Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет18/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62

53
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
тыру формасы ретінде қарастыруға болады (Пассов, 1991; Скалкин, 
1989; Wilberg, 1996).
ДҰРЫС АУДАРМА. Тілді білетін адамның сөйлеу қызметінің нақты 
өнімі болып табылатын және оқушылардың тілді білу деңгейін ескере 
отырып  қажеттіліктері  үшін  бейімделмеген  ауызша  және  жазбаша 
мәтін.
ДҰРЫС СӨЙЛЕУ. Сөйлеу кезінде қолданыстағы тіл нормаларына 
(айту,  сөзжасам  нормаларына  және  т.б.)  сәйкес  келетін  сөйлеудің 
коммуникативті сапасы. Дұрыс сөйлеу әдеби тілді меңгерудің негізгі 
көрсеткіші  болып  табылады.  Кең  мағынада  алатын  болсақ,  дұрыс 
сөйлеу нормативтілікті белгілемейді, алайда сөйлеу логикасы сияқты 
басқа да сипаттамаларды қамтиды.
- Е -
ЕКІ  ТІЛДІ  ЖАТТЫҒУЛАР.  Аудару  жаттығулары  сияқты.  Туған 
тілді  пайдалануды  көздейтін  жаттығу  түрі.  Екі  тілді  жаттығулар 
тілдік материалды саналы түрде меңгеру арқылы екі тілдің фактілерін 
салыстыру құралы болып табылады. Екі тілді жаттығулар сөйлеуді 
дамытуға  көмектесетін  тек  уақытша  ғана  құрал.  Тіл  үйренушілер 
тілдің  негізгі  жүйесін  меңгергеннен  кейін  екі  тілді  жаттығулар 
айтарлықтай қысқарады.
ЕКІНШІ ЖЫЛҒА ҚАЛДЫРЫЛҒАН ҮЛГЕРМЕУШІ ОҚУШЫ. 
Белгілі  бір  сыныпта  мемлекеттік  білім  стандартына  сәйкес  пәндік 
бағдарламаны  түрлі  себептермен  (денсаулығына  байланысты  емес) 
меңгере  алмаған,  сондықтан  осы  бағдарламаны  меңгеру  үшін  сол 
сыныпты қайта оқитын оқушы.
ЕКІНШІ  МӘТІН.  Түпнұсқаның  негізгі  ақпаратын  беретін  бейім-
делген  немесе  сығымдалған  мәтін;  өзге  мәтін  негізінде  туындаған 
және  оның  негізгі  мазмұнын  сақтаған  мәтін.  Екінші  мәтін  оқу 
мақсатында  (мазмұндау,  конспект,  мазмұндама)  туындайды.  Екін -
ші  мәтін  құру  бастапқы  мәтіннің  ақпараттық-логикалық  құрылым-
дарының  қажеттілігіне  байланысты  құрылған.  Дереккөзді  көрсету 
–  екінші  мәтіннің  негізгі  мақсаты.  Әдеби  дереккөз  ретінде  екінші 
мәтінге  қатысты  одан  ертерек  ұсынылған  ақпарат  берілген  мәтінді 


54
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
түсіндіреді.  Екінші  мәтінге  пәндік  сипаттама,  аннотация,  реферат, 
конспект, реферативті шолу, рецензия, мазмұндау секілді жанрдағы 
мәтіндер жатады (Морозов, 2007).
ЕНГІЗІЛГЕН ОҚЫТУ. Шет мемлекеттердегі филолог студенттердің 
өздері оқып жатқан тілдің отанында қысқа мерзім аралығында оқуы, 
бұл  «шет  тілінің  мұғалімі»  мамандығы  бойынша  ұлттық  дайындау 
жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
ЕРКІН ДИКТАНТ. Мәтінді абзац бойынша бір рет оқығаннан кейін 
есте қалатын мәтінді еркін формада жазып шығу.
ЕРМЕК. Бос уақытта бір нәрсемен қызыға айналысушылық. Ермек 
адамның танымдық іс-әрекетін дамытып, өзіндік ізденісін өрбітеді.
ЕСЕП.  Бір  тұлға  немесе  ұжым  орындаған  әрекеттер  тізімі  мен 
сипаттамасынан тұратын жазбаша хабарлама түрі.
- Ж -
ЖАБЫҚ  ТҮРДЕГІ  ЖАТТЫҒУЛАР.  Орындау  барысында  бос 
орын дарды толтыру, түсіп қалған сөздер мен грамматикалық форма-
ларды  қалпына  келтіру  қарастырылатын  кейбір  жаттықтыру  жат-
тығуларының бір түрі. Мұндай жаттығулар көбіне тілдің дағдыларды 
қалыптастыруды бақылау үшін қолданылады. Мұндай жаттығулардың 
бір ғана дұрыс жауабы немесе орындау тәсілі болады.  
ЖАЗБА  ТІЛ.  Ойды  графикалық  форма  арқылы  білдірумен  және 
қабылдаумен  байланысты  сөйлеу  формасы.  Жазба  тіл  сөйлеу  қыз-
метінің екі түрін қамтиды: өнімді (жазу) және рецептивті (оқу). Жаз-
ба тіл бұқаралық ақпарат құралдары (кітап, баспасөз және т.б.) және 
жеке  құралдар  (хат,  өтініш,  құттықтау,  жоспар,  тезис,  аннотация 
және т.б.) арқылы жүзеге асады. Жазбаша монологтік қарым-қатынас 
формасының ауызша қарым-қатынасқа тән формалары бар. Алайда 
ауызша монологпен салыстырғанда жазба тілдің өрісі кең, құрылымы 
қиын, логика жағынан байланысты. Жазба тіл ауызша сөйлеуге тән 
сияқты  дыбыс  және  интонациялық  құрылымдарды  бере  алмайды. 
Дистанттық  сипаттамасының  арқасында  жазба  тіл  ақпаратты  ұзақ 
уақыт бойы сақтауы мүмкін. Оқытуда жазба тіл үш кезеңге бөлінеді: 
графика мен орфографияны меңгеру; сөйлемнің құрылымдық модель-


55
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
дерін меңгеру; жазба тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру. 
Графиканы оқыту екі дағдыны меңгеруді қамтиды: әріптерді дұрыс 
жазу  және  сөздерді  дұрыс  құрастыру.  Емлені  меңгеру  дағды  мен 
ше берлікті  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Орфографиялық 
дағдыларды қалыптастыратын жаттығуларға диктанттың түрлері де 
жатады. Жаттығулар күрделілігіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі: 
сөйлемдерді көшіру, естігені бойынша және есте сақтау арқылы жазу, 
сөйлемді өзгертіп жазу, кеңейтіп және тарылтып жазу, алмастырып 
қою,  сөйлемдерді  үлгі  бойынша  құрастыру  және  т.б.  Жазба  тілді 
қарым-қатынас құралы ретінде меңгерудің ең көп қолданылатын түрі 
шығарма болып табылады. Адамның жұмыс істеу барысында ең жиі 
қолданатын жазбаша хабарламаларының түрлері: белгілер, жоспар, 
тезистер,  конспект,  аннотация,  түйіндеме,  реферат,  хабарландыру, 
өтініш, мақала, баяндама, есеп және т.б.
ЖАЗБАША  ЖАТТЫҒУЛАР.  Орындау  тәсілі  бойынша  бөлінген 
жаттығудың түрі. Жазбаша жаттығу жазбаша жазуды көздейді, мұнда 
қозғалыс  анализаторлары  (қолдың  қимылдауы,  ішкі  артикуляция 
жиі  ілесе  жүретін)  жетекші  болып  табылады,  ал  бақылау  үшін 
көрермендер, кейде есту анализаторлары қатысады. Ауызша қабылдау 
кезіндегі қиындықтар әртүрлі ойлау операцияларын жүргізу кезінде 
тіркелген  жазбаша  материалдарды  жеңілдетеді.  Жазбаша  жаттығу 
үйренушілердің өздігімен жұмыс жасау аясын айтарлықтай кеңейтеді.
ЖАЗБАША  ЖҰМЫС.  Үйренушінің  тапсырмаларды  өз  бетінше 
немесе  оқытушының  көмегімен  орындайтын  өзіндік  жұмысының 
түрі.  Жазбаша  жұмыстың  ең  қарапайым  түрі  көшіру  болып 
табылады,  жазу  дағдыларын  меңгеруге  мүмкіндік  береді.  Жазбаша 
жұмыстың үлкен тобы жаттықтыру жұмыстарын құрайды, мысалы, 
грамматикалық формаларды қолдануға немесе лексикалық бірліктерді 
пайдалануға  арналған  жаттығулар.  Жазбаша  жұмыстың  тиімділігі 
қаншалықты тапсырманың мақсаты айқындалған және үйренушінің 
оған қаншалықты шамасы келетініне байланысты. 
ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ. Графикалық форма бойынша ойын қабылдау 
және  білдірумен  байланысты  сөйлеу  формасы.  Жазбаша  сөйлеу 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау