алынады 
(Новые государственные стандарты..., 2004).
МЕТАТАНЫМДЫҚ  ДАҒДЫЛАР.  Жалпы  оқулық,  пәнаралық 
танымдық  дағдылар.  Метатанымдық  дағдыларға  сұрақ  қою, 
болжам  жасау,  мақсат  пен  міндетті  айқындау,  бұл  міндеттің  ілгері 
міндетпен  байланысы,  жұмыс  ұласымдылығы,  міндет  не  мәселені 
құрауыштарға бөлу, өз іс-әрекетін үнемі бақылау және талдау, оларды 
оңжау, нәтижелерін бағалау, т.б. жатады. Қазіргі кезде метатанымдық 
дағдылар кез келген оқытудың басты міндетін айналып отыр.
МОДУЛЬ. Оқыту мақсаты, ақпарат банкі және қойылған мақсатқа 
сәйкес, әдістемелік нұсқаулар нақты белгіленген, аяқталған ақпарат 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау