131
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
пәнінің (шет тілі) өзара қарым-қатынасының сипаты ескеріледі.
Оқытудың қызметтік түріне коммуникативті және жеделдетілген
әдістер жатады.
ОҚЫТУДЫҢ ҚЫЗЫҚТЫЛЫҒЫ. Оқушылардың қызығушылығын
тудыру және оқуға ынталандыру мақсатында түрлі дидактикалық
құралдарды пайдалану. Ол сабақ барысында қызық мәліметтерді
келтіру, жақсы ұйымдастырылған көрнекі және безендірілген
дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫ. Әдістеменің негізгі категориясы;
оқушының оқу барысында меңгерген білімінің жиынтығы; оқытудың
мақсаттарына сәйкес өзгеріп отыратын тарихи категория. Оқытудың
мазмұнына әдістемені және аралас ғылымдарды дамыту деңгейі,
оқыту жағдайлары (бұл, ең алдымен, материалдың көлемінен
және оларды меңгеру талаптарынан көрініс табады) ықпал ете ді.
Шет тілін оқытудың мазмұны ғылыми пәндерді оқытудың маз мұ-
нынан айтарлықтай өзгешеленеді. Ғылыми пәндерді оқыту маз-
мұнының негізін ұғымдарды меңгеру, білім алу құрайды, ал шет
тілін үйретудің негізінде, ең алдымен, сөйлеу дағдылары мен ше-
бер ліктерін қалыптастыру жатыр, бұл тілді тәжірибе жүзінде
қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Әдіскерлердің көбі оқыту
мазмұнының құрылымынан мыналарды бөліп көрсетеді: а) оқыту
құралы (оқулық, оқу құралдары – фонетикалық, лексикалық, грам-
матикалық, сөйлеу, елтану); ә) әртүрлі салалар мен қарым-қатынас
жасау жағдайларында тілді практикалық тұрғыдан меңгеруге
қажет білім, дағды, шеберлік кешені. Әдетте, сөйлеу материалы
аясында сөйлеу үлгілері, сондай-ақ қарым-қатынас тақырыптары,
жағдаяттары, мәтіндер қарастырылады. Оқытудың мазмұнын таңдау
да түрліше жүзеге асырылады. Оқытудың мазмұны мәселелерін
қарастыру кезінде оқытудың коммуникативті-қызметтік тәсілін оқу
материалын жүйелеумен үйлестіруге мүмкіндік беретін материалдың
әдістемелік тұрғыдан ұйымдасуын қалай қамтамасыз етуге болады
деген мәселе өзекті болып отыр. Мәселені шешу бағыттарының
бірі оқытуды оқушылардың коммуникативті қажеттіліктерін ескере
132
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
отырып ұйымдастыру болып табылады (Вятютнев, 1984). Оқытудың
мазмұнын анықтаудың заманауи тәсілдерінің бірі - оқытудың маз-
мұнын үш шағын жүйе түрінде көрсету: оқыту нысаны, меңгеру
нысаны және оқыту нәтижесі.
ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ. Оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері
мен құралдары арқылы орындалатын педагогикалық қызметтің
алдын ала жоспарланған нәтижесі. Оқыту ортасының ықпалымен
қалыптасатын және оқытудың әдістеріне, құралдарына, мазмұнына,
ұйымдастыру формаларына әсер ететін оқыту жүйесінің негізгі
компоненті. Тіл үйрету сабақтарында әртүрлі мақсаттар қоюға
болады, мұнда тілдік материалды меңгерудің әртүрлі көлемі, біркелкі
емес меңгеру деңгейі, сөйлеу қызметінің түрлерін қалыптастырудың
әртүрлі деңгейі қарастырылады. Сондай-ақ белгілі бір аралығы
аясында оқытудың аралық және түпкілікті мақсаттары туралы да,
әр сабақтың, тақырыптың және оқыту кезеңдерінің мақсаттары
туралы да айтуға болады. Лингводидактикада практикалық, жалпы
білім беретін, тәрбиелік, дамытушылық оқыту мақсаттары бөліп
көрсетіледі.
ОҚЫТУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ. Оқытудың жалпыди-
дактикалық әдістері, осы әдістердің көмегімен тілді қарым-қатынас
құралы ретінде практика жүзінде меңгеруге қажетті сөйлеу дағдылары
мен шеберліктері қалыптасады. Оқытудың практикалық әдістерін
пайдалану кезіндегі оқу әрекетінің негізін сөйлеу қызметінің барлық
түрлерінде дағдылар мен шеберліктерді қалыптастыруға бағытталған
жаттығуларды орындау құрайды.
ОҚЫТУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҚСАТЫ. Тілді қарым-қатынас
құралы ретінде меңгеруге және тілді ойдағыдай меңгеруге қажет
дағдыларды (мысалы, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу, сөздік
пайдалану және т.б. дағдысы) қалыптастыруға бағытталған шет тілін
үйренудің басты мақсаттарының бірі. Мұндай кеңінен талқылау
оқытудың практикалық мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін
бірқатар міндеттерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: 1) ком-
муникативті міндеттер (тілді практикалық тұрғыдан меңгеру деңгейін
133
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
сипаттайды); 2) филологиялық міндеттер (филолог үшін негізгі болып
табылатын пәндер бойынша білім алу, тіл теориясы, оны оқыту әдісі,
әдебиет тарихы, педагогика, психология пәндері бойынша дағдылар
мен шеберліктерді қалыптастыруға байланысты); 3) кәсіби міндеттер
(білім алуды, болашақтағы кәсіби қызметіне қажет дағдылар мен
шеберліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ету); 4) әлеуметтік-
мәдени міндеттер (үйреніп жатқан тілдің отаны туралы қажетті білім
деңгейін қамтамасыз ету және мәдениаралық қарым-қатынасқа түсу
қабілеті); 5) пәндік міндеттер (әңгімелесу мазмұнына сәйкес әртүрлі
әңгімелесу салаларында тілді пайдалана білу шеберлігі); 6) жалпы
оқу міндеттері (кітаппен жұмыс істеу, өз ойын логикалық тұрғыдан
айту шеберлігін қамтамасыз ету және т.б.).
ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОТЕРАПЕВТІК ӘДІСІ. И.М.Румянцеваның
қарқынды оқытудың суггестопедтік теориясы негізінде әзірленген
жеделдетілген оқыту әдісі, бұл әдіс бойынша сабақтарда психология-
лық тренингтер түріндегі топтық психотерапияны пайдалану қарас-
ты рылған. Сөйлеу психологиясы және лингводидактикамен аралас
пән дер саласындағы заманауи жетістіктер тұрғысынан алғанда, бұл
әдісті Г.Лозановтың концепциясын дамыту нұсқаларының бірі ре-
тін де қарастыруға болады. Автор психотерапия сөзінің астарында
тұлғааралық өзара қарым-қатынастың жатқанын тұспалдайды,
мұндай қарым-қатынас барысында оқушылар тілді меңгеруге және
оны пайдалануға қатысты туындаған психологиялық сипаттағы
қиындықтар мен мәселелерді шешу кезінде психологиялық құралдар
арқылы кәсіби көмек көрсетіледі. Мұндай көмек әртүрлі себептердің
салдарынан тілді меңгеру мүмкіндігіне күмәнданатын үйренуі қиын
адамдармен жұмыс істеген кезде көрсетіледі. «Топтық психотерапия»
деген ұғымды ғылыми айналымға енгізген американдық психолог
және психотерапевт Я.П.Морено (1910).
ОҚЫТУДЫҢ САНАЛЫ-ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІСІ. Жоғары оқу
орындарында шет тілін оқытудың озық әдістерінің бірі (атауын
60 ж. атақты кеңестік психолог әрі әдіскер, әдістің психологиялық
негіздемесін берген Б.В.Беляев (Беляев, 1965) берген). Б.В.Беляевтың
Достарыңызбен бөлісу: |