Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет10/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62

29
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
арқылы, ым, ишарат сияқты паратілдік құралдарды пайдалану арқылы 
да көп мағынаны білдіреді. Бейвербалды амалдар оқу үдерісінде де жиі 
қолданылады. Оқытушы мимика-ым, жест-ишара, поза-дене қалыбын 
пайдалану  арқылы  оқушының  зейінін  өзіне  аударып  қана  қоймай, 
білуге  деген  құлшынысын  да  арттырады.  Сөйлеудің  бейвербалды 
құралдары  кез  келген  тілдің  коммуникативті  жүйесіне  енетіндіктен 
сол тілді оқыту әдістемесінің құрамына лингвоелтанудың бір бөлшегі 
ретінде  енгені  жөн.  Өйткені    бір  халық  үшін  белгілі  бір  мағынаны 
білдіретін бейвербалды амал екінші халықта мүлдем басқа мағынаны 
білдіруі  мүмкін.  Бейвербалды  құ ралдар  тіл  үйрету  сабақтарында 
коммуникативті  құзіреттің  құрамы  ретінде  қалыптасатын  әлеуметтік 
мәдени құзіреттіліктің құрамына кіре ді. 
БЕЙНЕГРАММА  (бейне...  +  грек.  gramma  –  жазбаша  белгі,  сы-
зық).  Мәтіндерді  немесе  әртүрлі  суреттерді  көруге  арналған  оқу 
құра лының аудиовизуалды түрі (суреттер, кестелер, сызбалар және 
т.б.). Бейнеграмма үш түрге бөлінеді: табиғи (заттар, іс-әрекеттер), 
көркемдік-бейнелеу (оқуға қажетті суреттер, слайдтар, диафильмдер, 
карталар), графикалық (кестелер, сызбалар). Бейнеграммамен жүйелі 
түрде  жұмыс  жасау  оқу  процесін  жандандырып,  сабақ  өткізуде 
көрнекіліктермен қамтамасыз етеді. Бұл терминді М.В. Ляховицкий 
ұсынған (1981). 
БЕЙНЕКОНФЕРЕНЦИЯ.  Интернет  желісін  пайдаланушылардың 
арнайы  бағдарламалардың  көмегімен  бейнебайланыс  режимінде 
жұ мыс  істеу  формасы;  адамдардың  бір-бірін  көруге  және  естуге, 
ар найы  компьютерлік  құрылғылардың  көмегімен  мәліметтер  алма-
суға мүмкіндік беретін компьютерлік технология. Қашықтан оқыту, 
әртүрлі әдістер негізіндегі тілді білетіндермен қарым-қатынас жасау 
кезінде пайдаланылады.
БЕЙНЕКУРС. Тілді үйрету құралы ретінде жасалған оқу құралы; 
бейнекамераның  көмегімен  бейнеүлдірге  жазылған  сурет  болып 
табылады.  Бейнекурстар  бейнежазбалар  мен  компьютерлік  техно-
логиялар  кеңінен  дамыған  ХХ  ғ.  90  ж.  шет  тілдерін  үйрету  сабақ-
тарында  пайдаланыла  бастады.  Оқыту  бейнекурстары  ретінде  тіл-


30
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ді  үйретуге  арналған  және  тілді  меңгерудің  белгілі  бір  деңгейіне 
бағыт талған оқу тапсырмалары, жалпы білім беретін  мультимедиа 
пайдаланылады.
БЕЙНЕФОНОГРАММА  (бейне...  +  грек.  phone  –  дыбыс,  дауыс, 
gramma  –  жазбаша  белгі,  сызық).  Оқу  материалдарын  бір  уақытта 
естуге, көріп қабылдауға арналып жасалған аудиовизуалды оқу құра-
лының  түрі.  Бейнефонограммаға  кино,  теле  және  бейнефильмдер, 
сонымен қатар суреттерге дыбыс жазылған бейнеграммалар (мысалы, 
слайдтық фильмдер) жатады.
БЕЙІМДЕЙ  ОҚЫТУ.  Оқушыны  білім  мекемесіндегі  жағдайға, 
талапқа, мақсатқа сәйкес икемдеу процесі. Бейімдеу оқытудың негізгі 
мақсаты – мектеп бітірушіні қоғамға кіріктіріп, азамат дайындау. 
БЕЙІМДЕЛГЕН  МӘТІН.  Оқушының  тілді  меңгеру  деңгейіне 
сәйкес оңайлатылған, жеңілдетілген немесе күрделендірілген мәтін. 
БЕЙІМДЕЛГЕН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ. Оқытудың сыртқы 
немесе  ішкі  талаптарының  өзгеруіне  қарай  (өткен  материалды 
меңгеру деңгейі мен жылдамдығы және т.б.) оқыту материалдарын 
игерту  тәсілдерін  түрлендіру  мүмкіндігін  қамтамасыз  ететін 
оқыту  бағдарламасы.  Әдетте,  мұндай  бағдарлама  бір  материалды 
игерту  тәсілдері  және  ыңғайлы  бағдарламаны  таңдау  құралдары 
арқылы  ерекшеленетін  бірнеше  сатылы  немесе  салаланған  оқыту 
бағдарламасынан тұрады. 
БЕЙІМДЕЛГЕН  ОҚЫТУ  МАШИНАСЫ.  Оқушының  жұмыс 
істеуіне  икемделген  техникалық  құрал,  яғни  оқушының  берген 
жауаптарының сипатын ескере отырып, оқу материалдарын ұсынады. 
Ол бейімделген оқыту бағдарламаларын пайдалануға арналған. 
БЕЙІМДЕУШІ  БІЛІМ.  Өзгеріп  отырған  талаптарға  мамандық-
тарының  сапасы  сай  болу  үшін  және  жұмыс  істеуші  адамның  ма-
мандық  шеберлігін  және  басқа  қабілеттілігін  арттыру  мақсатында 
мезгіл-мезгіл өткізілетін оқыту процесі. 
БЕКІТУ.  Мақсаты  өткен  материалды  қайталау  болып  табылатын 
оқыту тәсілі. Бұл тіл үйрету сабақтарында құрған дағды мен ше берлікті 
сақтаудың  және  құрудың  қажетті  шарты  болып  табылады.  Бе кітудің 


31
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
қарапайым  әдістері  мен  формалары  әңгімелесу,  жалпы  сипаттағы 
дәрістер, шолу баяндамалары, рефераттар, оқушылардың хабарламасы 
болып табылады, ал тіл практикасы бойынша сабақтарда – сұрақтарға 
жауап беру кезінде білім, дағды және шеберлікті пайдалану, жаттығу, 
зертханалық  және  практикалық  жұмыс  орындау  болып  табылады. 
Бекітудің  мақсаты  қайталау  болып  табылады,  бұл  алған  білім  мен 
шеберлікті  жүйелеу  және  жинақтау  үшін,  сондай-ақ  оқытушының 
білімді, дағдылар мен шеберліктерді тексеруі үшін қажет.
БЕЛ-ЛАНКАСТЕРЛІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ. Бастауыш мектепте жо-
ғары сынып оқушылары мен үздік оқушылар мұғалімдердің басшы-
лы ғымен қалған оқушыларға сабақ өткізетін оқыту жүйесі. Э.Белл және 
Дж.  Ланкастер  атты  ағылшын  педагогтарының  әрқайсысы  жеке-жеке 
ойластырған сауат ашуды үйретудің жылдам әрі арзан тәсілі. Бастапқыда 
Үндістанда (XVIII ғ. соңы), содан кейін Ұлыбританияда пайдаланылған. 
XIX ғ. басында көптеген елдерде қолданылған. XIX ғ. ортасына қарай 
танымалдылығын жоғалтты.
БЕЛСЕНДЕНДІРУ. Оқу барысында тіл үйренуші адам немесе тіл 
үйренушілер  тобын  белсенді  жағдайға  келтіру.  Белсендендірудің 
әртүрлі тәсілдері (этюд, рөлдік ойындар және т.б.) – сабақтарда оқу 
моти вациясын және толық оқу үдерісінің тиімділігін арттыру үшін 
кеңінен  қолданылады.  Екінші  мағынасы:  тіл  үйренушілердің  тіл 
материалын  тәжірибеде  меңгеру  мақсатында  арнайы  тілдік  және 
сөйлеу жаттығуларын пайдалану.
БЕЛСЕНДІ  ОҚЫТУ  ӘДІСТЕРІ.  Рөлдік  ойындар  мен  заманауи 
оқыту технологияларын қоса алғанда, ұжымдық оқыту формаларын 
кеңінен  пайдаланып,  тілді  практика  жүзінде  үйретуге  бағытталған 
әдіс түрлерінің жалпы атауы. Мұндай әдістердің қатарына тікелей, 
коммуникативті  және  қарқынды  әдістердің  әртүрлі  нұсқалары 
жатқызылады.  
БЕЛСЕНДІ  ОҚЫТУ  ӘДІСІ.  Барлық  сабақ  кезеңінде  суггестивті 
(оқушының  ой-пікіріне,  санасына  және  мінез-құлқына  әсер  ету) 
оқыту әдістерін пайдалану арқылы тұрақты түрде сөйлеу практикасы 
нәтижесінде тілді практикалық тұрғыдан меңгеруге бағытталған шет 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау