Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет47/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62

140
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
болады, ол өзі жеткілікті меңгерген білімі мен дағдысын өзгелердің 
үйренуіне көмектеседі. Сөйтіп оқу материалдарын меңгерудің жалпы 
деңгейін теңестіруге ықпал етеді.
ӨЗЕКТЕНДІРУ  (лат.  actualis  –  ақиқат).  Меңгерілген  материалды 
білген,  еске  түсірген,  елестеткен  немесе  тікелей  көшірген  кезде 
оны кейін қолдану мақсатында ұзақмерзімді немесе қысқамерзімді 
жадыдан  алып  тастау  болып  табылатын  іс-әрекет.  Меңгерілген 
материалды  есте  сақтау  немесе  ұмытып  қалу  деңгейіне  қарай 
өзектендірудің  күрделілігі  немесе  жеңілдігі  әртүрлі  деңгеймен 
сипатталады.  Өзектендіруді  тіл  бірлігін  сөйлеу  бірлігіне  аудару, 
лексикалық  бірлікті  контекстке  қосу,  тілдік  бірлік  мағынасынан 
мағынаға өту ретінде қарастыруға болады.
ӨЗІНДІК  ДИКТАНТ.  Көру  нәтижесінде  есте  сақтап  жазатын 
диктант: жазуға арналған мәтінді оқушы көзбен көріп есіне сақтап 
қалады, кейде талданады, содан кейін есте сақтау бойынша жазылады 
да, оқушы өзі тексеріп шығады. Өзіндік диктанттың бір түрі – жаттап 
алған  проза  немесе  өлең  мәтінін  есте  сақталуы  бойынша  жазып 
шығып,  содан  кейін  тексеру.  Орфографияны  оқыту  және  жазбаша 
сөйлеудің  дағдылары  мен  шеберліктерін  бақылау  тәсілі  ретінде 
пайдаланылады.
ӨЗІНДІК  ЖҰМЫС.  Оқушылардың  оқытушысыз  орындайтын 
немесе оқытушының арнайы оқу материалдарын беру сияқты жанама 
байланысы арқылы орындайтын оқу әрекетінің бір түрі; оқушының 
оқытушының нұсқаулығына немесе оқулыққа, оқыту бағдарламасына 
сәйкес  жеке  оқуын  көздейтін  оқыту  процесінің  ажырамас  міндетті 
бір  бөлігі.  Өзіндік  жұмыс  аудиториядан  тыс  (үйде,  зертханада) 
уақытта  да,  аудиториялық  сабақтарда  да  жазбаша  немесе  ауызекі 
тілде  орындалады.  Өзіндік  жұмыс  жеке,  жұптық  немесе  ұжымдық 
болуы  мүмкін.  Өзіндік  жұмыстың  оқу  материалдары  әдістемелік 
тұрғыдан  оқытушымен  байланыс  орнатпай,  өзіндік  жұмысты 
басқару функцияларын оқушының мойнына жүктеу есебімен ұйым-
дастырылады.  Тапсырмалар  жиынтығы  материал  көлемін  жекелеп 
таңдау  және  анықтау  мүмкіндігін  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Өзіндік 


141
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
жұмысқа арналған тапсырмалар белсенді әрі шығармашылық сипатқа 
ие болуы, өз бетінше шешім іздеуге итермелеуі тиіс. Өзіндік жұмыс 
тәсілдерін  меңгеру  өз  бетінше  білім  алу  дағдыларын  дамытудың 
міндетті шарты болып табылады.
- П -
ПАЙДАЛАНУДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ.  Практикалық  әдістер 
тобына  қатысты  оқытудың  жалпыдидактикалық  әдісі.  Оқытушы 
алған білімі мен сөйлеу дағдылары негізінде сөйлеу шеберліктерін 
қалыптастыру  үшін  пайдаланады.  Әртүрлі  шығармашылық  жатты-
ғуларды  орындауды  қарастырады.  Шығармашылық  (сөйлеу,  ком-
муникативті)  жаттығулардың  мынадай  түрлері  бар:  респонсивті, 
си туативті,  репродуктивті,  сипаттама,  дискутивті,  композициялық, 
бастамашылық (Скалкин, 1983). Тілді әртүрлі интеллектуалды және 
коммуникативті  қызметтің  әртүрлі  түрлерінде  пайдалану  мүмкін 
болған кезде пайдалануды ұйымдастыру әдісінің аясында жоғарыда 
аталған  жаттығулардың  көмегімен  тілді  меңгерудің  практикалық 
деңгейі  қамтамасыз  етіледі.  Пайдалануды  ұйымдастыру  әдісі 
оқушылардың оқытудың мына тәсілдерін пайдалануын қарастырады: 
1) оқылған мәтін, өткен тақырып, еркін тақырып бойынша сұрақтарға 
жауап  беру;  2)  оқытушы  белгілеген  бағдарлама  бойынша  сұрақтар 
құ растыру  және  пікір  алмасу;  3)  картинканы  сипаттау;  4)  үлгі 
бойынша диалог құрастыру; 5) белгілі бір жағдайға деген вербалды 
реакция; 6) мәтінді мазмұндау; 7) белгілі бір жоспар бойынша мәтінді 
жалғастыру; 8) белгілі бір тақырыпқа пікір айту және т.б.
ПАРАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ  ҚҰРАЛДАР.  Мәтіннің  коммуника-
тивті-прагматикалық  аспектісін  қалыптастыратын  интонация,  ым-
ишарат, ымдау, екпін қою және кідіріс жасау түріндегі қарым-қатынас 
құралдары. Бұл қарым-қатынас барысында тілдік құралдармен қатар 
жүреді немесе олардың орнына пайдаланылады. Кейбір ғалымдардың 
пікірінше,  паралингвистикалық  құралдар  сөйлеу  кезінде  берілетін 
мағыналық ақпараттың 75%-ын құрауы мүмкін. Паралингвистикалық 
құралдардың баспа мәтініне мәтін сегментациясын, қаріп жиынтығын, 
типографиялық, жазу таңбаларын, түс жиынтығын жатқызуға болады.


142
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ПАССИВ ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМ. Меңгеруге ұсыныл-
ған және сөйлеу қызметінің рецептивті түрлерін белгілі бір деңгейде 
меңгергендігін қамтамасыз ететін (тыңдалым және оқылым) грамма-
тикалық құралдардың жиынтығы. 
ПАССИВ ПРАКТИКА. Тіл үйрететін оқытушыны кәсіби дайын дау 
формаларының  бірі.  Педагогикалық  және  психологиялық  бақылау-
ларды  жүргізу,  сабақты,  сыныптан  тыс  іс-шараларды  талқылау 
мақсатында  әртүрлі  профильді  оқу  орындарындағы  сабақтарға  қа-
ты суды  қарастырады.  Белсенді  практикадан  айырмашылығы  – 
оқушыларға сабақ өткізбейді.
ПӘНДІК  ҮЙІРМЕЛЕР.  Мектеп  бағдарламасы  бойынша  әртүрлі 
пәндерді тереңдете оқыту арқылы тиісті ғылым, әдебиет салаларына 
оқушылардың  қызығушылығын  туғызуды  көздейтін  сыныптан  тыс 
ғылыми  білім  беретін  үйірмелер.  Пәндік  үйірмелер  оқушылардың 
шығармашылық  қабілетін  дамытып,  олардың  өзіндік  зерттеушілігі 
мен дағдыларын қалыптастырады. 
ПЕДАГОГИКАДАҒЫ  ЗЕРТТЕУЛЕР.  Оқыту  мен  тәрбиелеудің 
заң дылықтары, құрылымы, механизмі, педагогиканың теориясы мен 
тарихы,  оқу-тәрбие  жұмысының  ұйымдастырылу  әдістемесі,  оның 
мазмұны,  принциптері,  әдістері  мен  ұйымдастырылу  нысандары 
туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға бағытталған 
ғылыми қызмет процесі мен нәтижесі.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ. Оқытудың, тәрбиелеу 
мен дамытудың объективті заңдылықтарын танып-білудегі амалдар 
мен тәсілдер жиынтығы.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ҚАБІЛЕТТЕР.  Мұғалімнің  педагогтік  қыз-
метте  жоғары  нәтижелерге  жетуін  қамтамасыз  ететіндей  дара-
лық-психологиялық  ерекшеліктері  мен  кәсіптік  тұрғыдан  маңызды 
қасиеттерінің  жалпылама  жиынтығы.  Педагогикалық  қабілеттердің 
мына дай  түрлері  сараланады:  гностикалық  (танып  білу  және  одан 
ләззат ала білу), дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу), 
коммуникациялық  (қарым-қатынас,  ынтымақтастық  жасай  білу), 
конструктивтік  (оқу-тәрбие  материалын  іріктеп  ала  білу,  жобалай, 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау