Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет7/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62

20
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
өзіндік  пәні,  демек  өзіне  сәйкес  әдістері  болады.  Әдістің  негізінде 
бі лімдер  жүйесі  жатқандықтан  (мысалы,  математикалық  немесе 
философиялық,  логикалық  және  т.б.)  олардың  әдістері  де  әр  алуан 
болып келеді. Осыған орай, ғылымда әдістерді топтастыру мәселесі 
пайда болды. топтастыру мәселесі белгісіне (қолдану өрісіне, оның 
заңдылықтары мен ұғымдарының сипатына байланысты) қарай іске 
асырылады.  Осыған  байланысты  әдістерді  екі  үлкен  топқа  бөлуге 
болады: философиялық әдіс және жеке ғылымдар әдісі.   
ӘДІСТЕМЕ  (грек.  methodikē).  1.  Белгілі  бір  пән  саласындағы  оқыту 
теориясы,  педагогикалық  ғылым.  2.  Оқытушының  жұмыс  фор ма -
ларының,  әдістерінің  және  әдіс-тәсілдерінің  жиынтығы,  яғни  оқы-
тушының  кәсіби-практикалық  қызметінің  «технологиясы».  3.  Уни-
верситеттер  мен  педагогикалық  институттарда  оқылатын  тео риялық 
курс, оқу пәні. Шет тілін оқыту әдістемесіне қатысты алатын бол сақ, 
оқытудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын, ұйым дастыру 
формаларын,  сондай-ақ  оқытылатын  тіл  материалының  негі зінде 
білім беру және тәрбиелеу тәсілдерін зерттейтін ғылым. Тілді оқытуға 
қатысты мынадай түрлері бар: 1. Жалпы әдістеме оқыту жағдайларына 
қарамастан,  тілді  үйрету  процесінің  заңдылықтарын  зерттеумен 
шұғылданады.  2.  Жеке  әдістеме  –  оқытудың  нақты  жағ дайлары  мен 
контингентіне  қатысты  тілді  үйрету  барысының  заң дылықтары  мен 
ерекшеліктерін зерттеумен шұғылданады. 3. Арнайы әдістеме – сөйлеу 
қызметінің нақты бір түрін оқыту ерекшеліктерін, тіл аспектісін немесе 
оқыту жүйесінің компонентін зерттеумен шұ ғылданады.
ӘДІСТЕМЕ  БІРЛЕСТІГІ.  Белгілі  бір  пән  мұғалімдерінің  және 
бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  біліктілігін  жетілдіруді  көздейтін 
мұғалімдер жұмысы ұйымдастырудың бір түрі. Әдістеме бірлестігі 
мектеп, мектепаралық және аудандық деңгейді қамтиды.
ӘДІСТЕМЕЛІК  ӘЗІРЛЕМЕ.  Сабақ  өткізуді  қамтамасыз  ететін 
барлық материалдардың кешені. Әдістемелік әзірлеме сабақ жоспа-
рын не сабақтың қысқаша жазбаша жоспарын қамтиды. Мұнда беріл-
ген сабақ немесе сабақтар сериясын әдістемелік тұрғыдан қам та ма-
сыз ету көзделеді.


21
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК  ЖҰМЫС.  Оқушыларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
неғұрлым ұтымды әдістері мен тәсілдерін игеруді мақсат ететін жұмыстар 
кешені;  педагогтің  оқу-тәрбиелік  жұмыстарды  ұйымдас тыру  және 
жүргізуге  қатысты  жалпы  дидактикалық  және  әдістемелік  әзірлігінің 
деңгейін  көтеру;  педагогикалық  ұжымның  өзара  тәжірибе  алмасуы, 
өзекті педагогикалық тәжірибені іздестіру және насихаттау. Әдістемелік 
жұмыс мектептегі жоғары сапалы оқу-тәрбие жұмыс тарын дұрыс жолға 
қоя  білуге  қол  жеткізуге  және  қолдауға  бағыт талған.  Бұл  оқу  жылы 
ішінде жүргізілетін және педагогтердің күнде лікті практикасымен етене 
байланысты  атқарылатын  жұмыстар.  Әдісте мелік  жұмыстың  негізгі 
формаларының  бірі  –  ашық  сабақтар  мен  сыныптан  тыс  өткізілетін 
оқуларға қатысып, бұл жөнінде педа гогикалық талдау және ұжымдық 
талқылау өткізу. Әдістемелік жұ мыстың маңызды ерекшеліктерінің бірі 
– оның шығармашылық сипаты.
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰҒЫМДАР. Тілді үйрету әдістемесі саласындағы 
құбылыстар туралы жинақталған білім, оның өзіндік белгілері мен 
тиісті  тілдік  ұғымдары  (термин  түрінде)  бар.  Әдістемелік  ұғым-
дардың қалыптасуы үш сатыдан тұрады: 1) әдістеме және басқа да 
аралас  пәндер  курстарын  оқыту  барысында  жинақталған  бақылау, 
оның нәтижесінде құбылыс, үдеріс немесе нысан белгілері, бастапқы 
жинақтау қалыптасады; 2) әдістемелік ұғымдардың анықтамасы, бұл 
терминді енгізумен, жаңа ұғымды белгілі ұғымға жақындастырумен 
және  олардың  маңызды  белгілерін  ажыратып  көрсетумен  байла-
нысты; 3) ұғымды әрі қарай тереңдету, яғни белгісіз қасиеттері мен 
сипаттарын белгілеу.
ӘДІСТЕМЕЛІК  ЦИКЛ  (грек.  сусlos  –  айналым).  Нақты  оқу 
мақсатын іске асыру үшін алдын ала белгіленген уақыт аралығында 
белгілі  бір  жүйелілікпен  орындалатын,  дүркін-дүркін  және  ретпен 
қайталанатын операциялар.
ӘДІСТЕМЕЛІК  ЭКСПЕРИМЕНТ.  Әзірленген  оқыту  жоспарына 
сәйкес  орындалатын  және  белгілі  бір  гипотезаға  негізделетін, 
шектеулі уақыт аралығында өтетін, әдістемелік мәселелерді шешуге 
арналған  ұйымдастырылған  оқу  әрекеті.  Әдістемелік  эксперимент 


22
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
барысында  сынақтан  өткізілетіндерді  оқытудың  бастапқы  және 
қорытынды кезеңдері бағаланады.
ӘДІСТЕМЕНІҢ  БАЗИСТІК  (грек.  basis  –  негіз,  тірек)  КАТЕГО-
РИЯСЫ (грек. kategoria – пікір айту; пайымдау; белгі). Шет тілдерін 
оқыту  әдістемесінің  бастапқы  ережелері.  Әдістеменің  базистік 
категориясына  оқытудың  мақсаты,  міндеті,  мазмұны,  принциптері, 
әдістері,  тәсілдері,  құралдары,  формалары,  профильдері,  оқыту 
тәсілдері,  дағдылары,  шеберліктері  және  т.б.  жатады.  Әдістеменің 
базистік  категориясы  тілді  оқытудың  жүйесін  құрайды;  бір-біріне 
арақатынасы  жағынан  белгілі  бір  иерархиялық  қатынас  құрайды. 
Әдістеменің  базистік  категориясын  талдау  шет  тілдерін  оқыту 
курсының теориялық бөлімін құрайды және оның лингводидактика-
лық негіздерін анықтайды.
ӘҢГІМЕЛЕСУ (БЕСЕДА). 1. Реплика-баяндаудан тұратын диалог-
тік сөйлеудің түрі. Мазмұны мен формасы бойынша диалогтің күрделі 
түрлерінің  бірі.  Әңгімелесу  репликасының  сипаты  әртүрлі  болады: 
реплика-хабарламалар, итермелеу репликалары, бағалау, жалтақтау, 
қолдау, тоқтау, қостау және т.б. репликалар. 2. Қосымша зерттеу әдісі: 
тілдік қарым-қатынас жасау арқылы мақсатты түрде мәліметтер алу. 
Әңгімелесу  тек  ауызша  ғана  емес,  жазбаша  да  болады  (шығарма, 
анкеталар  және  т.б.);  зерттеу  процесі  туралы,  оның  мықты  және 
әлсіз  тұстары,  түзетулер  енгізу  туралы  түсініктерді  айтарлықтай 
толықтыра алады. 3. Оқытушы оқушылардың өзге тілдегі фактілерді, 
ұғымдарды, заңдылықтарды меңгеруіне ықпал ететін ойластырылған 
сұрақтар  жүйесінің  көмегімен  тіл  үйренушілермен  әңгімелесуді 
ұйымдастыратын  ауызша  оқыту  әдісінің  бірі  (жалпыдидактикалық 
ұғым). Оқыту тәсілдерінің келесідей түрлері қолданылады: сұрақтар 
қою,  үйренушінің  ойы  мен  жауаптарын  талқылау,  жауаптарды 
түзету,  қорытындылау.  Дидактикалық  процесте  әңгімелесудің 
келесідей түрлері бар: 1) эвристикалық (оның барысында оқытушы 
оқушылардың  білімі  мен  практикалық  тәжірибесіне  сүйене 
отырып,  тіл  үйренушілерге  жаңа  сабақты  түсіндіріп,  меңгертіп, 
қорытындылайды);  2)  баяндаушы  (жаңа  сабақты  түсіндіру  үшін 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау