68
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
темесі және шектес ғылымдар бойынша әдебиетті теориялық талдау;
2) жинақтап оқыту тәжірибесі; 3) ғылыми бақылау; 4) сынама оқыту;
5) тәжірибелік оқыту; 6) педагогикалық эксперимент және қосымша
зерттеу әдістері: 1) сауалнама жүргізу; 2) тестілеу; 3) хро нометрлеу;
4) зерттеу нәтижелерін аспаптық талдау; 5) зерттеу жүргізуге
қатысушылармен әңгімелесу. Зерттеу нәтижелерін тал дау үшін
қорытындыны есептеу әдістері кеңінен пайдаланылып ке ле ді. Жалпы
ғылымда зерттеу әдісіне мыналар жатады: 1) талдау әдісі – сапалық
(әдіснамалық, дидактикалық, психологиялық, лингвистикалық) және
сандық (факторлық, компоненттік және т.б.); 2) жинақтау әдісі (синтез,
баяндау және т.б.); 3) жоспарлау әдісі (модельдеу, болжау); 4) түсіндіру
әдісі (түсіндіру, салыстыру, аналогия және т.б.); 5) деректерді жинау
әдісі (бақылау, материалдарды үйрену, әңгімелесу, сұхбаттасу және
т.б.); 6) тіркеу әдісі (хронометраж, дисктерге, флеш карталарға және
т.б. жазу); 7) бақылау және өлшеу әдісі (шкалалау, кесу); 8) өңдеу әдісі
(статистика-математикалық, графикалық, кестелік); 9) бағалау әдісі
(өзін-өзі бағалау, сараптау әдісі және т.б.); 10) тексеру әдісі (сынама
оқыту,
тәжірибелік оқыту, педагогикалық эксперимент).
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІ. АҚШ-тың бірқатар мектептерін-
де оқу-тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру жүйесінің әсерімен 20 ж.
– 30 ж. басында кеңінен таралған шет тілдерін және басқа да пәндерді
оқыту әдісі. Зертханалық оқыту әдісі бойынша жұмыс істеген кезде
сынып зертханаға немесе жеке пән өткізілетін кабинетке айналатын,
мұнда оқушылар оқу материалын өз беттерінше ойластыратын.
Оқытушы оқушыларға кітапты, анықтамалықты дұрыс пайдалану,
конспект жасау, сыныптағы сабақтар
барысында талқыланатын сөзді
дайындау сияқты жұмыстарға баулиды. Оқушыларға өз бетінше оқу
ақпаратының көп көлемін меңгеріп, практикалық шеберліктер мен
дағдыларды қалыптастыруға тура келеді.
- И -
ИМИТАТИВТІ ЖАТТЫҒУЛАР. Дыбыс пен дыбыс тіркестерін,
сөз бен сөйлеу үлгілерін, сөйлем модельдерін қайталау арқылы ма-
шықтандыруды қарастыратын жаттығулардың түрі.
69
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ИМИТАТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСІ. Имитацияны сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру және сөйлеу барысын автоматтандыру кезінде негізгі
құрал ретінде пайдалануды көздейтін оқыту әдісі. Әдетте, оқытудың
қосымша тәсілі ретінде қарастырылады.
ИМИТАТИВТІ-РЕПРОДУКТИВТІ ЖАТТЫҒУЛАР. Көрсетілген
ынталарына жауап ретінде репродуктивті әрекеттерді орындау тән
болып келетін машықтану жаттығуларының түрі. Бұл жердегі оқу
тәсілі – қайталау. Имитативті жаттығулармен бірдей.
ИМПЛИЦИТТІК ТӘСІЛ. Ережелерді түсіндірмей-ақ интуиция ар-
қылы грамматикалық дағдылардың қалыптасуы.
Оқытудың тіке лей
әдістеріне тән.
ИНДУКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСІ. Оқушыны тіл материалымен та-
ныстыруды көздейтін практикалық оқыту әдісі, бұл әдіске сәй кес
оқушы тіл фактілерін бақылау нәтижесінде ойын жинақтап, қоры-
тындыға келеді; проблемалық оқытудың негізі болып табылады.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС. Білім беру ісіне тұрақты жаңа
элементтер кіргізетін, жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға кө-
шуіне апаратын жаңалық, жаңадан ендірілетін әрекет. Білім беру
ұйымдарының жаңалықты жасау, меңгеру, қолдану және таратуға
байланысты қызметі.
ИНТЕГРАЛДАНҒАН САБАҚ. Тілді үйренумен бірге басқа пәнді де
(тарих, әдебиет, экономика) қоса меңгеруде құралған шет тілі сабағы.
ИНТЕГРАЛДЫ ОҚЫТУ ӘДІСІ (лат. integer – тұтасы). Аралас оқыту
нұсқаларының бірі. Бұл әдісте саналы-практикалық, аудиовизуалды
оқыту әдістеріне тән белгілер, сондай-ақ бағдарламалау мен суггестия
элементтері қамтылған, бұл аталмыш оқыту әдісін аралас әдістердің
тобына қосуға мүмкіндік береді. Мынадай әдістемелік принциптерге
негізделеді (Г.Крампиц): 1. Тілді үйретудің коммуникативті және елта-
нымдық бағыты бар. 2. Оқыту сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға
және сөйлеу шеберліктерін дамытуға бағытталған. 3. Оқыту бірлігі
ретінде сөйлем қарастырылады, ал кіріспе мен материалды бекіту
синтаксистік негізде оқыту арқылы жүзеге асырылады. 4. Сабақтар
сана лы түрде құрылатын сөйлеу әрекеттерін автоматтандырудан бас-