26
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
леу дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру. Бағдарламалық
оқыту термині 50 жылдары АҚШ-та пайда болды. Психологиялық
бихевиоризм теориясына негізделген. Бағдарламалық оқыту ұзақ
уақыт бойы осы салада ғана дамып келді. 60 жылдары тармақталған
оқыту бағдарламасын құрушы П. Краудер ұсынған бағдарламалық
оқытудың антитеориялық концепциясы пайда болды.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТІЛДЕР (грек. programma - нұсқау, хабарлау).
Хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жа-
санды тілдер тобы. Бағдарламалық тілдерде символдарды біріз ді-
лікпен өңдеуге қажет мәтіндер алдын ала жазылып қояды, мәтіндерді
бұйрықты тапсырма деп қарауға болады. Семантикалық шарттары
бойынша мәтіндер мынадай деңгейлерде сұрыпталады: дербес
мағынасы жоқ әліпби таңбалары; шағын тіл бірліктерінің екі жақты
атаулары; мағынасы бұйрық түрінде емес атаулардың қосындысын
білдіретін сөйлемшелер; белгілі әрекетті білдіретін (бұйрық мағы-
насында) синтаксистік құрылымдардан тұратын операторлар т.б.
Бағ дарламалық тілдердің өзіне тән сипаты — символдық, сөздік,
сөйлемдік, мәтіндік деңгейлердің ара жігі белгісіздігінде. Мәтіндерді
жазып, ЭЕМ-ге енгізуде ондағы жетімсіздік басқа символдармен то-
лықтырылады. Мыс., СОТО сөйлемшесі бір символ, бір сөз немесе
бір сөйлем болып есептелуі мүмкін. Бағдарламалық тілдер қолданылу
тұрғысынан екіге бөлінеді: алгоритмдік әртүрлі типтерді алдын ала
жазуға болатын универсалдық бағдарламалық тілдер және неғұрлым
шағын мақсатты жұмыстарға (модель жасау, мәтінді автомат
өндеу, белгілі бір процесті басқару) арналған мамандандырылған
бағдарламалық тілдер. Бұлардың ішінде ЭЕМ мен пайдаланушының
қарым-қатынасын дамытуда диалогтік бағдарламалық тілдер де
маңызды орын алады. Бағдарламалық тілдердің дамуы олардың
деңгейін көтеру, адам мен машинаның қарым-қатынас процесін
жеңілдету, бағдарламалардың тиімділігін арттыру арқылы іске
асырылып отырады. 20 ғ. 70 жылдары бағдарламалық тілдердің жал-
пы саны 1 мыңға жақындады. Ең жиі қолданылатын, деңгейі жоғары
тілдік бағдарламалар: фортран, кобол, ПЛ/І, алгол, бейсик, паскаль,
мектепте кең тараған — лого тілі.
27
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
БАҒЫТТЫЛЫҚ. Қажеттілік пен дәйектілік жиынтығы арқылы
тұлғаның қызметін бағыттайтын ұғым. Ол адамның дүниетанымын
білдіретін мүдделермен, бейімділік, сенім, мұрат секілді ой нысан-
дарымен сипатталады.
БАҚЫЛАУ. 1. Сабақ беру әдістемесіндегі негізгі эмпирикалық зерт-
теу әдістерінің бірі. Бақылау белгілі бір жағдайларда құбылысқа
тән өзгерістерді зерттеу және құбылыстардың тікелей берілмеген
мән дерін іздеу мақсатында оларды қасақана, жүйелі әрі мақсатты
түрде қабылдау. Бақылау теориялық ойлау элементтерінен (түпкі
ой, әдістемелік тәсілдер жүйесі, зерделеу және нәтижелерді бақы-
лау) және талдаудың сандық әдістерінен тұрады. Бақылаудың нақты-
лығы зерттелініп отырған саладағы білім жағдайына, қойылған
міндеттерге, тәжірибе деңгейі мен бақылаушының біліктілігіне
байланысты болады. 2. Оқушылардың қызметіндегі танымның негізгі
әдісі. Бақылау таныстырудың негізгі компоненті болып табылады,
бұл сезіммен қабылдау, зерделеу, айтуды қамтиды. Шет тілін үйрету
практикасында бақылау көптеген мысалдармен қарқынды жұмыс
істеуге негізделеді, бұл тілдік ережелер мен сөйлеу әрекеттерін
біртіндеп меңгеруге, сондай-ақ зерттелінетін тіл теориясының эле-
менттерін меңгеруге әкеп соғады.
БАҚЫЛАУ ӘДІСІ. Белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту
ерекшеліктерін, оларды тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының
көрінуінің, алынатын нәтижелердің сипаттарын жүйелі түрде мақсат-
ты түрде тіркеп отыру. Бақылау әдісі тұтас және іріктеме, қосы лымды
және жай, бақыланатын және бақылауға келмейтін, далалық және
лабораториялық және т.б. түрлерге бөлінеді.
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ. Білімді, сөйлеу дағдылары мен шебер-
ліктерін, сондай-ақ оқу әрекетінің формалары мен тәсілдерінің
тиім ділігін тексеру және бағалау формаларының бірі. Бақылаудың
ағымдағы және емтихан, жазбаша және ауызша, фронтальды және
жеке түрлері болады. Оқу процесіне тест енгізілгелі бері бақылау
ретінде тесттер кеңінен пайдаланыла бастады.
28
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
БАЛАМА БІЛІМ БЕРУ. Дәстүрлі білімге қосымша кейде оған
қарсы сипаттама түрінде берілетін білім түрі. Балама білім беруді
жақ таушылар дәстүрлі білім беру жүйесін өзгертуді ұсынады. Кә-
сіптік білім беру, нарық сұранысы мен азаматтардың қажеттілігі
арасындағы өзгерістерді бейнелейді.
БАЛАМА МЕКТЕПТЕР. Бір-бірімен білім, тәрбие жағынан са-
лыстыра және жарыса отырып білім беретін мектеп.
БАСҚАРУ ПУЛЬТІ (лат. pulpitum – тұғыр, сүйеуіш). Бақылау-өлшеу
аспаптары мен басқару органдарының жиынтығы, техникалық
оқыту құралдары зертханасы компоненттерінің бірі, оның көмегімен
оқытушы оқушылардың оқу әрекетін басқарады (оқушылар тобына
және жеке оқушылар тобына команда береді, олардың жұмысын
бақылайды, оқушылардың жауаптарын магнитофонға жазады).
БАТАВИЯ ЖОСПАРЫ. Жеке-дара оқыту жүйесі. Батавия
қаласының (дұрысы Батейвия, Нью-Йорк штаты, АҚШ) атауы бойын-
ша аталған. Батавия жоспары 1898 жылдан бастап қолданылды.
ХХ ғасырдың басында кең таралды. Батавия жоспарының авторы
– қа ла мектептерінің инспекторы Дж. Кеннеди. Ол қабілеті орташа
оқушыларға арналған ұжымдық оқу қабілеті төмен, қабілеті жоғары
оқушыларға қолайсыз деп есептеді. Батавия жоспары бойынша бала
саны көп сыныппен екі мұғалім жұмыс істеді. «Негізгі» мұғалім
сабақта сыныппен негізгі жұмыс жүргізеді, ассистенті – сабақтан кейін
әрбір оқушымен жеке сабақ өткізеді. Осылай ұжымдық оқытудың
жеке-дара оқытумен бастауыш, сондай-ақ орта мектепте үйлестірілуі
барлық оқушылардың материалды меңгеруін қамтамасыз етеді.
БАЯНДАМА. 1. Құжаттамалық мәліметтерді пайдалануға негіз дел-
ген, белгілі бір мәселе бойынша көпшілік алдында толық баяндалатын
монологтық сөйлеу түрі. 2. Тіл үйрету жағдайларында оқыту тәсілі.
БЕЙВЕРБАЛДЫ ҚҰРАЛ – қарым-қатынасты іске асыру немесе
ойды жеткізу үшін сөйлеу барысында қолданылатын тілдік емес
құралдар. Бейвербалды құралдарды кей ғылыми еңбектерде бейвер-
балды амалдар деп те атайды. Қарым-қатынас жасау барысында адамдар
тек сөздерді пайдаланып қана ақпарат алмаспайды дене элементтері
Достарыңызбен бөлісу: |