128
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
мәтінді мазмұндау, суретті сипаттау және т.б. жатады. Сөйлеу іс-
әрекеттері және операциялар түріндегі оқытудың әдіс-тәсілдері
қалыптасқан сөйлеу қызметінің мазмұндық жағын құрайды.
ОҚЫТУДЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ. Тіл үйренудің түпкілікті
мақсатын шектеулі тақырып шеңберінде қарым-қатынас жасау
мүм кіндігі және қарым-қатынас жасау жағдайы сияқты қарапайым
деңгейде орындауды қамтамасыз ететін оқыту циклі немесе кезеңі.
Оқытудың бастапқы кезеңі салыстырмалы түрде аяқталмаған
бола ды, оқыту мақсаттары, мазмұны, формалары мен әдістері әлі
жетілдіруді қажет етеді. Оқытудың бастапқы кезеңінің ұзақтығы
уақытша формальды сипаттамалар арқылы (дайындық факультеті,
бірінші семестр және т.б.) емес, оқыту параметрлерінің белгіленген
бағдарламасында сөйлеу шеберліктері мен дағдыларының қалыптасу
деңгейімен анықталады. Оқытудың бастапқы кезеңінің көлеміне
лексика-грамматикалық құбылыстарды дәстүрлі түрде енгізген өте
дұрыс. Тіл үйрену кезінде бұл әдеттегі құбылыс.
ОҚЫТУДЫҢ БИЛИНГВАЛДЫ ТҮРІ. Шет тілін оқытудың бір
әдісі, оқытудың негізі адамның сөйлеу механизмін қайта құру және
бір тілден екінші тілге ауысу механизмін жасау болып табылады. Екі
тілді оқытуда есте сақтау қабілетінің дамуына көп көңіл бөлінеді
және бұл аудармашыларды дайындау кезінде жиі қолданылады.
ОҚЫТУДЫҢ ГРАММАТИКА-АУДАРУ ӘДІСІ. XVIII–XIX ғ.
кеңінен таралған және тіпті, 1-ші дүниежүзілік соғыстың басталуына
дейін сақталған шет тілдерін оқыту әдісі, бұл әдіс тікелей оқыту
әдісінен кейін орын алған. Бұл оқыту әдісі тілді жүйе ретінде
түсінуге негізделеді және оқытудың когнитивті тәсіліне сүйенеді.
Грек және латын тілдерін оқыту кезінде Еуропада кеңінен таралған,
ал XIX ғ. заманауи тілдерді (француз, неміс, ағылшын) оқыту кезінде
пайдаланылған. Оқытудың мақсаты – туған тіліңнің грамматикасын
оқу және мәтінін шет тіліне аудару арқылы тілдің жүйесін меңгеру
болды. Атақты лингвист В.Гумбольдттың пікірінше, «тілді оқытудағы
мақсат – бұл оның жалпы құрылымы туралы білім беру». Оқытудың
негізін жазу құрайды, өйткені жазбаша тіл ғана түпнұсқа тілдің негізін
129
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
құрайды. Әдістің негізгі ережелері мыналар: 1) оқытудың мақсаты
– әдебиет оқу, өйткені шет тілі жалпы білім беретін пән ретінде
қарастырылады және де оның мәні – оқушылардың интеллектісін
және логикалық ойлауын дамыту болып табылады; 2) жазба тіліне
барынша назар аударылады, ал аударма мен сөйленім оқыту құралы
ретінде пайдаланылады; 3) оқытудың негізгі бірлігі сөйлем болып
табылады; 4) лексиканы үйрету оқуға арналған мәтінде болатын
сөздер негізінде жүргізіледі. Жұмыс барысында екі тілді сөздік
қолданылады; 5) семантикаландырудың негізгі құралы аударма
болып табылады; 6) грамматика ережелерді пайдаланудың дедуктивті
тәсілі және аударма жасау жаттығулары негізінде зерттеледі.
Әдістің артықшылықтары: түпнұсқа тілдегі туындылармен танысу,
тілдік бірліктерді меңгерудің саналы тәсілі, екі тілдегі (туған және
зерттелетін) құбылыстарды салыстыру, талдауды, салыстыру және
салғастыру элементтерін, аударманың әдіс-тәсілдерін меңгеруді
жүзеге асыру. Кемшіліктері: ауызекі тілдегі коммуникацияны дұрыс
бағаламау, жазбаша жұмыс түрлерінің басымдылығы; тілді үйренген
кезде міндетті түрде мәтіндер оқу, аударма жасау, грамматикалық
құрылымдарды оқу және жазбаша жаттығуларды орындау керек.
ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МАҚСАТЫ. Шет тілін
оқыту мақсаттарының (басқа мақсаттары – тәрбие беру, практикалық,
дамытушылық, стратегиялық) бірі. Шет тілін меңгергенде, адам
әртүрлі қарым-қатынастарды, ұғымдарды білдіру үшін, туған тіліне
ұқсас немесе өзгеше әртүрлі құралдардың бар екенін түсінеді. Шет
тілін меңгеру қарым-қатынас жасау мәдениетін, ақыл-ой еңбегінің
әдістерін (кітаппен, анықтамалық әдебиетпен және т.б. жұмыс
істеу кезінде) жетілдіруге, логикалық қорытынды жасап, ойын
тұжырымдауға ықпал етеді.
ОҚЫТУДЫҢ ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Ақпаратты құру,
беру және білім алу, дағдылар мен шеберліктерді қалыптастыру және
оқу барысында олардың қалыптасуын және оқытушы мен оқушының,
сондай-ақ желі әкімшісімен өзара әрекеттесу барысында оларды
бақылау кезінде ғаламтор желісін пайдалануға негізделетін оқыту