Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет55/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62

164
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
- Т -
ТАБИҒИ ЭКСПЕРИМЕНТ. Психология-педагогикалық зерттеу әдісі; 
сынақтан  өтушінің  ойын,  еңбек  немесе  оқу  әрекетіне  байқал мастан 
енгізілген эксперимент. Бақылау әдісі мен зертханалық экспе рименттің 
жағымды белгілерін біріктірген. Кейде сөйлеу арқылы толықтырылады. 
Табиғи эксперименттің түрі – эксперименттік оқыту болып табылады, 
мұндай  оқыту  барысында  оқушыны  оқыту  немесе  әдістемелік 
нұсқаулықтарды  тексеру  тікелей  оқыту  барысында  өткізіледі.  Табиғи 
экспериментті психологиялық эксперименттің ерекше бір түрі ретінде 
ресей психологы А.Ф.Лазурский (1874–1917) әзірледі.
ТАҚПАҚ.  Жаттап  айтуға  лайықты  қысқа  өлең,  өнегелі  сөз,  өсиет 
өрнегі. Ұлттық тәрбиеде тәлім-тәрбиелік тақпақтар көп қолданылады. 
Тақпақ – тәлім тәрбиелік маңызы зор поэзиялық жыр.
ТАҚПАҚТАУ. Қисынды сөзді, тақпақты мәнерлеп айту. Тақпақтың 
тәрбиелік әсері оны айта білуге де байланысты.
ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕКСЕРУ. Нақты тақырыпқа байланысты білімін, 
машық-дағдыларын тексеру.
ТАЛАП.  Педагогикалық  ықпал  етудің  негізгі  әдістерінің  бірі.  Іс-
әрекетке итермелейтін талап (кесімділік дәрежесіне қарай – өтініш, 
тапсырма,  бұйрық)  және  әрекет  етуге  тыйым  салынатын  талап 
(нұсқау, тиісті бұйрық, жазалау) болып бөлінеді.
ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ  АРНАЛҒАН  КЕШЕНДІ  ТЕСТ.  Ақпараттық 
технологияларды қолдана отырып, біруақытта бірнеше оқу пәндері 
бойынша  өткізілетін  емтихан  формасы.  Кешенді  тестке  келесі 
талапкерлер қатыса алады: өткен жылдардың бітірушілері;  жалпы 
білім  беретін  пәндер  бойынша  ағымдағы  жылғы  халықаралық 
олимпиадалардың  қатысушылары;  шетелде  оқушылардың  ха-
лықара лық  алмасу  желісі  бойынша  білім  алушылар  мен  ҰБТ-ға 
қатыспағандар;    республикалық  музыка  мектеп-интернаттарының 
бітірушілері;  бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының 
бітірушілері;  шетелде білім беру ұйымдарын бітірушілер.
ТАНДЕМ ӘДІСІ (ағылш. tandem – екі немесе үш адамға арналған 
велосипед). Ана тілдері әртүрлі екі серіктестің шет тілін өз бетінше 


165
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
жұп болып оқу тәсілі. Тандемнің мақсаты – нақты немесе виртуалды 
қарым-қатынас  жағдайында  серіктесінің  тілін  меңгеру,  оның 
тұлғасымен  танысу,  үйреніп  жатқан  тіл  отанының  мәдениетімен 
танысу,  сондай-ақ  білімнің  қызықтырарлық  салаларынан  ақпарат 
алу болып табылады. Тандем әдісі ХХ ғ. 60 жылдарының соңында 
Германияда неміс және француз жастарының кездесуі нәтижесінде 
пайда  болды.  Кейінірек  әдіс  аясындағы  жұмыстың  негізгі  екі  түрі 
қалыптасты:  жеке  және  шоғырлануы  мүмкін  ұжымдық.  Жеке 
тандемге  қатысушыларды  әртүрлі  елдердің  Тандем  орталықтары 
тұлғалардың жас, тілді оқу мотивациясы, жұмыс / оқу орны, жынысы, 
білім деңгейі, әуестігі сияқты жеке ерекшеліктері мен сұранымдарын 
ескеретін арнайы дайындалған сауалнамалардың негізінде іріктейді. 
Тандем  орталықтар  тілді  осы  әдіс  арқылы  үйренгісі  келетіндердің 
арасында алғашқы жеке байланыстарды ұйымдастырады. Тіл үйрену 
жағынан серіктестер біріге отырып, өзара оқудың мақсатын, мазмұны 
мен  құралдарын  анықтайды.  Тандемге  қатысушылардың  бір  бөлігі 
экскурсияға барғанда, бірге телебағдарлама көргенде бейформалды 
қарым-қатынас барысында ғана тілді меңгеруді жөн көрсе, енді бір 
бөлігі қосымша тілдік курстарға барғанды жөн көреді. Егер де жеке 
тандемде  тілді  меңгеру  жеке  болса,  тандемнің  ұжымдық  формасы 
дидактикалық тұрғыдан басқарылатын және саналы сипатта болады. 
Тандем  әдісі  оқытудың  екі  принципіне  негізделеді:  екі  жақтылық 
принципі және жекелік принципі. Екі жақтылық принципке сәйкес, 
егер екі серіктес те шамалап алғанда бірдей уақыт пен өзара оқуға 
теңдей күш салса, оқуға қатысушылардың әрқайсысы қарым-қатынас 
жасау  нәтижесінде  бұл  екеуіне  бірдей  пайдалы  болады.  Жекелік 
принципіне сәйкес, қарым-қатынас жағынан әрбір серіктес оқытудың 
өзіне тән бөлігі бойынша жауапты болады, яғни, оқытудың мақсаты, 
мазмұны  және  құралы  үшін  ғана  емес,  сондай-ақ  оның  түпкілікті 
нәтижесі үшін де жауапты болады. 
ТАНЫМДЫҚ  ЕСЕП.  Жаңа  білім  іздеуге,  оқудағы  байланыс, 
дәлелдерді  белсенді  пайдалануға  түрткі  болатын  оқу  тапсырмасы. 
Танымдық есеп жүйесі бүкіл оқыту процесінде оқудың мазмұны мен 


166
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
іс-әрекет  амалдарын  күрделендіре  беретін  бірізділікке  негізделеді. 
Сондықтан мұғалім оқушының білімді меңгеруімен қатар, оның оқу-
танымдық іс-әрекетін белсендіру жағына да баса назар аударуы керек.
ТАПСЫРМА. Оқу материалдарымен жұмыс істеу жөніндегі жазба ша 
немесе ауызша нұсқаулық. Оқыту құралдарының бірі болып табылады. 
Тапсырманы құру көбіне жаттығулардың тиімділігін анық тайды.
ТАРАТПА  МАТЕРИАЛ.  Оқушылардың  сабақ  барысында  немесе 
өзіндік жұмыс кезінде қолданатын оқу материалдарының жиынтығы. 
Таратпа материал типтік оқу кешенінің компоненті болып табылады 
немесе оқу жоспарынан тыс шығарылады.
ТАРМАҚТАЛҒАН  БАҒДАРЛАМА.  Бағдарламалық  оқуда  қолда-
нылатын оқу бағдарламасының түрі; оқушының берген жауаптарына 
сай бағдарлама бойынша қалай дамып келе жатқанын қарастырады. 
Оқушыға  материал  түсіндіріледі  де,  ақпараттың  алғашқы  қалпына 
оралу ұсынылады немесе бағдарлама бойынша дамуға рұқсат етіледі 
және марапатталады. Бағдарламаны негіздеген американдық ғалым 
П.Краудер.  Бағдарламаға  мынадай  белгілер  тән:  1)  бағдарламаның 
әрбір қадамының материалы желілік бағдарламамен салыстырғанда 
көлемі жағынан үлкен ақпараттан тұрады; негізгі ақпаратпен қатар 
оқушының  материалды  игеру  деңгейін  және  түсінгенін  тексеретін 
бақылау  сұрақтары,  қате  жауапты  түзетуге  мүмкіндік  беретін 
қосымша тапсырмалар қамтылады; 2) бағдарлама бойынша дамудың 
әрбір қадамы бақылау сұрағына берілген жауапқа байланысты болады, 
сондай-ақ дамудың барлық болуы мүмкін жолдарын бағдарламаны 
құрастырушылар  алдын  ала  қарастырып  қойған;  3)  бағдарламада 
тармақталу және қосымшаның болуы оқытуды бағдарлама бойынша 
жекелеп дамытуды ескеруге мүмкіндік береді.
ТӘЖІРИБЕЛІК ОҚУ. Зерттеу әдістерінің бірі; зерттеушілер ұсын-
ған бағдарлама бойынша жаппай оқытуды қарастырады; оқыту прак-
тикасына ғылыми тұрғыдан негізделген ұсыныстарды енгізу құралы 
болып табылады. Әдісті пайдаланудың мақсаты оқытудың жаңа әдіс-
тәсілдерін, оқу процесін ұйымдастырудың ең үздік түрлерін жаппай 
анықтау, оқу-көрнекі құралдарды жетілдіру және т.б.


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау