Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет17/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62

50
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ұйым  дастыру формалары, тексеру формалар және оқу үлгерімін ба-
ғалау сияқты мәселелерді қарастырады.
ДИДАКТИКАЛЫҚ БІРЕГЕЙ ТАЛАПТАР. Сабақты ұйымдастыру 
мен  жүргізуде,  оқушылардың  оқу  іс-әрекетіне  басшылық  жасауда 
бір оқу мекемесінде (сынып, топта) жұмыс істейтін педагогтардың 
келісімі  бойынша  қойылатын  ортақ  талаптар.  Дидактикалық  бі-
регей  талаптар  мынадай  мәселелерді  қамтиды:  1)  теориялық  және 
практикалық  оқытудың  мазмұны  мен  көлемі,  бағдарлама  бойынша 
келісім; 2) білім сапасына, шеберлік пен дағдыға қойылатын (тереңдік, 
беріктік,  саналылық,  толықтық,  оқу  материалын  мазмұндай  білу, 
пікір  білдіріп,  дәлел  келтіре  білу,  т.б.)  талаптар;  3)  оқу  іс-әрекетін 
ұйымдастыруға (ұқыптылық, белсенділік, тәртіптілік, т.б.) қойылатын 
талаптар. Бұл талаптардың сақталуы бүкіл оқу-тәрбие жұмысының 
сапасын жақсартуға жәрдемдеседі.
ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ. Оқушыларға өз бетімен жұмыс 
істеу  үшін  таратылатын  құралдар  (карталар,  кестелер,  мәтіндік 
немесе  санды  және  суретті  карточкалар  жиынтығы,  реактивтер, 
гербарий және т.б.). Дидактикалық материал даярлану технологиясы, 
безендірілуі  жағынан  өте  қарапайым,  тіпті,  оқушылардың  өздері 
жасаған болуы да мүмкін. Жаттығулар мен есептер жинағы да кейде 
дидактикалық материал деп аталады.
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН. Сөйлеу дағдылары мен шеберліктерін 
қалыптастыру,  тілді  үйренуге  деген  мотивацияны  арттыру,  дайын 
сөз  тіркестері  мен  жағдаяттық  клишелерді  жаттау  сияқты  оқу 
мақсаттары  үшін  өткізілетін  ойын.  Дидактикалық  ойында  оқыту 
мақсатына  ойын  тапсырмаларын  шешу  арқылы  қол  жеткізіледі. 
Мұндай ойын нұсқаларының бір түрі ретінде іскер ойындар кеңінен 
пайдаланылады.
ДИДАКТИКАЛЫҚ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ.  Оқу  материалдарын 
оқытуға меңгертуге байланысты әртүрлі амалдарды іріктеу және құры-
лымдау  жөніндегі  оқыту  әрекеті.  Дидактикалық  шығармашылықта 
педагогика саласындағы технология мен жобалау жұмыстары жаңа 
тәлім  жүйесін,  тәлімдік  жағдайлар  мен  педагогикалық  процестерді 
жаңадан жасау әрекетінде ізденуді жүзеге асырады.


51
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ДИКТАНТ.  Латынның  «дикто»  деген  сөзінен  шыққан.  Яғни 
«естіртіп  айту»  деген  мағынаны  білдіреді.  Диктант  оқушылардың 
сауаттылығын  арттырып,  сөздік  қорларын  байытады.  Диктантты 
жаздыру  арқылы  оқушының  білімді  қандай  деңгейде  игергендігін 
тексеруге  болады.  Диктант  түрлері  белгілі  бір  грамматикалық 
ережеге сай жүргізіледі. Ең алдымен ережені түсіндіріп алып, содан 
кейін  ережеге  сай  диктант  жазылады.  Бүгінге  дейін  диктанттың 
бірнеше түрі іс-тәжірибеде қолданылып келеді. Атап айтқанда: сөздік 
диктанты;  көру  диктанты;  терме  диктанты;  жатқа  жазу  диктанты; 
ескерту  диктанты;  өздік  диктанты;  ерікті  диктант;  түсіндірме 
диктанты; графикалық диктант; шығармашылық диктанты; бақылау 
диктанты  т.б.  Қазіргі  қолданылып  жүрген  дәстүрлі  диктанттардың 
шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, 
жаңғырту – тіл дамыту жұмысының басты мақсаты. Соңғы кезде қазақ 
тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашылық 
диктанттың бірнеше түрі қолданыста жүр.
ДИСКУРС  (лат.  discursus  –  талқылау,  дәлелдер,  франц.  discourse 
-  сөйлеу)  заманауи  лингвистика,  семиотика  және  философия 
ғылымындағы  ағылшын  және  француз  тілді  жұртшылықтың 
мәдениетінде  кеңінен  таралған  күрделі  ұғымдардың  бірі.  Праг-
матикалық,  мәдени-әлеуметтік,  психологиялық  т.б.  экстралинг-
вистикалық факторлармен, шындық өмір уақиғасымен байланысты 
нақты  мәтінді  Д.  деп  атайды.  Д.  көне  жазба  мәтіндерде,  нақты 
өмірмен байланыссыз мәтіндерде қолданылмайды. Сөйлеу, баяндау, 
талқылау деген мағынаны білдіретін бұл ұғымның қазақ тілінде тура 
аудармасы  болмағандықтан  тіл  білімінде  Д.  термині  қабылданып 
отыр. Д. ұғымы тіл және сөз ұғымдарына аса жақын. Ойды білдіру 
үдерісі ретінде дискурс пен сөздің табиғаты өзара жақындағанымен, 
тұтастығы,  ішкі  мазмұндылығы,  түрі,  жанры,  стилі  жағынан  одан 
ерекшеленеді.  Жүйелілік  қасиетінің  болуы  Д.  тілге  жақындатады, 
алайда тіл тұрақты және абстрактілі микрожүйе, ал Д. нақты минижүйе 
болып табылады. Нақтырақ айтқанда, Д. әлеуметтік-мәдени өлшемге 
ие  сөз  немесе  сөйлеуші  субъект  арқылы  пайда  болған  және  нақты 


52
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
әлеуметтік-мәдени контекске қосылған тіл. Д. типологиясы діни, саяси, 
әдеби, философиялық және басқа да дискурсивті жанрлардан тұрады. 
Д.  және  дискурсивті  талдау  ұғымы  әлеуметтік  және  гуманитарлық 
ғылымдарда кең қолданылады. Тарихшылар бұл терминді мұрағаттық 
құжаттарды  зерттеу  барысында  қолданса,  әлеуметтанушылар  мен 
психологтар, сондай-ақ әдіскерлер түрлі сауалнамаларды, сұқбат пен 
әңгімелесулерді зерделеу барысында қолданады.  
ДИСПУТ (лат. disputare – пайымдау, дауласу). 1. Диалогтық сөйлесу 
түрі,  ғылыми  немесе  тұрмыстық  тақырыпта  көпшілік  алдында 
дауласу. Диспутқа бірнеше қатысушы қатысады, олар бір мәселенің 
төңірегінде  әртүрлі  пікірлері  мен  пайымдамаларын  білдіреді. 
Диспутта монолог элементтері де бар. Диалогтық элементтер пікір-
таласқа  эмоционалдық  бояу  берсе,  монологтық  элементтер  оның 
логикалық мазмұнын білдіреді. 2. Оқушыларды алға қойылған мәсе-
лені талқылауға қатыстыру арқылы оқу процесін жеделдетуді және 
белсенділікті  арттыратын  оқыту  тәсілі.  Диспуттың  ерекшелігі  – 
диспуттың  басқа  қатысушыларының  модельдеріне,  мысалдарына, 
үлгілеріне негізделген оқытуды қарастырады.
ДОКТОРАНТ.  Докторантура  арқылы  ғылыми  еңбегін  қорғауға 
әзірленіп жүрген адам.
ДОЦЕНТ  (лат.  docere  «оқыту»).  Жоғары  оқу  орындарындағы 
оқытушының лауазымы және ғылыми атақ; тиісті оқу орны беретін 
академиялық  атақ.  Ғылым  кандидаттарына,  докторларына  немесе 
халық шаруашылығының ғылыми атағы жоқ, жоғары оқу орындарын-
да  бірнеше  жыл  оқытушы  болып  істеген,  ғылыми  еңбектері  бар 
немесе жаңалық ашқан білікті мамандарға беріледі.
ДРИЛЛ  (ағылш.  drill  –  жаттығу,  жаттықтыру).  Берілген  лексика-
грамматикалық  материалды  бекітуге  және  оны  пайдалануды  авто-
маттандыруға  бағытталған  жаттықтыратын  жаттығу  түрі.  Механи-
калық жаттығулардың қатарына жатады. Жаттығуды орындау бары-
сында  дағдыны  есте  сақтау  және  қалыптастыру  мақсатында  бірне-
ше  рет  қайталау  арқылы  тілдік  құбылысты  мақсатты  түрде  өң деу 
қарастырылады. Дрилді тілдік жаттығуларды орындаудың ұйымдас-


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау