Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет20/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62

59
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ЖАЛПЫ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК. Адамның сөйлеу 
қызметінде  танымдық  белсенділігін  жүзеге  асыруды  негіздейтін 
білімнің,  қабілеттілігінің,  шеберлігі  мен  дағдысының  жиынтығы. 
Бұған  мыналар  кіреді:  1)  декларативті  білім  (әлем  туралы,  өмірдің 
әртүрлі  салалары  туралы  білімі);  2)  әлеуметтік  мәдени  және  мәде-
ни  аралық  білімі,  яғни  туған  елі  мен  тілді  үйреніп  жатқан  елдің 
ара сындағы  мәдени  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтарды  білуі;                
3) оқытылатын тілдік жүйенің ерекшеліктерін білуі; 4) шет тілі мен 
мәдениетін  тиімді  меңгеруге  және  дағдысы  мен  шеберлігін  сәт ті 
қамтамасыз  ететін,  сөйлеу  қызметін  табысты  жүзеге  асыруға  мүм-
кіндік беретін адамның жеке психологиялық ерекшеліктері. Сипаттау 
мынадай негіздемеге ие: «Шетел тілін меңгерудегі жалпы еуропалық 
құзыреттілік: білу, оқу, бағалау». 
ЖАНАМА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС. Сөйлеу қызметінің түрін оқу және 
жазу  ретінде  жүзеге  асыратын,  делдал  мен  коммуникант  арасында 
жазбаша  мәтін  жазу  арқылы  орындалатын  қарым-қатынас  түрі. 
Сонымен  қатар  жанама  қарым-қатынасқа  компьютерлік  байланыс 
арқылы қарым-қатынас жасау, телефонмен сөйлесу жатады.
ЖАҢЫЛТПАШТАР.  Халықтық  поэтикалық  миниатюра,  айтуға 
қиын  сөз  тіркестерінен  тұратын  шағын  сөз,  әдейі  құрастырылған. 
Сөйлеу  тазалығы  үшін,  оқыту  барысында  танымдық  және  ойын 
сауықтық материал ретінде қолданылады. Жаңылтпаш ойын-сауыққа 
жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әртүрлі сөзді 
шапшаң айтуға үйрету мақсатында пайдаланылады. Жаңылтпаштың 
сөздері  адамды  жаңылдыратындай  қиын,  көбінесе,  қатаң  және  ұяң 
дауыссыз  дыбыстардан  құралады,  қара  сөз  немесе  өлең  түрінде 
болады.  Жаңылтпаш  ойын-сауық,  думандарда  ән  білмейтін,  жатқа 
өлең айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай 
ыңғайсыз  жағдайға  қалмас  үшін  әрбір  жас  жігіт  пен  қыз  ән-жыр 
үйренуге  талпынған.  Қазіргі  кезде  жаңылтпаш  жаңа  мазмұнға  ие 
болып,  түрі  мен  мазмұны  жағынан  түрлене  түсті.  Жас  ұрпақты 
достыққа,  бірлікке,  адамгершілікке,  ізгі  қасиеттерге  тәрбиелеудің 
маңызды құралына айналды.


60
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ЖАППАЙ (фр. frontal – қарсы) ОҚУ. Оқу түрі, бүкіл топ бір мәтінді 
бірігіп оқитын оқу жұмысын ұйымдастыру түрі. 
ЖАППАЙ САУАЛНАМА. Сұрақ бүкіл топқа қойылып, содан кейін 
қойылған сұраққа жауап беретін оқушының аты аталатын оқыту түрі. 
ЖАРЫС. Қатысушылардың жаттығу нәтижесін көрсететін сын; дене, 
ақыл-ой  тәрбиесінің  бәсекесі.  Жарыс  спорт,  өнер,  білім  салалары 
бойынша жергіліктіден халықаралық деңгейге дейін өткізілуі мүмкін. 
Жарыс мақсатына қарай жекелей, жекелей-командалық, командалық 
және  ұжымдық  болып  бөлінеді.  Жарысқа  қатысушылардың  алған 
орындары  қазылар  алқасы  тарапынан  анықталып,  жарияланады. 
Жарыс – оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке ынталандыру жолы. 
Жарыс  оқушы  ұжымының  өзіндік  әрекет  белсенділігін  арттырады. 
Мектепте конференция, олимпиада, фестиваль, байқау, көрме сияқты 
көптеген жарыс түрлері өткізіледі.
ЖАРЫС  ӘДІСІ.  Қоғамдық  пайдалы  еңбекке  тәрбиеленушілердің 
барлығын  белсенді,  шығармашылықпен  қатыстыру  әдісі.  Жарыс 
әдісі озат тәжірибелерді қолдап, жолдастық өзара көмекті дамытады.
ЖАТТАУ. Оқу материалын еске түсіру мен пайдалану үшін саналы 
түрде есте сақтауды білдіретін білімді меңгеру жұмысының түрі.
ЖАТТЫҒУ.  Оқу  үдерісінде  қолданылатын  оқу  материалдарын 
әдістемелік  тұрғыдан  ұйымдастырудың  құрылымдық  бірлігі. 
Оқытып-үйретудің әртүрлі жағдайларында жаттығу үйрену үдерісінің 
қимылдың  мазмұнын  анықтау,  оны  пысықтау,  қорытындылау  және 
автоматтандыру  сияқты  барлық  құрауыштары  соның  шеңберінде 
жүзеге  асырылатын  бірден-бір  амал  болып  табылады.  Енді  бір 
жағдайда  ол  түсіндірумен  және  үйренумен  қатарлас  қатарлас 
амалдардың  бірі  болып  келеді.  Түсіндіру  мен  үйрену  жаттығудың 
алдынан  жүріп,  қимылдың  мазмұнының  бастапқы  ұғынылуын 
және  алдын  ала  пысықталуын  қамтамасыз  етеді.  Бұл  жағдайда 
жаттығу  ұғыну  мен  пысықтаудың,  сондай-ақ  қорытындылау 
мен  автоматтандырудың  аяқталуын  қамтамасыз  етеді.  Осының 
нәтижесінде  қимыл  толық  меңгеріліп  автоматтандырудың  қол 
жеткен шамасына орай білікке не дағдыға айналады. Жаттығу алдын 


61
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ала  үйретілмей-ақ,  түсіндіргеннен  кейін  бірден  жүзеге  асырылуы 
мүмкін;  бұл  орайда  пысықтау  түгелдей  жаттығу  процесінде 
болады.  Жаттығуды  топтастыруда  И.В.Рахмановтың  ұсынысы  кең 
таралған: а) олардың мақсаты бойынша – тілдік, сөйлеу, рецептивті 
және  репродуктивті,  аспектілі  және  кешенді,  үйрену  және  табиғи-
коммуникативті,  жаттығатын  және  бақылайтын;  ә)  материалдың 
сипаттамасы бойынша – жаттығу диалогтік, монологтік сөйлеу және 
т.б. б) жаттығуды орындау тәсілі бойынша – ауызша және жазбаша, 
бір тілде және екі тілде, механикалық және шығармашылық, сыныпта 
және үйде орындау, жеке, жұптық, хормен.
ЖАТТЫҒУ  ӘДІСІ.  Оқушының  іскерлігі  мен  дағдысын  қалып-
тастырып,  қайрат-жігерін  дамытуға  бағытталған  оқыту  әдісі.  Бұл 
әдіс  арқылы  оқушы  алған  білімін  тәжірибеде  қолданып,  білімін 
тереңдетіп,  оның  шығармашылық  қабілеті  дамытылады.  Оқушы 
оқу материалдарын сапалы түсініп, игергеннен кейін, әуелі сол ма-
териалға  байланысты  қарапайым,  одан  кейін  бірте-бірте  күрделі 
жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Оқу, үйрену, ұғынғанын тәжірибеде 
қолдану,  іскерлікке  дағдылану  жүйесі  арқылы  оқушы  білімді 
толық игереді. Ауызша жаттығу әдісі (математикадан ауызша есеп-
теу,  тарихтан  атаулы  даталарды  есте  ұстау,  тілден  сөз  бен  сөй-
лемдерді  дұрыс  айтуға  жаттығу),  жазбаша  жаттығу  әдісі  (тіл  мен 
математикадан),  практикалық  жаттығу  әдісі  (математика,  физика, 
химия,  т.б.  пәндерде  өлшемдік  құралдарды  пайдалану  дағдыларын 
қалыптастыру) болып бөлінеді. Жаттығу әдісі арқылы іскерлік пен 
дағдыны  қалыптастыру  бірнеше  кезеңнен  тұрады:  бірінші  кезеңде 
мұғалім  оқушының  қабылдап,  түсінген  білімінің  негізінде  оларға 
жаттығудың мақсатын, міндетін түсіндіреді; екінші кезеңде мұғалім 
жаттығудың дұрыс орындалуын көрсетеді; үшінші кезеңде алғашқы 
игерген  білімін  оқушы  тәжірибеде  пайдаланады;  төртінші  кезеңде 
оқушылардың алған дағдысын тәжірибеде өз бетімен қолдана білуі 
іске  асады.  Жаттығу  әдісін  қолданғанда  оқушылардың  еліктеуін 
және  шығармашылық  іс-әрекетін  есепке  алумен  қатар,  олардың  ой 
толғанысын, өзіндік шешімін де ескеру қажет. Қазіргі кезде оқытудың 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау