14
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ретінде қолданылатын оқулықтар (көрнекілік құралдар); 3) оқу
процесіне енгізілген табиғи бұқаралық коммуникация құралдары
бо ла алады. Аудиовизуалды оқыту құралдары әсерлі, айқын және
көру-есту бейнелерінің ақпараттық құндылығының нәтижесінде
оқыту сапасын арттырудағы тиімді құрал болып табылады, сондай-
ақ бұл құралдар қарым-қатынас жасау және қоршаған ортадағы
шындықты тану жағдайларын қалыптастырады. Мұндай сабақтарда
көрнекіліктің дидактикалық принципі, жеке оқыту мүмкіндігі және
оқушыларды сабаққа жаппай қатыстыру (мысалы, теле және кино
фильмдерді көрген кезде, компьютерлік класта жұмыс істеген кезде)
сәтті жүзеге асырылады, сабақтың мотивациялық жағы да күшейе
түседі. Әдістемеде аудиовизуалды оқыту құралдары (тіл үйрену
сабақтарына арналған құралдар) мен техникалық оқыту құралдары
(оқыту құралдарын көрсетуге арналған техникалық құрылғылар) екі
түрлі құралдар деп ажыратылған.
АУДИОВИЗУАЛДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ.
Дыбыстық және көру ақпаратын (теледидар, кино-проектор, фильмо-
скоп, бейнемагнитофон, компьютер) көрсетуге арналған тех никалық
құрылғылар, тетіктер.
АУДИОЛИНГВАЛДЫ (аудио... + лат. lingua – тіл) ОҚЫТУ ӘДІСІ.
Шет тілін үйрету әдісі, сабақ барысында қабылдаудың есту арнасын
пайдалану және қатаң түрде іріктелген құрылымдарды (сөйлемдердің
үлгілерін) диктордан бірнеше рет естіп, содан кейін қайталау, бұл
автоматтандыруға әкеп соғады. Әдіс әскердегідей оқыту әдісінің не-
гізінде құрылып, 40 жылдары АҚШ-та дәлелденген (Ч.Фриз, Р.Ладо).
Тіл құрылымдарын меңгеру барысындағы мынадай төрт кезең
бөлініп көрсетілді: еліктеу арқылы жаттау, жаңа модельді белгі лі
модельдерге қарама-қайшы қоя отырып таңдау жасау, модельді сөй-
леу арқылы жүзеге асырып жаттығу, модельді еркін қолдану.
АУДИОМАТЕРИАЛДАР. Тыңдауға арналған мәтіндер. Фонетика
мен тыңдалымды оқыту барысында қолданылады. Тіл үйренушілер
үшін Аудиоматериалдар жинақтары көбіне типтік оқу кешеніне
кіретін арнайы оқу құралдары ретінде ұсынылады.
15
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
АУДИТИВТІ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ. Ақпаратты беруге және оны
есту арқылы қабылдауға арналған оқыту құралдары. Аудитивті оқыту
құралдарына грамжазбалары, магнитжазбалары, радиобағдарламалар
жатады.
АУДИТОРИЯ (лат. auditorium – тыңдауға арналған орын). 1. Дәріс
оқы латын, семинарлар өткізілетін және т.б. арналған бөлме. 2. Дә-
рістің, баяндаманың және т.б. тыңдаушылары, сондай-ақ радио және
телебағдарламалардың тыңдаушылары мен көрермендері. 3. Ау-
ди торияның ерекше мағынасы – қандай да бір көпшілік алдында
жүретін тұлғаның (өнер, саясат қайраткері, спортшы) жақтаушысы,
із ба сарлары, әуесқойлары.
АУДИТОРИЯДАН ТЫС ЖҰМЫС. Оқушылармен аудиториялық
сабақ кестесінен тыс уақытта жұмыс істеу. Аудиториядан тыс жұ-
мысқа үйренушілермен бірге демалыс орындарына бару, атақты тұл-
ғалармен кездесу, фильмдер, қойылымдар көру және т.б. жатады. Ау-
диториядан тыс жұмыс түрлерін пайдалану оқытудың маңызды бөлігі
және оқыту мақсаттарына қол жеткізу тәсілдері болып табылады.
АУДИТОРИЯЛЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ. Мектеп пен жоға-
ры оқу орындарында тіл практикасы бойынша сабақ жүргізудің
ұйым дастырылған формасы. Аудиториялық практикалық сабақтың
мақсаты сөйлеу қызметінің түріне қарай (аудару, тыңдалым, айтылым,
оқылым, жазылым қабілеттерін қалыптастыру мен жетілдіру) немесе
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру түріне қарай (фонетикалық, лек-
си калық, грамматикалық) анықталады. Осыған орай сабақтың екі
түрі көрсетілген: 1. тілдік материалдарды пайдалану дағдылары мен
шеберліктерін қалыптастыруға бағытталған сабақтар; 2. ауызекі жә-
не жазба тілдерін дамытуға бағытталған сабақтар.
АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ. Жалпыди-
дактикалық оқыту әдістерінің тобы, бұл әдіс барысында оқытушы
оқушыға сөйлеу арқылы оқу материалындағы сөздерді түсіндіреді,
бекітеді, іске қосады. Ауызекі сөйлеу арқылы оқыту әдістеріне
түсініктеме, әңгімелесу, тілдесу жатады.
16
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
АУЫЗША ЖАТТЫҒУ – орындау тәсілі бойынша бөлінген жат тығу
түрі; жазбаша жаттығуға қарама-қарсы жаттығу ретінде қолданы-
лады және ауызша сөйлеу қабілетін дамытатын қызметтің бір түрін
көрсетеді. Ауызша жаттығуды орындау барысында тілдік материалды
есте сақтауды жеңілдетуге мүмкіндік беретін моторлық және есту
анализаторы негізгі болып табылады.
АУЫЗША СӨЙЛЕУДІ БАҒАЛАУ ПАРАМЕТРЛЕРІ (грек. para-
metron – өлшейтін, мөлшерлейтін). Ауызша сөйлеуді бағалау үшін
пайдаланылатын мәліметтер. Әдетте, оған грамматикалық, фоне-
тикалық, лексикалық қателер саны, сөйлеу темпі, бір минуттағы
хези та циялық кідірістердің саны, қайталаулардың саны, сондай-ақ
синтаксистік құрылымдардың күрделілігі / жеңілдігі және т.б. жа-
тады. Шет тілі (базалық деңгей) бойынша толық жалпы білім беру
с тандарты шеңберінде ауызша сөйлеу параметрлері келесідей баға-
ланады: әңгімелесе білу шеберлігі (берілген тақырып бойынша
пікірталас), ақпарат сұрау, пікірталас кезінде серігіне өз пікірін біл-
діру, талқыланып отырған тақырыпқа өз ойын білдіру, тақырыптық/
проблемалық хабарлар жасау, алған ақпаратты қысқаша баяндау, өзі
туралы, өзінің айналасы туралы, өзінің жоспары туралы әңгімелеу,
өзінің іс-әрекеттерін дәлелдеу, үйреніп жатқан тілінің отаны мен өз
елінің мәдениеті, өмір сүру ерекшеліктері туралы сипаттау.
АШЫҚ БІЛІМ. Оқу орындарының орналасқан жеріне және
оқушының тұрғылықты жеріне қарамастан, бір немесе бірнеше
оқу орындарындағы оқыту бағдарламаларын, оқытушыны, оқыту
гра фикасы мен түрін таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін білім
жүйесі. Ашық білім оқушының мақсатты, бақыланатын өз бетінше
жұ мысын, жеке жоспар бойынша өмір бойы оқу мүмкіндігін қам-
та масыз етеді, бүкіл әлемдік қауымдастықтың ақпараттық ресурс-
та рына қолжетімділік береді. Ашық білімнің негізгі техно логиясы
қашықтан оқыту болып табылады. Ашық білім бірқатар оқу орында-
рында пайдаланылады, атап айтар болсақ, Ұлыбритания ашық
университеті (1969 ж. негізі қаланған, 2 млн. аса студент білім алған),
Калифорния виртуалды университеті (1997 ж. құрылған, 95 жоғары
оқу орны мен колледждерді біріктіреді), Ұлттық қашықтан оқыту
орталығы (Франция, 1993 ж. негізі қаланған) және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |